1997228
столько раз учителя, ученики и родители
посетили официальный сайт проекта «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
Добавить материал и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок Физическая культура Другие методич. материалыУрок Сабақтан тыс жұмыс

Урок Сабақтан тыс жұмыс

библиотека
материалов

СЫРТТАЙ ОБЛЫСТЫҚ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАР САЙЫСЫ

ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ

















САБАҚТАН ТЫС ӘДІСТЕМЕЛІК ІС- ШАРАЛАРЫ

«Толағай», «Көңілді мәре», «Әке, ана және мен»

отбасылық, эстафеталық ойындары













Автор: Кауметов Еркын Айтхалиевич

Дене шынықтыру пән мұғалімі

Өтілі - 13 лет

Мектеп : Дарынды балаларға арналған Абай атындағы № 10 лицей- мектебі

Павлодар қаласы






Дене шынықтыру сабақтарының сыныптан тыс іс-шаралары

Бұл әдістемелік құрал дене шынықтру пән мұғалімдеріне және сынып жетекшілеріне арналған. Іс-шаралар мектепте өткізілді.

Оқу-әдістемелік құралдын мақсаты:

Оқушылардың дене шынықтыру тәрбиесі негізінде салауатты өмір салтын қалаыптастыру және жаппай қөпшілік спортты түсіндіріп тарату.

Міндеттері және бағыттылығы.

  • Жасөспірімдердің денсаулықтарың нығайту, үйлесімді дамуына жағдай жасау.

  • Қимыл-қозғалыстың жалпы бір кешенді түрлерін жасауға дағдыландыру;

  • Әрбір қимыл-қозғалыстың жылдамдығын, ырғақтығын қамтамасыз етіп, жалпы дене күштерін жетілдіріп және спортқа даярлығын арттыру;
    Оқушылардың дене шынықтыру жаттығуларымен өз бетінше айналысуын тәрбиелеу;

Дене шынықтыру іс- шараларының маныздылығы:

Өмір салты мен денсаулық арасындағы өзара байланыс салауатты өмір салты ұғымын құрастырады. Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының салауатты өмір салтын қалыптастыру туралы алған білімдері болашақ азаматтардың денсаулығын сақтап қалуға берік тірек болады.
Мектеп оқушыларының салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру бұл:
- Біріншіден, жеке тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру;
- Екіншіден, салауатты өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс – шараларды жүргізу.

Күтілетін нәтиже:

1) . Әр оқушының білімі, қабілеті қалыптасады.
2). Оқушының бойындағы жетістіктері көрінеді.
3). Оқушылар қиындықтарды жеңеді, әлеуеті артады.
4). Жан-жақты дамуға қол жеткізеді.

5). Оқушының санасы, сенімі, көзқарасы,білімі артады.
































«Толағай» отбасылық сайысы

(Тәуелсіздігіміздің мерекесіне арналған, салауатты өмір салтын дәріптей отырып, ата-аналардың қатысуымен ұйымдастырылды)

Мақсаты:  Спортық ойындарды ойнай отырып оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.

Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

Шапшаңдыққа, ептілікке баулу.
Көрнекілігі:
 Шарлар, жалаушалар, қабырға газеттері, медальдар, грамоталар.
Керек құралдар:
 Кішкене шарлар, доптар, шеңберлер, кедергілер, үлкен, кіші доптар, секіргіштер.

Өтілетін орын: Спорт зал
Сайыстын барысы:

I . Ұйымдастыру кезеңі
1 – жүргізуші:

Жеңімпаз болу оңай ма?
Арман болған талайға.
Болмасаңда ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалайда.
«Толағай» әуенімен спортшыларды қарсы алу.
II. Негізгі бөлім
2 – жүргізуші:

Құрметті қонақтар және ата-аналар, әріптестер бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер!
Ал құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер
Әділ қазы алқасы
Әділ баға беріңдер!

Әділ баға беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.
1. __________________________
2 __________________________
3. __________________________

4.___________________________
5.___________________________

2 – жүргізуші:

Спорттық сайысымыз әр кезең сайынын 5 баллдық жүйемен бағаланады.
1 – жүргізуші:

Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!
Музыка «Толағай» әні
1 – жүргізуші: Олай болса ортаға « Достық», «Бірлік», «Бейбітшілік» , «Рахат», « Жалын», «Парасат» топтарын ортаға шақырамыз.
2- жүргізуші: Сайысты бастамас бұрын бағдарламамен таныстырып өтейін.
1-тапсырма «Таныстыру»
2-тапсырма «Кенгуру»
3-тапсырма «Саяхатшылар»
4- тапсырма «Қояндар»
5-тапсырма «Тәтті жұп»
6-тапсырма « Қаңбақ»
7-тапсырма «Теңге ілу»
8-тапсырма «Сарбаз»

1 – жүргізуші:

1-тапсырма«Таныстыру»
«Достық» тобы ортаға шығады. Тобының ұраны: __________!
«Бірлік» тобы ортаға шығады. Топтың ұраны:_______.
«Бейбітшілік» тобы ортаға шығады. Топтың ұраны: ________.

«Рахат» тобы ортаға шығады. Тобының ұраны: __________!
«Жалын» тобы ортаға шығады. Топтың ұраны:_______.
«Парасат» тобы ортаға шығады.Топтың ұраны: ________.

2 – жүргізуші: 2-тапсырма «Кенгуру»

Ойынның шарты:

Әр команда мүшесі қапшыққа мініп, жетекшілердің қолдарындағы математикалық амалдарды шығаруы керек.

Алжапқышқа есеп нәтижесі бойынша кіші доптарды жинау.

Нәтижесі алжапқышқа жиналған доп пен уақыт.

1 – жүргізуші: 3-тапсырма «Саяхатшылар»

Ойын шарты:

Команда әртүрлі бөгеттерден өту керек. Балалар бір жақта, ата-аналар бір жақта. Ойын ата-аналар балаларын бір жаққа жиыстыру керек, тек бөгеттерден аман-есен өту керек.
Бірінші бөгет: Тау тастың арасынан өту керек, яғни бес рет құрсаудан (шеңбер), (обруч) арасынан өту.
Екінші бөгет: Кеглиді құлатпай өту.Кеглидер жақын орналасқан.
Үшінші бөгет: Жайлау кең дала - матраста домалап екі рет айналу. Баланы алып командаға жүгіріп келу.

Нәтижесі ойын шартын бұзбау және уақыт.

2 – жүргізуші: 4- тапсырма «Қояндар»
Ойын шарты: Анасы себеттен жүгіріп барып сәбізді әкесіне береді, әкесі қаппен секіріп отырып баласына яғни көжегіне табыстап, баласы сәбізді команда қоржынына салады. Ойын жалғасады.

Нәтижесі көп жиналған сәбіз.

1 – жүргізуші: 5-тапсырма «Тәтті жұп»

Ойынның шарты:

Әр командадан шеңбердің ішіне екі адамнан жүгіру.

Бала анасымен шеңбермен жұптасып жүгіру.

Анасы әкесімен шеңбермен жұптасып жүгіру.

Нетижесі шеңбермен кедергілерден өту және жылдамдық.

2 – жүргізуші: 6-тапсырма ««Қаңбақ» 

Ойын шарты: 
Әкелер шеңберді айналдырып отырады, ал балалары кіші допты шеңберге лақтырып отыру керек, ал келесі ретте аналары осылайша жасайды.

Нәтижесі шеңберге түскен доптарды саны.
1 – жүргізуші: 7-тапсырма «Теңге ілу»

Ойын шарты:

Әр топ үлен доппен секіріп, өздеріне берілген түстегі шарларды бір- бірден үш рет келіп межедегі шелекке салу керек.

Нәтижесі шарларды дұрыс бағыттау.

2 – жүргізуші: 8-тапсырма «Сарбаз»

Ойынның шарты:

Әр командадан әкелеріміз сайысқа түседі.Олар берілген белгіден кейін противогазды киіп кедергілерден өтіп допты соғып жүгіреді.

Нетижесі допты жоғалтпау және ойын тәртібін сақтау.

III. Қорытынды:

1 – жүргізуші:

Сайысымыздың жеңімпаздарын анықтайтын да уақыт келіп жетті.

Олай болса құттықтау сөз әділқазылар алқасына беріледі.

Жеңімпаздарды марапаттау.

I орын_______________
II орын ______________
III орын _____________


1 – жүргізуші: Уа, халқым назар аудар денсаулыққа!
Өмірде бақыттысың денің сау да.
Денсаулық терең бақыт денген сөзді,
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да
.


2 – жүргізуші:

Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Салауатты өмір салтын сақтап, болашағымызды сәулендірейік! «Толағай» отбасылар сайысы осымен тәмамадалады. Белсенділік танытып, тамашалағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!










«Көңілді мәре» эстафеталық ойындар. 

Жарыстың мақсаты. 
1.Оқушылардың денсаулығын, белсенділіктерін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2. Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, ұлттық ойындарды насихаттау.
3. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Ойын барысында қолданылатын құрал-жабдықтар: эстафеталық кедергілер, доптар (үлкен, кіші), қаптар, теннис шариктері, арқан, гимнастикалық төсеніштер, таяқшалар, жалаушалар т.б.

Жарыс орны:  Спорт зал

Пән аралық байланыс: математика, қазақ тілі, сурет.

Мұғалім: Құрметті оқушылар, мұғалімдер және де қонақтар бүгін 5,6,7 сыныптар арасында өткізілгелі отырған «Көңілді мәре» эстафеталық ойынна қош келдіңіздер.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Халық денсаулығы» атты мемлекеттік бағдарламада халық денсаулығын нығайту- мемлекетіміздің бірінші кезектегі атқаратын міндеті екенін атап көрсеткені баршамызға мәлім.
Салауатты өмір салтын ұстану –осы іс - шараның баспалдағы.
1-жүргізуші : Армысыздар құрметті спорт жанашырлары! Салауатты өмір салтын ұстанған барша Абай атындағы № 10 мектепбінің оқушылары мен ұстаздары! «Көңілді мәре» атты сайсымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2- жүргізуші :  Жалпы дене шынықтыру шәкірттердің ғана емес, ересектердің де күш –қуатын өсіріп, олардың денсаулығын шыңдап, қан тамырларының жүйелі жұмыс жасауына ықпал етеді.

1- жүргізуші :  «Дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі»  Т. Карлейль

Таза ауа, спорт болсын дәріміз,

Еңбек етіп келгенінше әліміз.

«Алға!»,- деген бір-ақ мақсат ұстанып,

Сайысқа аттанайық бәріміз!

2- жүргізуші:  Ал енді, әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

1.      ____________________________________________________________

2.      ____________________________________________________________

3.      ____________________________________________________________

4.      ____________________________________________________________

1- жүргізуші:

Шәкірттер отыр сынға түскелі,

Сыналмақшы ептілік пен күштері.

Әрбірінің жігер күші жалындап,

Жеңіс сәтін сағат таппай күткелі.

«Спорт» десе таза біздің арымыз.

Сайысатын шәкірттерді  бүгінгі,

Қарсы алайық, қошеметпен бәріміз!

І топ - 5 сынып « Қыран»

II топ – 6 сынып «Бұркіт»

III топ – 7 сынып «Арыстан»

Үш топ жүріп өтіп, ойын алаңына барып орналасады. Олар өздерінің төсбелгілерімен  және ұрандарымен таныстырылып өтеді. Команда мүшелері-7 оқушы

2- жүргізуші : Құрметті жарысқа түскелі тұрған бәсекелестер,  оқушылар және сайысымыздың қонақтары! Сайысымыздың әр бөлімімен таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1). Баскетбол торына доп лақтыру (допты кедергілер арасынан бір қолмен алып жүріп, себетке лақтыру).

2). «Арқан тартыс» ( күштілікті қажет ететін ойын, әр командадан 5 –оқушыдан қатысады).

3). Арқанға өрмелеу- биік шыңға ең мықты топ. (Әр командадан 2- оқушыдан, аяқтың көмегісіз қолмен өрмелеп шығу).

4). Математикалық себет эстафетасы (берілген есептерді команда мүшелері кезектесіп шығару).

5). Капитандар сайысы (берілген геометриялық фигуралар негізінде адам бейнесін салу)


6). «Сиқырлы сандық» ( сандық қойылады, соның ішіндегі сұрақтың жауабын табу керек).

7). Мергендер сайысы.(Алдын ала дайындалып қойылған, қағазға сызылған көмбеге дартцты нысанаға дәл тигізу, ұпаймен есептелінеді. Қай команда көбірек ұпай жинаса сол топ жеңіске жетеді). 

8). « Қол күрес» (әр командадан  бір адам ортаға шығады, кезекпен бірі-бірімен қол күреседі).

9). Сен маған, мен саған (әр команда өздері дайындап келген сөзжұмбақты қарсылас команда алдына іледі. Команданың әр мүшесі кезекпен шешім жазады).

10). Акробатикалық элементтері бар ойындар.Төсеніште орындалатын аунау жаттығулары. (әр топ өз жолымен алға аунау арқылы, кедергіге дейін барып,допты алды да кейін артқа қарай аунап орнына келеді, дәл осылай келесі ойыншылар да қайталайды. Кімнің тобы бұрын жетсе,сол жеңіске жеткен болып табылады. Ескерту төсегніштен шығып кетпеу).

2- жүргізуші: Сөз әділқазылар алқасына беріледі. Қорытынды жасалып, жеңіске жеткен топ марапатталады.

1- жүргізуші: Еліміздің болашағы дені сау азаматтардың қолында. Денсаулықтың кепілі – салауаттылық. «Көңілді мәре» спорттық сайысы осымен аяқталды. Белсенділік танытып сайысқа қатысқандарыңыз үшін көп рахмет! Деніміз сау болсын, ағайын!















Отбасылық сайысы «Әке, ана және мен»

Мақсаты: Оқушылар мен  ата-аналарға  денсаулықтың қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру.

Оқушыларға және ата-аналарға спортпен айналысудын қажет екендігінің манызын түсіндіру.

Салауаттану - адам жанының да, тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, сондықтан салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

Өткізілетін орын: мектеп спортзалы

Құрал-жабдықтар: эстафеталық кедергілер, доптар (үлкен, кіші), қаптар, кеглилер, арқан, секіргіш, секундомер.

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар,  ата-аналар және оқушылар қауымы! Тәлімді тәрбие отбасынан бастау алса, дені сау ұрпақ – ұлт болашағы болмақ. Бүгінгі «Әке, ана және мен» спорттық  отбасылық   сайысқа қош келдіңіздер!

 2-жүргізуші: «Әке, ана және мен» отбасылық  сайысы – отбасыларды  спортқа баулиды. Ата-ана мен баланың арасындағы бірлік пен татулық қасиеттерін нығайта түседі.  Бұл жарыс - отбасылардың қатысуымен  өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын-сауықты бағдарлама. Осындай бағдарлама  бүгінде біздің мектепте 3-4 сыныптар оқушылар қауымы мен сүйікті де белсенді ата-аналарының арасында өткізілгелі отыр.Сайысқа әр сыныптан бір отбасы қатысады, барлығы 5 отбасы.Әр отбасы жеке топты құрайды. Әр топ жеңіс мәресіне жету үшін бірнеше кезеңнен тұратын кедергілерге төтеп беруі тиіс.

1-жүргізуші: Біздің жетістіктерімізді бағалайтын әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші:   

  Бүгінгі спорттық сайыс    2  кезеңнен тұрады.

  1. Таныстыру

  2. «Шынықсаң шымыр боласың»   әр түрлі тапсырмалар орындалады.

 2-жүргізуші: Сайысқа арнайы  5  отбасы қатысады.  

Ал, енді  «Таныстыру»  кезеңін бастайық!  

Әр отбасы өздерінің командаларын таныстырып өтеді.

 1-жүргізуші:  Ойынымыздың негізгі бөлігіне көшейік  .

«Шынықсаң,шымыр боласың» тақырыбында әр түрлі дене жаттығулары.







2-жүргізуші:  1 тур   «Эстафеталық таяқша»

 Топ мүшелері  таяқшаны алып  жүгіре отырып ,белгіленген межені айналып,таяқшаны келесі ойыншыға табыстайды.

 1-жүргізуші: 2  тур   «Аралас эстафета»   

 Әкесі допты кедергілер арасымен  аяғымен  жүргізе отырып  межеге қойып кетеді, ал баласы  тіке жүгіріп барып, межедегі допты кедергілер арасымен қолымен жүгірте отырып алып келеді. Анасы секіргішпен кедергілер арасын жүгіре отырып, межеге секіргішті қалдырып, жүгіріп қайтып келеді.

 2-жүргізуші:  3  тур  « Шеңбермен  жүгіру»

Әкесі тіке жүгіріп барып межедегі шеңберді алады да беліне ұстап жүгіріп келіп, тобындағы баласын шеңбер ішіне салып екеуі межені айналып орындарына келеді, енді шеңберден әкесі шығады да, анасымен бірге баласы дәл осы тәртіппен жүгіреді

 1-жүргізуші:  4 тур «Дизайнер»

Берілген плақатқа сурет салу, жабыстыру, әртүрлі апплекациялық жұмыстар арқылы 5 минут ішінде табиғатты бейнелеу.

2-жүргізуші:  5 тур « Отбасы қорын жинаймыз»

Әр топ мүшелері кезекпен – кезек ыдыстағы суды қасықпен тасып отбасы қорын жйнайды 3 минут ішінде.

1-жүргізуші:  6 тур «Пингвин»

1 қатысушы допты екі аяғының ортасына салып, межені айналып келеді де, допты келесі ойыншыға табыстайды. Осылайша ойын жалғасады.

2-жүргізуші:  7 тур « Кәне, билеп алайық!»

Әр отбасы өз өнерлерін ортаға салады.

1-жүргізуші: 

Осымен бүгінгі «Әке, ана және мен » тақырыбындағы отбасылық сайысымыз аяқталды. Ортаға  әділқазылар мүшелегінің төрағасын шақырамыз.

Қорытынды: Командаларға ойын нәтижелері бойынша сйылық және мақтау қағазы табысталады.







Курс профессиональной переподготовки
Учитель физической культуры
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:

Вам будут интересны эти курсы:

Курс профессиональной переподготовки «Физическая культура и спорт: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Маркетинг: теория и методика обучения в образовательной организации»
Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»
Курс повышения квалификации «Маркетинг в организации, как средство привлечения новых клиентов»
Курс профессиональной переподготовки «Организация тренерской деятельности по физической культуре и спорту»
Курс повышения квалификации «Дополнительное образование в системе спортивного менеджмента по ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Управление ресурсами информационных технологий»
Курс профессиональной переподготовки «Организация тренерской деятельности по адаптивной физической культуре и спорту»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и методическое обеспечение процессов физкультурной и спортивной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности специалиста оценщика-эксперта по оценке имущества»
Курс профессиональной переподготовки «Спортивный менеджмент: управление в области физической культуры и спорта»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и методическое обеспечение процессов физкультурной и спортивной деятельности в отношении лиц с ограниченными возможностями здоровья»
Курс профессиональной переподготовки «Управление качеством»
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.