Инфоурок / Другое / Конспекты / Урок по самопознанию на тему:«Жаным толған жақсылық»

Урок по самопознанию на тему:«Жаным толған жақсылық»


библиотека
материалов

Өзін-өзі тану сабағының жоспары


Мектеп:Телжан орта мектебі Мерзімі:15.03.2016ж

Мұғалім: Тлеукабылова Жанар Бахытжановна

Сынып: 3Оқушылар саны:6

Тақырып:Жаным толған жақсылық.Сабақ № 26

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: Парыз бен ризашылық, қанағат, дұрыс ой.


Сабақтың мақсаты:Жақсылық жасау ұғымы туралы түсініктерін кеңейте отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

1.Жақсы әрекеттерді жасай отыра, оқушыларға барға қанағат ету қасиетінің маңызын ашу.

2.Адамдар арасында жақсылық жасау қатынастарында дұрыс ойлау қасиетін дамыту.

3.Оқушыларды жақсылық жасауға, өзараризашылықты білдіруге, дұрыс ойлауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәті.

Тақырыбы; орманға саяхат

Көзімізді жұмамыз, терең демаламыз, әр демімізбен өзімізді еркін, тыныштықта сезінеміз.

Қазір біз орманға дем алуға барамыз. Елестетіңіз, біз сыныптан шығып, дәлізден өтіп, далаға бет алдыңыз.

Таза ауаны сеземіз, самал ескен жылы жел мен күннің нұры ақырын ғана бетімізден өбеді, шашымызды сипайды.

Біз ақырын орманға қарай бет аламыз. Абай болайық, жердегі жәндіктерді аяғымызбен басып кетпеуге тырысайық. Бір минутқа тоқтап, айналамыздағы әсемдікке көз салайық. Құлпырып өскен гүлдердің иісі мұрынды жарады, қандай керемет иіс! Айналамыздағы әрбір әсемдікті көзімізден таса қылмай, ары қарай бет аламыз.

Орманның ішіне де келдік. Құстардың әсем әуені, шөптердің сыбдыры жан дүниемізді жаулап алғандай. Айналамызда түрлі ағаштар. Сол ағаштың ішінен бір қайыңды таңдап алыңыз. Бауырында отырып, біраз тыныстап алыңыз.

Мен бақыттымын, менің жан дүнием тыныш. Табиғат қандай тамаша! Мен табиғаттың бір бөлшегімін, менің табиғатқа зияным тимеуі керек, кез- келген уақытта мен осы ағаштың түбіне келіп дем аламын.

Енді орнымыздан ақырын тұрып, айналамызға тағы көз жібереміз. Келген ізімізбен, мектепке қарай аяңдаймыз. Сыныбымызға келіп өз орнымызға отырайық.

Тыныштық пен разылықты жүрегімізде сақтап, көзімізді ашамыз, бір-бірімізге қарап күлімсірейміз.

Тыныштық сәтінен қандай әсер алдыңыздар.Олай болса балалар, осы нұрды жүрегімізге сақтап қалайық. 

Ресурстар

Оқулық, АКТ, маркер, бояу қағаз, желім

2. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушылардың үйде орындаған «Менің анам» деген тақырыпта эссені 2 оқушыға оқытылады.

-Сурет салсам өлеңіне салған суреттерін ортаға шығып 2 оқушы қорғап айтады.


3.Дәйексөз

Біруге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе. Ы.Алтынсарин

3,1Дәйексөзді оқушылар жеке-жеке оқып шығады.

3,2-Дәйексөздің мәнін ашу үшін:

-Жақсы іс дегеніміз не?

-Бүгін сен үйде жақсы іс істедің бе?

3,3Дәйексөзді есте сақтау үшін дәптерге жатқа жазғызу.



4. Оқиғаларды әңгімелеу.

Жан Ана авторы: Е.Косеглұ, аударған С.Доғайқызы


Ерте,ерте,ертеде қалаға жақын ауылда бір Жан Ана өмір сүріпті.Жан Ананың негізгі есімнін ешкім білмейді екен. Алтындай жүрегі болғандықтан ауыл адамдары оны Жан Ана деп атап кетіпті.

Жан Ананың баласы жоқ екен. Бірақ ол ауылдың бүкәл баласын жанындай жақсы көріп,оларға ертегі айтып, ойыншық жасап береді екен. Сондықтан да ауыл адамдарының қол ұшын беруге әрқашан дайын болыпты.Жұмыстары бастан асып жатқандар да Жан Анаға: «Бүгін ісіміз көп,келіп біраз көмек берсең бе?»-деп өтініш білдіреді екен. Жан Ана ақыл сұрағанына ақыл, көмек сұрағанына қуана –қуана қол ұшын береді екен.

Уақыт өте келе ауылдағылар Жан Ананың жақсылығын ұмытып, көмектесу оның міндеті деп ойлай бастапты. Әрі Жан Анаға барып бұрынғыдай өтінудің орнына «Жан Ана,бізге келіп көмек бер»,-деп бұйыра бастапты.

Жан Ана олардың олардың бұл қылығына мүлде ренжімейді екен. Үлкен бір ауыл, жалғыз бір Жан ана қайсы бірінің , дертіне ортақ болсын. Қанша тырысса да барлығының ісіне үлгермепті.Тіпті жанындай жақсы көрген балаларға да көңіл бөле алмапты.Жан ана көмекке бара алмаған ауыл тұрғындары есігіне келіп: «Ей Жан ана, неге бізге көмекке келмедің? Біз сені жақсы бір адам екен деп жүрсек» деп жазғыра бастайды.

Бейшара Жан ана ешкімнің көңілін қалдырмайын деп жүріп, күндердің бірінде науқастанып қалады.

Ауыл тұрғындары оған көмектесудің орнына «Кішкене бір аурудан төсек тартып жатуға бола ма?» деген екен. Бұл сөздерді естіп Жан ана қапа болыпты. «Ертегі айтып, ойыншық та жасамаймын. Ең жақсысы бұл ауылдан кетейін» деп ойлаған екен. Түн ортасы киімдерін, жейтін азығын алып, үн-түнсіз ауылдан кетпек екен. Ертеңінде ауыл тұрғындары әдеттегідей азанмен Жан ананың үйіне барған екен. Үйге келсе ешкім жоқ, бос тұрғанын көріп таң қалыпты. «Енді Жан анамызсыз қалай күн көреміз? Ісімізге кім көмек беріп, бізге кім ақылшы болады?» деп қайғырыпты. Міне осы кезде қателіктерін аңғарып, Жан ананың қадірін түсінген екен. Жан анаға бір ауыз рақмет айта алмағандарына қатты өкініпті.

Оны қайта іздеп тауып, онымен жақсы қарым қатынаста болуды ұйғарыпты. Бірақ қаншалықты іздестірсе де, Жан ананы көрген ешкім болмапты. Қымбатты балалар! Іштеріңде оны көргендерің бар ма? Егер Жан ананы көрсеңдер, жасаған жақсылықтары үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар, жарай ма?


Сұрақтар:

1.Бұл әңгімеден не түйіндедіңдер?

2 Жан Ананың жасаған ісіне халық не үшін ризашылық білдірмеді?

3 Өмірде достарыңның жақсы іс істеген күні болды ма?









5. Шығармашылық іс-әрекеттер, топтық жұмыс

5.1Оқушыларды жұпқа бөлемін (жүрек, күн, ай суреттерін таңдйды)

5.2 Мақалдың сыңарын тап тапсырмасын орындайды.

Жақсы болу-өз қолыңда

5.3 Ризашылық белгісі тақырыбында коллаж жұмысын жасайды.

5.4 Жақсы –жаман тақырыбында кластер ұйымдастырылады

(ақ қағазға маркерлермен жазады)








6. Топпен ән айту.

"АНАҒА СӘЛЕМ" Сөзін жазған О. Иманәлиев

Әнін жазған Е. Хасанғалиев

Мереке күніңмен,

Қарсы алам өзіңді.

Сәбилік сезіммен,

Арнаймын сөзімді.

Қайырмасы

Көргенше алаңмын

, Аңсаймын, толғанам.

Қабыл ал, балаңның,

Сәлемін жолдаған

Бөбегің оянса,

Ұйқыңнан мың тұрдың

. Гүліңмен балауса,

Көктемдей құлпырдың

Қайырмасы

Аялап алақан

, Мәпелеп өсірген

. Аяулы жан анам

, Қатемді кешірген.

Қайырмасы

Сырымды ұғатын

, Өзіңсің қуатым

Күнімсің шығатын,

Айымсың туатын.






7. Үй тапсырмасы

26 сабақтағы Жан Ана мәтінін мазмұндау.

Жақсылыққа жету-үлгі көрсету тақырыбында шағын эссе (5 сөйлем)

27 сабақтың туған жер тақырыбы туралы өлеңдерін жинақтау тапсырылады. (әр оқушы 1 өлеңнен)






8.Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Классикалық үлгідегі музыка жүріп тұрады.

-Әр адамның анасы ол Жан анадай болсын.Ана-алтын жүректі болады.Алтын жүректен шыққан жақсы істерге ризашылықты білдіріп отырыңдар бойларыңа сіңіріле берсін.

Ал енді сабағымыз осымен аяқталды

Сау болыңдар.









Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-059043

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG