Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Конспекты / Урок самопазнание на тему "Елім деп соғар жүрегім"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Урок самопазнание на тему "Елім деп соғар жүрегім"

библиотека
материалов

Өзін – өзі тану. 8 сынып

Тақырып: Елім деп соғар жүрегім.

Мақсаты: «Отан», «ел» ұғымдарының адавмгершілік құндылық ретінедегі мәнін түсіндіру. Отанына,туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Міндеттері:

  • Отанға, туған жерге дегенмахаббаттың мәнін түсіндіру;

  • Отанының жарқын болашағына деген сенімдерін қалыптастыру;

  • Отанына, туған  жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап.
Көрнекіліктер: үнтаспа, слайд, нақыл сөздер.

Сабақ барысы

Шаттық шеңбері:

Оқушылар үнтаспаға қосылып «Атамекен» әнін орындайды.

Әңгімелесу:

«Туған жер», «туған ел» дегенде ойларыңа не түседі?
Туған жерге, елге деген сүйіспеншіліктің түп тамыры неде деп ойлайсыңдар?
Отанға деген сүйіспеншілік, құрметтеріңді қалай білдіресіңдер?

Мәтінмен жұмыс
«Оқып үйренейік» айдарымен берілген Қ. Жұмаділовтың «Қаздар қайтып барады» шығармасымен оқушыларды таныстыру. Шығарманын ортасында сұрақ қою.

Қалай ойлайсыңдар қара шал қай жерді мезем отыр?
Мәтіннің соңында сұрақтар қою.
Қарттың туған жерге деген сүйіспеншілігі неден көрінеді?
Қарттың туған жердің топыраған жерге қайтаруының себебін қалай түсіндірер едіңдер?
Өздерің туған жердің қасиетін қалай түсініп, бағалайсыңдар?

Дәйексөз:
Сабақта берілген аұпараттар мен жаңа білімді түйіндеу мақсатында оқулықта М.Шахановтың «Өз туған жеріңе деген сүйіспеншілігінді ең алдымен отбасыңа, ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю мүмкін емес» деген қанатты сөзбен таныстырып, өз ойларын айтқызу.

Өзіммен өзім

Оқушылар алдын ала дайындалған слайдқа назарларын аударады, үнтаспадан күй орындалады. Жақсы әуен мен слайдқа қарай отырып өз елі, туған жері туралы ойлап, соңында әсерлерімен бөліседі.

Сахналау

Сахналау әдістемелік тәсілінде оқушылардың орындаушылық шеберліктерінен гөрі, мәселені шешуі мен өз ойларын бүкпесіз ашық жеткізе алуларына баса назар аудару.Оқулықта берілген тапсырманы  рөлге бөліп оқып, өз ойларыңмен жалғастырыңдар.

Түйіндеме

Балаларға оқулықтағы «Назар аударайық» айдарыммен берілген ақпаратты мұқият қарап шығып, жадына сақтаудытапсыру.

Жүректен жүрекке: Оқушылар алдын – ала дайындалып қойылған журекшелерге өз тілектерін жазып, тақтада ақ ватманнан қиылған үлкен жүрекшеге кішкене жүрекшелерді іледі. Жансыз жүректі жандандырады.

Үйге тапсырма. «Елім менің Қазақстан» тақырыбында шығарма.






Пәні: Өзін-өзі тану 
Сыныбы: 7 сынып 
Сабақтың тақырыбы: Атамекен – алтын бесік 
Мақсаты: Атамекеннің адамның өсіп – дамуындағы, өміріндегі рөлі туралы түсініктер беру. 
Міндеттері: 
- Атамекенді қадірлей білуге, атамекенге қызымет ету, адам өмірінде атамекеннің алатын орны туралы мағұлмат беру; 
- Оқушылардың өз атамекені, туған жері туралы мәліметтер мен тарихы туралы білімдерін кеңейту; 
- өз атамекеніне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, мақтаныш сезімдерін арттыру. 
Қолданылған технология: СТО 
Көрнекіліктер: Интерактивті тақта, слайд 
Шаттық шеңбері 
Атамекен 
Сөзі: Қ.Мырза Әлі 
Әні: Е. Хасанғалив 
Жасыл жайлау – түкті кілем, көк кілем. 
Көк кілемде көк ойнаймын, көп күлем. 
Айдармнан сипап өткен самалды 
Қазағымның алақаны деп білем 
Қайырмасы: 
Қайда жүрсең , атамекен 
Көкейіңде жатады екен. 
Күннің өзі ұясына 
Қимай оны батады екен 
Қызығушлықты ояту кезеңінде миға шабуыл әдісімен әңгімелесуді жүргіземін. Бұл әдісте төмендегідей сұрақтар берілген: 
1) Атамекен дегенде ойыңа бірінші не келеді? 
2) Адамның туған жері әрқашанда атамекен бола ма? 
3) Адамда екі атамекен бола ма? Отан ше? 
4) Өз атамекенін сүйе білу адам өміріне қалай әсер етеді? 
5) Сенің арман – қиялыңда атамекеніңе қандай орын берілген? 
Мағынаны тану кезеңінде түртіп алу әдісімен мәтінмен жұмыс жүргіземін 
Бір шымшым топырақ 
Ғ. Оралбаев 
1) Атамекеннің адам үшін маңызы қандай? 
2) «Атамекен», «туған жер» ұғымдарының қандай айырмашылықтары бар? 
3) Өз атамекенің , туған жерің , Отаның туралы айтып беріңдер. 
Сергіту сәті. 
«Жақсы» тақырыбындағы ширату-ойынын ойнауды ұсынамын (балалар шеңберде тұрады): 
Күннің шыққаны жақсы ма? (күнді бейнелейді) 
Жақсы! (алақандарын соғады) 
Желдің соққаны жақсы ма? (желді бейнелейді) 
Жақсы! (алақандарын соғады) 
Достарыңмен жүрген жақсы ма? (адымдайды) 
Анаңды құшақтаған жақсы ма? (өздерін құшақтайды) 
Жақсы! (алақандарын соғады) 
Туған өлкеде жақсы ма? (құшақтарын жаяды) 
Жақсы! (алақандарын соғады) 
Үйіміз бар жерде жақсы ма? (үйді бейнелейді) 
Жақсы! (алақандарын соғады) 
Биде айналған жақсы ма? (айналады) 
Жақсы! (алақандарын соғады) 
Қазақстандық болған жақсы ма? 
(бас бармақтарын көрсетеді) 
Жақсы! (алақандарын соғады) 
Оқу ақпараты 
Атамекен-туған халқымның,ұлтыңның мекен еткен,ата бабаңның қоныс тепкен жері.Туған жер-әр адамның дүние есігін ашып,өмірге келген жері. 
Адам өмірге келіп,ес жиып,етек жиа бастаған сәттен өз болашағына,өткеніне ден қоя бастайды. Адамның болашағы да,өткеніде атамекенмен тығыз байланыста болады. 
Дәйексөз 
«Туған жер-тұғырың,туған ел-қыдырың» 
Түйіндеме 
Отан сүйер ұлан бол! 
Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін.Сол балалардың,бүлдіршін балдырғандардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммын. 
Менде адаммын жаралған сүйек,еттен, 
Арым бар,намысым бар жер тербеткен 
Қазақтың қарапайым бір ұлымын 
Жанымды арым үшін құрбан еткен. 
Балаларыма,немере,шөберелеріме айтар жалғыз тілегім:Елді сүйер ұлан болыңдар!Өз халқыңа лайықты азамат болып өсіңдер. 
Б.Момышұлы 
Ой толғаныс кезеңінде оқушыларды дәптермен жұмыс жүргізуге шақырамын. 
«Атамекенім - мақтанышым» тақырыбында өз атамекені туралы эссе жазу. 
Мәтіндермен жұмыс 
1.Мұхтар туған жер З.Қабдолов 
2.Менің аулым К.Нығметова 
Тапсырма 
Атамекен 
М.Айтқожина 
Мекен ғой бұл,ел көшкен қия құздан 
Қара тастан жас тамып,күй ағызған 
Жақсыны да,жаманды көрген далада, 
Кеңдігінен кеудеге сыя алғызған. 
Мекен ғой бұл тұлпардың ізі қалған, 
Көкжиектегі жүріпті жүзіп арман. 
Домбырадан бір мезгіл күй толастап, 
Арулардан нәзік ән үзіп алған. 
Жүректен – жүрекке 
Қармақшым 
Туған жер Қармақшым қазынам 
Көрмесем мен сені сағынам. 
Қорқыттың киесі дарыған 
Қолдасын Марал бабам! 
Қармақшым жыраулар мекені 
Толқыта ән салып кетеді 
Қандай жер өзіңе жетеді 
Ғашықпын саған далам. 
Қайырмасы: 
Ән – жырым дастаным Қармақшым 
Аяулы аспаным. 
Арайлы ақ таным Қармақшым 
Мәңгілік мақтаным

















Сабақтың тақырыбы: Машина тігістерінің түрлері

Сабақтың мақсаты: Машина тігіс түрлерімен танысу

Міндеттері: 1. Оқушыларды әртүрлі тігіс түрлерімен және тігін машинасында жұмыс жасаудың техникалық талаптарымен таныстыру.

2. Әртүрлі тігістерді орындау технологиясының ерекшелігімен таныстыру.

3. Жұмыс барысында белгілі бір тәртіп ережесін сақтауға, өзара көмек көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Суретті түсіндірмелі, әңгімелеу

Көрнектілігі: Кестелер, тігу үлгілері, нұсқау картасы

Құралы: тігін машинасы, жіптер, қайшы, мата.

Сабақтың жоспары: 1. Ұйымдастыру кезеңі

2.Өткен сабақты қайталау

3.Жаңа материалды түсіндіру

4.Сабақты бекіту

5.Сарамандық жұмыс

6.Тексеру бағалау

7.Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақта жоқ оқушыны белгілеу.

Сынып тазалығына назар аудару.

2.Үй тапсырмасын қайталауға арналған сұрақтар:

Жасанды талшықтар шикізаты?

Синтетикалық талшықтар шикізаты?

Жасанды талшықтар қандай қасиеттерге ие?

Синтетикалық талшықтан жасалған маталардың қандай қасиеттері бар?

3. Жаңа материалды түсіндіру

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Оқушыларды машина жұмысының терминологиясымен таныстыру. (тақтада кесте) Киімді дайындау кезінде әртүрлі жұмыстар атқарады: қол тігістерін орындаймыз.

Машина тігістері қолданылуына қарай біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.

Біріктіру тігісі— тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет жасайды. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, қосарлы тігу, және бүктемелі тігістер. Біріктіру тігістері иық,, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Қиықтарын, жеңдерді, иінігіш қалта, қатпарлады біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы : сырып тігілген тігісті жатқыза немесе айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген

Бүктелмелі тігіс – төсек орын жаймаларын, жейде пішімді блузка , ерлер жейдесін (иініш-кокетка) тігу кезінде қолданылады.

Шет тігістері(6 сурет)- жаға, мойындық, өңір қолтық ойындысы (шеті сетінеп кетпес үшін және әрлеу үшін (әдіп) қолданылады.

Шеттік тігістерге – жабық қиықтығы бүгіп тігу, жөрмеу (оверлог) шеттіктеу тігістері жатады.

Жөрмелген тігіс— өңір шектерін, жаға, қаттама (манжаш) қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу.

Ашық қиықты бүгілген тігіс— өңірдің ішкі жиеген, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жкңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Яғни өңдеу барысында, қиықты алдын ала торлайды.

Жабық қиықты бүгілген тігіс— жібек және мақта – мақтадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлек етегін, жеңнің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.

Шет тігістерінің түрлері— үш түрге бөлінеді, ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.

Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі немесе әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен жиектеуге болады.

Өңдеу тігістері – бұл тігіс бөлшектерді өңдеуге және жалпы бұйымның белгілі бір пішінін беруге қолданады.

4.Сабақты бекітуге арналған сұрақтар

— Қандай тігіс түрлерімен таныс болдыңдар? (машина тігістерімен, біріктіру, шет тігістері)

— Бріктіру тігістері-қандай жағдайда қолданады? (иық, бүйір қиықтарын, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде)

— Шеттік тігістері мен әрлеу тігістері қай кезде қолданады? (жаға, мойындық, қолтық ойындысы шеттерін сетінеп кетпес үшін)

— Әрлеу үшін қалта үшін, өңірге, кеудеше қиығына әдіп салындар.

5.Сарамандық жұмысты орындау.Жөрмеу тігісін орындау.

Нұсқау картасы таратылады: ТҚЕ- еске түсіру, қайталау.

Материалдар мен құралдар. Өлшемі 15×5 см мақта матасы. Жиектеу тігісі үшін өлшемі 15×3 см және жөрмеу үшін 13×5 см қиғай мата жолағы, жіп, ине, қайшы, тігін машинасы.

Жұмыстың орындалу реттілігі:

Бөлшекті ішіне қаратып, қиықтарды теңестіре қосып көктеп тігу

Қиықтардың шетінен 5-7 мм қалдырып, машинасынан тігім жүргізу

Тігіс кеңдігін 3-5 мм мөлшерде қалдырып қию 8-сурет.Тігіс кеңдігін 0,5 мм қалдырып ішкі жағынан бұрыштарды қию 9-сурет

Ішкі контур бойынша тігімге қалдырылған орынды бірдей арақашықтықта бірнеше рет тігу керек. 10-сурет

Бөлшектерді өң жағына айналдыру, үлкен бөлшектен ені 1-2 мм шеттік жасау.

Шеттікті бекіте отырып, бүктемеге жақын түзу немесе қиғаш инешаншыммен тігу. 11сурет

Үтіктеу. Негізгі бөлшектің ашық қиығын ирекпен өңдеу.

Бөлшектерді жөрмеу, шеттіктен тігіс ені 0,7-1 см тігін машинасымен тігім жүргізу. 12- сурет

Көктеу жіптерін алу, үтіктеу.

6. Сабақты қорытындылау

— Тігістің енін, тігімнің түзулігін тексеру.

— Қателіктерін, оның себебін анықтау, түзету.

— Баға қою

7.Үйге тапсырма: Әрлеу тігістерін орындау.



Технология  6 сынып


Сабақтық тақырыбы: Матаны пішуге дайындау жұмыстары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға мата туралы толық мағлұмат беру, мата пішудің әдіс – тәсілдерін үйрету;
Дамытушылық: теориялық білімдерін сарамандық жұмыста пайдалана білу, оқушыларды өз бетінше ізденуге дағдыландыру, олардың ой-өрісін дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды осы өнер түрімен қызықтыру, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, сұлулықты қабылдау сезімін ояту, эстетикалық талғамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өз бетінше сарамандық жұмыс.
Сабақтық көрнекілігі:үлгілер, ескертпелер, нұсқау карталары.
Пәнаралық байланыс: сызу, бейнелеу өнері, математика.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
• Оқушылармен сәлемдесемін;
• Оқушыларды түгендеймін;
• Оқушылардың құрал – жабдықтарын түгендеу;
• Оқушылардың зейіндерін сабаққа аударту.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен тақырыпты қайталай отырып, оқушыларға тақырып бойынша сұрақтар қою.
III. Жаңа сабақ.
Пішудің алдында барлық матаны дерлік декатирлейді.
Декатирлеу (тігер алдында мата отырмас үшін) – мақта, мата, зығыр, штапель матаны суға салып сығып (бұрап сықпайды), бойлық жіп бойымен тегістеп жаяды. Содан кейін матаны шала кептіріп, бойлық жіп бойымен терістеме жағынан бастыра үтіктейді. Синтетикалық талшықтармен араластырылған жүн матаны ылғал жаймаға салып, дөңгелектеп орайды, содан кейін 2-3 сағат ауыр затпен бастырып қояды. Жайманы сулау үшін сірке суының ерітіндісін пайдаланады (2 л жылы суға 1 ас қасық сірке суын қосады). Шала кепкен матаның (бойлық жіп бағытымен) терістеме жағынан дәке немесе жұмсақ жұқа мата жайып, үстінен бастыра үтіктейді.
Матаның өң жағын, түгінің бағытын, ақауын анықтау.
Жүн маталарды орағанда өңін ішке қаратады. Мата жиегіндегі түйрелген іздердің томпиған жағы оң жаққа қарайды.
Сәтен матаның өң жағы (көлденең жіптің ширатылуына байланысты) жылтыр болады. Егер матаның өң жағы мен терістеме жағы бірдей болса, онда салыстырмалы алғанда сапалы жағы өңі деп есептеледі.
Түкті маталарға терістеме жағынан әрбір 50-60см-ден бағдар сызық қойып, түгінің бағытын көрсетіп отырады. Түкті матадан тігілетін киім бөлшектерін пішкенде, мата түгі бір бағытта жатуы керек: барқыт және ши барқыттан киім тіккенде түгі жоғары қарайды; ұйпалақ матаның түгін төмен қарайтып пішіп қияды.
Ірі өсімдік бейнелі орнаменті бар матадан бұйым дайындағанда тамырын төмен қаратып, симметриялы орналастырады.
Қолданудың алдында матаның екі жағында мұқият қарап шығады. Ақауы бар жерлерін тігінші борымен немесе ине шаншымдармен белгілейді. Пішу кезінде ақаулы жерлерді айналып өтеді немесе онша көрінбейтін бөліктерге жібереді.
Лекалоларды жайып пішу.
Пішу алдында матаның жиектері келтіріп, өң жағын ішке қаратып, арқау жіптің негізгі жіпке көлденең келуін қадағалай отырып, ұзынынан екі бүктейді. Егер мата шеті қиғаштанып тұрса, ондай бөліктері пішімнен түсіп қалады.


Автор
Дата добавления 18.05.2016
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров107
Номер материала ДБ-087750
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх