Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Обществознание / Другие методич. материалы / Урок по самопознанию " Кешірім мен келісім"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Обществознание

Урок по самопознанию " Кешірім мен келісім"

библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: «№33орта мектеп» КММ Мерзiмі:

Тақырып: «Кешірім мен келісім»

Құндылық: Қиянат жасамау.

Қасиеттер: кешірімділік, татулық, бірлік, достық, мейірімділік, қайырымдылық.

Мұғалiм:Калиева Айнур Аймуратовна

Сынып:4 Оқушылар саны:

Мақсаты: Қиянат жасамау құндылығы арқылы кешірім мен келісімге жету туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • кешірімділік, татулық, бірліктің адами қарым-қатынастағы қиянат жасамау маңыздылығын түсіндіру;

  • шынайы достық қарым-қатынастар жасауға дағдыландыру;

  • мейірімділікке, қайырымдылыққа, достыққатәрбиелеу.

Ресурстар:

(слайд, музыка, оқулық, дәптер,

мәлiметтер)

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.

-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!

-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.

- Көңіл-күйлеріңіз қалай?

-Сынып оқушыларын түгендеу.

-Оқушылар түрлі геометриялық фигуралар арқылы кездейсоқ топқа бөлінеді.

-«Өзін-өзі тану» сабағының ережесін «5Т» қайталап (тәртіп, тазалық, талап, тыныштық, татулық) сабағымызды бастаймыз.



Тыныштық сәтi. (Нұрға бөлену)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


Сабақ барысын талдау:

Жағымды әуен қосу 2-3 мин

Мукажанова Р.А., Омарова Г.А. методика преподавания дисциплины «Самопознание» в школе Учебно-методическое пособие для учителей. –Алматы:ННПООЦ «Бобек», 2013.


  1. Үй тапсырмасын тексеру



63 беттегі «Мақтаншақ жолбарыс»ертегісін оқып келу.Бір оқушы ертегіні мазмұндап естеріне түсіріп шығады.

«Мақтаншақ жолбарыс»
Ертегі 

Ертеде бір жолбарыс болыпты. Ол әрқашан: «Мен күштімін, ештеңеден қорықпаймын» , - деп мақтанады екен. Ол бір күні кетіп бара жатып, гүлге қонып сайрап отырған бұлбұлды көреді. 
- Кет қазір, менің бағымнан! – дейді жолбарыс қаһарланып. 
- Біраз сайрасам қайтеді? – депті бұлбұл жалынып. Жолбарыс: 
- Мен саған сайрағанды көрсетейін! – деп ұмтыла бергенде, бұлбұл пыр етіп ұша жөнеліпті. Сол мезетте жолбарыстың қолына гүлдің тікені кріп кетеді. Ол зар қағып, басын тауға да, тасқа да ұрыпты. Бір – екі күннен кейін қолы ісіп кетеді. Жанын қойарға жер таба алмай, көзінің жасын көл қылып жылап отырады. 
Оны көрген қарға: 
- Жолбарыс аға, неге қапаланып отырсың? – деп сұрайды. 
- Қолыма тікен кіріп кетті. Суыра алмадым. Ой, жаным – ай ! – деп жолбарыс безілдеді. Қарғаның жаны ашып: 
- Жүріңіз мен сізді досымның үйіне алып барайын. Тікеніңізді инесімен оп – оңай суырып тастайды, - деп оны жайраның үйіне бастап келеді. Жайраға болған оқиғаны айтады. 
- Менің инелерім тікен шұқылау үшін емес, жауымнан қорғану үшін керек. Жүріңіздерші, мен сіздерді бір танысымның үйіне алып барайын. Ол тікен тұрмақ, етіне бойлаған найзаны да алып береді, - деп аюдың үйіне алып барады. Аю мән - жайға қаныққан соң: 
- Е мұндай майда нәрсе менің тісіме де, қолыма да ілікпейді. Енді не істесек екен? Айтпақшы, тікен де ағаш қой, солай емес пе? Ендеше, мен сіздерді сондай іспен шұғылданатын танысыма алып барайын. 
Аю екі қонағын піл палуанның үйіне бастап барыпты. Болған оқиғаны айтып беріпті. 
- Жолбарыс батыр, қолыңа қада кіріп кетсе, суырып –ақ тастар едім. Тікенді алу үшін аса ептілік керек, - депті піл. 
Піл бастап, барлығы тістері пышақтай қолтырауынға келеді. Оған мән – жайды түсіндіреді. 
Қолтырауын: 
- Менің тісіме тікен ілікпейді. Анау бақта бұлбұл бар. Ол - өте мейірімді құс. Барып өтін, оп – оңай алып тастайды, - депті. Бәрі жиналып бұлбұлдың үйіне барыпты. Ол жолбарысқа ләм – мим демей, тұмсығымен тікенді алып тастапты. 
Жолбарыс өзінің өткендегі өрескел ісіне қатты ұялып, бұлбұлдан кешірім сұрайды. Бірге келген достарының бәріне ризалығын білдіреді. Олармен бірге ойын - сауық жасады. Бұлбұл болса, өз жәрдеміне риза болып, ұзақ уақыт құйқылжыта сайрап ән салды. 

Сұрақтар:

Мұғалім балалардың пікірін білу үшін сұрақтар қояды. 

-Ертегі не туралы

- Жолбарыс пен бұлбұлдың әрекеттері туралы не айтар едіңдер? 
-Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

-Бұлбұлдың орнында сен болсан не істер едің?

- Сендерде де осындай жағдайлар болды ма? Естеріңе түсіріп айтып беріңдер.


63 бет ертегіні оқу

  1. Жағымды ой-пікір. Дәйексөз.

«Қайырымды іс жаса, қайырлы болар әр ісің»

                                                    Халық нақылы

Яғни, біз барлығына қайырымдылық жасасақ, әрбір жасаған ісіміз бізге жақсылық пен қуаныш алып келеді. Гүлдерге, жан-жануарлар мен өсімдіктерге, тіпті үстіміздегі киімге, отырған орындығымызға, мектебімізге жақсы қарайтын болсақ, олар да бізге рахметін айтады. Ұстаздарымыз бен ата-анамызды тыңдап, айтқанын орындайтын болсақ, ол біздің оларға қиянат жасамай, қайырымдылықпен қарағанымыз болады.

(Дәйек сөзді дәптерге жазып, 2-3 рет бірге қайталап оқимыз)

1.Қайырымды іс дегенімізді қалай түсінесіңдер?

2. Адамзатқа киянат жасамау дегенді кім түсіндіріп бере алады?

3. Сендерде қайырымды іс жасаған кездерің болды ма?

. 

Дәйексөзді дәптерге жазу

  1. Оқиғаны айту. Әңгіме айту

АЛТЫН БАЛЫҚ

Ертегі

Ертеде ашық алаңқайда бір адам өмір сүріпті. Үйінің қасындағы өзеннен балық аулап, таза ауа мен демалып, мөлдір суға шомылып, таң атқаннан күнбатқанша табиғаттың тыныс – тіршілігін бақылап, уақытының қалай өткенін білмесе керек. Бірқызығы, бұл адам ешқашан ауру дегенді білмепті. Бір күні тағы да өзенге балық аулауға қарамағын салып отырса керек. Бұл жолы ауын суға қанша салса да қармаққа ешбір балық түспейді. Күтуден жалыққанада мендік етейіндеп жатқанда, қармағының қозғалғанын байқайды. Адам өз көзіне өзі сенбейді. Дәл алдында көзді қызықтыратындай жалтылдаған алтын балық тұрады. Адам сасқанынан:

  • Сен кімсің? –деп сұрайды.

  • Иә, мен алтын балықпын, кәдімгі бала кезден білетін ертегідегі балықпын, одан да көп тұрмай, тілегіңді айт, - дейді. – Жарайды, сені босатайын, бірақ менің тілегімді тыңда, мен үйшікте тұрудан жалықтым, маған еңселі биік үй керек, - дейді. Балық ләм деместен, құйрығын бір билетіп, суға жоқ болады. Адам үйіне келсе, бұрынғы лашықтың орнында зәулім үй тұрғанын көреді. Рас, үш- төрт ағаштың орны қопарылып, орнын үй алғаны болмаса, барлығы жақсы. – Маған енді дала кезіп, су тасудың қажеті де жоқ, тіпті үйдің ішінде – ақ суға түсуге болады, - дейді қуанып. Аз уақыт өтпестен, адамның, есіне тағы алтын балық түседі.

  • Мен неге балықтан машина сұрамадым, қазір ешкім де , - деп ойлайды. Асығып – аптығып, өзенге барып, алтын балықты шақырады. Өз тілегін білдіреді. Ауыз жинап үлгергенше та әдемі машина тұра қалады. Адам енді өзі өсірген гүлді алқаптарын машина жолына арнап, әбден таптап, қатқақ жерге айналдырады. Сол күннен бастап айнала өткір бензин иісінен улана бастайды, құстардың да саны азаяды. Бірақ бұған мән бермеген адам:

  • Енді мен әлемдегі бай болғым келеді, маған мына қаңыраған орман, қаңыраған дала керек емес, сондықтан менің соңғы тілегім болсын, оның орнына алып завод тұрғызып бер, - дейді.

Балық екі айтқыз бастан бар ормандытып – типыл етіп, орнына завод тұрғызып береді. Завод болғанда қандай, мұржаларының үлкендігі көзжетпестей. Ол алып мұржалардан шыққан қара түтіндер көк аспанды қара аспанға айналдырады, ал заводтан аққан лай су өзенді ластайды. Осындай ауасы тар жерде адам өз денсаулығының бұзылғанын кеш түсінеді, тынысы тарылып ауа іздеген адам жалма-жан баяғы өзіне таза ауа сыйлайтын орманын іздейді, жоқ. Бойын сергітіп, демалыс сыйлайтын таза суын іздейді, жан – жағында қою лайдан басқа ешнәрсе көрінер емес. Амалы таусылған адам жалма – жан баяғы алтын балықты іздеп, өзенге келгенде су бетін де көлкіген қара майды көреді. Ал мұндағы балықтар сол кезде – ақ бұл суды тастай қашқан еді.

Сұрақ:

  1. Ертегі не туралы?

  2. Орманның табиғаты қандай еді?

  3. Адамның тілек арманы орындалуының салдарынан қандай қиянат жасалды?

  4. Адам орман мен суды неліктен іздеді деп ойлайсыңдар?

  5. Сендер адамның орнында боласаңдар, қандай тілек айтар едіңдер?

  6. Ертегінің қалай аяқталғанын қалар едіңдер?

Қорытынды: Адам мейірімді, қайырымды, қанағатшыл болу керек, табиғатқа қиянат жасамағанда, оның денсаулығы мықты болушы еді.





5.Шығармашылық жұмыс,топтық жұмыс.

Жағдаятты талдау

1. Жанар мектептен бүгін көңілсіз оралды. Ол құрбысы Мәдинамен тұңғыш рет ренжісіп қалды. Үзіліс кезі болатын. Ең жақын досы Мәдина Жанардың айнасын сұрады. Досының көңілін қимай Жанар айнасын берген еді. Мәдина айнаға қарады да, шыр айналып билей бастады. Жанар:

-Абайла, айна сынып қалмасын. Оны анам сыйлап еді. Ол мен үшін ең қымбат сыйлық,-деді. Сөйткенше болған жоқ, айна жерге түсіп кетіп, сынды да қалды. Жанардың көзі жасаурап кетті.

-Ой, не болды сонша, айна деген арзан емес пе?-деді Мәдина. Жанар не дерінбілмей тұрып қалды.

  • Сендермұндайжағдайда не істередіңдер?

2. Қали  түнімен сақаларға қорғасын құйды. Ертесіне ол ойын үстінде Досанның асықтарын ұтып алды. Досан Қалиға ренжіп, кетіп қалды.



  • СендерҚалидыңорнында болсаңдар не істер едіңдер?

Қорытынды: Бір-біріңе қиянат жасамай, әрқашан достықты қадірлеп, мейірімді, қайырымды, тату болыңдар.




(8 мин)

6.Топпен ән айту:

«САҚШЫ» 
Қарамайды ол дауылға, 
Қарамайды ол жауынға. 
Күзетеді қас қақпай, 
Туған жердің тауын да. 

Қарамайды ол күніңе, 
Қарамайды ол түніңе, 
Күзетеді қас қақпай, 
Туған жердің гүлін де. 

Көл сыбырын біледі ол, 
Жел сыбырын біледі ол. 
Көк орманның шайқалған 
Әр шыбығын біледі ол. 

Бұлақ күліп ақса да, 
Қүстар сайрап жатса да, 
Тыныштығын бәрінің 
Күзетеді сақшы аға!


Ән айту

7.Үй тапсырмасы:

Келесі сабақта 14-сабақтың «Көп біріксе - береке» мәтінін оқып келу.




69 Оқулық

бет

8. Сабақтың қорытынды сәті: Соңғы тыныштық сәті


Мұғалім жәй дауыспен:Баяу әуен қойылады.Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.

Мұғалім жай дауыспен:

«Бүгінгі сабағымызды есімізге түсірейікші. Жақсыны естіп, айтып бәріміздің көңіл – күйіміз көтерілді. Ісіміз де сөзіміз бен ойымыздай, болатынына сенемін. Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгін сабақта үйренген құндылықтар мен қасиеттерді есімізге түсірейік. Кешірімділік, татулық, бірлік, достық, мейірімділік, қайырымдылық.

Осы қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Осындай тыныштықта сәл отыра тұрайық. Ендіжайлапкөздеріңдіашуғаболады»



Жағымды әуен қосу 2-3 мин



























Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Обществознание
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров166
Номер материала ДВ-468702
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх