Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок по технология"Матадан аппликация жасау"

Урок по технология"Матадан аппликация жасау"



  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:


Сабақтың тақырыбы:

Матадан жасалған аппликация «Тауда»
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі:
Оқушыларды аппликация ұғымымен таныстыру. Аппликацияны бейнелеуге қажетті құралдармен жұмыс жасаудың

әдіс-тәсілдерімен таныстырып, бейнелеу іс-әрекеттерін меңгеруге баулу.
Тәрбиелігі: Бастаған ісін аяқтауға, ұқыпты орындауға тәрбиелеу
Дамытушылығы: Оқушыларды матамен жұмыс жасауға баулу, қол икемділі қабілеттерін қалыптастырып, жетілдіру. 
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, сарамандық жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Оқушылардың сабаққа қатысуын белгілеу
б) Оқу құралдарын тексеріп, назарын сабаққа аудару

Сабаққа психологиялық дайындық

Бір, парталаспен қол алыс,

Екі, қарсыласқа қол бұлға,

Үш, қонақтарға жымиып, бас и де,

Төрт, маған қарап көзіңді қыс.

Бір, екі, үш,

Сынып іші тып-тыныш,

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.


Оқушыларды мата түсіне қарай топқа бөлу. Топ басшыларын сайлау.

1.Алғырлар тобы.

2.Шеберлер тобы.

3.Зеректер тобы.

4.Өнерлілер тобы.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Өтілген тақырып бойынша сұрақ қою.

1.Аппликация дегеніміз не?

2.Жапсырмалау дегеніміз не?

3.Матаға жапсырылған аппликация мен қағазға жапсырылған аппликацияның қандай айырмашылығы бар.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру

Сөзжұмбақ арқылы сабақтың тақырыбын ашу. «Тауда»

-Ал балалар мен неге сөзжұмбаққа «Тауда » деген сөзді жасырды деп ойлайсыңдар?

-Себебі біздің бүгінгі өтетін тақырыбымыз.

Сабақтың мақсаты:Матадан қазақ даласының әсем тауларын, табиғатын құрастыру. Табиғат бөлшектерін қиып, жаспырма тәсілдерін үйрене отырып, табиғат сұлулығын бейнелей білуге үйренеміз.

Ал енді, балалар қауіпсіздік ережесін есімізге түсіріп алайық.


«Аппликация» атауы латынның «жабыстыру», «қиыстыру» деген сөзінен шыққанАппликация Қазақстанда да жақсы дамыған. Қазақ халқының ақ, қара киіз арқылы оюлап жасаған сырмағының өзі – аппликацияның бір түрі. Әсіресе ұлттық киімдерді ою - өрнекпен әшекейлеуде аппликация озық үлгіде дәріптеледі.
безендіруде қолданылады. Сәндік аппликациямен қабырға газеттерді, альбом, папкаларды да безендіреді. Сәндік аппликация үлгісімен әр түрлі түсті қағаздардан гүлдердің алуан түрін жасауға болады. Сәндік өрнектік аппликацияны төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер ішінде ою - өрнектерден үйлестіріп орындауға болады.


ІV. Сарамандық жұмыстың орындалу барысымен танысу

1.Алдымен матаны алып, таудың бейнесін бейнелейміз.
2.Матадан үлгіні қиып аламыз.
3.Қиған матаны қағазға желімдейміз.
4.Қағаздың бетіне таудың қалған бөліктерін қиып, жапсырамыз.


V. Сергіту сәті
Бір саусағым тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусағым бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды
Жүгіртеді қаламды
Өнерлі екен он саусақ
Қала салсақ, жол салсақ.


VІ. Бекіту сұрақтары:

а) «Аппликация» қай елдің сөзі?
ә) Қазақша қандай ұғымды білдіреді? Қалай орындалады?
б) Түрлерін ата
в) Қазақ халқы аппликацияны қайда қолданған?
г) Сәндік аппликация түрлері қайда қолданылады?






Автор
Дата добавления 10.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров133
Номер материала ДБ-073509
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх