Инфоурок Дошкольное образование КонспектыУрок по театрализованной деятельности на тему: "Мақта қыз бен мысық"

Урок по театрализованной деятельности на тему: "Мақта қыз бен мысық"

Скачать материал

 

Білім беру саласы: Шығармашылық.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:
Театралдық әрекет


Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»

Сабақтың мақсаты:
Ертегілер туралы білімдерін кеңейту, ертегіні сахналауға үйрету.
Міндеттері:
Сөйлеу мәдениетін, еркін сөйлеп, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйрету.
Баланың сөздік қорын дамыту,
Балаларды еңбекке, татулыққа тәрбиелеу.


Әдіс – тәсілдер: сұраққа жауап беру, әңгімелесу, «Мақта қыз бен мысық» ертегісіндегі кейіпкерлердің рөлін сомдау.

Көрнекіліктер:  үстел үстінде ыдыстар, кесе, сыпырғыш, тауық, тышқан, сиыр, мысық короналары, шелек, дүкен, мейіз, тары,қайшы.


Ұйымдастыру кезеңі: Ал балалар, бүгінгі күн ерекше күн, себебі, біздің тобымызға көптеген апайлар қонаққа келді. Қане,  қонақтармен амандасайық: Сәлеметсізбе!

 

Шаттық шеңбер: Күлімде күн, күн күлімде,

                                Бүлдіршіндер қуансын,

                                Айналаға нұр шашылсын.

                                Біз әдепті  баламыз,

                                Біз сүйкімді баламыз.

- Балалар,  бүгінгі ертегіміз ерекше болғалы тұр, кәне маған қараңдар.


Ертегі дегеніміз не екенін білесіңдер ме? (жауап)

 

Д/ойын  «Ертегі ма, тақпақ па?»

Ерте, ерте, ертеде,

Ешкі жүні бөртеде,

Атақты бір бай бопты,

Төрт түлігі сай болыпты.

Бұл не ? Тақпақ па, ертегі ма ?

Дұрыс, ертегі.

 

Ойыншықтарды шашпаймын,

Төсекті өзім жинаймын,

Жуып жеймін үнемі,

Алма, алмұрт, шиені,

Суды жақсы көремін,

Қашанда таза жүремін

Бұл не ? Тақпақ па, ертегі ма ?

Тақпақ, пен ертегіні ажырату білесіңдер екен, жарайсындар, балалар.

 

Қандай ертегілерді білесіңдер?(жауаптары)

 

Д/ойын «Мақта қыз бен мысық ертегісінің кейіпкерлерін тап»

 

Ертегіні кім шығарды ? Ыбырай Алтынсарин.

 

        Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап өлеңдерді, ертегілерді жазған бірінші қазақ жазушысы, ақын, ұлы ұстаз, мұғалім.

Кел, балалар оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық -деп жазған.

     Өте жақсы, бүгін ертегіні  біліп қана қоймай ертегі кейіпкерлерінің рөлінде өзіміз ойнап көрсетеміз.  Ыбырай Алтынсарин «Мақта қыз бен мысық» ертегісі.
Залда «Ерте, ерте, ертеде» өлеңі орындалады.

Тәрбиеші-автор:

     Мақта қыз бен мысық дос болыпты. Бір күні мақта қыз үйін  жинап жүріп, мейіз тауып алады да, мысығын шақырады. Мысық келмейді.

 

Мақта қыз - Дилнур: Келмесең, келме! –

 

Тәрбиеші-автор:- деп, мейізді өзі жеп қояды. Бір кезде мысық жанына келіп:

 

Мысық-Адильжан:

Неге шақырдың?-

 

Тәрбиеші-автор: - деп сұрайды. Қанша сұраса да мақта қыз айтпайды. Сонан сон мысық ашуланып:

 

Мысық - Адильжан: Ендеше сүтінді төгемін !

 

Мақта қыз - Дильнур: Ал мен құйрығыңды кесіп аламын!

 

Тәрбиеші-автор: Мысық сүтін төгеді, Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады.

 

Мысық-Адильжан: Апа, апа! Құйрығымды берші!

 

Тәрбиеші - автор: - деп жалынды.

 Амалы жоқ мысық сиырға барады.

Мысық- Адильжан: Мяу, сиыр, сиыр, маған сүт берші!


Сиыр-Вероника:
Сен маған шөп әкеліп бер, мен саған сүт беремін.


Тәрбиеші-автор: Сөйтіп, мысық шөпшіге  барады.

Мысық - Адильжан: Шөпші ағай, маған шөп  берші!


Шөпші-Асылхан: Мен шөлдеп тұрмын, су әкеліп берсен, шөп беремін.


Тәрбиеші-автор: Мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады.

Мысық-Адильжан: Мяу, қыздар, қыздар! Маған су беріңдерші.


Қыздар-Жанель, Аружан: Бізге дүкеннен сағыз әкеліп берсең, саған су береміз.


Тәрбиеші-автор : Мысық дүкенге барады.

Мысық - Адильжан: Мяу, дүкенші апай, маған сағыз берші.

Дүкенші - Райхан: Маған жұмыртқа әкеліп бере ғой, сонда сағыз берейін.
Тәрбиеші-автор: Мысық  тауыққа барады.

Тәрбиеші-автор- Тауық қыт-қыттап:

Тауық- Елназар: Маған тары әкеліп берсең, саған жұмыртқа берейін.

Мысық-Адильжан: Енді не істеймін?

Тәрбиеші-автор: -деп бара жатса, бір, ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.

Мысық-Адильжан: Жаның барында айт! Үйінде не бар?

 

Тәрбиеші-автор- Тышқан қорыққанынан:

 

Тышқан – Рамазан: Үйімде аздаған тары бар.

 

Мысық-Адильжан: Ендеше маған бір уыс тары бер

Тәрбиеші-автор: -деп тышқанды үйіне жібереді.

      Тышқан үйіне барып , бір уыс тары әкеліп береді. Тарыны алған мысық оны тауыққа апарады. Тауықтың берген жұмыртқасын алып, дүкеншіге келеді. Дүкенші сағыз береді. Сағызды алып, қыздарға келеді. Қыздар бір шелек су береді. Суды шөпшіге апарып, одан шөп алып кетеді. Шөпті сиырға әкеліп береді. Сөйтіп, мысық сиыр берген сүтті төгіп алмай, Мақта қызға жеткізеді. Риза болған Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарады. Содан бері Мақта қыз бен мысық тату өмір сүріпті.

Тәрбиеші: Осымен ертегіміз аяқталды.

 

Мақта қыздың рөлін ойнаған-Каримова Дильнура, Мысықтың рөлін орындаған –Дүйсен Адильжан, Сиырдың рөлінде- Климкина Вероника, Шөпшінің рөлінде- Урдабек Асылхан, Қыздар – Нургалымова Аружан, Молдашева Жанель, Тауықтың рөлінде- Елназар, Дүкенші- Мухамедьярова Райхан, Тышқан рөлін орындаған –Бердібек Рамазан.


    Балалар, менің ертегімді тыңдай отырып ертегі кейіпкерлерін жақсы сомдағандарың үшін көп-көп рахмет!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по театрализованной деятельности на тему: "Мақта қыз бен мысық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по занятости населения

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 651 790 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.02.2016 692
    • DOCX 15.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахмедиева Айнур Муратбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахмедиева Айнур Муратбековна
    Ахмедиева Айнур Муратбековна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3516
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Адаптация детей раннего возраста к детскому саду

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 134 человека из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 223 человека

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в условиях среднего профессионального образования

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Организационно-педагогическое обеспечение деятельности педагога-организатора образовательного учреждения

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 329 человек

Мини-курс

Эффективные практики по работе с тревожностью

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 115 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек