Инфоурок / Другое / Рабочие программы / Урок "Салалас құрмалас сөйлем"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям рекомендуем принять участие в Международном конкурсе «Я люблю природу», приуроченном к году экологии. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

СЕГОДНЯ (15 ДЕКАБРЯ) ПОСЛЕДНИЙ ДЕНЬ ПРИЁМА ЗАЯВОК!

Конкурс "Я люблю природу"

Урок "Салалас құрмалас сөйлем"



Московские документы для аттестации!

124 курса профессиональной переподготовки от 4 795 руб.
274 курса повышения квалификации от 1 225 руб.

Для выбора курса воспользуйтесь поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВА).

ДИПЛОМ от Столичного учебного центра: KURSY.ORG


библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: 

Сабақтың мақсаты: білімділік: Оқушылардың салалас құрмалас сөйлемнен алған теориялық білімдерін тәжірибелік тұрғыдан тексеру, білімдерін тиянақтау.

Дамытушылық: топпен, жұмыс істеу дағдыларын, ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту, тіл мәдениетін жетілдіру.

Тәрбиелік: Ұлттық салт-дәстүрлерді құрметтеу, әдептілік, адамгершілік, елжандылық қасиеттерді үлгі ету.

Сабақтың типі: бекіту, қайталау сабағы.

Түрі: Білімді жинақтау сабағы

Әдісі:  сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс, іздену-зерттеу, шығармашылық жұмыстар

Көрнекілігі:  интербелсенді тақта, түрлі таратпа қағаздар, электронды оқулық, А3 қағаздары, түрлі түсті бояулар.

Сабақты ұйымдастыру барысында оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырып, топқа бөлдім. Халқымыздың қасиетті сандары 3, 5, 7 сандарын пайдаландым. Топ жетекшілерін тағайындауда олар осы сандардың ұлттық қасиеттерін айтты. Топ ережесі, топта бағалау тәртібі айтылды. Үй жұмысын тексеруде Салалас құрмалас сөйлемдер Елбасы Жолдауында тақырыбы бойынша іздену-зерттеу тапсырмалары тексерілді. Сабақ «Қайталау – оқу анасы» семантикалық картамен жұмыс, «Ізденген жетер мұратқа» постер қорғау, «Кім жүйрік?» ой-толғаныс, «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» деңгейлік тапсырмалар орындау бөлімдерінен тұрды. Оқушылар ауызша, жазбаша, тақтамен жұмыс арқылы талдау, шығармашылық, іздену-зерттеу тапсырмаларын топпен, жекелей, жұппен орындады. Сабақтың бекіту кезеңінде кері байланыс болды, топ жетекшілері бағалау парақтары бойынша бағалады.  15 оқушы –«5», 10 оқушы – «4» деген бағалар алды.

Қорытындылай келе, сабақ өз мақсатына жетті.

 

С а б а қ т ы ң  б а р ы с ы

Ұйымдастыру: Амандасу, оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. Топқа бөлу.

Халқымызда қасиетті сандар деп қандай сандарды айтамыз?   3    5    7  үш топқа бөліну.

Топ жетекшілерін тағайындау. Берілген сандардың ұлттық ерекшеліктерін айту.

Топ ережесімен таныстыру ( тақтада ілінген)

Үй тапсырмасын тексеру:

Салалас құрмалас сөйлем және оның мағыналық түрлері

Қайталау – оқу анасы

Елбасы Жолдауы – 2014 туралы өз ой-толғауларыңды салалас құрмаластарды қатыстырып жазу

 

Семантикалық карта

1-топ:  

Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.

Сонда я жүрегім жеңер, я білегім жеңер.

Келген екеу еді: бірі-инженер, екіншісі-агроном.

Бұл уақыттың ішінде ел де өзгерді, адамдар да өзгерді.

Малшы сырын білем мен: қасында өскем жасымнан.

Сабақта ұстаз бірде ауызша сұрайды, бірде жазбаша орындатады.

2-топ:

Көмір де осы, отын да осы.

Балалар бірде футбол ойнады, бірде өзенге барып шомылды.

Қазақ тілінде қосымша екіге бөлінеді: бірі – жалғау, екіншісі – жұрнақ деп аталады.

Биыл шөп қалың шықты, өйткені жаңбыр көп жауды.

Бұл жерде я сен тұрасың, я мен тұрармын.

Әннің халықтың ұғымына жеңілдігі соншалық – жұрт бір-екі айтқанның өзінде үйреніп жатыр.

3-топ:

Былтыр жайлауға бардым және ауылда жақсы демалдым.

Жайлаудың көлдеріне сене беруге болмайды: құрғақшылық жылы олардың көбі тартылып қалады.

Саған ашып айтарым сол: мен осында қаламын.

Я алқымда булығып ашу тұрды, я көзінде жаңа бір үрей тұрды.

Күн жауып кетті,- оны елеген ешкім жоқ.

Баяу ескен жел біресе сол жағына ойысады, біресе жасыл шөптердің бастарын ақырын ғана ырғайды.

Ізденген жетер мұратқа:

      Постер қорғау (жеребе арқалы топ жетекшілері алады)

Топ жетекшісі тақтаға сатылай кешенді талдайды.     3 карточка беру.

Уақыт алтыннан да қымбат.

Адамды еңбек асырар, жалқаулық құтын қашырар.

Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді, жақсы қойшы жайлауын мың күн жейді.

 

1-топ: Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің айырмашылығы

2-топ: Құрмалас сөйлемнің түрлері

3-топ: Салалас құрмаластың мағыналық түрлері

 

Кім жүйрік?

Электронды оқулық тыңдау.

Ой толғау

Тақырыптар:

Білімсіз адамның сөзі білектей, білімді адамның сөзі жібектей.

Адамды екі нәрсе қартайтпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі – жақсы сөз.

Жақсыда кек жоқ, жаманда тек жоқ.

Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда

Талдау – табыс кілті

Деңгейлік тапсырмалар орындау.

Топ мүшелері өз бетімен орындайды, сағат тілімен көршісі тексереді, бағалайды

Келесі топпен ауысады, топ жетекшілері бағалайды.

 

1-топ: Схема бойынша сөйлемдер құрастыру.

1.——————–:——————.

——————-,- ——————.

——————- және ————-.

—————, бірақ ————–.

Кейде ——–, кейде ———–.

——— сонша- —————–.

2-топ: Көп нүктенің орнына сөйлемдер жазып, салалас құрмалас құрау.

Биыл қыс жай түсті, —————————————–

———————————сонша- бірнеше адам үсікке шалдығыпты.

Сөздің көркі – мақал, ———————————

———————————, көп көргеннен сұра.

Жаяуға үш тарау жол кездесті: ———————

Жел саябырлаған сияқты,- ————————–.

3-топ:

Дәлелді жауап

Ыңғайлас салаластың жалғаулықтары.

Тек жалғаулықты жасалған салаластар

Салалас құрмаластың мағыналық түрлері нешеу?

Сілтеу есімдіктерінен жасалатын салалас.

Қыруар уақыт өтті жаңбыр басылмады. Тыныс белгісін қой, сабақтас құрмаласқа айналдыр.

Салдар мәнді сөйлем бұрын орналасса , …

 

Бекіту:

Не білем?    Не білдім    Не білгім келеді?  Смайликтер арқылы жапсыру.

 

Бағалау: Топ жетекшілеріне сөз.

Бағалау парағы

 

Үйге тапсырма: « Салалас құрмаластар көркем әдебиетте» іздену жұмысы мысалдар арқылы дәлелдеу.



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 65% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-142553

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>