Инфоурок Другое КонспектыУрок по самопознанию «Шаңырақ жарастығы»

Урок по самопознанию «Шаңырақ жарастығы»

Скачать материал

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары


Мектеп: №5 жалпы білім беретін орта мектеп

Мерзiмі: Сабақ № 19

Мұғалiм: Кемалова Гаухар Кулмурзаевна

Класс: 3 «А» Оқушылар саны:

Тақырыбы: Шаңырақ жарастығы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттері: бәрін жақсы көру, бауырмалдық, татулық

Сабақ мақсаты: Шаңырақ жарастығы сүйіспеншілік құндылығынан туындайтыны туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

        • Оқушыларды бәрін жақсы көруге үйрету;

  • Оқушылардың бауырмалдық қасиеттерін дамыту;

  • Оқушыларды татулыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:

оқулық, дәптер, үнтаспа, презентация

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

5 «Т» ережесін сақтау

  1. Тәртіп

  2. Талап

  3. Тыныштық

  4. Тазалық

  5. Татулық

Тыныштық сәті. (3 минут). Орманға ойша саяхат. Баяу әуенмен.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз.

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

2. Үй тапсырмасын тексеру.

11 - сабақ. А. Асылбеков «Cүйіспеншілік» әңгімесі. 48 -49 бет. Мазмұнын айту.

Базарға барайын деп сыртқа шыққан әйел есіктің артында отырған үш қарияны көріп, тұрыңқырап қалады да, бар ниетімен үйіне шақырады. Сонда қариялардың біреуі: «Біз шақырған жерге үшеуіміз бірге бармаймыз»,- дейді. Оң жақтағы досым – Байлық, сол жақтағым болса – Сәттілік. Менің атым – Сүйіспеншілік. Өзін, жолдастарын таныстырғанннан кейін Сүйіспеншілік әйелге былай деп талап қойды:

- Қазір үйіңізге барып, үй иесімен ақылдасыңыз. Үшеуміздің біреумізді ғана шақыруға құқыларыңыз бар. Қайсымыз бартынымызды өздеріңіз айтасыздар,- деді.

... Әйел Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда, қатты қуанған ол: «Қандай жақсы, қандай жақсы»,- деп қайталай берді.

- Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе? Біз «Байлықты
шақырайық, үйіміз бірден молшылыққа кенелсін». Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйел: «Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»,- деді. Екеуі ортақтасып, мынадай шешімге келеді: «Негізінде , ең асылы, Сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз бақытты боламыз».

Есікті ашқан әйел үш ақсақалға: «Қайсыңыз Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Сізді шақыруды ұйғардық»,- деді. Сүйіспеншілік орнынан тұрды да, үйге беттеді. Жолдастары да орындарынан тұрып, оның артынан үйге қарай жүрді. Аң-таң болған жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуміз ғана бара аламыз деп айтып едіңіздер...» - деді. Қариялар:

«Егер тек қана Байлықты немесе Сәтілікті шақырсаңыз, басқа екеуміз далада отырар едік. Бірақ та сіздер Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар. Сол үшін үшеуміз бірге баруымыз керек»,- дейді. Алтынайдың «неге?» деп сұрауын күтпестен олар сөзін сабақтай түсті:

«Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз- Байлық пен Сәттілік қашанда қасындамыз».



1.Әйел есіктің алдында кімді көрді?

2.Сүйіспеншілік әйелге қандай талап қойды?

3. Үй иесі мен әйел қандай шешімге келді?

4. Сендер бірінші қылып кімді кіргізер едіңдер?



  • Неліктен сүйіспеншілікті күн нұрына теңейміз?

  • Шынайы сүйіспеншілікті қайдан байқауға болады?

  • Өзіңнің қосқан үлесіңе қуанған кездерің?

  • Адамдар арасында қарым – қатынасты қалыптастыратын басты құндылық не?

  • Сүйіспеншілікке қалай қол жетуге болады?


Сабақ барысын талдау

Сергіту сәті

Алақанада сыйпағанада аялап,(бір – бірінің арқасынан сыйпалайды.)

Жақсы сезім қуанышың тасады.( бір-бірін құшақтайды.)

Ақ көңілмен болар бейне саябақ,

Аялаған әр адамның құшағы.(барлығы дөңгеленіп тұрып құшақтасады)


Дәйексөз.



«Сүйіспеншілік- баға жетпес құндылық»

Л.Н.Толстой

2-рет ұлдарға, 2- рет қыздарға айтқызу.

Бәріміз қосылып айту. Дәптерімізге жазып аламыз .


Әңгімелеу. Мұғалім сыйы.

Отбасы татулығы

(аңыз әңгіме)

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен,бір қауым ел болып,бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен,отбасының өзара келісімде, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырады. Оларда ұрыс-керіс ,дау-жанжал деген атымен болмайды екен. Бұл отбасы жайлы патшаның құлағына да жетеді. Патша естігеннің ақ-қарасын білгісі келіп,ауылға келеді. Ауыл тап-таза,барлығы да жеткілікті,тыныштық пен береке қонған. Патшанның көңілі толып ,ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде,уайым-қайғысыз,балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді.

Ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы таулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет сүйіспеншілік ,жүз рет кешірім , жүз рет бірлік деп қағазға мұқият шығады .Үш сөзді оқыған патша таң қалып

-Осы- ақ па?

-Ия ,-деді ақсақал. –Барлық жақсы отбасылары тек осы қасиеттерден құрылады,- деді де,сәл ойланып , және шыдамдылық деген сөзді қосып қойды.


1. Отбасының татулықта өмір сүруі кімді таңғалдырды?

2. Отбасы бірлігінің себебін патша кімнен сұрады?

3.Ақсақалдың жауабы?

3. Отбасының татулығын ұстап тұрған нендей қасиеттер екенін білдіңдер?

4. Отбасы сыйластығына қалай қол жеткізуге болады?

5.Өз өміріңді сүйіспеншілікке толтыру үшін не істер едің?
6. Айналаңнан үнемі жақсылықты көретініңе сенесің бе?



Шығармашылық жұмыс.

ОЙЫН-ЖАТТЫҒУ.

Балалар,бізге қонаққа досымыз Сүйіспеншілік қонаққа келе жатыр екен.Сүйіспеншілікке демалатын үй керек. Ендеше,бәріміз бірігіп,оған әдемі үй салып берейік. Сүйіспеншілікті шаңырағымыздың шаттығыменен қарсы алайық. Отбасымызды қуанышқа бөлейтіндей бір-бір сөйлем жазыңдыр.



Топпен ән айту.

Жанұям Қайрат Нұртас

Ой ойлаткан талай-талай өтті күндер алыс,
Міне бүгін бізде үй-жай, олда біздің парыз.
Өз үйіміз бір отан береке,
Қандай қызық бір қыдырсаң жанұяңмен бірге

Қайырмасы:
Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.

Адал жаным сен қолыма гүл боп біттің менің,
Тосу менен өтті талай күнім менен түнім.
Шаршап келсем жұмыстан мен үйге,
Жадырап сен қарсы аласың нұрын шашқан күнім

Қайырмасы:
Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.

Жанұяның бір қызығы арадағы бала,
Онсыз үйде болған емес құт-береке сірә.
Жастайымнан еркелетіп өсірген,
Аман болшы теңдесі жоқ Ата менен Ана!

Қайырмасы:
Аман болсын ата-анамыз бізді өсіріп баптаған,
Аман жүрсін баурымыз алыстағы аңсаған.
Берік болсын босағамыз, отауымыз қосылған,
Ең керегі тату-тәтті болсын менің жанұям.


Үйге тапсырма.

11-сабақ. Дәптермен жұмыс.

12 – сабақ Е. Өтетілеуовтың «Бірлік» әңгімесін оқу. 51 – 52 бет.


Сабақтың қорытынды минуты.

- Енді көзімізді жұмып осы сабақта айтылған ойлар мен істерді ой елегінен өткізіп көрейікші.

- Барлық айтылған жақсы ойларды жүрегіміздің түкпіріне апарып орналастырайық.

- Енді көздеріңді аша қойыңдар. Сабақ аяқталды. Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!




Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по самопознанию «Шаңырақ жарастығы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.02.2016 554
    • DOCX 33.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Юсупова Гаухар Кулмырзаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Юсупова Гаухар Кулмырзаевна
    Юсупова Гаухар Кулмырзаевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3073
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 281 человек из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 457 человек из 66 регионов

Мини-курс

Стратегии маркетинга и продаж в B2B

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 75 человек из 30 регионов

Мини-курс

Психологические аспекты развития и состояния личности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе