Әңгiмелеу (сұхбат). Оқушыларға сұрақ қою арқылы
сүйіспеншілікпен махаббаттың адам өміріндегі ең бағалы құндылық болып
табылуын түсіндіру және олардың назарын сүйіспеншілік сезімге аудару.
Мұғалімнің сыйы ретінде «Ана
махаббаты» әңгімесін ұсыну.
Ана
махаббаты
(аңыз әңгіме)
Бір
күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:
-Анашым,
сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?
Анасы
үндеместен, шырақты жағып былай дейді:
-Мынау-
шырақ, ол — мен!
Оның
жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір
шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.
-Бұл
менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы,
екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?
-
Жоқ!
-Менің
шырағымның жалыны бір қалыпты.
Сонымен
анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын
көп жылу берді…
Аналарың
сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз
сүйіспеншілікке бөлеңдер!
1 сұрақ. Адамның шын ықыласпен
істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады?
2 сұрақ. Ана өзінің махаббатын
қалай түсіндірді?
3 сұрақ. Сүйіспеншілік арқылы
тағы да неге ол жеткізуге болады? (мысалы достық, отбасы, анаға,
туған-туыстарға, отбасыға т.б)
4 сұрақ. Бұл өмірде сүйіспеншіліктің
маңыздылығы туралы өз ойларыңды айтыңдар? (18 мин)
Оқушылардың берген
жауаптарын тыңдағаннан кейін олардың ойын былайша қорытындылаймын. Адам
жүрегі махаббатқа, сүйіспеншілікке толы болса ғана мейірімділік,
адалдылық сияқты асыл қасиеттер үнемі байқалып тұрады. Өмірді сүю, Отанды, туған
жерді сүю, білімге құштарлықта сүйіспеншілікке байланысты болады. Сендер шыр
етіп дүниеге келгенде ата-аналарыңның қуанышында шек болмады. Ал сендер алғаш
рет сәби жүректеріңмен ананың аялы алақанын мейірленген махаббатын
сезіндіңдер. Сондықтан да барлық жақсылықтың негізі осы махаббаттан басталып,
адам жанын нұрға, көңілін қуанышқа бөлейді.
|
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.