Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Урок "Шешен билер" ( 9 сынып)

Урок "Шешен билер" ( 9 сынып)



Осталось всего 2 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Шешен билер. 9 сынып.


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: қазақ халқының ұлы тұлғалары, шешен билері туралы мәлімет беру. Оқушыларды билер тарихымен таныстырып, шешендік сөздерін үйрету, шешендік пен тапқырлыққа баулу.


Дамытушылық: ойын дәлелдей білеуі мен өзгені тыңдау біліктілігін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.


Тәрбиелік: оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, тарихты қастерлеуге тәрбиелеу.


Сабақтың көрнекілігі: билердің портреттер , кестелер, сызба,күй


Сабақтың түрі: үйлестірмелі = қисынды сабақ..


Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, пікір алу стратегиясы, ой толғаныс, түсіндіру.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, кезекші арқылы сабаққа қатысуын тексеру. Оқушыларды топқа бөлу.


Мұғалім: оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырады.


Сабақтың құрылымы:

1.Ситуациялық жағдай.

2.Топ бойынша жұмыс.

3.Тапсырмаларды орындау

а)мәтінді мәнерлеп оқу

ә)сұрақтарға жауап беру

б)ассоциация құру.

4. Пікір алу стратегиясы.

5. Жалпы талқылау.

6. Ой толғаныс.


ІІ. Ситуациялық жағдай «сөз өнер» екендігі туралы сұхбат

тыңдау.

Сұхбатты рөльмен айту.

Н: Қайырлы күн, Лена

Л: Қайырлы күн, Наташа

Н: Сөз өнері деген не?

Л: Бұл сөзбен ойды оңай жеткізе алу.

Н: Сөз өнерін жақсы меңгерген адамды кім дейді?

Л: Шешен.

Н: Қазақтың қандай атақты шешендері бар?

Л: Төле би, Әйтеке би және Қазыбек би.

Н: Сен бұлардың бәрін кайдан білесің?

Л: Мен «Шешендік өнер» деген кітаптан оқығанмын.

Н: Маған сол кітапты оқуға бере тұрасың ба?

Л: Әрине, ертең әкелейін.

Н: Рахмет. Онда ертең кездескенше сау бол!

Л: Сау бол!


ІІІ. Тапсырмаларды орыңдау.

а) мәтінді мәнерлеп оқу б) ассоциация құру

ә) сұрақтарға жауап беру

Балаларды үш топқа бөлу. 3 парақ қағаздар таратылыды. Тапсырмаларды орыңдау. Әр топ өз тапсырмалар арқылы жұмыс істейді.

І топ Төле би

ІІ топ Қазабек би

ІІІ топ Әйтеке би:

Мұғалім: Балалар,қалай ойласыңдар,біз бүгін сабақта кімдер туралы айтамыз?

Балалар,билер туралы.

Сөздік жұмысы.

ақылшы –советчик, наставник

бауырмал-добрый,отзывчивый

инабатты-воспитаный,вежливый

сыбайлас-соседний

еркелеу-баловатся,нежиться

аймалау-ласкать ,обнимать

мейірімді-любезный

жау-враг

дау-спор

дерт-недуг,блезнь

серт-обешание,присяга

Дұрыс айтуға дағдыландыру

-мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;

-оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;

-тізбекпен оқиды.

2.Жаңа сөздермен сөз тіркестерін кұрау.

3.Сөйлемдер кұрау.

4.Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.


І топ «Кім жақын»? – деген сұраққа жауап береді.

Тату болған ағайын жақын,

Ақылшы болған апайың жақын,

Бауырмал болған інің жақын,

Инабатты болған келінің жақын.

Алдыңа тартқан адал асын,

Қимас жақын – қарындасың,

Сыбайлас болған нағашың жақын,

Адал болған досың жақын.

Еркелеген немерең жақын.

Өз ұрпагыңшөберең жақын.

Жан серігің жас кезіңнен,

Бәрінен де әйелің жақын.


ІІ топ «Не қымбат»? – деген сұраққа жауап береді.

Алтың ұян – Отаның қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбат.

Аймалаған анаң қымбат,

Мейірімді апаң қымбат.

Асқар тауың - әкең қымбат,

Туып-өскен елің қымбат.

Ұят пенен ар қымбат,

Өзің сүйген жар қымбат.


ІІІ топ «Не қиын»? – деген сұраққа жауап береді.

Арадан шыққан жау қиын,

Таусылмайтын дау қиын.

Жазылмаған дерт қиын,

Іске аспаған серт қиын.

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын,

Не істерінді біле алмай,

Ашиды сонда бас, миың.

Ассоциация құру. Әр топ оқушылары білетіндерін жазып, тілдік қорын дамытады. Тірек сызба арқылы өз ойларын жеткізеді.

Төле би тобы Қазыбек тобы




hello_html_244b5fd4.gifhello_html_2abcd.gifhello_html_5789e2f7.gifhello_html_5789e2f7.gifhello_html_4641c3ba.gifhello_html_m2df47aa7.gifhello_html_6b11c135.gifhello_html_m48312614.gifhello_html_6b11c135.gifhello_html_m48312614.gifhello_html_4641c3ba.gifhello_html_4641c3ba.gifhello_html_5789e2f7.gifhello_html_5789e2f7.gif










Әйтеке би тобы.



hello_html_5789e2f7.gif

hello_html_m236a804b.gif


hello_html_6b11c135.gifhello_html_m144fe10a.gif


hello_html_m2df47aa7.gif



ІV. Пікір алу стратегиясы.

Ал, еңді оқушылардың өздері ізденіп, зерттепе келген жұмыстарымен танысамыз.

Өз мәтіндерін оқып, ауызша айтып береді.

Басқа топтың оқушылары өз пікірлерін айтып беруге тиіс..

І топ Төле би. Төле би туралы не білесіңдер? Айтып беріңдер.

Төле XVII – XVIII ғасырларда өмір сүрген, өз заманынының ақылды, парасатты азаматты болған. Өл – ақылды, әділ, шешен, халықты ойлаған адам болды. Төле би ел алдында үлкен сенімге, беделге ие болған. Төле би – Ұлы жүздің бас биі болыпты. Қазір Алматыда Төле би атындағы көше бар.



I топ.Төле би туралы не білесіңдер?Айтып беріңдер.

Төле XVII – XVIII ғасырларға өмір сүрген,өз заманының ақылды,парасатты азаматты болған. Ол – ақылды,әділ,шешен,халықты ойлаған адам болды. Төле би ел алдында үлкен сенімге,беделге ие болған. Төле би – Ұлы жүздің бас биі болыпты.Қазір Алматыда Төле би атындағы көше бар.




ІІ топ Қаз дауысты Қазыбек би, туралы не білесіңдер? Айтып беріңдер.

Қазыбек би (1667 – 1764) қазақ пен қалмақ арасындағы шапқаншылдықты бітіруші, батыл елші болды. Қазыбек би Тәуке ханның тұсында өмір сүрген. Ол қазақтың үш жүзінің бір биі болыпты. Ол әрқашан хылықтың арасында болған. Ұзақ өмірін ат үстінде, ел шетінде, жаудың ішінде өткізген. Қаз дауысты Қазыбек би – ең алдымен, асқан шешен, ақын.


ІІІ топ Әйтеке би, туралы не білесіңдер? Айтып беріңдер

Әйтеке Байбекұлы (1681 -1737) жасынан әрі батыл, әрі жезтаңдай шешен болған. Оның аты шешендігімен, тапқырлығымен мәлім. Артына аталы сөз қалдырған шешен билердің бірі. Қазақ халқының басын біріктіріп, бір орталықтан басқарған және туысқан қарақалпақ, қырғыз халықтарымен одақ құрып, жоңғар қалмақтарына қарсы бірыңғай халық майданын ашқан, Тәуке ханның кеңесші, көмекшілерінің бірі болған. Сонымен, Әйтеке би – шешендігімен бірге кезінде ел басқарған, заң жобасын жасасқан, феодалдық қазақ мемлекетін құруға ат салысып, үлкен үлес косқан қоғам қайраткері.



V. Жалпы талқылау: оқушылар өз жауабын тақтада дәлелдейді


. Ой толғаныс.

(Халқымыз батаны қасиетті, құдіретті сөз санаған). /Мақал айту/


  1. Ел ұлсыз болмас, Нет земли без цветов,

Жер гүлсіз болмас. А народа без героев.

  1. Батыр туса – ел ырыс, Дождь пойдет – земле

счастье

  1. Жаңбыр жауса – жер ырысы. Батыр родится – народу

счастье

  1. Жауға жаныңды берсең де, Жизнь врагу отдай,

Сырыңды берме. Но тайны не выдавай.

  1. Жау жоқта батыр көп, Когда в уме спроса нет,

Дау жоқта ақыл көп. Умников много,

Когда пасности нет,

храбрецов много.

  1. Батырдың атын жау шығарады, Имя оратора спор

выявляет.

Шешеннің атын дау шығарады. Имя батыра враг называет.

  1. Жауға жалынба, В беде друга не вини,

Досқа тарылма. у врага пощады не проси.

  1. Тәуекел ет те тас жұт, На риск и камень проглоти.

Ажал жетпей өлмек жоқ. Пока срок не подойдет,

смерть подождет.

  1. Дұшпанға тастай қатты бол, С врагом будь тверд, как

Досыңа балдай тәтті бол. камень, с другом будь

сладок, как мед.


Мұғалім: Әр бидің дәрежесі, беделі әр түрлі. Жүздер арасындағы даулы мәселерді әділдікпен даулы мәселерді әділікпен шешкен билер. Атақты билер халқына, Отанына аянбай қызмет еткен. Сондақтан да ұмытпайды туған халқы үшін аянбай еңбек еткен олардың есілдерін біздер мәңгі ұмытпаймыз.


Vhello_html_m3fd75b71.gifІІ. Рефлексия. Балалар өз пікірін айтуда.

Шhello_html_262cc62d.gifhello_html_7e48ac9.gifhello_html_m3f6c94c1.gifешен билер туралы не білдік?

hello_html_3ce30924.gif

hello_html_366d082e.gifhello_html_d607eb8.gif

Әhello_html_m880c397.jpgбілмәжінова Баян Ақанқызы – бірінші санатыдағы қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Қазақстан Республикасының Петропавл қаласындағы «№5 орта мектеп» КММ





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Қазақ халқының ұлы тұлғалары, шешен билері туралы мәлімет беріп, оқушыларды билер тарихымен таныстырып, шешендік сөздерін үйретіп, оқушыларды шешендік пен тапқырлыққа баулу.

Оқушылардың өз ойын дәлелдей білеуі мен өзгені тыңдау біліктілігін дамыту, өз бетімен жұмыс істеуге, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру.

Оқушыларды қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттырып, тарихты қастерлеуге тәрбиелеуге арналған.

Автор
Дата добавления 13.05.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров366
Номер материала 277755
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх