Инфоурок Другое КонспектыУрок самопознания 2 класс

Урок самопознания 2 класс

Скачать материал

Мектебі:  Благодар орта мектебі  

Мерзімі:   13.01.2017ж                                 сабақ №17

Тақырыбы:     Текті білу тегін емес.

Құндылығы: дұрыс әрекет  

Қасиеттері: құрметтеу,сыйластық,сүйіспеншілік.

Мұғалімі:     Қасымхан Лаура                                        Сыныбы: 2 «В»

                                                                 Оқушылар саны: 25

Мақсаты: «Сыйластық», «туыстық»  адамгершілік ұғымы туралы түсініктерін кеңейте отырып,дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

-ата тегі, жеті ата туралы түсінік беру;

-сыйластық қасиетін дамыту,

-құрметтеуге,сыйластыққа,сүйіспеншілікке  тәрбиелеу.

 

Сабақ барысы 1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті: (5 мин)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет. 

2. Үй тапсырмасын сұрау: «Арұлан»  әңгімені оқып   келу.

3. Дәйексөз .

«Өзіңді танығың келсе, тегіңді біл»

                                                                               Халық даналығы

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға, барлығына 1 рет айтқызамын.

      - Жеті атамызды барлығымыз білеміз бе?

4. Әңгімелесу: «Отбасы татулығы»

 /қытай аңыз әңгімесі/

Баяғыда бір үлкен отбасы өмір сүріпті. Отбасындағы адамдар саны өте көп екен, бір қауым ел болып, бірге тұрыпты. Ол отбасы ерекше екен, отбасының өзара келісімі де, татулықта өмір сүруі елді таң қалдырды. Оларда ұрыс-керіс, дау-жанжал деген атымен болмайды екен.

Бұл отбасы жайлы әңгіме патшаның құлағына да жетеді. Патша естігенінің ақ-қарасын анықтау үшін ауылға келеді. Ауылда тап-таза, барлығы да жеткілікті, тыныштық пен береке қонған. Патшаның көңілі толып, ерекше бір шаттыққа бөленеді. Сыйластығы жарасқан бақытты отбасында қариялардың орны төрде, уайым-қайғысыз, балалары бақытты, мәз-мейрам екен. Бұған патша таң-тамаша болады. Отбасының қалайша бақытты, тату-тәтті өмір сүруінің мәнісін білгісі келеді. Ол ауыл ақсақалына келіп, отбасындағы татулық пен бірлікке қалай жеткендерін айтуын өтінеді. Қарт үнсіз ғана жүз рет «сүйіспеншілік», жүз рет «кешірім», жүз рет «бірлік» деген сөздерді қағазға мұқият жазып шығады. Үш сөзді оқыған патша таң қалып:

-Осы-ақ па?

-Иә, - деді ақсақал, -Барлық жақсы отбасылар тек осы қасиеттерден құрылады, -деді де, сәл ойланып, - «және шыдамдылық» деген сөзді қосып қойды.

 

1.Баяғыда кімдер өмір сүріпті?

2.Отбасы туралы әңгіме кімнің құлағына жетеді?

3.Қарт қағазға қандай сөздерді жазады?

1.Адамдардың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

2.Бір-бірімізден қандай мейірімділікті көреміз?

3.Біздер бір-бірімізге ізгілік істер жасаймыз ба?

5. Мәтінмен жұмыс:  «Арұлан».     

* Арұлан қандай бала? Аружан ше?

* Олардың отбасындағы сыйластығын қалай байқауға болады?

* Өз аталарың туралы не білесіңдер?

* Нағашыларың туралы не айтар едіңдер?

* Жеті атаңды айта аласың ба?

 

5.      Шығармашылық жұмыс. Тапсырма.

Мұғалім оқушыларға өз отбасыларындағы қалыптасқан тәлім-тәрбие, дәстүрге сүйене отырып, «Біздің отбасымыздағы дәстүрлер» тақырыбына фотоальбом құрастырып, әңгімелеуді тапсырады. Балалар құрастырған фотоальбомдарын сыныпта көрсетіп, ол туралы әңгімелеп береді.

Тапсырма

«Менің туыстарым» атты сөзжұмбақты шешіңдер.

Дәптермен жұмыс.

Мұғалім оқушыларға дәптермен жұмысты орындау жорлдарын түсіндіреді. Оқушылар тапсырманы дәптерлеріне орындайды. Тапсырманы қарындашпен орындау тапсырылады.

6.      Топпен ән айту:

Келші, келші, балашым

Сөзін жазған: Қ. Ыдырысов

Әнін жазған: Е. Хасанғалиев

Айым болып тудың ба?

Күнім борлып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.

Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке,

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар көңілің,

Ақ болар деп ойладым.

Қуанышым арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз.

Бар ағайын жиналып

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде

Болмаған деп сагнаймыз.

Жалғыз дар –өзіңсің,

Атасынының көзісің

Әжесінің сөзісің,

Мен барымды аяман,

Ботақаным сен үшін.

7. Үй тапсырмасы. 18- сабақтан   «Текті білу тегін емес» өлеңін оқып келу.

8.Соңғы тыныштық сәті: Бүгінгі сабақтан алған жақсы ойларды жүрегімізде сақтап,көкейімізге түйіп алайық.

 

 

 

 

5-т

Татулық, тәртіп, талап, тыныштық, тазалық.

 

 Бейне ролик

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок самопознания 2 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 842 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2017 595
    • DOCX 43.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Касымхан Лаура Марскызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Касымхан Лаура Марскызы
    Касымхан Лаура Марскызы
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4951
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 458 человек из 66 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: практические и методологические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Сенсорные системы и развитие нервной системы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 35 регионов