Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / Урок, Презентация, Классный час "Тәуелсіздік күні"

Урок, Презентация, Классный час "Тәуелсіздік күні"

  • Классному руководителю
5
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеск...
Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында а...
«Қазақ ССР-ында 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары кезіндегі қылмыстық істері үш...
Зерделей келгенде нені байқаймыз: 99 адамның екеуіне - Қ. Рысқұлбеков пен М....
Ауруханаларға жатпай амбулаториялық емдеу жолымен медициналық жәрдем көрсеті...
Ел мен ердің намысын ту еткен қызғалдақтай жас арулар: Сәбитова Жансая Әлкейқ...
Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков  (13наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы...
1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы...
Назарларыңызға рахмет!!!
1 из 11

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 5
Описание слайда:

5

№ слайда 2 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
Описание слайда:

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні

№ слайда 3 16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеск
Описание слайда:

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 желтоқсанда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге 23 жыл толды.

№ слайда 4 Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында а
Описание слайда:

Тарихқа көз жіберетін болсақ, Тәуелсіздік - 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында аланға шыққан жастардың ерік-жігері, ең алдымен барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат құруы. Патша дәуірінде де, Кеңес Одағы кезінде де тәуелсіздікке деген ұмтылыс халақтың едеуір бөлігінде қалыптасты. Біз бірнеше жүз жыл отаршылдықтан кейін ХХ ғасырдың аяғында қайта жаңғырған мемлекетпіз. Тәуелсіздік – бұл азап пен төзімнің, халықтың сан ғасырлар бойы еркіндікті аңсаған шыдамының өтуі.

№ слайда 5 «Қазақ ССР-ында 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары кезіндегі қылмыстық істері үш
Описание слайда:

«Қазақ ССР-ында 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары кезіндегі қылмыстық істері үшін сотталғандарға қолданылған шаралар» туралы республика прокуратурасының комиссияға берген ақпар-деректері бойынша 99 адамның тізімі берілген.

№ слайда 6 Зерделей келгенде нені байқаймыз: 99 адамның екеуіне - Қ. Рысқұлбеков пен М.
Описание слайда:

Зерделей келгенде нені байқаймыз: 99 адамның екеуіне - Қ. Рысқұлбеков пен М. Әбдіқұловқа өлім жазасы беріліп еді, кейін олардың ісі қайта қаралып 20 жыл бас бостандығынан айырумен алмастырылды, әуелде бір адам - Т. Тәшенов - 15 жылға, екеуі - Ж. Тайжұмаев пен Қ. Күзембаев -14 жылға, екеуі - 8 жылға, үшеуі - 7 жылға, төртеуі - алты жылға, жиырма екі адам 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

№ слайда 7 Ауруханаларға жатпай амбулаториялық емдеу жолымен медициналық жәрдем көрсеті
Описание слайда:

Ауруханаларға жатпай амбулаториялық емдеу жолымен медициналық жәрдем көрсетілген адамдар саны 286. Олардың 281 қазақ, 5 басқа ұлт өкілдері - әртүрлі жарақат алғандар. Алғаш қорқып, қашқақтап жүрген, бара-келе жанына батқан, сөйтіп дәрігерлерге көрінген олардың ішіндегі 20 адамның мыйы қозғалған. Көпшілігі басынан жарақаттанған. Сөйтіп, соққы жеген, изоляторларда отырған, сотталған, жұмыстан қуылған, оқудан шығарылған, партиядан, комсомолдан қуылған жастардың бәрі дүрбелең құрбандары. Әділетсіздіктің ащы дәмін татқан олар "басқа түссе баспақшыл" күй кешті, әуелде еш жерден, ешкімнен қорған таба алмады.

№ слайда 8 Ел мен ердің намысын ту еткен қызғалдақтай жас арулар: Сәбитова Жансая Әлкейқ
Описание слайда:

Ел мен ердің намысын ту еткен қызғалдақтай жас арулар: Сәбитова Жансая Әлкейқызы - Алматыдағы №19 жұмысшы жастар орта мектебінің оқытушысы, 5 жыл. Салықова Нағима Аскарқызы - Алматы бас киімдер фабрикасының бухгалтері, 3 жыл. Еспенбетова Қаншайым Мұхатқызы - "Поршень" зауытының токарі, 3 жыл 6 ай. Махметова Айткүл Әбдірахманқызы - №1 баспахананың жұмысшысы, 2 жыл. Әбілқайырова Гүлнар Бердіқожақызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 3 жыл. Панинова Гүлвира Төлебайқызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл. Шамаева Галимат Әбенқызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл. Лепесбаева Гүлнар Сабырғалиқызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл. Рақымжанова Гүлмира Әкімжанқызы - бас киімдер фабрикасының тігіншісі, 2 жыл. Иманбаева Қайыпхан Сұлтанқызы - "Поршень" зауытының токарі, 3 жыл. Рамазанова Ғалия Файзуллақызы - тігінші-мотористка, 1 жыл (еңбекпен түзеу жазасы). Мергенова Бақша - мүгедектігіне байланысты жұмыс істемеген, 3 жыл. Еркінбекова Әлия Төреханқызы - Қарағанды медицина институтының студенті, 1 жыл 6 ай. Досанова Жанат Әбдірахманқызы - Қарағанды медицина институтының студенті, 1 жыл 6 ай. Мусина Гүлден Қанафияқызы - Қарағанды медицина институтының студенті, 1 жыл 6 ай. Сәрсенбекова Раиса Мырзабекқызы - бухгалтер-ревизор, 2 жып. Кәрімғазина Гүлжан Ғазизқызы - кооператив техникумының студенті, 1 жыл. Серекенова Анар Жемісханқызы - Заң техникумының студенті, 1 жыл 6 ай. Айтжанова Жанат Нәукенқызы - пединституттың студенті, 1 жыл 6 ай. Шынықұлова Ләйлә Бекенқызы - пединституттың студенті, 1 жыл еңбекпен түзеу жазасы. Шоқаева Ғалия Құдысқызы - жатақхана вахтері, 2 жыл. Мусина Мәншүк Жанатқызы - юристік техникумының студенті, 1 жыл 6 ай қара жұмысқа жіберілген. Әлиева Раушан - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті, 1 жыл.

№ слайда 9 Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков  (13наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы
Описание слайда:

Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбеков  (13наурыз 1966, Мойынқұм ауданы Бірлік ауылы – 21 мамыр 1988, Семей қаласы) – 1986 жылғыЖелтоқсан көтерілісінің қаһарманы Желтоқсан көтерілісінің бас құрбаны болған Рысқұлбеков еліміз егемендік алғаннан кейін Қазақстан Жоғарғы Соты Пленумының 1992 жылы 21 ақпандағы шешімімен толықтай ақталды. Оған «Халық Қаһарманы»  атағы берілді. Тараз қаласында Рысқұлбеков есімімен аталатын демалыс паркі бар. Сондай-ақ онда Рысқұлбековке ескерткіш қойылған.

№ слайда 10 1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы
Описание слайда:

1973 – 81 жылы Шу ауданы Төле би ауылындағы орналасқан Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта оқып, 8 жылдық білім алды. 1981 – 83 жылы Бірлік ауылындағы бұрынғы Киров атындағы орта мектепте оқып, он жылдықты бітірген соң, әскер қатарына шақырылғанға дейін әкесі Ноғайбайға жәрдемші-малшы болып, Көктерек тауарлы-сүт фермасында жұмыс істеді. 1984 – 86 жылы Амур өлкесі Белогор қаласында әскери міндетін өтеді. Әскери-саяси қызметтердің үздігі ретінде бірнеше мақтау қағазымен марапатталып, әскери бөлімше командирлері ата-анасына алғыс айтқан құрмет қағаздарын жіберді. 1986 жылы мамырда әскери борышын өтеп ауылға оралды. Тамыз айында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына келіп сынақтан сүрінбей өтіп, оқуға түсті. Осы жылы 16 – 18 желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы көтерілісіне белсене қатысты. Қазақ КСР-і Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі коллегиясының төрағасы Е.Грабарниктің 1987 жылы 16 маусымдағы Үкімімен Рысқұлбеков – ең жоғары жаза – өлім жазасы – атуға бұйырылды. Зиялы қауым өкілдері СОКП Бас хатшысы Горбачев пен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының төрағасы Громыконың атына Рысқұлбековтің жазасын жеңілдету туралы өтініштерін жолдады. Кейіннен Рысқұлбековтың ату жазасы амалсыздан 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырылды. Бірақ Шу, Қарағанды темір жол бекеттері арқылы Рысқұлбеков белгісіз себептермен Семей түрмесіне жеткізіліп, құпия жағдайда оның өміріне қастандық жасалды.

№ слайда 11 Назарларыңызға рахмет!!!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!!!

Автор
Дата добавления 16.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров130
Номер материала ДВ-160336
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх