Инфоурок / Социальному педагогу / Другие методич. материалы / Урок по самопознанию на тему "Ниет тазалығы-ізгілік бастауы."

Урок по самопознанию на тему "Ниет тазалығы-ізгілік бастауы."



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп:

Мерзiм:

Тақырып: №5 (10 класс, 20-22 бет) Ниет тазалығы-ізгілік бастауы.

Авторы Н.Исабеков

Құндылық: Ішкі тыныштық

Қасиеттер: aқ пейіл, қайырымды, мейірімді,

Мұғалiм:

Класс - 10

Оқушылар саны - 15


Сабақ мақсаты: Жақсы ой ойлау, ақ ниетпен жақсылық жасауға үйрете отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға ниет тазалығының қажеттілігін ұғындыру;
Дамытушылық: Оқушылардың бойында ішкі тыныштықтарын сезіне білуін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды aқ пейілді, қайырымды, мейірімді болуға тәрбиелеу.

Ресурстар:

(5құрал: кітап, қалам, пенал, дәптер,түсті қағаздар)

«Таза ниет, ізгілік» ұғымы туралы жазылған өнегелі сөздер.

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

5 талапты сақтау: тәртіп+сүйіспеншілік, талап, тыныштық, тазалық, татулық.

Тыныштық сәтi. Нұрға бөлеу (Хрустальная композиция).



  1. Үй тапсырмасын тексеру.

Шәкәрімнің «Назар аударыңыз» (5 сабақ, 10класс, 22бет) нақылын оқып келу.

Талқылауға берілетін сұрақтар:

  1. Адамның жақсы өмір сүруіне ниеттің қаншалықты маңызы бар?

  2. Ниет тазалығы дегенді қалай түсінесіз?

  3. Адамның ниеті неліктен бұзылады деп ойлайсыз?

  4. Тау ішінде «Айқайлаған адам өз дауысының жаңғырығын естиді», - деген пікірмен қаншалықты келісесіз?


Сабақ барысын талдау:

  1. Дәйексөздер.



Асыңа тойғызбасаң да,

Ақ ниетіңе тойғыз.

(Халық даналығы)

  1. Дәйексөзді ұлдарға бөлек, қыздарға бөлек оқытып, бекіту.

  2. Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер?



дәйексөз дәптерге жазылады.



  1. Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы.



Өмір сүрудің ең жақсы жолы Авторы

Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жасамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарына да сол адамға барып, сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде қалада да сондай шағын дүкендер ашып тастайды.

Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

"Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендердің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін, үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға келетін зат алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы»-дейді.

Ұлдары үлкен істі басқару мүмкіндігінен айырылып қалмауды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып, үшеуі де долларын жаратады. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:

  • Әке, досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым, - дейді де, қаптарды ашып, сабанды әр тарапқа шаша бастайды. Алайда көп ұзамай сабандар еденге жайылып, бөлмені толтыра алмайды.

Екінші баласы:

  • Ал мен дүкенге барып екі жастық алдым,- дейді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастайды. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмайды.

Үшінші ұлы:

  • Әке мен долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорына бердім, 20 центін де садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым,-дейді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарады. Бөлмеде сіріңке тұтатып, шырақты жағады. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде нұрға бөленеді.

Әкесі баласына риза болып:

  • Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы - айналаңа жарық тарату, жақсылық жасау мен ізгі ниетте болу!-дейді.



Әңгімеге байланысты сұрақтар:

1.Үшінші ұлының әрекетіне өзіңіздің көзқарасыңыз?

2. Әкелерінің ішкі тыныштығын қалай сезінді?

3. Айналаңа жарық тарату дегенді қалай түсінесіз?



  1. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.



«Жақсылыққа жақсылық, ізгі істер тізбегі», (Цепочка добра) -деген бейнефильм көрсету.

«Мен жасаған игі істер»

Балалар екі топқа бөлінеді. Тамшы үлгісінде қиылған көк қағаздарды екі топқа үлестіреміз. Біз дариямызды құрау үшін бейнекөріністегі жағдайларды көре отырып, мына тамшыларға жасаған жасылықтарымыз бен игі істерімізді жазуымыз керек. (Тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін ілу).

Мұғалімнің сөзі.

«Аяқталмаған тезис» әдісімен 1-2 минуттық ой қозғау жұмысы жүргізіледі (Тезис үлгісі таратылады).

«Аяқталмаған тезис»

  1. Жақсы өмір сүру дегеніміз – бұл...

  2. Адам болу дегеніміз – бұл...

  3. Өмірдегі ең басты нәрсе –

  4. Казіргі кезде......өмір сүру мүмкін емес.

  5. Бос уақытым болса мен....

  6. Адам бақытты болу үшін...

  7. Нағыз тұлға болу үшін....

  8. Мен ......сайын қуанамын.

  9. Адам үшін басты құндылық....

  10. Мені әрқашан.....деген ойлар мазалайды.)

Тезис нәтижесіне қарап мұғалім әр оқушының өмірге, қоршаған ортаға деген көзқарасынан мағлұмат алады. Қандай мәселелер толғандыратынын аңғарады. Өмірлік ұстанымын, құндылық бағдарын, мінез-құлқындағы басым сезімді байқай алады.

(Мұғалім қажет жағдайда, дұрыс бағыт-бағдар береді).



Дәптермен жұмыс. Игі істерді дәптерге жазу.


  1. Топпен ән айту.



Жайлаукөл кештері

Сөзі мен әні И.Жақанов



Алаулап, күн батса қырды асып,

Кетуші ек, қалқатай сырласып.

Ұмытсам сол күнді, сол күнді кеш мені,

Есте ғой дариға, Жайлаукөл кештері.



Ай туып, жұлдыздар жанғанда,

Қол созып, көктегі арманға

Жүрген кез жүректен, жүректен өшпеді,

Жақсы еді дариға, Жайлаукөл кештері.



Мүлгіген, тыныштық, айдала

Шу бойын ырғалып, жай ғана.

Гүлдерді тербетіп, самалдың ескені-ай,

Аңсаттың дариға, Жайлаукөл кештерін.



  1. Үй тапсырмасы.



Джеймс Лейн Алленнің «Адам қалай ойлайды?» мәтінін оқып келу (6 сабақ, 23-24 бет) .


  1. Соңғы тыныштық сәтi.

Мұғалімнің соңғы қорытынды сөзі.

Құрметті балалар! Бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді жүректеріңізге салып алыңыздар.






Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-319311

Похожие материалы