Инфоурок Технология Рабочие программыУрок по технологий "Қолөнер"

Урок по технологий "Қолөнер"

Скачать материал

Сарқан ауданы,

Аль-Фараби атындағы орта мектебінің технология пәні мұғалімі

Молдажанова Лаура Серикжановна

Педагогикалық технология: Дамыта оқыту
Көрнекіліктер: Ұлттық бас киім түрлері ( плакат) , бас киім бұйымдары.
Нақыл сөздер: «Дос басыңа қарайды, дұшпан аяғыңа қарайды».
Сабақ ұраны: «Өнер өлмес жалғасын тапса...».
Пәнаралық байланыс: тарих (бас киім түрлерінің тарихтағы ізі), бейнелеу (бас киім суреттері), сызу (бас киім сызбалары), анатомия (адам бас құрылысы), әдебиет (жаңа терминдер).
Техникалық – технологиялық деректер: Ісмер, бас киім тігуге арналған мата түрлері, түстер үйлесімділігі, тері илеу технологиясымен таныстыру.
Сөздік жұмыс: Бас киім ежелгі атаулары (күләпара, дулыға, жыға т.б.)
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі. ( 2-3 мин.)
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушыларды тексеру, сабақ ұранымен таныстыру, нақыл сөздердің мәнін ашу, талқылау, сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.
Жаңа тақырып. Сыныпқа сұрақ қою.(Ой толғау)
1. Ұлттық бас киімдердің қандай түрлерін білесіңдер?
2. Бас киімдер қалай, неге байланысты жіктеледі?
3. Бас киімдер тігуде қандай материалдар, маталар қолданылады?
Оқушылар шығармашылығы: (зерттеу жұмыстары)
1-ші оқушы. Қыздар тақиясы.Қыздар киетін тақия қолданылуына байла-нысты түрлі маталардан тігілген. Тақия түсі сырт киімге бешпентке не камзолға сәйкес болған. Етегі де жоғарғы бөлігі де алтын не күміс паршамен оюланады, кейде сәнді жіптерден зер төгіледі. Қыздар тақиясының жоғарғы жағы дөңгелек конус немесе төрт қырлы пирамида түрінде болып келеді. Төбесіне міндетті түрде үкінің не тотының қауырсыны тағылады. Сәнді тақияға шашақ тағылып , кесте салынып, оқа жүргізіліп, қыздардікіне үкі
тағылып, теңге, моншақтар тігіліп, жиектері шашақталып жасалған.
Тақияма таққаным тал-тал моншақ,
Кер биеге жарасар кер құлыншақ...
Тұсынан ауылыңның өттім, кеттім
Үкіңді шекеңдегі бермей кеттің... (Халық өлеңінен)
2-ші оқушы. Бөрік.Ұлттық бас киім ішіндегі ең әдемі саналатыны бөрік - әйелдер де, еркектерге де арналған түрлері болады. Бөрікті қазақ жылдың қоңыр салқын, аумалы-төкпелі кезеңдері – көктем мен күзде киген. Өйткені ол киіп жүруге әрі жылы, әрі жеңіл. Бөрік үшін міндетті түрде қымбат терілер қажет. Қазақта бөріктің атауларын қандай аң терісінен «тігілгеніне» қарай атау дәстүрі бар. «Сусар бөрік», «Құндыз бөрік», «Кәмшат бөрік» деген атаулар содан қалған. Бөріктің төбесі көбінесе алтысай (қиық), төрт сай болып келеді. Оны тіккенде алдымен өлшеп алып, жұқа киізден төрт не алты сай етіп пішеді.Әр сайдың төбеде түйісетін ұштары ұшбұрыш тәрізді, етек жақтары тік төртбұрыш болып келеді.
Қамқаның бөрік кидім қиығынан,
Біреуге біреу күлер миығынан...
Басында түлкі бөрік түбіттеген
Болар ма сенен артық жігіт деген.
Сермейсің жел сөз десе емін-еркін,
Басыңа жарасады кәмшат бөркің! (Халық өлеңі)
3-ші оқушы. 4-ші оқушы. 5-ші оқушы.
Сәукеле. Кимешек. Қасаба.
Танымдық мәліметтер беру.Ұлттық бас киімдердің шығу тарихы. (Тарихи деректер).
Ұлттық бас киімдер – халқымыздың көнеден келе жатқан дәстүрлі мәдениетінің бірі, тұрмыс-салтының айнасы. Қазақ халқының қалыпта-суына байланысты бас киімдер түрлері өзгеріп отырды. Өмірде болған құбылыстар бас киім тігу өнерінде де өз көрінісін тауып отырды. Қазақ халқының әр дәуірде, түрлі кезең-кезеңде ойлап тапқан, тұрмысына сай өңдеп, жетілдіріп пайдаланып келген бас киім атаулары болды. Мысалы: бүгінгі тілдік қорымызда «біреудің қарқаралы бәйбішесі», немесе «қасабалы қызы» деген сөздер бар. Мұнда: бай адамның бәйбішесі малынып киінген кимешек түрімен желке жағы төмен қарай ұзын етіп түсірілген тақия түріндегі, қас сұлуға арналған сәнді бас киім үлгісі айтылып отыр. Қазақта бас киім ерекше қастерленген. Оны осы кезге дейін аса құрметті қонаққа ат мінгізіп, шапан жауып, бөрік кигізетін дәстүрден де аңғаруға болады.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін қазақтың ұлт ретіндегі бір ерекшелігі болды. Ол – қазақтық ешқашан жалаңбас жүрмегені. Қазақта әйел болсын, еркек болсын бас киіммен жүрген. Тіпті балаларға дейін тақия кигізіп, үкілеп қоятын болған.
Бас киімдер дайындалу тарихына көз жіберсек, ежелгі бас киім түрлеріне түлкінің терісі, камшат, сусар тағы басқа аңдардың пұшпағын пайдаланғанын көреміз. Бұдан көшпелі халқымыздың мал шаруашылығымен айналысып қана қоймай, аңшылықты да кәсіп еткенін білдік. Яғни тері, былғары, жұқа киіз қазақы киімнің дәстүрлі материалдары болған. Кейіннен киім – кешек тігуге, қазақ әуелде Үндістаннан әкелінетін шытты, батсайыны, Қытай, Орта Азия жібегін, барқытты, мәуітіні, масатыны, шұға-ны жаратқан. Бұл материалдардан қазақ арғы ата бабасы секілді, кезінде Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен көне «Жібек жолындағы» айырбас саудадан таныс. Ал ХҮІІ ғасырдың аяғынан бастап қазақ даласына орыс тауарлары да келтіріле бастаған. Қазақ шеберлерінің өнері мен ісмерлігі арқасында, әрбір ұрпақтың талғамына сай өзгерістерге түскенімен, өзінің
нәрін, бояуын жоғалтпай бізге жеткен ұлттық қазақы бас киім тек өзінің пішімімен ғана емес, зерлі кестесімен, алтын оқасымен, қымбат бағалы тастарымен көз тартады. Бас киім нұсқаларының негізгі түрлері ғасырлар бойы өзгеріссіз келген.
Ал әлеуметтік айырмашылықтар киімнің молдығынан, жаратылған материалдарының құндылығынан, тігісінен, пішімінен, әшекейлерінен көрінеді. Бас киімнің көне түрлеріне тоқталатын болсақ ер адамға арналған бас киім сан жағынан әр түрлі бола бермеген. Оның қалпақ, бөрік, тымақ, жалбағай (далбай), тақия деп аталатын бірнеше түрлері болған. Ауқатты адамдар төбесі сүйірлеу келген құндыз не сусар бөріктің үстіне барқытпен (көбіне күрең түсті) қапталған, алтын зерлермен кестеленген аса биік қалпақ киген. Ол этнографиялық әдебиетте айыр қалпақ, мұрақ деген атаумен белгілі. Ал әйел адамдар ір түрлі формадағы тақия, бөрік, кимешек түрлерін жас айырмашылықтарына байланысты киген. Қалыңдық бас киімі - сәукеле деп аталған, кейде оның орнына көне түркі бас киімінің негізгі элементтерін бойына сіңірген қасабаны (алтын зерлі) деген мағынаны береді.
Дәптермен жұмыс: Ұлттық бас киім түрлерін жазғызу.
Сөздік жұмыс: Күләпара, дулыға, жыға, қырпу, жалбағай, мұрақ, шаршы, желек, бергек, бүркеніш.
Сергіту кезеңі.Қол өнерге байланысты жұмбақтар шешкізу.
Сабақты бекіту. а) Бас киімге байланысты жөн-жоралғылардың және тиым сөздер жарысы, (танымдық мәнін ашу) мысалы, « бас киімді босағаға ілуге болмайды, бас киімді бөтен адамға киюіне беруге болмайды т.б.» ; б) Сөзжұмбақ шешкізу. Тақырыбы: «Тақия».
Сабақты қорытындылау. Оқушылар шығармашылық – зерттеу
жұмыстарына және бас киім эскиздеріне баға беру.
Үйге тапсырма.

1.Әйел ұлттық бас киімі кимешек (түрлері, сызбасы)
2.Кимешек түрлерінің эскиздерін, ою-өрнек түрлерін дайындап әкелу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по технологий "Қолөнер""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заместитель директора

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 340 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 13.10.2015 750
    • DOCX 15.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Молдажанова Лаура Серикжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16603
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 086 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 071 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 983 человека из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 571 человек

Мини-курс

Психологическая работа с эмоциональными и поведенческими проблемами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 225 человек из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Мини-курс

Современные тенденции в искусстве: от постмодернизма до поп-культуры

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов