Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Урок по теме "Естай"

Урок по теме "Естай"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы:

Төл сөз бен төлеу сөз. Естай Беркімбаев.


Сабақтың мақсаты:


  1. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.Төл сөз бен төлеу сөздің айырмашылы, төл сөз бен автор сөзі, тыныс белгілері туралы мәлімет беру.

  2. Оқушылардың өзіндік ізденістерін, ойлау қабілетін жетілдіру.

Оқушылардың логикалық, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, ауызекі сөйлеу, дұрыс сұрақ қоя білу дағдыларын дамыту, сөздік қорын молайту, сауаттылығын жетілдіру .

  1. оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.


Сабақ түрі:

жаңа материалды меңгерту

Сабақ типі:

білім-білік, дағдыны арттыру

Әдіс-тәсіл:

әңгіме, түсіндіру, сұрақ- жауап, ойландыру, іздендіру, баяндау

Сабақтың көрнекіліктері:

Презентация, үлестірмелі материал.


Жұмыс түрлері

жеке, жұптық, топтық


Сабақтың барысы:



І.Ұйымдастыру кезеңі.


А) амандасу Ә) оқушыларды түгендеу

Б) оқу құралдарын тексеру

В) оқушылардың зейінін сабаққа аудару Г) психологиялық дайындығын тексеру

Д) үй тапсырмасын сұрау 6өткен тақырыпты бекіту



ІІ.Жаңа сабақ
























Төл сөз бен төлеу сөз.

Сөйлеуші кейде өз сөзінің ішінде басқа біреудің сөзін не ойын қатыстырып айтып не жазып отырады.

Егер біреудің сөзін сөйлеуші бұлжытпай, ешқандай өзгеріс жасамай, үтір, нүктесіне дейін қолданса, ол төл сөз болады

«Біз өзіміз оқытар жас ұрпақты ана тіліне үйрктуге тиістіміз», - деді баяндамашы.

Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп, жалпы ойын, мазмұнын ғана сақтап айтса, ол төлеу сөз болады. Осы екеуін де басқаға жеткізетін, түсіндіріп беретін сөзді автор сөзі дейді

Төл сөзді сөйлемнің құрылысын, тыныс белгілерін төмендегі сызбадан айқын байқауға болады:

1 «Төл сөз» , - автор сөзі.


2 Автор сөзі: «Төл сөз».


3 Автор сөзі: «Төл сөз», - автор сөзі

Бас әріппен кіші әріппен

Ш.К. Бектұров, Қазақ тілі, 2006, 253 б, 171 жат.




Естай Беркімбайұлы атты мәтінмен жұмыс

  • Түсініп оқу

  • Сөздік жасау

  • Мәтінге сұрақтарды құрастыру

  • Сызба құрастыру






Сабақты бекіту:


ІІІ Қорытынды

Төл сөз бен төлеу сөздің айырмашылы қандай?

Төл сөзді сөйлемнің құрылысын, тыныс белгілерін білесің бе?

Естай Беркімбаев кім болған?


ІV Үй тапсырма:

Естай Беркімбаев туралы мазмұнын айту

Төл сөзді сөйлемнің құрылысы, тыныс белгілері туралы ережені жаттау.





1 «Төл сөз» , - автор сөзі.


2 Автор сөзі: «Төл сөз».


3 Автор сөзі: «Төл сөз», - автор сөзі

Бас әріппен кіші әріппен



Егер біреудің сөзін сөйлеуші бұлжытпай, ешқандай өзгеріс жасамай, үтір, нүктесіне дейін қолданса, ол төл сөз болады


Сөйлеуші өз сөзінің ішінде басқаның сөзін өзгертіп, жалпы ойын, мазмұнын ған сақтап айтса, ол төлеу сөз болады.


Осы екеуін де басқаға жеткізетін, түсіндіріп беретін сөзді автор сөзі дейді































Естай Беркімбаев

Естай Беркімбаев (1874 жылы бұрынғы Павлодар облысы, Краснокутск ауданы, Ақкөл совхозында туған, 1946 жылы қайтыс болды) — қазақтың көрнекті әншісі, ақын-сазгері, ҚазССР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1939). Ол кедей отбасында туған. Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған. Естай олардан жыр, дастандар мен толғауларды орындау мәнерін үйренген. 16 жасында халық әндерін талантты орындаушы, халықтық музыка дәстүрін жалғастырушы тұлға. 20 жасында Ертіс атырабына белгілі әнші болды. Осы өнердің арқасында көп жерлерді (Қараөткел, Семей, Кереку, Зайсан, Тарбағатай, Жетісу) аралайды. Сұлу Көкше мен Баянға барады. Бұл сапарында Біржанмен кездесіп, оның өнерінен тәлім алды. Әнші-сазгерлер Біржан, Ақан сері мен Жарылғапбердінің өнер-өнегесінен сусындаған Естай олардың тек әншілік-орындаушылық өнерін ғана емес, сазгерлік өнерін де ілгері дамытты: көптеген әндер ("Бір мысқал", "Майда қоңыр". "Ашу — пышақ", "Шоқ қара ағаш") шығарды, Естайдың әнші-ақындық, сазгерлік талантын бүкіл қазақ сахарасына мәшһүр еткен әні — "Қорлан". Осы шығармасымен классик сазгерлердің қатарынан орын алды.[1] "Қорлан" — Естай шығармаларының шыңы, жүрегі (Жұбанов А., Замана бұлбұлдары, А., 1963, 248-бет). "Қорлан" әнін М. Төлебаев "Біржан-Сара" операсында, Е. Г. Брусиловский "Ер Тарғын" операсында, С. И. Шабельский мен Л.М.Шаргородский "Қобыз бен оркестрге арналған концертінде" (2-бөлімінде) шығармашылықпен пайдаланды. Жаңа өмір жайында "Туды күнім", "Өмір" атты әндер шығарды. 1939ж. Алматыға келіп, көп әндерін нотаға түсіртті. Әншілік ақындық сайыстарға қатысып, Жамбылмен неше рет кездесті. Сол жылы Қазақстан Жазушылар Одағының II съезіне қатысты. Ұлы Отан соғысы жылдарында мәдени-үгіт бригадасында әсем әнімен, жалынды жырымен халықты жеңіске жігерлендірді. 1945 ж. Абайдың туғанына 100 жыл толу мерекесіне қатысты. Мұнда Нартай, Нұрлыбек т.б. ақындармен айтысқа түсті. Оған арнап М. Әлімбаев "Естай- Қорлан" поэмасын (1968) жазды.

1868 ж. қазіргі Павлодар обл. Екібастұз ауд. қарасты Ақкөл ауылында өмірге келген.

1939 ж. қыркүйегінде "Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері" деген құрметті атақ берілді.

1940 ж. Қазақстан Композиторлар одағына мүше болып қабылданды.


І - тапсырма:

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу.

  2. Мәтіннен түсініксіз сөздерді теріп жазып, сөздік құрастыру.

  3. Мәтін орысшаға аудару.

  4. Мәтіннің қысқашасын дәптерге жазу.

  5. Мәтінге 5-6 сұрақ құрастыру.

  6. Қысқаша мазмүнын айта алу.

ІІ – тапсырма:

Сөйлемдерде тұрлаусыз мүшелерді тауып , астын сызу, сөздерге дұрыс сұрақтарды қою.

Ол кедей отбасында туған. Естай әндік-ақындық ортада өскен, анасы Күлипа мен ағасы Байтолым белгілі әншілер болған.

ІІІ – тапсырма :

Мәтіннен сөздерді теріп, топтастыру








Сабақтың тақырыбы:


Тіл ұстарту. Қазақ ақындарының өлең-жырлары

Сабақтың мақсаты:


  • Оқушылардың қазақ халқының поэзиясы туралы білімдерін кеңейту, Оқөзіндік ізденістерін, ойлау қабілетін жетілдіру.

    • Оқушылардың логикалық, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту, тілін дамыту.

  • оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу

Сабақ түрі:

жаңа білімді меңгеру



Әдіс-тәсіл:

әңгіме, түсіндіру, сұрақ- жауап, ойландыру, іздендіру, баяндау

көрнекіліктері:

үлестірмелі материал.

Жұмыс түрлері

жеке, жұптық, топтық

Сабақтың барысы:


І.Ұйымдастыру кезеңі.


А) амандасу Ә) оқушыларды түгендеу

Б) оқу құралдарын тексеру

В) оқушылардың зейінін сабаққа аудару Г) психологиялық дайындығын тексеру

Д) үй тапсырмасын сұрау,өткен тақырыпты бекіту


ІІ.Жаңа сабақ





  1. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Оқушыларға сұрақ:

Жыр, жырау сөздерін қалай түсінесіңдер?

Жырау–– өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды. Хандар мен басқа да ел билеушілері жыраулар пікірімен санасып отырған. Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, ел қорғау, азаматтық -тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған.


Жақсы менен жаманның

Арасы жер мен көктей

Байқайсыз бір күн басына

Іс түскен кезде сасқанды-ай

Мырза мен саранды

Ылди мен зәулім асқардай.

Ғалым мен наданды,

Салыстарсаң, білерсің.

Дария шіреп тасқандай

Әр нәрсенің осындай

Бігендерге парқы бар.

Қадірін білсең мысалы,

Кәрілік пен жас қандай...

Опасы хоқ дүниенің

Өлшеуші өмірі таусылса,

Өте щығады бір күні,

Көзіңді жұмып-ашқандай

(Бұқар жырау)

Тапсырмалар.

  • Өлеңді мәнерлеп оқыңдар, негігі оын айтындар, аударыңдар

  • Өлеңің тәрбиелік, танымдық маңызына көңіл аударыңдар.

  • Антоним сөздерін теріп жазыңдар.

  • Өлеңді жаттап алыңдар.


Қарғалан қарға туар қарқылдаған,

Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған.

Дегендер: «Мен жақсымын» толып жатыр

Пайдасы өз басынанасы артылмаған...

Талқындап, пысықсынып сөйлейтін көп

Екпіндеп ұшқыр аттай қаңқырдаған

Бәрінен тыныш ұйықап жатқандар көп

Ұмтылып талап ойлап талпынбаған,

Бос, босаң, жасық туған бозбала көп

Киіздей шала басып қарпылмаған...

(Базар жырау)


Тапсырмалар.

  • Өлеңді мәнерлеп оқыңдар, аударыңдар, негізгі ойын айтындар.

  • Антоним сөздерін теріп жазыңдар.

  • Ақын қандай мәселелерді көтереді?

  • Өлеңің тәрбиелік, танымдық маңызына көңіл аударыңдар.


Сабақтың бекіту кезеңі.

  1. Жырау деген сөзді қалай түсінесің?

  2. Қазақ халқының жырауларын атаңдар.

  3. Жыраулар өз шығармаларында қандай мәселелер көтереді?

  4. Жас ұрпақты қандай болуға шақырады?


Үй тапсырмасы. 1 өлеңді жаттау

Жыраулар туралы реферат жазу.


















Тіл ұстарту. Қазақ ақындарының өлең-жырлары

Жырау–– өз жанынан жыр шығарып айтатын және эпикалық дастандар мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр» сөзінен туындайды. Дәстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды. Хандар мен басқа да ел билеушілері жыраулар пікірімен санасып отырған. Жыраулар жаугершілік заманда жорықтарға қатысып, ел қорғау, азаматтық -тақырыптарға арналған өлең-жырлар туғызған.


Жақсы менен жаманның

Арасы жер мен көктей

Байқайсыз бір күн басына

Іс түскен кезде сасқанды-ай

Мырза мен саранды

Ылди мен зәулім асқардай.

Ғалым мен наданды,

Салыстарсаң, білерсің.

Дария шіреп тасқандай


Әр нәрсенің осындай

Бігендерге парқы бар.

Қадірін білсең мысалы,

Кәрілік пен жас қандай...

Опасы хоқ дүниенің

Өлшеуші өмірі таусылса,

Өте щығады бір күні,

Көзіңді жұмып-ашқандай

(Бұқар жырау)

Тапсырмалар.

  • Өлеңді мәнерлеп оқыңдар, негігі оын айтындар, аударыңдар

  • Өлеңің тәрбиелік, танымдық маңызына көңіл аударыңдар.

  • Антоним сөздерін теріп жазыңдар.


Өлеңді жаттап алыңдар. Қарғалан қарға туар қарқылдаған,

Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған.

Дегендер: «Мен жақсымын» толып жатыр

Пайдасы өз басынанасы артылмаған...

Талқындап, пысықсынып сөйлейтін көп

Екпіндеп ұшқыр аттай қаңқырдаған

Бәрінен тыныш ұйықап жатқандар көп

Ұмтылып талап ойлап талпынбаған,

Бос, босаң, жасық туған бозбала көп

Киіздей шала басып қарпылмаған...

(Базар жырау)


Тапсырмалар.

  • Өлеңді мәнерлеп оқыңдар, аударыңдар, негізгі ойын айтындар.

  • Антоним сөздерін теріп жазыңдар.

  • Ақын қандай мәселелерді көтереді?

  • Өлеңің тәрбиелік, танымдық маңызына көңіл аударыңдар.


Үй тапсырмасы. 1 өлеңді жаттау

Жыраулар туралы реферат жазу.







Қарғалан қарға туар қарқылдаған,

Жақсыдан жақсы туар жарқылдаған.

Дегендер: «Мен жақсымын» толып жатыр

Пайдасы өз басынанасы артылмаған...

Талқындап, пысықсынып сөйлейтін көп

Екпіндеп ұшқыр аттай қаңқырдаған

Бәрінен тыныш ұйықап жатқандар көп

Ұмтылып талап ойлап талпынбаған,

Бос, босаң, жасық туған бозбала көп

Киіздей шала басып қарпылмаған...

(Базар жырау)


Тапсырмалар.

  • Өлеңді мәнерлеп оқыңдар, аударыңдар, негігі оын айтындар.

  • Антоним сөздерін теріп жазыңдар.

  • Ақын қандай мәселелерді көтереді?

  • Өлеңің тәрбиелік, танымдық маңызына көңіл аударыңдар.

Сабақтың бекіту кезеңі.

  1. Жырау деген сөзді қалай түсінесіңдер?

  2. Қазақ халқының жырауларын атаңдар.

  3. Жыраулар өз шығармаларында қандай мәселелер көтереді?

  4. Жас ұрпақты қандай болуға шақырады?

Үй тапсырмасы. 1 өлеңді жаттау

Жыраулар туралы реферат жазу.







Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-044455

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG