Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Урок по самопознание на тему "Ұлт руханияты-ұрпақ аманаты" (11 класс)

Урок по самопознание на тему "Ұлт руханияты-ұрпақ аманаты" (11 класс)



  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

«Өзін-өзі тану» пәнінен сабақ жоспары

Мектеп: №12 орта мектеп

Мерзім: 07.11.2015 жыл

Мұғалім: Ш.К.Кулдубаева

Сынып:11 «А»Оқушылар саны: 10

Тақырып: Ұлт руханияты-ұрпақ аманаты

Құндылық: қиянат жасамау. Қасиеттер:ақжарқындылық, татулық, әділеттілік, қамқорлық

Мақсаты: «Ұлт руханиятының» мәнін ашып түсіндіру, ұлттықрухани мұра, түрлері, мәні, оны қорғау туралы түсінік бере отырып, оқушыларды қиянат жасамауға үйрету

Ресурстар

Дереккөздер


Міндеттері:

  1. Ұлттық рух, ұлттық болмыс, ұлттық мәдениет арқылы ақжарқындылық, татулық, әділеттлік, қамқорлық туралы білім беру

  2. Ұлт руханияты арқылы оқушылардың бойындағы ақжарқындылық, толеранттылық, татулық, әділеттілік, қамқорлыққасиеттерін дамыту

  3. Ұлт руханияты арқылы ұлттық мәдениетті құрметтеп, қоғам меншігіне қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Интерактивті тақта

Cабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу

Тыныштық сәті.

«Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар,денелеріңізді бос ұстаңыздар. Аяқ- қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетеп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай барады.

Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты .

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.

Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіздер. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда . Қолымыз тек жақсы тек ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналады.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға және тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте- бірте қарқын алып, және шұғылана бастайды. Сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарыңызға бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын..... Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.

Ойша айтыңыз:

« мен нұрлымын......

Нұр менің ішімде....

Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әдемі қалыпта сақтаңыз.

  • Жаймен көзіңізді ашуға болады.

  • Рахмет .

  • Кім өзінің әсерімен бөліскісі келеді?

Әдістемелік құрал

2.Үй тапсырмасын тексеру

Қазақтың салт-дәстүріне байланысты «Ата салтым-асыл қазынам» тақырыбына коллаж жасау

  1. Ата-салт дегеніміз не?

  2. Қандай салттарды білесіңдер?

  3. Ата салтының ұрпақ тәрбиесіндегі мәні қандай?

Коллаж

3.Дәйексөз

«Арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты мен жастарға сенемін»


1.Ақын жастарды қалай суреттеді?

2. Жастарға қандай сенім артты?

2.Дәйексөзді дәптерге жазу

hello_html_m7ee73c07.jpg

М. Жұмабаев

(1893-1938)

Қазақ ақыны,публицист. Қазақ әдебиетінің негізін қалағандардың бірі.

4.Оқиғаларды әңгімелеу (Мұғалім сыйы)

АШАМАЙЛЫ АТҚА МІНДІҢ, МҰСЫЛМАНДЫҚ ТАҚҚА МІНДІҢ...

Бала өміріндегі қуанышты әрі атаулы күндерінің бірі - ашамайлы тайға міну. Әрине, қазақ баласы үшін атқа міну таңсық емес. Өйткені қыз болсын, ұл болсын 2-3 жасынан бастап-ақ атқа мінген, әке-шешесінің алдында отыратын болған. Өйткені халықтың тұрмыс-тіршілігіне байланысты көшіп-қонуы, жолаушы жүруі немесе екінші ауылға қонаққа баруы дегендей, бала үлкендердің алдына отырып атқа мінген. Баланың өзіне арналған бәсіреге ата-анасы арнайы ашамай жасатады. Ашамай дегеніміз - екі жаны Х әрпі сияқты болып жасалатын балаға арналған айшықты ер. Ашамайлы тайға мінетін күні баланы әдемілеп киіндіреді. Шашу шашылып, тілек айтылады. Бәсіре тайың пыраққа айналсын! Мінген ашамайың таққа айналсын! Айналаң толы қауым болсын! Лайым жолың болсын! Тілейік біз ақ тілек, Атқа жақсы шаба біл! Жасыңнан малды баға біл! Оқу-өнер таба біл! Ел-жұртыңа жаға біл! Әумин, жолың ақ болсын! - деп бата беріледі (бұл бір ғана нұсқасы). Тілек пен батаның адамға рухани күш береді. Жақсы тілек естіп, бата алып өскен бала жақсылыққа құмар болады, естігенін ұмытпайды.

АШАМАЙҒА МІНГІЗУДІҢ МӘНІ

Баланы үлкен аталарының бірі қолтығынан көтеріп тайына мінгізеді. Тайына мінген бала ағайын-туғанына барып, ауыл аралайды. Олар шашу шашып, баланың тайы мен ашамайына көрімдік береді және жақсы тілектерін айтады. Бұл жолы балаға міндетті түрде ерге қажет ат әбзелдерін тарту етеді, қамшы сыйланады. Бұл да - қазақтың өзінің салты. Көшпенді халық болғандықтан әркімнің өзінің жеке ер-тұрманы болған. Өйткені аттың табылуы оңай болғанымен ер табу қиын. Сол себепті де тайына мініп келген балаға барынша тек ер-тұрман жабдықтарын сыйлаған.

  1. Ашамай дегеніміз не?

  2. Ашамайға мінгізудің мәні не?

  3. Ашамайға мінген балаға қандай тілектер айтқан және қандай сый тартқан?

Интернет желісі

5.Шығармашылық іс-әрекеттер, топтық жұмыс

«Ұлт руханияты» тақырыбына шағын әңгіме жазу(5-6 сөйлем)

Оқушылардың өзіндік ізденісі

6.Топпен ән айту

«Қазақ осы»
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Сәйгүлікті құйрық-жалы таралған,
Сүйетұғын қазақ осы, қараңдар.
Қазақ осы күй шығарып, ән салып,
Көкпар тартып, қыз қууға жаралған.
Қазақ осы - айтатұғын желге сыр,
О, ағайын, халық емес ол кесір.
Қазақ осы - аңғал-саңғал жабусыз,
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Айхай!
Қазақ осы - ағыл-тегіл, көл-көсір.
Қазақ осы - дала дейтін, күн дейтін,
Қазақ осы - «Өнер алды - тіл» дейтін.
Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Қазақ осы - көргенінен танбайтын,
Той-думансыз оты түзу жанбайтын.
Қазақ осы - алудай-ақ алатын,
Ал беруден алдына жан салмайтын.
Қазақ осы - ашық жарқын қабағы,
Қонақ келсе шабылып бір қалады.
Байқа да тұр, саған да ол кетерде,
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Айхай!
Ат мінгізіп, жібек шапан жабады.
Қазақ осы - құда бол деп қинайтын,
Құдаларын құдайындай сыйлайтын.
Қазақ осы - дүние мен малыңды,
Оңды-солды шашу үшін жинайтын.
Қазақ осы - жайып жатқан қанатын,
Батыр халық, ақын халық - дәл аты.
Қазақ осы - өзімсінген адамға,
Насыбайға бола өкпелеп қалатын.
Жайлауында жүрген жігіт бағып қой,
Дос келді деп, жасап жатыр анық той.
Алғашқы рет көріп тұрсың сен оны,
Нағыз қазақ осы, міне, танып қой.
Айхай!
Нағызқазақ осы, міне, таныпқой.


«Өзін-өзі тану» оқулығы 11 сынып

114 бет


Авторы Қ. Мырза Әли

7.Үй тапсырмасы

«Ұлт руханиятын сақтау-өскелең ұрпақтың қасиетті парызы» тақырыбына эссе жазу (8-10 сөйлем)


8.Соңғы тыныштық сәті

Тыныштық, тыныштық, тыныштық

Бүгінгі сабақты ой елегінен өткізіп, қорытынды жасаңыздыр

Бүгін сабақта қандай әсерде болдыңыздыр?

Үнтаспа

Тыныштандыратын музыка қойылады



























hello_html_m186af3c8.png


Автор
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров252
Номер материала ДБ-028136
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх