Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Видеоуроки / Урок по теме "Excel-ге мәлімет енгізу"

Урок по теме "Excel-ге мәлімет енгізу"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Microsoft Excel электрондық кестесінде

ұяшықтарға мәліметтер енгізу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Microsoft Excel электрондық кестесінде

жұмыс істеу тәсілдерін меңгеру,

формулаларды пайдалану, есептеулер

жүргізу


Дамытушылық. Ой-өрісін дамыту, ойлау қабілетін

арттыру, теориялық алған білімдерін

практика жүзінде қолдана білу дағдысын

қалыптастыру.


Тәрбиелік. Жаңа тақырыпты меңгерте отырып,

Microsoft Excel электрондық кестесімен

одан әрі таныстыру оқушылардың

дүниетанымын кеңейтеді. Пәнге деген

құштарлығын оятып, шығармашылыққа

жетелейді.


Сабақтың түрі. Жаңа білім беру сабағы.


Сабақтың әдісі. Көрнекі құралдарды пайдалана отырып,

сабақ мазмұнын түсіндіру.


Сабақтың көрнекілігі. Видеопроектор, компьютер, Power point

бағдарламасында дайындалған слайдтар,

деңгейлік тапсырмалар, тест жұмысы.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

  2. Үй тапсырмасын тексеру.

  3. Жаңа сабақ

  4. Сергіту сәті

  5. Деңгейлі тапсырмалар орындау

  6. Тест жұмысы

  7. Оқушыларды бағалау

  8. Үйге тапсырма беру

  9. Сабақты қорытындылау

Сабақтың жүрісі:

1. Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру, сабаққа назарын аудару. Тіркеу журналын толтыру, қауіпсіздік ережелерін еске түсіру. Сабақ мақсатын айқындау.

2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Excel менюімен жұмыс атқару» тақырыбы бойынша үй тапсырмасына шолу.

  1. Microsoft Excel бағдарламасын іске қосу командасы?

  2. Жол нөмірі дегеніміз не?

  3. Бағана әрпі дегеніміз не?

  4. Ұяшық, ағымдағы ұяшық дегеніміз не?

5. Блок дегеніміз не?

6. Бір бағананы қалай белгілейміз?

7. Бір жолды қалай ерекшелейміз?

8. Блокты қалай ерекшелейміз?

9. Бір-бірімен тіркесе орналаспаған блоктарды қалай ерекшелейміз?

10. Жұмыс парағын қалай ерекшелейміз?

  1. Жаңа сабақ. «Ұяшықтардағы мәліметтер»

Ехсеl-де кестенің кез келген ұяшықтарына мәліметтердің үш типін енгізуге болады: мәтін, сан және формула. Мәліметтерді ұяшыққа енгізу үшін теңбілторды сол ұяшыққа алып барып, керекті мәліметтерді пернелерде (240 таңбаға дейін) теріп, соңынан Enter пернесін немесе бағыттауыш тілсызық пернелердің бірін басу жеткілікті. Ехсеl енгізілген мәліметтердің формула, сан немесе мәтін екенін оның бірінші таңбасына қарап анықтайды. Егер бірінші символ – әріп немесе «’» (апостроф) болса, онда ұяшыққа мәтін енгізіледі деп есептеледі. Егерде бірінші символ цифр немесе «=» болса, онда ол ұяшыққа формула немесе сан енгізілетінін білдіреді.

Мәтін енгізу. Мәтін – кез келген символдар жиынтығы, егер мәтін цифрдан басталатын болса, онда енгізуді «’» символынан бастау керек. Егер мәтін ені ұяшықтың енінен артық болса және оң жақтағы ұяшық бос болса, онда мәтін сол ұяшыққа да орналасады. Ал, егер оң жақтағы ұяшықта мәтін бар болса, онда ол мәтін экранда қиылады (бірақ, ЭЕМ жадында ол толық сақталып тұрады).

Назар аударыңыз! Қателесуден қорықпаңыздар! Орындалған әрбір әрекетті болдырмай алып тастауға болады. Егер жұмыс барысында сіздің жоспарыңызда жоқ амалды байқамай орындап жіберсеңіз, оның әсерін Түзету=> Болдырмау (Прaвка=> Отмена) командасын пайдаланып, алып тастауға болады немесе одан да жеңіл орындалатын Стандартты аспаптар тақтасының оралмалы бағыттауыш тәрізді батырмасын басу жеткілікті. Бұл батырманы бір рет басу ең соңғы орындалған бір әрекеттің орындалу әсерін жоқ қылады, біртіндеп соңғы орындалған бірнеше амал әсерін де алып тастау мүмкіндігі бар.

Сандарды енгізу. Электронды кесте ұяшықтарына сандарды =, +, _ таңбаларымен немесе оларсыз да енгізуге болады. Егер енгізілген санның ені экрандағы ұяшықтың енінен артық болса онда Excel санды экспоненциал формада бейнелейді немесе ол санның орнына #### символдарын қояды (бірақ ЭЕМ жадында ол санның барлық разрядтары толық сақталады).

Әдетте экранда санның ең үлкен және ең кіші шамалары экспоненциалды формада беріледі. Мысалы, 501 000 000 саны ЭЕМ- де 5.01.Е+08 болып жазылады, яғни ол 5,01х108 дегенді білдіреді. Ал 0,000 000 005 саны 5Е-9 болып жазылады (5х10-9). Аралас сандардың бүтіні мен бөлшегі нүкте не үтірмен бөлініп жазылады, қандай айыру таңбасын пайдалану Excel программасын орнату кезінде бекітілген келісімге байланысты болады.

Формулалар енгізу. Excel-де кез келген арифметикалық өрнек формула түрінде жазылады. Ол ұяшық адрестері мен сандардың, функциялардың арифметикалық амалдар таңбасы арқылы біріктірілген жиынынан тұрады. Формула "=" таңбасынан басталуы керек. Ол 240 символға дейін енгізе алады және бос орын болмау керек. Ұяшыққа C1+F5 формуласын енгізу үшін оны = C1+F5 түрінде жазу керек. Бұл дегеніміз C1 ұяшығындағы мәліметтерге F5 ұяшығындағы мәліметтердің қосылғандығын көрсетеді. Нәтиже формула енгізілген ұяшықта алынады.

Бағаналар ені мен жолдар биіктігін өзгерту. Бұл әрекеттерді тышқан арқылы немесе меню көмегімен атқаруға болады. Тышқанды пайдаланар кезде оның сілтемесін бағаналар әріптері арасындағы немесе жолдар нөмірі арасындағы бөлу сызығына жеткізіп, сілтеме екі тілсызығы бар бағыттауыш бейнесіне айналған тышқанның сол жақ батырмасын басып, бағананы немесе жолды тарту (сығу) керек.

Менюді пайдаланатын болсақ, көлемі өзгерілуге тиіс бағаналарды (жолдарды) ерекшелеп алып, Формат hello_html_1b730b13.gif Жол hello_html_1b730b13.gif Биіктік немесе Формат hello_html_1b730b13.gif Бағана hello_html_1b730b13.gif Ені командаларын орындау керек.


4. Сергіту сәті.

Көзге, мойын омыртқаларына жаттығулар жасау.


5. Деңгейлік тапсырмалар орындау.


І деңгей

В10 ұяшығына 65 санын енгізіңіз де, С10 ұяшығына =В10>=100 формуласын енгізіп, [Enter] пернесін басыңыз. 65 саны 100-ден артық емес болғандықтан С10 ұяшығындағы формуланың нәтижесі Жалған (Ложь) болады.


ІІ деңгей

А1 ұяшығына Маңғыстау мұнайы деген сөз енгізіңіз. В1 ұяшығына 1961 санын енгізіңіз (бұл жылы Өзен алаңында Маңғыстауда тұңғыш рет мұнай фонтаны алынды). С1 ұяшығына биылғы жылды енгізіңіз. D1 ұяшығын белгілеп, =С1-В1 формуласын енгізіңіз. Содан бері неше жыл болды?




ІІІ деңгей

Скважинаның тереңдігі Н=1000м -ге тең, сұйық заттың үлес салмағы n=0,9. Манометр көрсетіп тұрған 3 атмосфера қабат қысымын hello_html_m7876061d.gif табу керек. (Формуласы hello_html_30f876ad.gif)



6. Жаңа сабақты бекіту. Тест жұмысы (өткен тақырыптарды еске түсіру және жаңа сабақты бекіту)

1. Excel программасын іске қосу

А) Программы – Excel

Ә) Пуск - программы - MS Office – Excel

Б) Пуск - Excel – стандартные

В) Пуск - Excel

2. Бағана мен қатарлар қиылысқанда не пайда болады?

А) ұяшық

Ә) қатарлар

Б) стандартты ұяшық

В) бағаналар

3. Қатарласа орналасқан ұяшықтар жиынтығы не деп аталады?

А) ұяшық

Ә) мәлімет

Б) блок

В) ағымдағы ұяшық

4. Бағана саны мен жолдар саны

А) 256, 65385

Ә) 255, 65536

Б) 256, 65536

В) 255, 65385

5. Егер сіз В1 ұяшығына туған жылыңызды, С1 ұяшығына биылғы

жылыңызды, D1 ұяшығына =C1-B1 формуласын енгізсек нені санап

шығарады?

А) туған күніңізді

Ә) қосындыны

Б) жасыңызды

В) максимум мәнді

6. Электрондық кесте деген термин нені білдіреді?

А) кесте түрінде берілген мәтінді компьютерде өңдеу

Ә) кесте түрінде берілген әріпті компьютерде өңдеу

Б) кесте түрінде берілген сөзді компьютерде өңдеу

В) кесте түрінде берілген мәлімет компьютерде өңдеу

7. Ұяшыққа енгізілетін мәліметтер

А) мәтін, дыбыс

Ә) мәтін, сан, формула

Б) дыбыс, мәтін, сан

В) формула, мәлімет, дыбыс

8. Бағананы қалай белгілейміз?

А) Бағана әрпінен тышқанмен бір рет шертеміз

Ә) Баған әрпінен тышқанмен екі рет шертеміз

Б) Қатар номерінен бір рет шертеміз

В) Кез-келген жерден тышқанмен бір рет шертеміз

9. Excel электрондық кестесі не үшін керек?

А) мәтіндерді енгізу үшін

Ә) сурет салу үшін

Б) эксперимент жүргізу үшін

В) есептеулерді жүргізу үшін және диаграммаларды тұрғызу үшін

10. Excel программасынан шығу үшін қандай командалар орындалады?

А) түзету

Ә) файл - параметр

Б) файл - шығу

В) файл - өшіру


7. Оқушыларды бағалау.

Оқушылардың сабақтағы белсенділігін ескере отырып, деңгейлік тапсырмаларды орындау деңгейіне қарай бағалаймын.


8. Үй тапсырмасы. Сыныптағы оқушылардың аты жөнін, туған жылын, адресін, телефон номерлерін көрсетіп тұратын кесте жасаңыз.


9. Сабақты қорытындылау.



















Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 02.09.2015
Раздел Информатика
Подраздел Видеоуроки
Просмотров297
Номер материала ДA-025712
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх