Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок "6 санының құрамы"

Урок "6 санының құрамы"



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: 6 санының құрамы
Сабақтың мақсаты: 

1.Білімділігі: 6 санының құрамын меңгерту, өрнек құру арқылы оның мәнін табуға, теңдік және теңсіздік таңбаларын дұрыс қоя білуге үйрету.

2.Дамытушылығы: Ойлау, есте сақтау қабілеттерін, математикалық тілін дамыту, бағыт - бағдар бере отырып өздігінен жұмыс істеуге, өзіндік талдау мен топтық жұмысты шапшаңдықпен орындауға дағдыландыру.

3. Тәрбиелілігі:Оқушыларды шыпшаңдыққа, ұйымшылдыққа , тапқырлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: қима сандар,санағыш материалдар,дидактикалық материалдар,үлгілер.
Оқыту әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.2.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.

Біз оқушы баламыз,
Қағаз, қалам аламыз.
Ұстазымыз үйреткен,
Сандарды ұғып жазамыз.
Математика сабағын
Мен меңгеріп аламын
Қазір есеп шығарып
Ата – анамды қуантып
Бес деген баға алып барамын
(қолдарынан ұстап оқушылар, бір - біріне жақсы тілектер тілейді)

ІІ. Өткен сабақтан алған білімін тексеру.
6 цифрын жазу.
- 6 санын қалай шығарып аламыз?
- 6 саны қандай сандардан артық?
- 6 - дан кем сандарды ата?
- Қосу және азайту амалына өрнек жаз.
5+1=6 6 - 5=1 6 - 1=5 3+3=6
2+4=6 6 - 2=4 6 - 4=2 6 - 3=3
Өткен сандардың құрамын анықтауға байланысты қызықты есептер шығарамыз.
Арпа іздеген 2 - еуін Сарылау үш түймедақ,
Байқап қалды алыстан. Тамаша екі көктікен.
Айтыңдаршы балалар Балалар маған сыйлаған
Нешеу екен барлығы? (4) Байламда неше гүл екен? (5)
- Міне, балалар, барлығымыз дұрыс таптық. Олай болса біз бүгінгі сабағымызда 6 санының құрамымен танысамыз.

Мысықтың бес баласы
Не берсең, соны жейді екен.
Жаласа қаймақ біреуі,
Табыңдар сонда қанша екен,
Барлығы мысық баласы? (6)
ІІІ. Жаңа сабақ:
1) 6 санының құрамын анықтау.
6 6 6
5 1 4 2 3 3
2) 5+1=6
4+2=6
3+3=6
3) Салыстыру. 6см > 5 cм 5см < 6cм

Сергіту сәті:

Құлақтары жыбырлап,
Ақ қояным отырды.
Тоңып қалып қолдары
Шапалақтап секірді.


«Кім тапқыр» ойыны

Ауызша есептеулер.

1.Көлден ұшты жеті қаз,                    2.Жаңа ғана шалғында,

Қайтып қонды екі қаз,                            Алты бұзау жүр еді.

Қонбады оның нешеуі?                                  Әлде шаршап қалды ма,

Кәне, кім тез шешеді?(7-2=5)                              Жатып қапты біреуі.

Нешеуі енді жайылып,

Айт, жүргенін айырып? (6-1=5)


4) Тақтамен жұмыс:
0 4 см 2 5
3cм 2 см
5) Жасырын сандарды тап. . 2 . 4. 6 6. 4. 2.
«Жеміс теру»ойыны
Шарты: берілген есептерді дұрыс, қатесіз тақтаға жазу
2 - 1+2=3 4-1–1=2 3+1–2=2 1+1+1=3 5–1=4 5–4=1 3+2=5 4+1=5
Дәптермен жұмыс: 

Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
6 санын жазып үйрену
6 санының құрамын жазу. Өрнектердің мәнін табу.
Шығармашылық тапсырма.Салыстыр. Ұқсастығы неде? Айырмашылығы ше?
- Екі үшбұрыш берілген ұқсастығы екеуі де үшбұрыш, айырмашылығы біреуі екіге бөлінген.
ҮІІ. Сабақты қорытындылау: 
- Бүгін біз сендермен қандай санның құрамымен таныстық?
- 6 саны қандай сан?
- 6 санының құрамы қандай?
- 6 санының көршілерін ата.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 18.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров57
Номер материала ДВ-536691
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх