Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Урок 19 по самопознанию на тему "Қамқор болып өсемін" (1 класс)

Урок 19 по самопознанию на тему "Қамқор болып өсемін" (1 класс)

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Өзін –өзін тану сабағының құрылымы.

Мектеп 4 ОМ. Мерзімі: 28.01.16ж. №19 Тақырып: Қамқор болып өсемін.

Құндылық: сүйіспеншілік.

Қасиеттер: қайырымдылық, жанашырлық, мейірімділік.

Мұғалім: Жакибаева А.З. Сынып: 1 «б» Оқушылар саны: 15

Мақсаты: «Қамқорлық» ұғымының сүйіспеншілік құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу. Міндеттері: - оқушыларға қайырымдылық арқылы сүйіспеншіліктің мәнін ұғындыру; - оқушыларда жанашырлық сезімдерін дамыту; - оқушыларды мейірімділікке тәрбиелеу.

Ресурстар:

«Хрустальная грусть» музыкасы

Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңi: Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т (Тәртіп, Талап, Тазалық, Тыныштық, Татулық)

Тыныштық сәтi. «Күннің нұры» (3 мин) Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.


Үй тапсырмасын тексеру: Дәптер 26 беттегі тапсырма -Осындай жағдайда құмырсқа мен құстарға қандай қамқорлық көрсете алар едіңдер? - Қамқорлық дегенді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөз: «Қайырымдылық – жылы жүректен» Халық даналығы. 2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу. Бәріміз қосылып айту.

-Неге қайырымдылық жылы жүректен деп ойлайсыңдар?

Әңгiмелеу: «Әжей мен балалар» әңгімесі

Біздің үйдің бесінші пәтерінде жалғыз басты әжей тұрады. Бірақ Тұрар апа ешқашан жалғыз болмайды. Оған күнде мектеп балалары келіп тұрады. Ұл балалар дүкеннен азық-түлік сатып әкеледі. Қыздар дәмді тамақ жасап береді. Олар әжейдің шағын бөлмесін жинастырып, мұнтаздай етіп қояды. Мереке күндері тіпті жайнатып жібереді. Олар әжейдің қызық әңгімелерін ынтыға тыңдайды. - Балалар әжейге қандай қайырымдылық жасады? -Әжей оларға не айтып береді? - Қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Шығармашылық жұмыс: жеке жұмыс. «Қайрымды іс» тақырыбына сурет салу.

Топпен ән айту: «Жас дәуірдің түлегіміз» Сөзі Е.Өтетілеуов. Әні И.Нүсіпбаев

Бау-бақша, белдер, Орман, тау, көлдер- Көрікті шексіз даламыз. Дәулеті тасқан, Сәулеті асқан, Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы: Жадырап күндей, Жайнаған гүлдей, Бақытты біздер баламыз! (2 рет)

Өзіміз туған, Көбелек қуған, Өлкеде өсіп, толамыз. Жалықпай оқып, Көңілге тоқып, Білімді адам боламыз.

Қайырмасы.


Үй тапсырмасы:

20-сабақ: дәптерде 27 беттегі тапсырма.

Соңғы тыныштық сәтi:

(Тыныштық... бар жерде, тыныштық... бүкiл әлемде)

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДБ-106513
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>