Инфоурок Другое Другие методич. материалыУрок пресс-конференция "Жарылыстан көз ашпаған далам-ай"...

Урок пресс-конференция "Жарылыстан көз ашпаған далам-ай"...

Скачать материал

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ жарылыстан көз ашпаған далам -ай...pptx

Скачать материал

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • “... Жарылыстан көз  ашпаған далам-ай...”Пресс-конференция сабағыФизика пәнін...

    1 слайд

    “... Жарылыстан көз ашпаған далам-ай...”
    Пресс-конференция сабағы
    Физика пәнінің мұғалімі Тайтеева Асель Бейсенбаевна
    ШҚО, Үржар ауданы, Лайбұлақ ауылы

  • 2500 жыл бұрын ертедегі грек философтары Левкипп пен Демокрит барлық заттар б...

    2 слайд

    2500 жыл бұрын ертедегі грек философтары Левкипп пен Демокрит барлық заттар бөлінбейтін өте кішкентай бөлшектерден тұрады деп жорамалдаған болатын. Ондай бөлшектерді атомдар деп атады.
    1896 жылы француз ғалымы
    Анри Беккерель атом ядросының
    күрделі құрлысын дәлелдейтін
    құбылыс – радиоактивтікті ашты.

  • Беккерель уран тұзының өздігінен көрінбейтін сәулелер шығаратынын байқады.Бек...

    3 слайд

    Беккерель уран тұзының өздігінен көрінбейтін сәулелер шығаратынын байқады.
    Беккерель ұзақ уақыт осы құбылысты
    алдын ала күн жарығына сәулелендірілген
    заттардың соңынан сәуле шығаруын
    зерттеумен шұғылданған.

  • Тарихшы – физик:1942 жылы тұңғыш
ядролық реактор
АҚШ – та Энрико
Фермидің
бас...

    4 слайд

    Тарихшы – физик:
    1942 жылы тұңғыш
    ядролық реактор
    АҚШ – та Энрико
    Фермидің
    басшылығымен
    іске қосылды.

  • 1945 жылы АҚШ – та алғашқы атомдық бомбалар жасалып, сол жылы Жапонияның...

    5 слайд

    1945 жылы АҚШ – та алғашқы атомдық бомбалар жасалып, сол жылы Жапонияның (6 – тамызда) Хиросима мен (9 – тамызда) Нагасаки қалаларына тасталған. 200000 адамның өмірі қиылды. Реакция кезінде бөлінген энергия 20000 тонна тринитротолуол жарылғандағы энергияға тең.

    1945 жылы 1 – ші совет плутониі алынды.

  • “... Жарылыстан көз  ашпаған далам-ай...”Біз  Семей өңірінде  тұратындықтан...

    6 слайд

    “... Жарылыстан көз ашпаған далам-ай...”
    Біз Семей өңірінде тұратындықтан Семей полигонының зардабын шегіп жатырмыз.
    1949-1996 жылдар арасында Қазақстан жерінде
    503 ядролық қару сыналды.
    20млн . га жер экологиялық апатты аймаққа, тіршіліксіз экожүйеге айналды.
    Бұл апат 3,4 млн. адам тұратын елді мекендерді қамтыды.
    Сондағы тұрғын халықтың болашағы қандай?
    Олардың ұрпақтары қандай зардап шегіп отыр?

  • СтатистикаСемей  облысының  балаларының  денсаулықтарын  сараптағанда  мынада...

    7 слайд

    Статистика
    Семей облысының балаларының денсаулықтарын сараптағанда мынадай аурулар көп тарағаны көрінді: Іштен мүгедек болып туылуы, ол хромосомалық мутагенезге байланысты. Иммундық жүйенің нашарлауы.
    0 жастан -14жасар балалардың 100 мыңына шаққанда 93 мың 856 жүз бала ауру , осы көрсеткіш 30,9% , 4,1% инфекциялық және паразит тудыратын аурулар, 12,6% рак аурулары, эндокриндық жүйе аурулары, ас қорыту, зат алмасу аурулары; 34,6% тері аурулары;
    16,2% туа біткен мүгедектік мөлшері Республикалық көрсеткіштен артық.

  • 1949-1965 жылдар осы регионда тұрған адамдардан туылған балалар әліде  25-60...

    8 слайд

    1949-1965 жылдар осы регионда тұрған адамдардан туылған балалар әліде 25-60 жылға дейін полигонның зардабын шегеді дейді ғалымдар, себебі ол аурулар ұрпақтан-ұрпаққа берілетін аурулар, себебі хромосомалар мутацияға ұшыраған.

  • Семей полигоны туралы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы маңыз...

    9 слайд

    Семей полигоны туралы көп айтылады, бірақ халыққа әкелген зардабы жайлы маңызды шешім табылған жоқ. Әсіресе, Азғыр мен Тайсойған полигондары қамтып отырған 1,4млн га жер радиактивті ластануда.
    2005 жылғы 18 сәуірде Президентіміздің халыққа Жолдауында зардап шеккен аудандардың тұрғындарына ақшадай көмек көрсетіледі деген. Тұрған жылдарына қарай 20-40 мың ақша төленді.
    ...Бірақ ол ақша бұзылған денсаулықты толық түзетуге жете ме?!...

  • 503  ядролық қару  сыналды. 20млн  га  жер  экологиялық  апатты  аймаққа, тір...

    10 слайд

    503 ядролық қару сыналды. 20млн га жер экологиялық апатты аймаққа, тіршіліксіз экожүйеге айналды. Бұл апат 3,4 млн адам тұратын елді мекендерді қамтыды.

  • 29 август 1949 жылы жарылған бірінші атомдық бомба

    11 слайд

    29 август 1949 жылы жарылған бірінші атомдық бомба

  • 12 слайд

  • 13 слайд

  • 14 слайд

  • 22 ноябрь 1955 жыл  бірінші  сутек бомбасының  жарылысы

    15 слайд

    22 ноябрь 1955 жыл бірінші сутек бомбасының жарылысы

  • 16 слайд

  • 17 слайд

  • 14  жасар қыздың мұңы

    18 слайд

    14 жасар қыздың мұңы

  • “...қасіреттің тарттық енді азабын”

    19 слайд

    “...қасіреттің тарттық енді азабын”

  • 20 слайд

  • 21 слайд

  • 22 слайд

  • Р. Сейсенбаев “ День, когда рухнул мир”

    23 слайд

    Р. Сейсенбаев “ День, когда рухнул мир”

  • 24 слайд

  • 25 слайд

  • “ Невада- Семей” антиядролық қозғалысынан көрініс

    26 слайд

    “ Невада- Семей” антиядролық қозғалысынан көрініс

  • “ Невада- Семей” антиядролық қозғалысының белгісі

    27 слайд

    “ Невада- Семей” антиядролық қозғалысының белгісі

  • 1987 жылы қазан айының 
3 – күні Ақтөбе облысында 
1 – ші болып әлем тізіміне...

    28 слайд

    1987 жылы қазан айының
    3 – күні Ақтөбе облысында
    1 – ші болып әлем тізіміне
    іліккен Байғанин ауданын
    дүр сілкінткен "Ақжар"
    совхозы тұрғындарының
    жанарына кірбің туғызған
    ядролық жарылыс болды.

  • 1946 жылы КСРО – да
Обнинск қаласында
қуаты 5000 кВт 
болатын тұңғыш 
АЭС іск...

    29 слайд

    1946 жылы КСРО – да
    Обнинск қаласында
    қуаты 5000 кВт
    болатын тұңғыш
    АЭС іске қосылды.

  • 1971 жылы
Қазақстанда Ақтау
қаласында шапшаң
Нейтронды
реакторы бар АЭС
және...

    30 слайд

    1971 жылы
    Қазақстанда Ақтау
    қаласында шапшаң
    Нейтронды
    реакторы бар АЭС
    және теңіз суын
    тұщыту қондырғысы
    жұмыс істей
    бастады.

  • 1986 жылы
Чернобыль 
АЭС - сында 
апат болды.

    31 слайд

    1986 жылы
    Чернобыль
    АЭС - сында
    апат болды.

  • Чернобыль АЭБ1986 жылы 26 сәуірде Мәскеу уақыты бойынша түнгі 
1 сағат 23 мин...

    32 слайд

    Чернобыль АЭБ
    1986 жылы 26 сәуірде Мәскеу уақыты бойынша түнгі
    1 сағат 23 минутта Киев қаласынан
    157 шақырым қашықтықта орналасқан
    Чернобыль АЭБ алапат апат болды

  • Чернобыль

    33 слайд

    Чернобыль

  • Чернобыль апатыЧернобыль апатын жоюға қатысқан Қазақстандықтар 
40 мың шамасы...

    34 слайд

    Чернобыль апаты
    Чернобыль апатын жоюға қатысқан Қазақстандықтар
    40 мың шамасында.
    Олардың 15 мыңнан астамы өмірден озды.
    Тірі жүргендері I-ші, II-ші топтағы мүгедектер.

  • 35 слайд

  • Мұғалімнің қортынды сөзіРеспубликамыздың белгілі ақыны,
Есенбай Дүйсенбайұлын...

    36 слайд

    Мұғалімнің қортынды сөзі
    Республикамыздың белгілі ақыны,
    Есенбай Дүйсенбайұлының жыр жолдарынан:
    Ес жиып етек жапты ау бірақ, бірақ,
    Көңілім қорқыныштан құрақ - құрақ.
    Қасына ядролық қатер келді,
    Жалп етіп сөнбесе игі шырақшы бақ.

  • Назар қойып тыңдағандарыңызға
Рахмет!

    37 слайд

    Назар қойып тыңдағандарыңызға
    Рахмет!

Выбранный для просмотра документ сабақ жоспары пресс конференция.docx

Тақырыбы: «...Жарылыстан көз ашпаған далам-ай...»

Сабақтың мақсаты:

1.      Атом бомбасын жасау және сынау, оның адамзатқа, жер бетіне тигізген зардаптары, атом энергиясын бейбіт мақсатқа қолдану, тажал қаруын тоқтатуда Қазақстанның рөлі, Семей сынақ полигонының пайда болу тарихымен кеңінен таныстыру.

2.      Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру, алған білімдерін кеңейту, ізденішілік қабілетін дамыту. Өзіндік ұғым қалыптастыра алатын азамат даярлау.

3.      Оқушылардың жоғарғы экологиялық санасын қалыптастыру, олардың өздерін қоршаған ілемді қорғауға ат салысуына ықпал ету. Өз еліне, жеріне, Отанына деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: пресс-конференция, ізденіс сабақ

Көрнекілігі: слайд, полигон тақырыбына байланысты суреттер.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Мұғалім сөзі: ХХ ғасырдың соңғы он жылында дүние жүзі халықтары алдында күрделі проблемалар көбейді.Соның бірі экологиялық проблемалар. Адам жаны мен тәнінің саулығы өмір сүріп отырған ортаның экологиясына тікелей байланысты екені анық. Ал, қазақ халқына келетін болсақ, қазақтың басынан өтпеген зұламат  жоқ. Соның бірі-экологиялық зұламат. Бұл туралы сөз қозғағанда ауызға бірінші ілінетінін Семей полигоны, Арал-Балқаш, Азғыр полигоны, Байқоңыр және өндіріс орындары т.б.  Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін  әсіресе 70-80 жылдарда АҚШ пен КСРО әскери шығындарын ұлғайта түсті.  Осының Мысалы, Семей, Павлодар, Қарағанды  облыстарының түйіскен жерінде  орналасқан Семей ядролық полигоны  Қазақстан жерін молынан қамтыды. Алғашқы ядролық заряд 1949-жылы 29 тамызда сынақтан өткізілді.

      Енді полигон осы аймақта тұрған тұрғындардың денсаулығына қандай кері әсерін тигізгендігі туралы мамандардың аузынан естиік. Бүгінгі конференцияға жас физиктер қатысқалы отыр.

Физик:  Тізбекті ядролық реакция деп белгілі бір ядролық реакция келесі дәл сондай реакцияны туғызатын процесті айтады. Тізбекті реакцияны жүзеге асыру үшін нитрондардың әсерінен ыдырайтын кез келген ауыр ядроларды пайдалануға болмайды. Себебі уран ядросы бөлінгенде босап шығатын нитрондардың басым көпшілігінің  энергиясы -4% мэв, жылдамдығы -10 м/с. Бұл шапшаң нитрондар АД жылдамдығы 2000 м/с болса , баяу нитрондар болады. Атомдық бомбада таза  уран-235 немесе плутоний -239 пайдаланылады. Қопрағыш заттың көмегімен уран екі бөлігін кенет сығу арқылы біріктіріп, тізбекті реакция  басталып, бомба жарылады. Басқарылмайтын тізбекті ядролық реакция нәтижесінде ғаламат энергия босайды. Ядролық жарылыс болады. Қас-қағым сәтте теспература миллиондаған градусқа жетіп, қуатты сәуле пайда болады. Уран және төңірегіндегі заттар газға айналады. Олар жолындағының бәрінің тас-талқанын шығарады. Атомдық бомбаның жарылуы табиғатқа, тірі ағзаға аса қауіпті. 1945 жылы АҚШ-та атом бомбасы жасалып, Жапонияның Хиросима мен Нагасаки қалаларына тасталды. Соған уранның бір келісі ғана кетті.

Физик –эколог: Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі. Атом қаруы сыналған елдерді салыстырсақ, Ресейде-225, АҚШ-та -1032, Қазақстанда -500 –ден астам жарылыс жасалған. Бұдан біз Қазақстан жерінің қаншалықты зардап шеккенін көреміз. Ядролық сынақтың орталықтары  Капустин Яр /Ресей/ мен Лобнор /Қытай/ Қазақстанға шекаралас жатқан аумақтар. Атом бомбасын алғаш рет АҚШ 1945 жылы Хиросима мен Нагасаки қалаларына тастады. Болашақта полигондар аймағындағы бүлінген жерлердің қалпына келіп, табиғат тыныштығы орнайтынына сеніміміз зор.

Журналист: Енді Семей полигоны туралы не айтасыздар? Оның құрамындағы улы заттар туралы не айтасыздар?

Физик-инженер:  Бұл сұраққа мен жауап беріп өтейін. Қазақ қоғамының орны толмас қасіреті Семей полигонында 1949-1989 жылдар аралығында  дейін 500 ядролық жарылыс болғанекен. Бұл жарылыстар өте жасырын жағдайларда өтті. Нәтижесінде 1,5% жер әр түрлі  радиактивті заттармен уланды. Мысалы: 137 цезий, 90 стронций, 152 европий, 239 плутоний, 60 кобальт изотоптары  ауаға жайылды. Жарылыс жылдарында осы аймақта тұратын адамдардың денсаулықтарына байланысты құжаттарға  сипаттама беруге тыйым салынып, нәтижесінде 1,5 млн.адам сәуле ауруларына шалдығады.

      Физик- медик:  1949-1965 жылдар осы регионда тұрған адамдардан туылған балалар әліде  25-60 жылға  дейін полигонның зардабын шегеді дейді ғалымдар, себебі ол аурулар ұрпақтан-ұрпаққа берілетін аурулар, себебі хромосомалар мутацияға ұшыраған. Семей  облысының  балаларының  денсаулықтарын  сараптағанда  мынадай  аурулар  көп  тарағаны  көрінді: Іштен  мүгедек  болып  туылуы,  ол хромосомалық  мутагенезге  байланысты. Иммундық  жүйенің  нашарлауы.   0  жастан  -14жасар  балалардың  100 мыңына  шаққанда  93 мың 856  жүз бала  ауру , осы  көрсеткіш   30,9% , 4,1%  инфекциялық  және  паразит  тудыратын  аурулар, 12,6%  рак  аурулары, эндокриндық  жүйе  аурулары,  ас  қорыту,  зат  алмасу  аурулары;  34,6%  тері  аурулары;  16,2%  туа  біткен  мүгедектік  мөлшері  Республикалық  көрсеткіштен  артық. Әсіресе Дауна синдромы ауруы көбейді.

            Енді физик –тарихшымызға сөз кезегін берейік, ол кісінің не айтары бар екен?

Физик-тарихшы: Семей аймағындағы ядролық сынау халықтың қайғысына айналды. Бұл аймақта бірінші рет 1949 жылдың тамыз айында 16 мың км. Кеңістікке жайылған жарылыс басталды.  Ашық ауада ядролық сынақ 14 жыл бойы жүргізілді. 1987 жылы жарылыс салдарынан пайда болған радиоактивті газ толқыны Семейге алты рет жеткен.

1944 жылы көктемде Мәскеуде Атом институты салына бастады. Құжаттарда ол №2 зертхана деп аталды. Мекен-жайы ешқандай анықтамалықта көрсетілген жоқ.

1945 жылы 6 тамызда Америка ұшақтары Жапон қаласы Хиросимаға атом бомбасын тастады. 8 тамызда тасталған бомба Нагасаки қаласының тас-талқанын шығарды. Бұл ешқандай ақатап алуға болмайтын қылмыс еді.

1947 жылы 21 тамызда КСРО өкіметінің қаулысымен «Семей-21» деп жасырын ат беріп, құпия қала салу туралы шешім қабылданған болатын. Сөйтіп, Семей жеріндегі  жайылымдар, шабындықтар, таулы қыраттар есебінен 18 мың  шаршы километрдей жер бөлініп берілді. Кеңес өкіметі плутоний бомбасын 1945 жылы 29 тамызда таңғы сағат 7-де  Семейдегі полигонда сынады. Бұл Семей жеріне келген тозақтың басы еді. Сынақшылардың бірі былай суреттеген екен: «Біз эпицентрден 250 км жерде болғандығымызбен көзіміз түк көрмей қалды да  алып пештен шыққандай  қызуды сезіндік. Нарттай қызыл шар ядролық бұлтымен бірге 70 км биікке көтерілді де оны жел солтүстікке айдап алып кетті».

            Р.Сейсенбаев «День когда рухнул мир».

Біздің пресс-конференциямызға журналистер де қатысып отыр. Енді сөз кезегін журналистерге берсек.

Журналист: Семей полигонын жабу үшін қандай іс-шаралар жүргізілді?

            Физик- тарихшы: 1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Семей ядролық полигонын жабу туралы» Жарлық жариялаған соң, ядролық сынау тоқтатылды.

            Физик-эколог: Семей полигонын жабуда «Невада –Семей» халықтық қозғалысының жетекшісі ақын О.Сүлейменовтың еңбегі ерекше зор. «Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау турады» Қазақстан Республикасы Заңын күшіне енгізу тәртібі туралы 1992 жылғы желтоқсанда ҚР Жоғарғы Кеңесінің қаулысы шықты.

Журналист: Егер де иондаушы радияциялардан туындаған ауруларға  баайланысты диагноздар қоюға тыйым салынса қандай медициналық мекемелер полигон құрбандарын емдейтін мекемелердің қатарында болды?

            Физик-медик: Сұрағыңыз өте орынды. Тек 1957 жылы ғана жабық дәрежедегі Медицина мекемесі, №4 диспансер ашылды. Оның маңдайында «Бруцеллезға қарсы емдеу орталығы» деген жазуы болды. Шындығында бұл емхана полигон құрбандарына дәл медициналық диагноз қоюмен айналысты. Жалпы диспансерде 19 мың адам есепте тұрса, олардың барлығы қайтыс болған.

Журналист: 1949-1989 жылдағы  жарылыстардан қанша адам зардап шекті?

Физик-эколог: Қазіргі кезде бізге белгілі 1949-1965 жылдар аралығында полигон аймағында тұрған халықтың 30-35% әр түрлі сәуле радиацияларын қабылдаған. /жылына 50 радиация/.

Сұрақ: Соңғы жарылыс  қашан болған?

Физик-тарихшы: Менің естуімше соңғы жарылыс 1989 жылы 12 ақпан күні жүзеге асырылды. Соңғы жарылыс кезінде радияцияның мөлшері 4000микрорентгенге жеткен.

Сұрақ: Атом электр стациялары туралы не айтасыздар, жалпы Қазақстанға АЭС салу қажетпе?

            Физик: 1946 жылы КСРО – да Обнинск қаласында қуаты 5000 кВт  болатын тұңғыш

АЭС іске қосылды. 1971 жылы Қазақстанда Ақтау қаласында шапшаң Нейтронды реакторы бар АЭС және теңіз суын тұщыту қондырғысы жұмыс істей бастады. АЭС салу  мәселесіне азуын айға білеген Американың батылы бармай отыр. АЭС салуға 5 млрд. доллар және оның қоқыстарын көмуге 5 млрд. доллар жұмсалу керек екен. Сонымен қатар, АЭС-пен жұмыс істейтін қадр Қазақстанда жоқтың қасы.

1986 жылы 26 сәуірде Мәскеу уақыты бойынша түнгі  1 сағат 23 минутта Киев қаласынан  157 шақырым қашықтықта орналасқан  Чернобыль АЭС алапат апаты 8 млрд-тан астам шығынға батырған. 1991 жылы Токиодан 840  шақырым жердегі Мигама АЭС апат болған Демек, Жапонияның өзі АЭС-теріне әлі келмей, оны сақтай алмай отыр. Ал жазтайым осындай жағдайлар қайталанса не істемекпіз? Әрине оның бетін аулақ қылсын дегенмен, сақтық керек. Тек табиғаттың табиғаттың бермесін тартып аламын деп, араны ашылған тойымсыз адамзаттың Құдайдың «Сақтасаң ғана сақтаймын» деп ескерткен сөзін естен шығармағанымыз абзал. Жалпы өндірістің екінші өндірісті «жеп қоюына» жол бермеу керек.

Сұрақ: Қазіргі кезде бұрынғы полигон аймағында қандай іс-шаралары істеліп жатыр?

Физик-тарихшы: 1. Біріншіден, 1989 жылы 28 ақпанда «Семей-Невада» антиядролық қозғалысы дүниеге келді.

2. 1991 жылы 29 тамызда «Семей сынақ полигонының жабылғандығы» туралы  жарлық дүниеге келді.

3. Бүкіл дүниежүзілік қауымдастық 43 млн.доллар көлемінде көмек көрсетпекші, ол адамдардың денсаулығын жақсартуға жұмсалады деп көзделуде.

4. Полигон ірі ғылыми-зерттеу орталығына айналды.

Мұғалім сөзі:  Табиғатты қорғау баршамыздың ісіміз. Адам мен табиғаттың арасындағы қайшылықты  қоғам реттейді, оның қызметі –жоғарғы сана, яғни, адамдардың жоғарғы эколгиялық санасын тәрбиелеу  және олардың өзін қоршаған әлемді қорғауға  бағытталған ынта жігерін қолдау болып табылады. Біз жоғарыда сөз еткен мәселелер ең өзекті мәселе. Баршамыздың міндетіміз табиғатты аялау. Бір кездегі ақын Олжас айтқандай «Адамға табын, жер, енді» демей, адам жерге табынуы тиіс. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні –экологиялық жағдайды жақсарту  ғаламдық проблема. Оған белсене қатысу әрбір адамның, әсіресе жастардың міндеті болмақ.

«Таза болса табиғат, аман болар адамзат» бейне ролигі.

Физик: Семей полигоны –қазақтың жеті атасына  кететін қасірет. ХХ ғасырдағы қазақ халқының ең ауыр трагедияларының бірі.

Физик –инженер: Ол қазақ халқының ғасырлар бойы шеккен қасіретінен де асып түсуі мүмкін. Семей ядролық полигоны –Жер –Ананың «тәніне» адамзат қолымен жасалған, оңайлықпен жазылмайтын жара. Жарылыс тоқтағанымен радиоактивті әсер сарқыншағы жойылған жоқ.

Физик-тарихшы: ХІХ ғасырдағы жер жаннатындай әдемілігімен Абай, Шәкәрім, Мұхтардай ұлыларды туғызған жер, ХХ ғасырда әскери милитаризмнің құрбандығына айналды. Семей өлкесі ХХІ ғасырға адам өмір сүруге ең қауіпті аймақ ретінде енетін болды.

Мұғалім сөзі: «О, Адам!»

                        Құдіретті нар-тынысың,

                        Жеңдің сен Жердің

                        Сұмдық тартылысын» -деп О. Сүлайменов ағамыз айтқандай табиғатта болып жатқан өзгерістердің бәрі адам қолымен жасалған тәжірибелер арқасында. Табиғатымыздың ластануына жол бермейік. «Невада-Семей» қозғалысының  гимніне айналған  сөзі Ұ.Есдаулетовтікі, әні Т.Мұхамеджановтің «Заман-ай» әнін бәріміз қосылып айтайық.

Ән «Заман-ай»

Мұғалім сөзі: Республикамыздың белгілі ақыны, жерлесіміз Есенбай Дүйсенбайұлының

жыр жолдарынан:

Ес жиып етек жапты ау бірақ, бірақ,

Көңілім қорқыныштан құрақ - құрақ.

Қасына ядролық қатер келді,

Жалп етіп сөнбесе игі шырақшы бақ.-дей отырып бүгінгі пресс-конференция сабағымызды аяқтаймыз. Келіп   қатысқандарыңызға  рахмет.

           

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал
Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 007 007 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2016 1236
    • RAR 5.9 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тайтеева Асель Бейсенбавна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тайтеева Асель Бейсенбавна
    Тайтеева Асель Бейсенбавна
    • На сайте: 6 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1289
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой