Инфоурок Физика Другие методич. материалыУрок по теме: Физика менің мамандығымда

Урок по теме: Физика менің мамандығымда

Скачать материал

Тақырыбы: «Физика менің мамандығымда»

Мақсаты:

Білімділік:студенттердің болашақ мамандықтарына  байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру,арнайы пәндерден алған білімдерін физикамен байланыстыра білу;

Дамытушылық: қоршаған ортадағы құбылыстарды түйіндей отырып логикалық ойлауға қабілеттерін дамыту;

Тәрбиелік: бақылау және тәжірбие жасай отыра ғылымға қызығушылығын арттыру, заңды тұрмыста қолдану білуге тәрбиелеу;

Көрнекілік: интербелсенді тақта,

 

Сабақтың барысы:

1.     Ұйымдастыру

2.     Оқытушының кіріспе сөзі:

 

·         Қайырлы күн құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен.
Тәрбиелі,білімді боп әрқашан
Өс,өркенде, қанат жайып кемелден.
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қадірлі көрермендер!
Баршаңыз да «Физика менің мамандығымда» атты  кешіне қош келдіңіздер!

Мамандық таңдау- тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек. Сонымен қатар Елбасы  Н.Назарбаевтың қазақстан халқына кезекті Жолдауында « Кәсіби-техникалық және жоғары білім ең бірінші кезекте ұлттық экономиканың мамандарға деген қазіргі және келешектегі сұранысын барынша өтеуге  бағдар ұстауы керек. Көп жағынан бұл халықты еңбекпен қамту мәселесін шешіп береді" деген сөзімен бүгінгі сабағымызды бастаймын.

Жарыс заңы ежелден

Жеңімпазды анықтау

Жеңімпаз болу шарты ол

Еңбектену жалықпау

Сәт сапар  тілеп бәріңе

Сайысты енді  бастайық.

Жүргізуші: (Қазылар алқасын сайлау)
Армысыздар құрметті төрешілер,
Сайысын әрбір топтың көресіздер.
Таразының екі басын тең қойып,
Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп, әділқазы алқаларымен таныстыру

Кезек келіп өжеттеніп, сөз алыппын
Танысайық, ғажап ойын, ғажап күн.
Тегіміз бір – батырақ та, бай да емес,
Емеспіз бе, азаматы қазақтың! –

 

«Өткел» кезеңі ( Мамандықтарға сөз беріліп, өздерін таныстырады)


 Жанса деймін жұлдызы, ас пісіретін әдемі,
Көркемдейтін столды
, мамандықтың киесі
Аспазшылар
-Жасасын!

 

Ортаға  «Аспазшылар» командасын шақырамыз

Әр команда команда мүшелерімен таныстырады:


Біздің топта 2 оң заряд(ұл) пен 13теріс заряд(қыз) бар.
Күнде бұл зарядтар бейберекет қозғалыста болады(Қоңырау кезінен көрініс)
Бұл зарядтар бір-бірімен өзара әсерлеседі.(Ұл мен қыздардың бір-бірімен  құшақтасуы, амандасуы, араласуы)
Бұл зарядтардың ішіндегі активті, физикалық қасиеттері ерекше бөлшектермен таныс болыңыздар:

Азамат-+ зарядты тірі бөлшек.Көзінің өтімділік қабілеті өте күшті.Бір күні кітап оқып отырып, басына алма құлап түседі.Сонда ол мына заңды ашты:

«Алма-алма ағаштан алысқа құламайды»

Қалима-бойының биіктігі 2метрге жуық.Жүрісі-уақыт өтуімен өзгеріп отырады.Заряды 1-2-3 сабақтарға ғана жетеді,7-8 сабақта қайта зарядталады.Мінезі салмақты.
Айжан -ұзындығы 1м 70 см .Дауысы өте жоғарғы жиілікті толқын болып табылады.Сөйлеген сөзінің жылдамдығы  вакуумдағы жарық жылдамдығымен тең, сағатына 300000км/сағ,топқа пайдалы әсер коэфициенті 100 %.
Құралай-шашының ұзындығына қарасақ, оң заряд па теріс заряд па белгісіз,бейтарап деп айтамыз.Магнит өрісі әлсіз.


“Ас - адамның арқауы”
Аспазшы апай біледі,
Дәмді етіп бар қауымды
Ас – ауқат беріп жүреді.

Дәмді тамақ пісіріп
Өнерлі бала боламын
Халқым сүйген ардақты
Мен аспазшы боламын.

Аспазшы үлкен мамандық
Тамағы тілді үйірген
Сыйлайтын жанға денсаулық
Өнерді түйген түйіннен

Біздің колледжде
Бар әсем асхана.
Мен сондай аспазшы
Боламын болашақта

 

 

Команда: «Фермерлер»

Қазіргі уақытта мамандықтары сұранысқа ие

Көңілді фермерлер тобын шақырамыз.

Таныстыру
Мына бізде бәрі бар,ұзындар да табылар
Мысал үшін -Асылтас бар, айға қолын жеткізген
Айдай сұлу Армангүл бар,бұлттан қолын өткізген.
Қысқа десең қысқа бар, Біржан-деген нұсқа бар
Күндей сұлу –Жайнагул,Мырзабек, Расул, Азамат, Мақсат бар
Міне, бізде бәрі бар… анда санда сабаққа келетін
Қызық бала      Азат бар                              

 

Қиыннан қиысады сөз сарасы,

Табиғаттың бар болар сан-санасы,

Физика патшалығының бір өзінде,

Бар екен бір бай патша  Фермер  және   оның балалары

 

Балалары сөз кезегін алады,

Таныс болып сіздерге сөз салады.

Әр баланың сөз өнерін көрейік,

«Молекула» саған кезек берейік

Молекула сөзі: Азат

Затты құрап ортаңызға оралдым,

Сүйікті ұлы патшаның мен боламын.

Жәй көзге ерекшемін көрінбейтін,

Қозғалуға ешқашан ерінбейтін

Заттардың ең кішкене бөлшегімін

Әр заттың көрінбейтін өлшемімін

Еншімді алар  едім осы кеште,

Көрінуге еркіндік берсе бүгін.

2-бастаушы:

Келді кезек «Жылдамдық» бір өзіңе

Құлақ қойып тыңдайық әр сөзіне!

Жылдамдық сөзі: Жайнагуль

Қозғалыс тездігін мен сипаттаймын

Өзімді мен әлсізге ұқсатпаймын.

Желаяқ желдей ессе зымырайды

Шындасам «күш» өзің ұстатпаймын

Шығады басқалардан асқақ әнім,

Уақыт пен жол дегенді басқарамын.

1-бастаушы:

Өмірге жол бастайтын болып өзек,

«Жол» саған, міне, енді келді кезек.

Жол сөзі: Расул

Мен патшаның ұлымын,

Көп ұлының бірімін.

Жолың болсын жолаушы

Жол аталған ұғыммын.

Жылдамдық пен уақыт,

Сыйлайды  маған  мол  бақыт!

Сәтті  күні  әрқашан

Маған  сен  де  жолға  шық!

Жол  боламын  атақты.

Патшаның  бір  ұлымын!

Жолың  болар  жолаушы,

Білсең  жолдың  ұғымын!

(Жолдың  өрнегін  жазып  ережесін  айтып  береді).

2-бастаушы:

«Уақыт»  саған  сөз  бердім,

Сөз  алып  кәне,  ерлегін.

Уақыт  сөзі: Биржан

Өткені  ешкімге  де  сезілмейтін,

Ұлымын  уақыт  атты  білінбейтін.

Өлшемім  сағат,  минут,  секунд  болған

Көзіңе  елес  болып  көрінбеймін.

Уақыт  бос  өтпесін,  оқы  достым!

Жасыңа  әр  жыл  сайын  бір  жыл  қостым!

Ғасырға  қадам  бастық  мен  арқылы,

Міне,  менің  құдіретім,  осы  достарым!

1-бастаушы

Салмақты енді тыңдайық,

Қоя тұрып басқаны

Ауырлау да мінезі

Салмақ асып саспады.

Салмақ сөзі: Мырзабек

Патшаның мен ардақты

Ұлымын міне жан-жақты,

Удеуге мені көбейтсең,

Білдіремін салмақты. (Өрнегін жазады.)

2-бастаушы

Көлдей болған көлемнің

Бар екен, қандай өнері

Сөз кезегін алады

Ортаға барып салады.

Көлем сөзі: Армангуль

Патшаның сүйікті қызы,

«Көлем» атым!

Қызыл тілім жасқанба,

Сөйле батыл!

Массаны тығыздыққа бөліп берген,

Көлемнің ерлігімен,

Шыққан аты! (Ережесін айтады)

1-бастаушы

«Тығыздық» тұр  шыдамай

Айналаға ұнамай

Ал сөйлесін тығыздық,

Сөз төркінін қуалай.

Тығыздық сөзі: Мақсат

Патшаның мен ұлы едім тығыздық  атым,

Денені салыстырған салтанатым.

«Тығыздық» мен боламын ұғына біл!

Салыстырып әлемді шыққан даңқы.

Денең де тығыз болсаң, шымыр болсаң

Бұлшық ет бұлтиып бір күшке толса,

Тығыздық құдіретін түсінер ең,

Басыңа физикалық білім қонса!

(Өрнегін жазып, кестеден тығыздықты көрсетеді)

2-бастаушы

Патшаның «Күш» аталған  құдіретті

Бар екен бір баласы ақ ниетті

Берейік сөз кезегін күш өзіңіе,

Көрсетіп өз күшіңді сөйле епті.

Күш сөзі: Асылтас

Патшаның баласы едім өзім епті,

Қозғауға барлық затты күшім жетті.

Мен арқылы қозғалып барлық дене,

Атандым әрі күшті, әрі текті.!

Мен арқылы тартылып барлық ғалам

Өрекпіп өр көңілім оттай жанам

Жететін маған кім бар кел  ортаға,

Жетілді білім алып ой мен санам.

1-бастаушы

Патшаның «Қысым» атты баласына

Сөз кезегі келіті данасына

Қысым сөзі.

Патшаның баласы едім «Қысым» атты

Жалғайтын бабалардың дәстүр салтын,

Зерттеген Паскаль атты мені дана

Дарынды,  ғажап неткен парасатты.

Мен едім қысым деген қызық атым,

Денелер еркін тұрмай қысылатын,

Көмегім бар екен-ау табиғатта

Қысымды көбейтуді ұсынамын!

(Қысымды өлшейтін құралмен таныстырады

 

 

3.     Тур « Ғажайып  жетілік»

Экрандағы сұрақтарға жауап беру.

     4 тур. «Бекет» Мамандықтар туралы пікірталас

·         Мамандық таңдау қалтаның қалың болуына байланысты.

·         Отбасы және достарынның ақылына сүйеніп мамандық таңдауға болады

·         Қартайғанда да мамандық таңдауға болады

·         Жақсы білім алу үшін қымбат оқу орнына түсу керек

·         Ақша болса, мамандық қажет емес.

·         Мамандық таңдауда психологтің  көмегі қажет.

·         Мамандық таңдаудағы басты өлшем – қызығу мен қоғамдық сұраныстың сәйкестігі

·         Таңдайтын мамандығымды болашақ табысым анықта

  • Мамандық таңдауда ең бастысы не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
  • Ауыл экономикасын көтеру үшін, ауылға ең алдымен қандай мамандықтар қажет деп ойлайсыңдар?
  • Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
  • Әрбір жеке адам бақытты болу үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу керек?
  • Еңбек нарығындағы бақталастық туралы не білесіз? Сіздің мамандығыңыз нарық заманында бақталастыққа төтеп бере ала ма?
  • Адам өз мамандығын таңдаған кезде, нені басшылыққа алу керек?
  • Жақсы маман болу үшін адам нені білуі және үйренуі керек?
  • Сіз қандай маман болуды армандадыңыз?
  • Адам өзің белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
  • Адам бірнеше мамандықты меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп ойлайсыздар?

 5 тур.  «Белес» тәжірибелер көрсету « Бұл фокус емес, бұл физика»

6 тур.  «Серпілу» Музыкалық үзіліс « Физикалық мағынасын ашу»

7 тур. «Асу» Ыммен физикалық жағдайды түсіндіру.

Олар жайлы төреші,

Көрермендер өздерің.

Ақ – қарасын айырып,

Куә болды көздерің.

Көңіл бөліп бұл кешке,

Келгендеріңе көп рахмет!

Шын сезінген көрерменге

Айтамыз біз мың рахмет! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Белес»  кезеңі                                                                                                       

 

 

Презентация бойынша сұрақтар

 

 

 

2.     «Бекет»   кезеңі                                                                

4.»Асу» кезеңі

5.«Серпілу» кезеңі                       

6. «Жерұйық» кезеңі

Ойынның  алғашқы   “Өткел” кезеңінде  топтар өздерін таныстырады.

“БЕЛЕС”  кезеңінде сұрақ алдымен  топ басшыларына  қойылады.

“ Галилей”  тобына

1.    Молекулалары  бей – берекет  үлкен қозғалыста  болатын  заттың  агрегаттық  күйі  ( газ )

2.    Физика гректің қандай сөзінен шыққан?  ( табиғат)

3.    Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы. (телескоп)

4.       Тығыздықтың өлшем  бірлігі (кг\м3)

5.    Сандық мәнімен  бірге  бағыты  да көрсетілген қандай физикалық шаманы ата (күш)

6.    Ғылыми деректермен негізделген жорамалқалай аталады? (болжам)

“ Ньютон” тобына

1.    Дене молекулалары  бір–біріне  жанасқан  кезде өз-өзінен бір–біріне ену құбылысы  қалай аталады. (диффузия)

2.    Жұлдыздар жүйелері шоғырларын не деп атайды? (галактика)

3.    Массасы 1кг отын түгел жанғанда қандай жылу мөлшері бөлініп шығаттынын көрсететін физикалық шаманы ата(отынның меншікті жану  жылуы)

4.    Физикада «бірінші ұстаз» атанған ғалым (Аристотель)

5.    Үйкеліс күшінің формуласын ата?

Заттың қандай агрегаттық күйлері болады? (қатты,сұйық,газ тәріздес).

“Бекет” кезеңінде  сұрақтар топқа қойылады.Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі. Қосымша көмек алса, ұпай саны кемиді.Сұрақты қиынсынса және қарсыластары жауап беруге ынта танытса,жауап беру кезегін қарсыластар кезегіне беруге құқы бар.Бұл жағдайда ұпай қарсыластарына жазылады.Егер топ кезегін бермей өздері жауап беріп,  олары дұрыс болмай шықса,  тиесілі  ұпайлары жинаған ұпайларынан алынып тасталады.

«Шерлок Холмс» деп аталады. Шерлок Холмс өте білімді, байқағыш және ойшыл адам болған. Сонымен бірге, Осы сайыс  кезінде ол кісінің «физик» болғанына көздеріңіз жетеді.

1-сұрақ:

Қыс мезгілі болатын. Шерлок Холмс даладан бір үйге кіреді. Қырау басқан терезенің саңылауынан жолдың бір шет ғана көрінеді. «Мына үйдің қызы жалқау екен»-деп ойлапты. Неліктен ол мұндай ойға келді? 

Жауап. Ол үйдің терезесін қырау басып тұр. Онда, терезе жақтауларының аралығына тесіктер арқылы бөлмеден жылы дымқыл ауа кіріп, суық ауамен жанасқанда терезеге қатып қалады. Бұдан шығатын қорытынды, терезе дұрыстап жылыланбаған.

2-сұрақ:

Бір үйге келген Шерлок Холмс, үй иелерімен әңгімелесіп отырып, бірер минуттан кейін ол: «Сіздің ас үйіңізде шәйнек қайнап жатыр»-деген екен. Оның отырған бөлмесінен ас үй көрінбеген, онда ол мұны қайдан білді?

Жауап.  Әдетте шәйнек қайнағанда қақпағы бүлкілдеп тұрады, оның қозғалуы ішіндегі су қайнап бу түзілген кезде қысымы артады да, ол қақпақты көтеріп жібереді, қақпақ ашылғанда бу сыртқа шығып, іштегі қысым азаяды, қақпақ орнына түседі, сол кезде дыбыс шығарады. Процесс осылай жалғаса береді.

3-сұрақ:

   «Құймақ ыстық кезінде ғана тәтті»-дейді Шерлок Холмсты ас ішуге шақырған аспазшы,- «Олар көпке дейін ыстық болып тұруы үшін, мен құймақ салынған табақты металл подносқа  салып қоямын»-депті сөзін жалғастырған аспазшы. «Одан да құймақты ағаш подносқа салған дұрыс болар»,-деп Шерлак Холмс кеңес беріпті. Бұл кеңесінің астарында не жатыр?

Жауап. Ағаштың жылу өткізгіштігі металға қарағанда аз болады. Сондықтан ағаш подноста табақ баяу суйды. 

4-сұрақ:

Шерлок Холмс түскен үйдің иесі, есікке барып, ішке мысықты кіргізеді. Мысықты көрген, Шерлок Холмс «Сыртта ауа-райы суық екен»,-дейді. Ол мұны үйде отырып қалай білді?

Жауап. Мысықтың жүніне қарап анықтаған. Суық күнде мысықтың жүні әдеттегіден де қобырайып үлпілдеп тұрады, оның әр талының аралығында көбірек ауа болады, ол жылуды нашар өткізеді.

“ Асу”  кезеңінде сұрақтар барлық топ ойыншыларына  қойылады.Сұрақтары топ капитаны алдарына ілінген ұяшықты терезелерден өздері таңдайды. Әр топқа екі сұрақтан қойылады.Осы кезең соңында жинаған ұпай сандарымен жеңімпаз топ анықталады.

1

 Физикалық құрал

2

 Ғалым туралы

3

 Физикалық заңдылықтар

1.    Ғалым туралы

 А) Негізгі сұрақ. Ғалымға Герон патшасы алтын тәж жасаған ұстаның  адалдығын сынауды тапсырған. Тәжді бұзбай – жармай ішінде қоспасы бар – жоғын білуді ұсынған.Бір жолы моншаға барып, толтыра су құйылған ваннаға түскен, су жартылай төгілген, сонда оның ойына мәселенің шешуі келген.Ол қуанғаннан “Эврика! Эврика!”  деп айқайлап жіберген.Тәждің салмағын ауада, суға батырып өлшеген.Аңыз бойынша тәж  затының тығыздығы таза алтынның тығыздығынан кем болып шықты. Ұстаның өтірігі әйгіленіп, ғалым тамаша табысқа ие болған. Бұл сұрақ бойынша қай ғалым туралы айтылады?

Қосымша көмекӨзінің туған қаласын Сиракузды қорғау үшін әскери машина ойлап тапты.Ол  маған тіреу  нүктесін беріңдер, Жер шарында орнынан  қозғалта аламын.

Жауабы: Архимед (б.з.б. 287 – 212).          

Б)   1.Негізгі сұрақБұл құбылысты алғаш рет суда қалықтаған Плаун спорасын микроскоппен қарап бөлшектерін пайдаланады. Бұл бөлшектер бей –берекет қозғалыста болады.

Ең ғажабы бұл қозғалыс еш уақытта тоқтамайды. Температура артқан сайын молекулуның қозғалғыштығы артады. Бұл құбылыс қозғалысты газда, ауада, қалықтаған тозаңнан немесе түтіннің бөлшектерінде байқаған болады.  Бұл құбылысты неміс физигі ПОЛЬ бақылаушыны қызықтыратын етіп әдемі суреттеген.  Бұл қандай тәжірбе, оны ашқан ғалымының есімі?

Қосымша көмек: Бұл суықта немесе газда қалықтаған бөлшектердің жылулық қозғалысы.

Жауабы: Бұл құбылысты алғаш рет 1827 ж ағылшын батонигі Р.Броун ашқан,  Броуындық  қозғалыс деп атаймыз

2.    Физикалық құрал.

 Негізгі сұрақ Ауа райын сипаттайтын шама атмосфералық қысым қорап ішіндегі қысым тұрақты.Сондықтан атмосфералық қысым өзгергенде мебрана көп немесе аз майысады.Ал мебранаға стрелка бекітілген.Осы стрелка шкаладан атмосфералық қысымды нұсқайды.Бұл қандай физикалық құрал деп ойлайсыз?

Қосымша көмек: Бұл құралды  итальян ғалымы тәжірбие  жүзінде Торричели ойлап тапты .

Жауабы:   Барометр 

3.    Физикалық заңдылықтар

Негізгі сұрақ:Ол бір жазықтық бойында орналасқан саңылауы  бар шардан және поршенді цилиндрден тұрады.Егер шарға су немесе түтін толтырып, поршенді бассақ, шардың саңылауларынан су немесе түтін барлық бағытқа бірдей ұзындыққа шапшып, будақтап  шығаратынын байқаймыз.Бұл қандай  физикалық құрал деп ойлайсыз?

Қосымша көмекБұл құралмен жасаған тәжірбиелерге сүйене отырып , “ сұйыққа немесе газға түсірілген қысым  осы сұйықтың  немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі” деген қағиданы алдық.

 Жауабы: Паскаль шары.

«Серпілу» кезеңінде әр топ өзінің үйде дайындап келген физикалық экспериментін көрсетіп, оның мағынасын түсіндіреді.

«Күн шуағы                                                                                                                                                   

Физик Кирхгоф өзінің ойлап тапқан спектрлік анализі жайында сөз болғанда, Күннің спектрінде алтын бар екенін айтады. Сонда әріптестерінің бірі: «Одан қандай пайда бар, бірібір алтынды Күннен ала алмайсың ғой?!»,-депті. Кейін осы жаңалығы үшін Кирхгофқа алтын медаль беріледі. Сонда ғалым: «Мен Күндегі алтынды алдым»,-деген екен.

Слайдпен жұмыс, тапсырмасы бұлт басқан күн берілген, Жер бетіне күннің шуағы керек, ол үшін формулаларды дұрыс табу арқылы бұлтты сейілтеміз. Әр дұрыс формулаға 100 ұпайдан беріледі.

VI. Қазылар алқасының қорытындысымен танысу (сөз қазылар алқасына беріледі)

 

1. «Күш» тобының таныстыруы: («Суретші-көркемдеуші» мамандығы)
222- топтың ұл-қызы
Жанса деймін жұлдызы, суреттейтін даланы,
Көркемдейтін қаланы, мамандықтың киесі
Аспазшылар-Жасасын!
Мына бізде бәрі бар,ұзындар да табылар
Мысал үшін -Арнұр бар, айға қолын жеткізген
Айдай сұлу Ұлжан бар,бұлттан қолын өткізген.
Қысқа десең қысқа бар, Құрмет -деген нұсқа бар
Күндей сұлу –Айдана Әлішер бар, Ұлтай бар
Міне, бізде бәрі бар…Болат та бар, Алтын бар
Жер бетінен табылар!

 

Біздің ұран:
-Біз күшпіз тартамыз, тебеміз, әлемге тартылыс береміз, әділдік жолына сенеміз!-Біз күшпіз,сондықтан да жеңеміз!

Жургізуші:
Қайырлы күн, құрметті көрермен!
Сөз бастайын термелейтін өлеңмен
Тәрбиелі, білімді боп әрқашан
Өс, өркенде, қанат жайып кемелден !

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Баршаңыз да «Қызықты физика» атты кешіне хош келдіңіздер! Біз бүгінгі кешімізді ІІ курстың 222, 223, 224 – топ оқушылары арасында сайыс түрінде жүргізуді ұйғардық. Ендеше, ортаға ойыншыларымызды шақырамыз.

222- топтан құралған «Күш», 223 «Заряд», 224 «Атом»  топтарын ду қол шапалақтап ортаға шақырамыз.

Ал қазір ойын шарттарымен таныстырып өтейін.

1.       Сәлемдесу. (Физика тілінде топтардың сәлемдесуі)

2.       Жорға кезеңі. Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)

3.       Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе алмасу)

4.       Физика қиын, ашиды миың. (Әзіл-сықақ көрінісі)

5.       Капитандар сайысы. (Әннің физикалық мағынасын аш)

6.       Пантомимо.(Карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсет..)

І кезеңімізді бастайық.

Мұнда әрбір топ өздерін физика тілінде таныстырады.
1. «Күш» тобының таныстыруы: («Суретші-көркемдеуші» мамандығы)
222- топтың ұл-қызы

 

Біздің ұран:
-Біз күшпіз тартамыз, тебеміз, әлемге тартылыс береміз, әділдік жолына сенеміз!-Біз күшпіз,сондықтан да жеңеміз!

2. «Заряд» тобының таныстыруы:

Біздің топта 8 оң заряд(ұл) пен 17теріс заряд(қыз) бар.
Күнде бұл зарядтар бейберекет қозғалыста болады(Қоңырау кезінен көрініс)
Бұл зарядтар бір-бірімен өзара әсерлеседі.(Ұл мен қыздардың бір-бірімен  құшақтасуы, амандасуы, араласуы)
Бұл зарядтардың ішіндегі активті, физикалық қасиеттері ерекше бөлшектермен таныс болыңыздар:

Салтанат-+ зарядты тірі бөлшек.Көзінің өтімділік қабілеті өте күшті.Бір күні кітап оқып отырып, басына алма құлап түседі.Сонда ол мына заңды ашты:

«Алма-алма ағаштан алысқа құламайды»

Ботагөз-бойының биіктігі 2метрге жуық.Жүрісі-уақыт өтуімен өзгеріп отырады.Заряды 1-2-3 сабақтарға ғана жетеді,7-8 сабақта қайта зарядталады.Мінезі салмақты.
Айдана-ұзындығы 1м 70 см .Дауысы өте жоғарғы жиілікті толқын болып табылады.Сөйлеген сөзінің жылдамдығы  вакуумдағы жарық жылдамдығымен тең, сағатына 300000км/сағ,топқа пайдалы әсер коэфициенті 100 %.
Нурлан-шашының ұзындығына қарасақ, оң заряд па теріс заряд па белгісіз,бейтарап деп айтамыз.Магнит өрісі әлсіз.

3 «Атом» тобының таныстыруы:

Біздің топ:    Атом
Атом- оң зарядталған  протондар мен теріс зарядталған электрондардан тұрады.
Бұл бөлшектер бейберекет қозғалыста болады
Бөлшектер  бір-бірімен өзара әсерлеседі.

Білім қуған,өнер қуған жастар едік,
Бәріміз де өнер жолын бастап едік
Қызық заңдар қайда, қиын теңдеу қайда
Оны шешер өжет жастар қайда екен?

ІІ кезең жорға кезеңі.

Жорға, жорға жорғалашы, жорға, жорға жорғала …
222 – топ «Күш» тобынан бастайық. Топ мүшелерін ортаға шақырамыз
10 сұраққа жауап беруге дайынбыз ба?

1.       Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі – (кристалдану, қатаю)

2.       Тұтас алғанда атом заряды? – (бейтарап)

3.       Тоқ күшін өлшейтін құрал – (ампермерт)

4.       Қуатты өлшем бірлігі – (Ватт)

5.       Материяның ажырамас қасиеті – (қозғалыс)

6.       Жылдамдықтың өлшем бірлігі – (м/с)

7.       Бойымен жарық таралатын сызық – (сәуле)

8.       Еркін түсу үдеуі неге тең – (9,8 м/с)

9.       Толқын ұзындығы қандай әріппен белгіленеді – (λ)

10.   Кеңістікте жөңкіп тарайтын тербелістер қалай аталады? – (толқын)

223 – топ «Заряд» тобына сұрақтар:

1.       Заттың сұйық күйден, газ күйіне өтуі – (булану)

2.       Атомның теріс зарядталған бөлшегі – (электрон)

3.       Кернеуді өлшейтін құрал – (вольтметр)

4.       Тоқ күші кернеуге тура пропорционал, кедергіге кері пропорционал кімнің заңы – (Ом заңы)

5.       Заттың үш күйі – (қатты, сұйық, газ)

6.       Зарядтың, тоқ күшінің периодты өзгерістері не деп аталады – (электромагниттік тербелістер)

7.       Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы неге тең – (300 000 км/сағ)

8.       Мөлдір емес денеден өтетін сәуле – (Рентген сәулесі)

9.       Ньютонның І-заңы не деп аталады – (Инерция)

10.   Циклдік жиілік қандай әріппен белгіленеді – (ω)

224 – топ «Атомдар» тобына сұрақтар:

1.       Ядроның бейтарап бөлшегі – (нейтрон)

2.       Электр зарядының өлшем бірлігі – (Кулон)

3.       Катушкадан, конденсатордан тарайтын  тербелмелі жүйе не деп аталады – (тербелмелі контур)

4.       Жиіліктің өлшем бірлігі – (Герц)

5.       Ең алғаш радионы ойлап тапқан кім – (Попов)

6.       Толқын түрлері – (қума және көлденең)

7.       Бөлінбейтін бөлшек – (атом)

8.       Денеге әсер етуші күш дене массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тең кімнің заңы – (Ньютонның ІІ-заңы)

9.       Тербелістің ең үлкен ығысуы не деп аталады – (Амплитуда)

10.   Қазақстанда ең алғаш телевидение қай жылы пайда болды –(1958 ж)

ІІІ – кезең. Бұл фокус емес, бұл физика деп аталады.

Бұл үй тапсырмасы. Топтар өздері дайындап келген тәжірибелерімен алмасады. Көрсеткен тәжірибелерін түсіндіреді.

1.       222 – «Күштер» (стакандағы су, қағаз )

2.       223 – «Зарядтар»( стакан, жылы су, тұз, жұмыртқа, қасық )

3.       224 – «Атомдар» (бутылка, жұмыртқа, қағаз, сіріңке. Бутылкаға жұмыртқаны салу )

ІV – кезең. «Физика қиын, ашиды миың» (пән туралы әзілдер)

Көрермендерге сұрақтар:

1.       Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі қалай ажыратамыз? (Айналдыру арқылы)

2.       Қияр ыстық суда әлде суық суда тез тұздала ма? (Ыстық. Диффузия ыстық суда тез тарайды)

3.       Үстіне құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге? (Қара түс күн сәулесін тез жұтады )

4.       Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)

5.       Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ))

V – кезең. Капитандар сайысы.

3 – капитанға 3 әннің мәтіні беріледі.

1- тапсырма. Осы әннің бір шумағын орындау немесе орындаушыны айту.
2- тапсырма. Әнде кездескен сөздердің физикалық мағынасын ашу.
1. Желсіз түнде жарық ай…(Жарықтың шағылу құбылысы)
2. Тыныш еді өмірім…(Инерция заңы)
3. Жұлдызды түнде шаттанамын…(Жұлдыздардың ашық күндері жарқырауы физикалық құбылыс)

VІ – кезең. Пантомимо – карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсету, қарсылас топ оның қандай құбылыс екенін көрсетеді.

1.       Зарядтардың бірін – бірі тарту және тебу құбылыстары.

2.       Деформация (созылу, иілу, бұралу).

3.       Броундық қозғалыс (молекулалардың бейберекет қозғалысы).

Сайыс өз мәресіне жетті.
Сөз кезегі әділ қазыларда. . .

Бірінші ұсынған ойынның түрі: «Физикалық жұмбақтар».
I – бөлім: Жұмбақтар:
1. Етек – жеңі жиналмай
Дауыл тұрса дым қалмай
Түйдектеліп көшеді
Тоз - тоз болып өшеді. Жауабы: Бұлт. (1балл)
2. Электр энергиясын өндіретін,
Үйіңе жарық ендіретін,
Ротор стартордан құрылымы,
Кім айтады мұндай құрылғыны? Жауабы: Генетатор (1 балл)
3. Асып кетсе кернеуді,
Төмендетіп береді,
Кеміп кетсе кернеуді
Жетерліктей береді,
Мұны ойлап тауып ед,
Яблочков пен Усагин,
Тұтынуға қажетті,
Тауып берем кернеуді. Жауабы: трансформатор (1балл)
3. Жарқылдан соң жаңағы,
Суға бөкті бар алап.
Көкте түрлі жолақты,
Өрнек тұрды ғаламат. Жауабы: кемпірқосақ (1 балл)
4. Күндіз қасыңнан қалмайды.
Бірақ ешкім ұстай алмайды.
Қорқақ па, қараңғыға бармайды. Жауабы: (Көлеңке) (1балл)
5. Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді6
Бірақ өзі көрмейді. ( компас)

6. Алтын теңге кетеді,
Күміс теңге келеді. Жауабы: Күн мен Ай
7. Отқа жанбас,
Суға батпас. Жауабы: мұз (1балл)
8. Табаныма байладым,
Қос таяқпен айдадым. Жауабы: шаңғы (1балл)
9. Жылт - жылт етеді,
Жылғалардан өтеді Жауабы: Су (1 балл)
10. Жылдың төрт мезгілінде де,
Мазасызданады ол неге? Жауабы: Жел. (1 балл)
11. Бұлтты аспанның жүзінде,
Ойнайтын бұл немене? Жауабы: Найзағай. (1 балл)
12. Өзі затты құрайды,
Теңесуге таразыны сұрайды. Жауабы: Масса. (1балл)
13. Аса қажет өмірге халық үшін,
Пайдаланамыз күн сайын жарық үшін. (ток)
14. Тетігін бассаң алаңсыз
Жазады қалам қағазсыз. (компьютер)

15. Туыстарын шетінен,
Өбеді де бетінен.
Бала - шаға ұсағын,
Бауырына қысады. ( магнит)

16. Көкке қараған, жұлдыз санаған. (телескоп)
17. Шам, плита жұмысын жасай қалды,
Ал оның есептен - ақ басы айналды. (Электр есептегш)

18. Тар шеңберді айналып,
Тұр құдықта байланып.
Қаға берер таңдайды,
Әдетінен танбайды ( сағат)

19. Қозғалысқа келтіріп,
Жылдамдығын береді.
Өлшемдерін қарасақ,
Ньютонға ол келеді. (күш)

20. Жоғалмайды ешқашан,
Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан,
Жұмыс істейді әрқашан. (Энергия)

21. Бар ма, жоқ па оны анық білмейсің
Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (ауа)

22. Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Бірақ қарағысы келмейді. (күн)

II – бөлім: Қызықты тәжірибелер
1. Тәжірибе: Суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек.
Жауабы: Тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп лезде салқындап жабысып қалады.(кристалдану, балқу)
2. Кәдімгі үрілген балалар шарын газетпен ысқылап бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге?(Шар электрленеді.)
3. Үріліп жіпке байланған екі шарды газетпен үйкеп - үйкеп жақындатамыз. Олар бірін - бірі тебеді. Неліктен? (Аттас зарядтар тебіледі.)
4. Суы бар тарелкенің ішінен түйреуішті алу керек. Магнит бар.(Су ішіндегі темір түйреуішке, яғни су бетіне магнитті жақындатамыз, сонда түйреуіш су ішінен магнитке жабысады.. Магнит айналасында магнит өрісін тудырады, ол өріс су арқылы да тарайды.)
5. Бөтелке, қағаз, шырпы, қабығы аршылған жұмыртқа. бөтелкенің ішіне қағазды жағып, аузына жұмыртқаны қойғанда, ол ішіне кіріп кетеді. Неліктен?(Бөтелкенің ішіндегі ауаның қысымы атмосфералық қысымнан азаяды)
6. Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, батуы, қалқуын)
7. Тарелкенің ішіне тиынды салып, су құямыз.
Сұрақ: тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?
Жауабы: Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады.

III - бөлім: «Кім көп формула біледі?»
Екі топ бөлек қағазға формула жазады. Уақыт беріледі.
IV. Қатесін тап! Тапсырмалар топтарға беріледі.
1. Жаздың ашық, ыстық күндерінің бірінде тауға шықтық. Жолда ыстықтамау үшін қара киімдер киіп алдық. Алдымен құмдауыт өзен жағасымен жүріп отырдық. Құм құрғақ және таза екен, жүру өте оңайға түсті. Содан соң жол көк шалғынмен жалғасты, бұл жермен жүру қиындау болып, жылдамдығымыз азайды.
Алыстан отын шауып алып жатқан адамды көрдік, балтасының дыбысы бұтаққа тиген сәтте құлаққа келіп тұрды. Өзенге жетіп, ұйықтауға өзеннің жағасына жаттық. Кешке қарай салқындап кетті, балалар өзенге түсіп шыққаннан кейін бірден жылынып сала берді.
Су түбінде бір үлкен тас жатыр екен, ұлдардың үшеуі әзер көтеріп судан шығарып жіберді.

V - бөлім: «Иә» немесе «жоқ»
1. Аттас зарядтар бір - бірімен тартылады ма? (жоқ)
2. Заттар үш күйде болады ма? (иә)
3. Желді күні асфальт беті тез кебеді ме? (иә)
4. Жолдың өлшем бірлігі секунд па? (жоқ)
5. Ом заңын ашқан ғалым Ампер ме? (жоқ)
6. Жылдамдық бірлігі м/с (иә)
7. Температураны өлшейтін құрал динамометр ме? (жоқ)
8. Джоульмен өлшейтін физикалық шама энергия. (иә)
9. Уақытты сағатпен өлшейді ме? (иә)
10. Газға немесе сұйыққа түсірілген қысым сол сұйықтың немесе газдың әрбір нүктесіне өзгеріссіз беріледі. Паскаль заңы ма? (иә)

1. Молекулалар заттың ұсақ бөлшегі ме? (иә)
2. Судың тығыздығы 1000кг/м3 - қа тең.(иә)
3. Қуаттың өлшем бірлігі вольт па? (жоқ)
4. Барометр атмосфералық қысымды өлшейді ме? (иә)
5. Өзінің пішіні мен көлемін сақтау қатты денеге тән қасиет.(иә) о
6. Дененің жерге тартылуы үйкеліс күші ме? (жоқ)
7. Мензуркамен сұйық көлемі өлшенеді ме? (иә)
8. Сұйықтың қатты күйге айналуы кристалдану ма? (иә)
9. P=pgһ қысымның формуласы ма? (иә)
10. Жұмыстың өлшем бірлігі Ватт.(жоқ)

VI - бөлім. Ойын «Жер - Теңіз - Ауа»
1 - топ «Теңіз»
2 - топ «Ауа»
Сұрақ: Осы екі сөз туралы физика, биология, химия, әдебиет тілдерінде не айта аласыңдар?

Мысалы: «Жер»
Физика тілінде: Күн жүйесіндегі тоғыз планетаның бірі. Күнге жақындығы жөнінде үшінші планета.
Биология тілінде: Жерде саналы тіршілік иесі адамдар тіршілік етеді
Әдебиет тілінде: Мақал - мәтел
Туған Жер – алтын бесік.
Химия тілінде:
VII – бөлім Шешендік. (Капитандар сайысы).
Екі топқа жазуы бар екі қағаз беріледі. Ұпайы көбірек жинаған топ бірінші болып қағазды таңдайды (қағаздар жазылған беттерімен төмен қаратылған). Қағаздарда физика және информатика сөздері жазылған.
Жүргізуші: Ал енді топ басшылары сөз сендерге. Сіздерге әрқайсысыңа дайындыққа 3 мин уақыт беріледі. Сонан соң сендер алдымызға шығып, қазіргі күнде физика не информатиканың қоғамда және өз өмірлеріңде алатын орны туралы және осы ғылымдардың адамзатқа тигізген пайдасы мен келтірген зияны жайлы сөз айтасыңдар.

{Мысалы}
пайдасы
зияны
Физика
Ғарышқа шықтық
бомба
информатика
интернет
радиация

VII. Қорытындылау бөлімі.
Бүгінгі кешімізді мына бір физиктердің өмірінен қызықты хикаялармен аяқтағым келіп тұр.
1. Ньютонның екі мысығы болыпты. Біреуі үлкен, екіншісі кіші. Мысықтарды таңертең оның мазасын алмас үшін, есікке екі тесік жасапты. Бірі үлкен екіншісі кіші. Мұны көрген көршісі Ньютонға: «Неге екеу жасадың, біреуі де жетер еді ғой»- депті. Сонда Ньютон басын қасып: «Иә, бұл керемет ой! Бірақ бұл ой маған келмеген екен,- деген екен.
2. Рентген сәулелерін ашқан физик Рентгенге біреу хат жазыпты. Хатында Рентген бірнеше сәулелерді және қалай жұмыс істеу керектігін көрсететін нұсқауды хатпен салып жіберуді сұрапты. Хат иесінің сөзіне қарағанда көкірегінде оқ қалып қойыпты. Рентген хаттың иесіне мынадай жауап жазып жібереді: «Өкінішті - ақ, қазіргі уақытта менде бұл сәулелер жоқ және оларды жіберуде көп жұмыс туғызады. Сондықтан сізден сұрарым, ең оңайы, маған сіз өзіңіздің көкірегіңізді салып жіберіңіз».
3. Ампер басқалардан ұмытшақтығымен ерекшеленген екен. Бір күні ол үйінен шығарда есігіне хат жазып кетіпті. « Мырзалар! Ампер үйде жоқ, бүгін кешке келіңіздер» - деген сөз жазылған екен. Біраз уақыттан кейін Ампер үйіне келіп хаттағы жазуды оқып, кері қайтып, үйіне кешке келіпті.
4. Ұлы ғалым Эдисонның бағына кіретін есік өте қиын ашылады екен. Қонақтардың бірі Эдисонға өзің әйгілі өнертапқыш бола тұра осы есікті оңай ашылатын етіп қою қолыңнан келмей ме депті. Сонда Эдисон: «Меніңше есік жаман құрастырылмаған, ол үйдің су құбырымен байланысқан. Әр адам цистернаға 20 литр су құйып кетеді»- деп жауап бергенде қонақтары таң қалыпты.
Осындай көтеріңкі көңіл күймен сіздерге «сау болыңдар» демекпін.

Кері қайту

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок по теме: Физика менің мамандығымда"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист по планированию

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 525 материалов в базе

Материал подходит для УМК

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.06.2018 1059
    • DOCX 63.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кияшова Ботакоз Карибжановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кияшова Ботакоз Карибжановна
    Кияшова Ботакоз Карибжановна
    • На сайте: 5 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4091
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 117 человек

Курс повышения квалификации

Информационные технологии в деятельности учителя физики

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 866 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 79 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методики воспитания и развитие в СПО

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек