Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Урок по самопознаия(3 класс)

Урок по самопознаия(3 класс)

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Тақырып: Достық қымбат өмірде

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Достық,татулық,өзара сыйластық

Сынып : 1 Оқушылар саны: 18


Сабақ мақсаты: «Достық», «Өзара сыйластық» ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

1.балаларға достық,көмек беру туралы түсінік беру

2.өзара сыйластық, өзара түсіністік, өзара көмек қарым-қатынастарын дамыту.

3 .татулыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу

Ресурстар:

АКТ мүмкіндігі,

интерактивті тақта, үнтаспа, сюжетті суреттер,гүл күлтешелері,күн шуақтарыА-3 қағазы,маркер.

Сабақ барысы:

  • Ұйымдастыру кезеңi.

1.Тыныштық сәтi « Орманға саяхат»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін (баяу әуен ырғағымен)

Тамаша таңертеңгі ашық күнді елестетіңіз. Сізбен бірге достарың тынық та ерекше көлдің жағасындасыз. Тек қана сіздің тыныс алғаныңызбен судың сылдыры ғана естіледі.  Күн жарқырап нұрын төккен сайын сіз өзіңізді жақсы сезінесіз. Құстардың сайрағанымен  шегірткенің шырылын естисіз. Сіз салмақтысыз. Ауа таза және мөлдір, сіз барлық денеңізбен күн жылуын сезінесіз, сіз осы тыныш таңертеңгі мезгіл сияқты бірқалыпты және қозғалыссыз тұрсыз. Сіз өзіңізді бақытты сезінесіз. Барлық  дене мүшелеріңіз тыныштыққа және күн нұрына бөленуде. Сіз жақсы дем алудасыз. Енді жайлап көзімізді ашамыз. Біз тынығып, көңіл-күйіміз жақсарады, сергекпіз жағымды сезімдер күні бойы бізбен бірге болады.

2.Үй тапсырмасын тексеру:

6 сабақтағы мәтіннің соңындағы 4 тасырманы орындау.

Сабақ барысын талдау:

3.Дәйексөз.

Әрқашан тілектес,

Досыңа көмектес.

Е.Өтетілеуов

3.1.Дәйексөзді хормен айтқызу.

3.2. Дәйексөзді дәптерге жазу

3.3.Дәйексөздің мәнін ашу.

- Балалар, достық дегенді қалай түсінесіңдер?

- Ал қай кезде сендер достарыңның көмегін сезіндіңдер?

Мұғалім:

- Балалар өмірде адамдар бір-бірімен, кел дос болайық деп дос бола салмайды. Достық бір-бірімізге адал көңілімізбен жақсы әдепті қылықтарымызбен өзара сыйластық пен татулықтан, көмекпен бірте-бірте қалыптасады. Бұл достықтың белгілері екен. Бүгінгі сабағымызда достық, өзара сыйластық тақырыбында әңгімелесеміз.


4. Әңгімелеу.Сюжетті суреттер.

Оқушыларға достық, өзара сыйластық құндылықтарының мағынасын кеңірек түсіндіру мақсатында «Қарлығаш пен дәуіт» атты ертегіні сюжетті суреттер арқылы әңгімелеп айтып беру


Изображение 224Изображение 225Изображение 226




Изображение 227Изображение 228


Қарлығаш пен дәуіт

Ертегі


Қарлығаш жардың қуысына ұя салып, балапан шығарыпты. Анасы азық әкелуге кеткенде, балапандары шыдамсыздана күтумен болады екен. Бір күні қарлығаштың ұясына жылан өрмелеп бара жатады. Мұны көрген қарлығаш шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Ұшып көкекке барады.

Қарлығаш: «Көкек, маған көмек бере гөр, балапандарымды жылан жейін деп жатыр!» - дейді.

-Бүркіт қонаққа шақырып еді, уақытым жоқ, - дейді көкек.

Қарлығаш ұшып қарғаға келеді.

-Қарғажан, маған көмек бере гөр. Балапандарымды жылан жегелі жатыр, - дейді жылап тұрып.

-Қарға қарлығашқа бұрылып қарамастан:

-Мен үйленейін деп жатырмын, мазамды алма! – дейді маңғазданып.

Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келеді.

Қарлығашқа дәуіт кездеседі.

-Досым, неге жылайсың? – деп сұрайды ол қарлығаштан.

-Улы жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп барады.

-Олай болса, мені тезірек жеткіз, -дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады.

Қарлығаш пен дәуіт көзді ашып-жұмғанша ұяға жетеді. Дәуіт ұяға жетіп қалған жыланға тап береді. Жылан сылқ етіп жерге құлап түседі. Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болады.

Содан бері талай заман өтсе де, қарлығаш пен дәуіт бір ұяда тұрып, бірге өмір сүретін болған екен.

Сұрақтар:

1. Балалар,ертегіде қарлығаш неге ренжіді?

2. Не себепті көкек пен қарғаны достар деп атауға болмайды?

3. Дәуіт пен қарлығаш қалай достасты?


5.Шығармашылық жұмыс.Топтық жұмыс.

5.1.Топқа бөлу.Гүл күлтешелерінің түстеріне байланысты.

5.2.Топтың тапсырмалары

5.3. . І –топ.Әңгіме құру.«Менің достарым»

ІІ –топ. Сурет салу.Достықты қандай суретпен бейнелер едіңдер?

ІІІ-топ.Ермексаздан сыйлық жасау.Досымның туған күні.

5.4 Тапсырмаларды қорғау

5.5 .Ойын. «Мен қандай баламын?»

Тақтаға күн тәріздес дөңгелек сары қағаз ілінеді. Қағаздың ортасына «Мен» деген сөз жазылады. Алдын-ала оқушылар санына сәйкес қағаздан жасалған күннің шуағы тәріздес сары жолақтар балаларға таратылады. Әр бала досының бойындағы жақсы қасиеттерінің бірін айтып, «шуақты» тақтаға кезекпен іліп отырады. Тақтада жақсы құндылықтарға толы үлкен күн құрастырылады.

5.6.Тапсырмалардың қорытындысы

- Балалар, бәріміз бірігіп жақсы сөздерге толып жарқыраған, шуағы мейіріммен төгілген күн құрастырдық. Күн шуақтары бізге жылылық сыйлап тұр. Біз де сол күн сияқты достарымызға және өзімізге тек қана жақсылық сыйлайық.


6.Үй тапсырмасы.

Досыңа тілек . Ашық хат жасау.

8 сабақ .Денсаулыққа байланысты мақал жазу (3)


7.Топпен ән айту

Дос болайық, бәріміз!

Сөзін жазған Х.Талғаров

Әнін жазған И.Нүсіпбаев

Әрқашан дос, біргеміз,

Ажырамас іргеміз.

Ілгері жүріңдер.

Достық жырын біліңдер,

Ту ғып ұстап бірлікті,

Еңбекті сүйіңдер!


Қайырмасы

Дос болайық, бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз.


Қайраттанып қарышқа,

Озып шыққан жарыста,

Батыл бас, жас ұлан!

Самға биік, алысқа,

Жұлдыздарға, ғарышқа,

Бойда күш тасыған.

Қайырмасы


Соңғы тыныштық сәтi.

(Ақырын баяу әуен қосып қою керек)

Ал енді бәріміз тынышталып отырайық.

Көзімізді жұмайық.

Досым, саған сенемін. Сеніп өтем!

Достық деген — адамның көрігі екен,

Достық деген адалдың серігі екен.
Достық деген өмірде қымбат екен! Сондықтан да адал дос бол,қолыңнан келген көмегіңді аяма,жабырқағанда қасынан табылсаң әрине ол айнымас дос.Ал ондай досы бар адамның бақытты болмауы мүмкін емес.Досты бағалап, қадірлеп жүрейік.

Жайлап көздеріңізді ашуға болады.

Бүгінгі сабақ үшін сіздерге көп рахмет!
























Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 20.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров86
Номер материала ДВ-360919
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх