Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Урок "Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж" 3 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Урок "Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж" 3 класс

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер дүниесі адам қамқорлығына мұқтаж.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өсімдіктер әлемін қорғап, сақтаудың қажеттігін, Қызыл кітаптың ерекшелігін түсіндіру.

Дамытушылық: Жаңа технологияларды басшылыққа ала отырып, сөздік қорын молайтып, ойын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие

беру.

Сабақтың түрі: қорытынды сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, талдау

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд, бейнежазба, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

«Дирижер» ойынын ойнату арқылы ынтымақтастық атмосферасын құру. Жүргізуші бір қимыл көрсетіп, сұқ саусағымен кімді көрсетсе, сол адам сол қимылды қайталауы керек. Жүргізуші бір қимылды бірнеше адамға жасата отырып, белгілі бір дыбыстар шығаруы керек.

Топқа бөлу

Суреттер арқылы 4-топқа бөлу.

Топ басшысын сайлау. Бағалау парағын беру.

ІІ. Өткенді еске түсіру.

1-топ

Өсімдікті қандай топтарға бөлеміз?

-Өсімдіктер қанша жыл тіршілік етеді?

- Ылғал сүйгіш және су өсімдіктерін ата.

- Өсімдіктер жапырағына қарай қалай бөлінеді?

2-топ:

- Өсімдіктер қандай жерлерде өседі?

- Біржылдық өсімдікке қандай өсімдікті жатқызамыз?

- Сарықараған неше жыл тіршілік етеді?

- Емен қандай шөптесін өсімдіктердің арасында өсіп-өнуге бейімделген?

3-топ:

-Екі жылдық өсімдіктерге қандай өсімдік жатады?

- Емен неше жыл тіршілік етеді?

- Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата.

- Бидай,күрішті,қызанақты неге мәдени өсімдіктер деп атаймыз?




4-топ:

- Өсімдіктер неге топтасып өседі?

- Көпжылдық өсімдікке қандай өсімдіктер жатады?

- Қайың қанша жыл тіршілік етеді?

- Жабайы өсімдіктер қалай өседі?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Бейнежазбадан видео көрсету арқылы тақырыпты ашу.

Өсімдік - тіршілік тірегі. Өсімдіктер жылына ауа қабатына 400 млн. тонна оттегін бөліп шығарады. Жылына бір адам тыныс алу үшін 173 мың литр оттегін қабылдайтыны анықталған. Өсімдіктер ауада ауру тудыратын бактерияларды жоятын ерекше зат бөліп шығарады.
Сонымен бірге жануарлар үшін қорек, баспана. Ал адам тағам, үй, жиһаз, ауырғанда ем ретінде пайдаланады.
Адамның түрлі іс - әрекеттері өсімдікке әсер етеді. Тікелей әсері - орманды кесу. Кешенді әсері - ауылшаруашылық зиянкестерімен күресу үшін егістіктерді, бау - бақшаны, егістіктерді жояды. Ойланбай істелетін іс - әрекеттері - шаруашылық саласында, демалыс кездерінде байқамай өрт шығып, өсімдіктерге зардабын тигізеді.

ІV. Оқулықпен жұмыс:

Тақырыпты төрт бөлікке бөліп, тізбектей оқыту арқылы мәтінге талдау жасату.

«Қызыл кітап» туралы не білесіңдер?

V. Сергіту сәті: Би билейді.

VІ. Дәптермен жұмыс. Ереже жазу.

«Кім жылдам?» ойыны экологиялық есеп шығару. Қызықты мәлімет.

VІІ. Сабақты бекіту: Тест

1. Біздің елімізде өсімдіктің:

а) 6000 түрі ә) 40 түрі б) 25000 түрі в) 600 түрі

2. Өсімдіктің тіршілік етуі үшін өте қажетті жағдайларды тап
А) ауа, су, көлеңке Ә) ауа, корек, ылғал, жарық, жылу

Б) жарық, су, құм, саз В) топырақ, су, тұз

3. Жылу сүйгіш өсімдіктерді тап

А) күреңот, жоңышқа Ә) сүттіген, жантақ

Б) жалбыз, күреңот В) жүгері, күріш, қияр

4.Суыққа төзімді өсімдіктерді тап

А) жоңышқа, жалбыз Ә) сүттіген, жантақ
Б) қоға, құрақ В) бидай, сұлы, арпа

5. Сирек және құрып кету қаупі бар өсімдіктер:

а) конституцияға ә) тіл жөніндегі заңға б) «Дүниетану» оқулығына в) Қызыл кітапқа енген



VІІІ. Сабақты қорытындылау:

Табиғат Ана, құшағын саялайық,

Қорғау үшін күш-жігер аямайық.

Ол болмаса, сен жоқсың, осыны ұқ!

Адамзат! Табиғатты аялайық!- дей келе “Тілек ағашына” өз тілегімізді жазайық.


ІХ. Бағалау парағы Үйге тапсырма. 128-130 бет оқу, әңгімелеу . “Мен табиғаттан не үйрендім?” тақырыбында шағын әңгіме жазу













Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров101
Номер материала ДВ-407752
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх