Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / Урок по теме "Файлдарды архивке енгізу, архивтен шығару"

Урок по теме "Файлдарды архивке енгізу, архивтен шығару"

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Файлдарды архивке енгізу, архивтен шығару.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерге архиваторлар туралы түсінік

беру, ақпаратты ықшамдап, архивтік түрде

беру және сақтау мүмкіндіктерін меңгерту,

негізгі бағдарламалармен және мәліметтерді

архивке енгізу мен шығару тәсілдерімен

таныстыру, жаңа термин сөздерді меңгерту,

жоспарлы әңгімелеу.


Тәрбиелік: Студенттерді өз беттерімен жұмыс жасауға

үйрету, сөйлеу мәдениетін жетілдіру,

оқулықтары мен есептеу техникасын , кабинет

мүлкін күтіп ұстауға, уақытты тиімді

пайдалануға тәрбиелеу.


Дамытушылық: Студенттерді өз бетімен ізденуге, ойын тұжырым-

дауға, өз көзқарасын айта білуге баулу. Шапшаң-

дық пен тапқырлық, танымдық және шығарма-

шылық қабілеттерін және жылдам ой қорыту

қасиеттерін жан-жақты дамыту.


Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, ағылшын тілі


Сабақтың түрі: аралас


Сабақтың әдісі: 3 өлшемді әдістемелік жүйе технологиясын

пайдалану, түсіндіру, сұрақ-жауап, баяндау


Сабақтың көрнекілігі: Флипчарт, интерактивті тақта, электрондық

оқулық, сәйкестендіру тесті, бейнеролик.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру 2 мин

2. «Көпір» 6 мин

3. Жаңа сабақты түсіндіру

(Дәптермен жұмыс) 20 мин

4. «Білу», «Түсіну», «Талдау» 9 мин

5. «Жинақтау» 5 мин

6. Бағалау 2 мин

7. Үй тапсырмасын беру 1 мин

  1. Ұйымдастыру бөлімі:

Амандасу, кабинетті ретке келтіру, сабаққа қатысушылықты тексеру.

2. «Көпір» кезеңі

«Көпір» кезеңінің тапсырмалары өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау болып табылады.

Бұл кезеңде интерактивті тақтаның «сиқырлы өшіргіш» әдістерін қолдана отырып, студенттерге тапсырмадағы бос орынды толтырту арқылы үй тапсырмасын сұраймын.

hello_html_m5187c6b0.png


Студенттің жауабының дұрыстығы жазылған жауапты өшіргішпен өшірген кезде тексеру арқылы анықталады.


hello_html_609edb0a.png


Promethean Activstudio интерактивті тақтасының құралдарын пайдаланып, әріптермен біріктіру арқылы «Көңілді тетрис» тапсырмасын дайындадым. Оқушылар алдымен сұраққа жауап береді. Дұрыс жауабы белгіленген фигураларды тауып, бұрып, тақтада құрастырады. Бір сұраққа дұрыс жауап берсе, бір ұпай алады.

hello_html_m7ed501e5.png


Дұрыс жауап нұсқасы төмендегіше болады:


hello_html_mb340ab5.png


3. Жаңа сабақты түсіндіру.

Архив – сығылған және бір файлда сақталған файлдар, бумалар және басқа да мәліметтер жиынтығы. Бұл дискіде көбірек ақпаратты орналастыруға мүмкіндік береді.

Архиваторлар – дискідегі орынды үнемдеу үшін файлдың көлемін кішірейтіп сақтауға мүмкіндік беретін бағдарламалар тобы. hello_html_m3772170c.png

Файлдарды архивтеудің қажеттілігі мынадай жағдайларда туындайды:

  1. Желі бойынша көлемді ақпаратты жіберген кезде;

  2. Компьютердің тұрақты есте сақтау құрылғысында орын болмаған жағдайда.

  3. Мұрағаттаудың қажеттілігі құнды ақпарат пен бағдарламалық жасақтаманы зақымданудан және жойылудан сақтап қалу мақсатымен ақпаратты дискілер мен дискеттерге сақтаумен де, көшірумен де байланысты.

Қазіргі кезде кеңінен таралған архиватор бағдарламаларға WinRАR, WinZІР жатады. Архивтік файлдардың арнайы пиктограммасы мен компьютердің файлдық жүйесінде қатаң берілген ZІP, RАR кеңейтілулеріне ие болады.

hello_html_39ca0354.png

WinZІР – ең белгілі архиватор. Бұл Интернетте жиі пайдаланылатын архиватор.

WinRАR – Интернет кеңістігінде WinZІР – тің басты бәсекелесі. WinRАR – дың артықшылығы – интерфейсі қолайлы, жұмыс істеу жылдамдығы жоғары, төменгі жүйелік талаптармен үйлесімділігі.

WinRАR бағдарламасын іске қосу үшін Пуск → Все программы → WinRАR командалар тізбегін орындау қажет. Сол кезде WinRАR терезесі ашылады. Терезеде архивтелуі тиіс бумалар мен файлдар орналасады. Архив жасау үшін Үстеу (Добавить) батырмасы, архивтен шығару үшін Бөліп алу (Извлечь) батырмасы қолданылады. Бұл батырмаларды шерткен кезде өзіне сәйкес сұқбат терезелері ашылады.


hello_html_2b56cd1.png


WinRar архиваторының көмегімен файлдарды архивтеу мысалдарын қарастырайық.

Бейнеролик көрсету, студенттерге файлдарды архивке енгізу, архивтен шығару ретін дәптерге жаздыртамын. (Дәптермен жұмыс)


hello_html_760f02fe.png


Архивтелген мәліметтер кодталған түрде болады, сондықтан да олармен жұмыс жасау мүмкін емес. Алдымен, оларды архиватор – бағдарламалардың көмегімен архивтен шығару қажет.


hello_html_m561895b.png


  1. «Білу», «Түсіну», «Талдау» кезеңдері.


hello_html_524972d2.png

«Түсіну» кезеңі

Сұраққа ауызша жауап аламын. Дұрыс жауап жолақтың астында жасырылған. Студент жауабымен салыстырылып, ұпай беріледі.


hello_html_m2bffac9.png


«Талдау» кезеңі

Интерактивті тақтаның контейнер жасау мүмкіндігін пайдаланып, студенттерге төмендегі тапсырманы орындатамын

hello_html_7436a3e1.png


hello_html_m74feb388.png

5. «Жинақтау» кезеңі

Студенттерге жаңа тақырып бойынша электрондық оқулықтан төмендегі тапсырмаларды орындатамын:

1. Жетектегіш бағдарламасын қолдану арқылы Менің қалтам деп аталатын буманы табыңыз және осы буманың мұрағатын әзірлеңіз.

2. Менің құжаттарым бумасынан табылған Менің қалтам бумасындағы ерекшеленген файлдарға мұрағат әзірлеңіз.

3. Тінтуірдің көмегімен Менің қалтам бумасын мұрағаттан шығарыңыз.

hello_html_4c1a22ca.png

6. Бағалау

Студенттер әрбір дұрыс жауапқа бір ұпайдан бағаланады. Бағалау парағын интерактивті тақтаның шаблоны бойынша дайындадым. Ұпай саны жұлдызшамен тақтадан көрсетіліп, ұпай санына қарай бағалаймын.

hello_html_m66e8dbaf.png


7. Үй тапсырмасын беру

§ 5.2. оқып, мазмұндау. Флешкадағы көлемді файлдарды архивке енгізу.


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 29 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДA-025709
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 29 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>