Инфоурок / Другое / Конспекты / Урок по самопознанию «Обал мен сауап»
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Урок по самопознанию «Обал мен сауап»

библиотека
материалов


Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №5 жалпы білім беретін орта мектеп

Мерзiмі: 07.11.2015жыл Сабақ № 19

Мұғалiм: Кемалова Гаухар Кулмурзаевна

Класс: 2 Оқушылар саны:

Тақырыбы: Обал мен сауап

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттері: зиян келтірмеу, қайырымдылық, ешкімді ренжітпеу

Сабақтың мақсаты: обал мен сауап қиянат жасамау құндылығынан туындайтындығы туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

  • ешкімге, ешнәрсеге зиян келтірмеуге үйрету;

  • оқушылардың қайырымдылық қасиеттерін дамыту;

  • оқушыларды ешкімді ренжітпеуге тәрбиелеу


Ресурстар: оқулық, үнтаспа, презентация


Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 «Т» ережесін сақтау

  1. Тәртіп

  2. Талап

  3. Тыныштық

  4. Тазалық

  5. Татулық

Тыныштық сәті. (3 минут). Орманға ойша саяхат. Баяу әуенмен.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

2.Үй тапсырмасын тексеру.

19-сабақ. «Обал деген не?» әңгімесі. 75-77 бет. Мазмұнын айтқызу.

Біз бірнеше бала болып ауыл сыртындағы өзенге балық аулауға бардық. Кешке дейін далада жүретін болғандықтан, қарнымыз ашады деп, жолға азық, түрлі тамақ алып алдық.

Бұрын бір рет барғанда, тамақ ішпей әбден болдырған едік. Әсіресе нансыз ешқандай тамақ болмайды екен. Бұл жолы балықтан сорпа жасадық.

Балықтың сорпасына тойып та алдық. Нанымыз артылып қалды. Қасымда отырған Асантай дорбасын ақтарды да, ішінен нанды, оның қиқымдарын жерге төге салды. – Енді керегі жоқ. Қарын тоқ. Ауылға көтеріп барамын ба?

- Обал емес пе? Нанды неге тастайсың?

- Ой, шіркін, обал дегенді кім біледі. Білсең айтшы, ол не?

- Соны айтам – ау, өзінше білгіш.

- Қазір не көп, нан көп.

Осылай деп, балалар маған әр бүйірден тиісті. Мен оларға, шамам келгенше, нан туралы, оның қасиеті туралы айттым. Мүмкін, менде жөнді білмеспін. Ал сендер не дейсіңдер оларға?



1. Балалар қайда жиналды?

2. Тамаққа тойған Асантайдың іс –әрекеті?

3. Асантайдың іс-әрекетіне байланысты қандай пікірлер туындады?



  • Күнделікті өмірлеріңде қаншалықты үнемшілсіңдер?

  • Балалар ешкімге, ешнәрсеге зиян келтірмеу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Өз достарыңа көмек көрсетіп жүрсіңдер ме?


Сабақ барысын талқылау:

Дәйексөз.

«Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды»

Шәкәрім.

2-рет ұлдарға, 2-рет қыздарға.

Бәріміз қосылып айту.

Дәптерге жазу.


Сергіту сәті:

Даламдай кең пейілім(Құшақтарын ашады)

Жүрегім толы мейірім(Жүрек тұсын қолдарымен ұстайды)

Мен үшін жоқ уағың(Қолдарымен кіші дегенді көрсетеді)

Бәріне ортақ шуағым

Жер шарының ұл-қызын

Жылытуға жетер қызуым(Екі қолымен күнді көрсетеді)



Әңгiмелеу. Мұғалім сыйы

Аманатқа адалдық


Әбу хазірет аманатқа өте мән беріп қарайтын еді. Бір рет Хасан қазы Әбуге бір қалта алтын аманатқа беріп кетеді. Ол үйіне апарып қояды. Кейін кері сұрағанында үйден алып келе жатып қалтаның бетінде 100 алтын деп жазылып тұрғанын көреді. Қалтадағы алтындар түгел ме екен деген оймен санап шығады. 75 алтын болғанын көріп азайып қалған екен деген оймен өз алтындарынан 25 алтын қосып иесіне береді. Бір-екі күн өткеннен кейін қазы Әбуге қайта келіп:

- Қалтада 75 алтын болуы керек еді, орнына 100 алтын шықты, мұның хикметі не екен?- деп сұрады. Ол былай деп жауап берді.

- Қалтаны сенен алған кезде ішндегілерді санамаған едім. Саған берер кезде, бетіндегі жазуды оқығаннан кейін санадым. Аз шыққанын көріп өз алтындарымнан 25 қосып, 100-ге толықтырдым. Бұл 25 алтынды жоғалтып алған екенмін деп ойлаған едім.

Мұны естіген Хасан қазының көздеріне жас толып, мұндай адамдардың жер жүзінде бар болуына қатты қуанды.  

 

  1. Хасан қазы Әбу хазіретке не берді?

  2. Шындығында, қалтада қанша алтын бар еді?

  3. Хасан қазы неге қуанады?


  • Қайырымдылық жасау неден туындайды?

  • Басқа адамға жақсы сөз айтып, көмек көрсетсең қандай сезімде боласың?

  • Күнделікті өмірде қандай қайырымдылық жасадың?



Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс, жеке жұмыс.

Қазір біз «Обал-сауап» деген ойын ойнаймыз. Мен бір сөйлемді бастап оқимын, оқушылар сөйлемді «обал болады» немесе «сауап болады» деген сөйлеммен аяқтауы тиіс. 

Көк шөпті жұлма, обал болады.

Құмырсқаның илеуін таптама, обал болады.

Қарияның жүгін көтеріс, сауап болады

Торға түскен құсты босат, сауап болады

Сүтті төкпе, обал болады.

Ұяны бұзба, обал болады 

Құсты атуға болмайды, обал болады 

Суды ысырапсыз төгуге болмайды, обал болады 

Нанды жерге тастауға болмайды , обал болады 

Көшеде үлкен қарияларға жолдан өтуге көмектес, сауап болады 

Автобуста үлкендерге орын бер, сауап болады 

Көршіңе көмектес, сауап болады.



2-тапсырма. Суретке қарап әңгіме құрастыр.

C:\Users\ДАУРЕН\Desktop\slide13.jpg





Топпен ән айту.

«Болайықшы осындай»

Сөзі мен әні: А.Меңжанова



Жақсы бала еңбекшіл,

Ер азамат болады.

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүлге толады.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай.

Таза бала мұнтаздай

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай

Жақсы көрер бар адам.

Қайырмасы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай


Үй тапсырмасы.

19-сабақ. 24-бет, дәптермен жұмыс. 20-сабақ Ө. Тұрманжановтың «Құс ұясын бұзбайық» өлеңін оқып келу.


9. Сабақтың қорытынды минуты. Баяу музыка қосылады.

Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

Енді көздеріңді аша ғойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!

Рахмет.





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-460907

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"