Инфоурок ИЗО, МХК Рабочие программыУРОК "Портрет жанры" 5 класс

УРОК "Портрет жанры" 5 класс

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Портрет жанры
Сабақтың мақсаты:
1) білімділік: Портрет жанрымен танысу; графикалық қабілет пен дағдыны қалыптастыру
2) дамытушылық: Ден қою және байқампаздық қабілетін дамыту
3) тәрбиелілік: Балаларды сурет өнеріне қызықтыру, оларды әдемілікке, сұлулыққа баулу
Сабақтың түрі: жаңа білімді хабарлау
Сабақтың әдісі: баяндау, сыни тұрғысынан ойлау әдісі, практикалық.
Сабақтың көрнекілігі: портрет көшірмесі, портреттік фотосуреттер, интрактивті тақта;
Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих, геометрия;
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Өткен сабақты қайталау
ІІІ Жаңа сабақ:
1) Қызығушылығын ояту
2) Мағынаны тану
3) Ой - толғаныс.
IV. Сергіту сәті
V. Адамның мінез-құлқына байланысты «Мақалды жалғастыр» ойыны
VІ. Үйге тапсырма беру.
VІІ. Сабақты қорыту бөлімі.
І. Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушыларды түгелдеп, олардың назарын сабаққа аудару.
ІІ. Өткен сабақты қайталау.
а) Үй тапсырмасын тексеру;
ә) – Қане, балалар, өткен сабақты қайталау мақсатында мына сұрақтарға жауап берейікші:
«Бейнелеу өнері нешеге бөлінеді? (5 түрге)
1. Сәндік қолданбалы өнер (Адамдардың тұрмысына қажетті әсем бұйымдар жасау өнері. Мысалы: зергерлік бұйымдар, алқа, сырға т. б.);
2. Сәулет өнері (Архитектура. Тұрғын үйлер, тұрмысқа қажетті құрылыстар, мешіт, т. б.);
3. Мүсін өнері. (Қатты немесе пластикалық материалдардан (тас, металл, ағаш, қыш, ермексаз) жасалған, көлемді пішінге ие бейнелеу өнерінің түрі);
4. Графика (Қаламмен штрихтау арқылы орындалатын жұмыс);
5. Кескіндеме (Түрлі түсті бояумен орындалатын жұмыс).
ІІІ. Жаңа сабақ
1. Қызығушылығын ояту.
– Енді, балалар, біз кескіндемеге тоқталамыз. Кескіндеменің қандай жанрларын білесіңдер?
Натюрморт дегеніміз не?
Пейзаж дегеніміз не?
Кескін дегеніміз не?
Кескіннің қандай түрлері бар?
– Балалар, қандай сурет шықты?
– Оны бейнелеу өнерінде қандай жанр деп атайды?
– Дұрыс, портрет.
2. Мағынаны тану.
Портрет – адам бейнесін бейнелейтін көркем шығарма. Адам баласы ерте заманнан айналасын, қоршаған табиғатты, жан - дүниесін, адам бейнесін салуға қызықты. Оған тасқа салынған ежелгі суреттер дәлел бола алады. Жалпы портрет өнері бұдан мыңдаған жылдар бұрын дүниеге келген белгілі мүсін мен сурет өнерінде адам дидарын бейнелеу ешқашан назардан тыс қалып көрген жоқ. Халық суретшісі Ә. Қастеевтен бастап бүгінгі жас суретшілерге дейінгі Қазақстан қылқалам шеберлері осы жанрда өзіндік қолтаңбасымен көзге түскен. Олар Айша Ғалымбаева, Сахи Романов, Молдахмет Кенбаев, Гүлфайруз Исмаилова т. б. (портреттері көрсетіледі)
Композициялық орналасуына байланысты портрет 3-ке бөлінеді:
1. Иық бөлігіне дейінгі портрет;
2. Бел бөлігіне дейінгі портрет;
3. Толық фигуралы портрет.
- Осы портреттер жанры өздеріңе таныс тағы бір пәнде бар. Ол қандай пән деп ойлайсыңдар?
- Дұрыс, ол әдебиет пәні. Әдебиет пәнінде адам бейнесін өлең жолдары арқылы және сөзбен суреттеу арқылы да беруге болады:
«Ақ киімді денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылқау танымас тірі жанды.
Үсті - басы ақ қырау, түсі суық,
Басқан жері сықырлап келіп қалды.
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сілкісе қар жауып мазаңды алды.
Борандай бұрқ - сарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды.»
Бұл – өлеңмен берілген портрет. Ал мынау сөзбен бейнеленген портрет:
«Хамит – ұзын бойлы, жауырынды, тіп - тік, сұр жігіт. Қыр мұрынды, шүңіректеу көзі, сақал мұрты бар. Жасы 25 - 26 шамасында».
Міне, осы портретті кітап бетінен оқып - ақ көз алдымызға сол адамның бейнесін елестете аламыз.
- Енді барлығымыз да жоғарыдағы үлкен экранға қарайық. Мына суреттер портреттің қай түріне жатады?
Практикалық бөлім.
Компьютерден бастың салу схемасын алып, оқушыларға түсіндіремін:
- Қазір осы схема бойынша өзіміздің сыныптасымызды ортаға шақырып, сол қыздың бейнесін салып көреміз. Кел, Танзира, шыға ғой. Суретімізді салғанда композициялық жағынан дұрыс орналасуын қадағалайық.
4. Адамның мінез-құлқына байланысты «Мақалды жалғастыр» ойынын ойнап жіберейік:
1) Атаңның баласы болма,
........ баласы бол. (адамның)
2) Адам болатын бала
......... қарайды (алысқа)
3) Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі.......... (жапырақ)
4) Тау тауға қосылмас,
Адам адамға.......... (қосылады)
5) Көре – көре көсем болады,
Сөйлей – сөйлей.......... (шешен)
VІ. Үйге тапсырма беру.
Портреттің тағы бір түрі болады, ол – автопортрет, яғни суретшінің өзін - өзі бейнелеуі. Осыған байланысты сендерге үйге тапсырма өздеріңнің бейнелеріңді салып келесіңдер.
VІІ. Сабақты қорыту бөлімі.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "УРОК "Портрет жанры" 5 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 719 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 06.01.2016 615
    • DOCX 35 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаймерден Азатхан Серикулы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаймерден Азатхан Серикулы
    Шаймерден Азатхан Серикулы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25241
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Искусство: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель искусства

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 91 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 313 человек

Курс профессиональной переподготовки

Мировая художественная культура: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель мировой художественной культуры

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс повышения квалификации

Современные методы арт-терапии: базовые техники

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 296 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 440 человек

Мини-курс

Развитие предметно-практических действий, игровых навыков и математических представлений у детей раннего возраста

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Интегрированное управление бизнес-процессами

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективность обучения школьников на уроках литературы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе