Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Урок разработка на тему "Орман тұрғындары"

Урок разработка на тему "Орман тұрғындары"



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Оқу іс – әрекеті : Экология

Тақырыбы: Орман тұрғындары.

Мақсаты:

Балаларға жабайы аңдар туралы түсінік беру және кеңейту. Жабайы аңдарды ажыратып , дұрыс атай білуге үйрету. Жабайы аңдарға қамқорлық жасап, оларды қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: көрсету, әңгімелеу, саяхат, түсіндіру, сұрақ – жауап,сергіту сәті, жеке жұмыс,

Құрал- жабдықтар: ормандағы ағаштар, шыршалар, аңдардың макеті, үнтаспа , үлестірмелі материалдар.

Сөздік жұмыстар: орман, аңдар, аю- қонжық, қоян- көжек, қасқыр- жәутік, қасқыр- бөлтірік

Билингвалдық компонент: орман – лес, аю-медведь, қонжық- медвежонок, қоян –заяц, түлкі- лиса, жәутік – лесенок, қасқыр- волк, бөлтірік- волчонок.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Жылулық шеңбері

Біз әдепті баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Достарымды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Жұмбақ жасыру.

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан (аю)

Өзі айларкер, өзі қу,

Жүрген жері бір шу. ( түлкі)

Тәрбиеші: Аю мен түлкі қандай аң?

Балалар: Жабайы аңдар, олар орманда тұрады.

Тәрбиеші: Балалар орманда тағы қандай аңдар бар?

Балалар: Қасқыр, қоян, кірпі, тиін.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар. (балалардың жауаптарын толықтыру.)

Тәрбиеші: Олай болса бүгін біз орманға саяхатқа барамыз.

Топ ішіндегі орманға саяхат жасау.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы, орманда нелер бар ?

Балалар: Ағаштар, құстар.

Тәрбиеші: - Мынау қандай аң?

Балалар: қоян.

Тәрбиеші: Қоянның түсі қандай,нені жақсы көреді?

Балалар: Қоянның түсі сұр, ол сәбізді жақсы көреді.

Тәрбиеші: Қоянның баласын не дейміз?

Балалар: Қоянның баласын көжек дейміз.

(қоян- заяц, көжек - зайчонок)

Ойын: «Көлеңкесін тап»

Ойынның шарты: Суреттерде бейнеленген аңдардың көлеңкелерін ажырату.

Дұрыс екенін тексеріп, беттестіру.

Тәрбиеші: Балалар, сендер қоян туралы тақпақ білесіңдер ме?

Балалар: Иә, біз қоян туралы тақпақ білеміз.

Тәрбиеші: Олай болса қоян туралы тақпағымызды бірге айтайық.

Тақпақ.

Ұзын, құлақ, сұр қоян,

Естіп қалып, сыбдырды,

Ойлы, қырлы жерлермен,

Ытқып, ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,

Қиығын сап көзінің,

Келе жатқан тоңпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

Тәрбиеші: Ал мынау қандай аң?

Балалар: Аю

Тәрбиеші: Аюдың түсі қандай? Ол нені жақсы көреді?

Балалар: Аюдың түсі қоңыр, аю балды жақсы көреді?

Тәрбиеші: Аюдың баласын не дейміз?

Балалар: Аюдың баласын қонжық дейміз.

(аю –медведь, қонжық- медвежонок)

Тәрбиеші: Балалар мына жерде бір нәрсе қозғалатын сияқты, бұлар нелер болды екен?

Балалар: Мынау қоянның баласы көжек пен аюдың баласы қонжық.

Тәрбиеші: Балалар аңдардың балалары адасып қалып, келіңдер аналарын табуға көмектесейік.

Ойын: «Жануарларға балаларын табуға көмектесейік»

(үлестірмелі матералдармен жұмыс)

Ойынның шарты: Аю мен қоянды балаларымен сәйкестендіру.Тамаша балалар қане, дұрыс таптыңдар ма, тексеріп көрейік.Аңдарға үнемі қамқорлық жасауымыз керек. Сендер кішкентай болсаңдар да, бүгін сендер аю мен қоянның балаларын табуға көмектестіңдер

Тәрбиеші: Ал мынау қандай аң?

Балалар: Түлкі

Тәрбиеші: Түлкінің түсі қандай, түлкі нені жақсы көреді?

Балалар: Түлкінің түсі сарғыш, түлкі балықты жақсы көреді.

Тәрбиеші: Балалар түлкінің баласын – жәутік дейміз.

(түлкі – лиса, жәутік -лисенок)

Сергіту сәті.

Ыр-ыр-ыр ырылдайды қасқыр,

Кі-кі-кі бұлғандайды түлкі.

Ян-ян-ян секіріп жүр қоян,

Ю-ю-ю қорбаңдайды аю.

Тәрбиеші: - Мынау қандай аң?

Балалар: Қасқыр

Тәрбиеші: Қасқыр түсі қандай, ол нені жақсы көреді?

Балалар: Қасқырдың түсі сұр, ол етті жақсы көреді?

Тәрбиеші: Қасқырдың баласын – бөлтірік дейміз.

(қасқыр –волк, бөлтірік- волчонок)

Ойын: «Жануарларды тамақтандырайық»

Ойынның шарты: Аңдарды тамқатандырады.

Топқа оралу

Қортытынды: Міне, балалар біз бүгін сендермен орманда тұратын аңдар туралы көп нәрсе білдік. Қане, қаншалықты білгенімізді тексеріп көрейік.

-Орманда қандай аңдар тұрады?

- Аңдарға қалай көмектестік?

- Бүгін сендермен қандай ойындар ойнадық?

Өте жақсы балалар, бүгін біз сендермен жабайы аңдар туралы білдік. Сендерге көп рахмет, осымен оқу іс-әрекетіміз аяқталды сау болыңдар!















57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 08.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров12
Номер материала ДБ-330845
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх