Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Өзін-өзі тану "Табиғат тал бесігің, аялай біл!" 8 сынып сабақ жоспары

Өзін-өзі тану "Табиғат тал бесігің, аялай біл!" 8 сынып сабақ жоспары


библиотека
материалов


«Жалпы білім беретін Жұмабай Мырзағалиев атындағы орта мектеп»

мемлекеттік мекемесі.













Ашық сабақ



Тақырыбы: «Табиғат – тал бесігің, аялай біл!»



Өткізген: Өзін - өзі тану пән мұғалімі

Қайрбаева Бибісұлу.























2014-2015





Бекітемін:

Мерзімі: 19. 02. 2015ж Тақырып: «Табиғат – тал бесігің, аялай біл!»

Құндылық: кешірімділік, кішіпейілдік. Қасиеттер: Мейірімділік, адалдық.

Мұғалім: Қайырбаева Бибісұлу. Сыныбы: 8 «Б»

Сабақтың мақсаты: оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.

Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;

Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;

Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.


Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)








Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі. 5 Т-ны еске түсіру.

1 Тәртіп

2 Талап

3 Тыныштық

4 Тазалық

5 Татулық

Тыныштық сәті. «Орманға ойша серуен» (музыка әуені)

  1. Үй тапсырмасын сұрау

«Табиғат тазалығы» өлеңін оқып талқылау.

- Табиғат тазалығын сақтауда адамның рөлі қандай?

- Табиғат тірі жан сияқты, өзіне зәбір шектіргенде қиналуы мүмкін бе?




Сабақ барысын

талқылау:

балалардың ойы мен денесі сергітіледі.


  1. Дәйексөз.

«Адам табиғатқа тәуелді болса, Табиғат та оған тәуелді»


Дәптерлеріне жазып алады.

  1. Әңгімелеу (сұхбат)

Табиғаттың қандай мәселелері қазіргі кезде барша адамзатты толғандырып отыр?

Жер бетіндегі табиғи апаттардың етек алып кету себебі неде?

Табиғатты сақтап қорғау не үшін қажет?

Мұғалім сыйы «Қазақстан экологиясы» атты бейнетаспаны қарап талқылау.

Біздің әрқайсысымыз қандай үлес қоса аламыз?

Бұл бейнетаспаны көре отырып қандай ой түйдік?









Жаңа ақпарат

«Адам баласы жаратылысынан табиғатпен етене жақын өмір сүріп келеді. Адам өзіне қажеттісінің бәрін табиғаттан алады. Табиғат адам үшін жайлы мекен, барлық игіліктердің бастауы.

Адамзаттың әлемде алатын орны зор. Сондықтан адамзат ғылым мен техниканы пайдаланудың жаңа стратегиясын жасамай, өзін-өзі құртып алуы мүмкін. «Табиғат тазалығы- адамзат амандығы» екенін естен шығармау керек.

Адамзаттың басты міндеті – табиғат қуат көздерін орнымен пайдалану, оның әсемдігін сақтау, қоршаған ортамен үйлесімді өмір сүру, мейірімділік нұрын шашу».




Өз ойларын ортаға салады.

  1. Шығармашылық жұмыс,

Тапсырма.

Оқушылар тапсырма бойынша ұсынылған мәтінмен танысып , «Табиғат – біздің анамыз, Біз – табиғатқа панамыз!» деген тақырыпта пікірталас өткізу.



Табиғат обырлықты, озбырлықты көтермейді. Оны мәпелеп баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын қастерлеген адам ғана ұлы мұратқа жетеді. Өз адамгершілігіңнің салмағын өлшегің келсе, табиғаттың сыр- сыйпатын түсіне білуге әрекет жасап көрші, не ұғынар екенсің?

Адам – табиғаттың ең сенімді, айнымас досы, қамқоры, қорғаушысы. Туған жеріміздің баға жетпес қазынасын ысырап етпей, еселеп арттыра беру жолында армай- талмай, жалықпай еңбек ету- барлық үлкен- кішінің абыройлы борышы, мүлтіксіз атқаратын міндеті. Бұл ұлы іске сен қандай үлесіңді қосасың жас дос?

Постер қорғау.

Күнделікті өмірде біз табиғатқа қандай пайда келтірудеміз?

Күнделікті өмірде біз табиғатқа қандай зиян келтірудеміз?





















Бірге ойлаймыз

  1. Табиғаттың жақсаруына адамдар қандай көмек көрсете алады?

  2. Табиғат аясында тәртіп пен тазалықты сақтау неліктен қажет деп ойлайсыңдар?

  3. Табиғат неліктен әрі мейірімді, әрі қатал?

  4. Табиғатқа өз қарым-қатынастарыңды қалай білдіресіңдер?

  5. Адамның табиғат алдындағы парызы неде?



  1. Табиғаттың адамға берер пайдасы мен табиғатқа келтірер зияны қандай?


Оқушылар бірігіп тапсырманы орындайды.

  1. Топпен ән айту.

«Табиғатым» әні.

1 Бұл-бұлдар сайраса есіңе ал

Өмірдің сырласу кеші бар

Сүюді білмейтін адамдар

Осынау өмірде несі бар



Қайырмасы:

Табиғатым

Махаббатым

Табиғатым

Махаббатым



2 Табиғат сыйладың, гүл болдың

Сол гүлдің арты басқада

Сол гүлге арнаймын барлығын

Әнімді жырымды аңсаған



3 Мен сені сағынам көктемде

Аққу қаз төбемнен өткенде

Шерлі бір домбыра дірілден

Әсем бір ән-күйлер төккенде




Бәрі бір дауыста ән шырқайды.

  1. Үй тапсырмасы.

Дәптердегі тапсырманы аяқтау.

«Табиғатты қорғау – өзіңді қорғау» атты тақырыпта эссе жазып келу.


Күнделіктеріне жазып алады.

  1. Соңғы тыныштық сәті.

Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгін өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай сабақ алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып , көкейімізге түйіп алайық. Іштей «Мен табиғатты қорғаймын, аялаймын, қамқор боламын» деп қайталаймыз. Жайлап көздеріңізді ашуға болады. Бүгінгі керемет сабақ үшін рахмет!

Қорыту.

«Сұрақтар жәшігі» Түсінбеген сұрақтарды жазып салу, келесі сабақта соған жауабын алады.




Ойы мен денесі сергітіледі

















Сабақтан көрініс

C:\Users\user\Desktop\фото\озин-ози тану\IMG_3036.JPGC:\Users\user\Desktop\фото\озин-ози тану\IMG_3037.JPG











C:\Users\user\Desktop\фото\озин-ози тану\IMG_3052.JPG













































Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Краткое описание документа:

"ТАБИҒАТ ТАЛ БЕСІГІҢ, АЯЛАЙ БІЛ!" АТТЫ ТАҚЫРЫПТА 8 СЫНЫПҚА ӨТКІЗІЛГЕН АШЫҚ САБАҚ

:оқушылардың табиғатпен үйлесімділік, табиғатты аялау туралы түсініктерін кеңейту.

• Оқушылардың табиғат тіршілік бастауы, адам табиғаттың бір бөлшегі екендігі, табиғат заңдылықтарын сақтау туралы түсініктерін кеңейту;

• Оқушыларды табиғат тазалығын сақтауға, табиғаттан үндестік таба білуге үйрету;

• Ізгілікті, жауапкершілікті, ұқыпты болуға тәрбиелеу.

Общая информация

Номер материала: 265079

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG