Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Урок "Сұлу Көкше сырлары"

Урок "Сұлу Көкше сырлары"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Сұлу Көкше сырлары Мақсаты: Көкшетаудың сұлу табиғаты, Бурабай жерінің аңыздарымен таныстыру, тылсым табиғаттың қыры мен сырын ашу. Міндеттері: оқушылармен сырттай Бурабай аңыздарына саяхат жасау, Бурабай өлкесіне деген танымдық-қызығушылық қабілеттерін арттыру, балаларды туған жер табиғатын қорғай білуге, құрметтеуге тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін ояту. Барысы. Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар мен Оқушылар! Бүгінгі «Сұлу Көкше сырлары» атты тәрбие сағатымызға қош келдініздер! (Слайд: Бурабай табиғаты) 1-Жүргізуші: Арайлап алтын таңы нұрлы Отаным, Шалқыды жер жәннаты Бурабайым. Қазақтың әсем сәнді өлкесінде Орда сап ту көтерген Абылайым. Сексен көл жарқыраған айналаңда, Жайқалған жапырағы ну орманда. Оқжетпес, Жұмбақтастар тағзым етіп, Бас иер шыққан күн туған айға.

(2-Жүргізуші:  Бурабай өлкесі аңызға ғана толы емес, үш жүздің басын қосқан Абылай хан сияқты тарихы ұлы адамдарымен де танымал. (көрініс)  Күй  «Адай 1-Жүргізуші: Иә, Бурабай өлкесінің табиғаты қандай тамаша! Өздерініз көріп өткендей өлкеде 14 көл орналасқан. 2-Жүргізуші: Бурабай жерінде өсімдіктің 757 түрі бар, оның 109-ы қорғауды қажет етеді. 12-сі «Қызыл кітапқа» еңгізілген. 65 % қарағай , 31 %  қайың, 3 % көктерек және 1 % бұталар құрайды. 1-жүргізуші: Иә, Бурабай өлкесінің табиғаты қандай тамаша! Өздеріңіз көріп өткендей өлкеде 14 көл орналасқан.    2-жүргізуші: Бурабай жерінде өсімдіктің 757 түрі бар, оның 109-ы қорғауды қажет етеді. 12-сі «Қызыл кітапқа» енгізілген. 65% қарағай 31% қайың, 3% көктерек және 1% бұталар құрайды.   1 - Жүргізуші: «Талай сыр ертегіні ел айтады, Ызыңдап таудан соққан жел айтады. Сырласып сыбырласқан жапырақтар, Күндіз-түн күңіренген көл айтады.» Бұл бір көрген жан ешқашан ұмыта алмас көркемдік! Бұл кереметтің сыры неде? Табиғаттың тылсымды жұмбағы ма...? Солай шығар! Ал ол хақында ата-бабаларымыздың ұшқыр қиялы тудырған қазақтың аңыз әңгімелері қаншама!? 2-Жүргізуші: Жер жаннаты, жер мен көктің сұлуы-Көкше, Ризамын бар ғұмырым көкшеде өтсе. Табиғат, таңғаламын тамашаңа, Қандай күш жаратты екен сені ерекше! Суреттеп жеткізе алмай қанша мақтап, Келеді көкше сұлу көп сыр сақтап. «Өзгемнен осым  қымбат » дегендей-ақ Көкшетау Бурабайды тұр құшақтап,-     деп Қасым Аманжолов жырлаған жер мен көктің жәннаты, Арқаның кербез сұлуы, аңызға толы киелі де ғажайып Бурабай өлкесі көз тойғысыз. Көрініс: Ата мен бала. (Ата-Искаков Әбілмансүр, бала- Бекасилв Ерболат) Ата: Әй балам, бері кел. Қырында киік жайлаған, Суында балық ойнаған. Көркіне көз тойғысыз, көне аңыздар әлемі Бурабай жері дегеніміз осы өлке! Бала: Ата, бұл жердің тамаша табиғатын күнде теледидардан көруші едім, бүгін міне, өз көзіммен көргеніме қуанып тұрмын. Ата: Иә, балам, бұл жерді көргенде таңырқамайтын жан жоқ. Бұл табиғи құбылыс, адам баласы сенгісіз ерекше жаратылыс. Бала: Ата, «Бұл жер аңызға толы» деп тарих мұғалімі айтушы еді, сіз де маған өзіңіздің білетін аңыздарыңызды айтып беріңізші. Ата:Бұл жер-өте қасиетті жер. Абылай ханның ақ ордасын тіккен жері, Ақан сері, Сәкен мен Біржанның, Шоқан мен Балуан Шолақтың, талай тарихи батырларымыздың ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қалдырған аманаты. Бала:Бұл жер үш жүздің басын қосқан Абылай хан алаңы ғой, иә, ата. Ата: Дұрыс айтасың, балам, Абылай хан алаңы дегеніміз осы жер. Қане балам, Алға қарай жылжиық. Бала: Ата, мен бұл жердің табиғатының сұлулығына қарап өлең құрастырдым, тыңдашы мені. Ата: Таңғажайып көрініске шабытың оянып өлең шығарып жібердің бе, оқы, өлеңіңді тыңдайын. Бала: Шабытпен қолыма қағаз, қалам аламын ба? Көркіңе таң қалмай мен қаламын ба?! Ойласам шіркін мың құбылып,   Көз тоймай ғашық болып барамын мен, мен! Қарбыздай басыма ой жүгіртіп ойласам, Жұпар иісті аусына тоймасам, Жүйрік ой желіктіріп шабытымды, Сексен көл жағасында бойласам мен, мен! Өлеңім қалай ата? Ата: Өлеңің жаман емес. Бірақ соңғы шумақтарында армандап кеткен сияқтысың. Сен мына өлең жолдарының соңына «мен, мен» деп өзіңді жаза беріпсің. «Ата, ата» дегенде сондайсың, « Атам екеуіміз» деп өлеңнің бір жолын неге маған арнай салмайсың? Бала: бұл әшейін жаза салған өлең ғой, ата! Немене, ренжіп қалдыңыз ба? Енді өлең жазғанда бірінші жолын сізден бастаймын ата! Ата: Жақсы, жетер енді. Ерте күнді кеш қылмай Жұмбақтас пен Оқжетпес тауын көріп қайтайық. ( атасы мен баласы кетеді) Күй: «Ерке сылқым» Оқжетпес, Жұмбақтас (сахналық көрініс Хан- Дастан, 1-батыр – Диас, 2-батыр-Айбек, 3- батыр- Нұрислам) 1- Жүргізуші :  Ерте заманда қазақтар мен қалмақтар бір-бірімен жиі жауласып соғысқан. Қалмақ қыстауына жасаған сондай жорықтардың бірінде Абылай ханның ержүрек батырлары жеңіске жетіп, мол олжамен оралды. Қалмақтан жаулап алған жылқыларды, алтын, күмістерді, қару жарақтарды бөліп алу үшін олар Бурабайдың ең сұлу жерлерінің біріне тоқтайды. Олжаның ішінді тұтқынға алынған керемет сұлу қалмақ қызы болады. Барлық олжаны бөлісіп алған батырлар кезек қалмақ қызына келгенде дауласа бастайды. 1-Батыр: Қыз менікі болады, өйткені іштеріңдегі ең батылдарың менмін! 2- батыр: Сен батыл болсаң, мен ең күштімін, сондықтан қыз менікі болады! 3-батыр: Дауласпаңдар! Менің жасым сендердің барлықтарыңнан да үлкен, сондықтан қызды мен аламын! 2-жүргізуші: Абылай ханның сарбаздары ұзақ уақыт дауласады, дау шешілмейді. Батырлардың барлығы да бірінен бірі өткен ержүрек, күшті, мықты болғандықтан әрқайсысының да қалмақ қызын алуға құқығы бар екендігіне сенімді. Уақат өткен сайын дау қыза түседі. Батырларын жауластырып алмау үшін дауға Абылай ханның өзі қатысады. Абылай хан: Бұл талас түсті менің қаруыма, Қайтсе де көнесіңдер балауыма.   Бәріңді көріп өзі таңдау қылсын, Бұйырдым тұтқын қыздың қалауына. 1-Жүргізуші: Абылайдың ержүрек әрі қабілетті батырларының бірін таңдауға, қалмақ қызы тағдырына көнген еді. Бірақ өзінің суйген адамы болғандықтан қыз жүрегі бұл шешімге көнбей, тұтқында өмір сүргісі келмейді. Қалмақ қызы:Хан ием, менен таңдау сұратсаңыз,    Бұл істі осылайша ұнатсаңыз, Таңдайын төреңізге құлдық айтып,   Өнерін батырлардың сынатсаңыз. Мен анау тұрған биік таудың үстіне шығып қолыма орамал ұстаймын. Жебесін орамалыма жеткізген батырға  мәңгілік жар боламын. 2-жүргізуші: Бұл шешімге барлығы келіседі. Батырлар бәрі шетінен мерген, жебелері атқан жеріне жетпей қалған емес. Алғашқы болып Махмұтжан батыр шығады. Бірақ оның атқан жебесі тау шыңына жетпей қалады. Мейрамбек батырдың да жебесі тастардың арасында қалып қояды. Зауырбек батыр жебесі де қыз орамалына жетпейді. Қыз талабын ешкім де орындай алмайды. Батырлардың оқтары оның орамалына жетпейді. Сонда батырлар «кімде кім қызға бірінші болып жетсе, сол қызды алады» деп шешеді. Бірақ қалмақ қызы тау үстінен құлап көлге түседі.

Сол кезден бастап көлдің ішінде сұлу қылмық қызына ұқсайтын Жұмбақтас деп аталған тас пайда болады. Ал биік тауға Оқжетпес деген ат беріледі.

1-Жүргізуші: Бүгінде Бурабайға демалуға келгендер «Билейтін ақ қайыңдарға» қарамай кетпейді. Олар расында көңілді билеп жүрген әдемі  қыздарға ұқсайды. 2-жүргізуші: Қазақ тарихында маңызды қызмет атқарған тұлғалардың бірі, Абылай ханның немересі 1841-1847жылдары хан болған-Кенесары Қасымұлы. Ол жәнібек пен Керейден бастау алатын хандықтың соңғы ханы, патша империясының отарлау саясатына ақылдылығымен, батырлығымен, тосқауыл бола алған, елім деп еңіреген туған ерлердің бірі. 1-Жүргізуші: Қазіргі уақытта осы үңгірде Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері жазылған мемориалды тақта орнатылған: Сол түні сонау үңгір тау ішінде  Қабағын қарс жазып Кене ойлады Қамалған қазағына жол таппақа Жүрегін тілім-тілім тіле ойлайды. 2- жүргізуші: Жер жәннаты- Бурабайда 2010 жылы Республикалық оқу демалу орталығы «Балдауренде» Математикадан 51 –і Дүние жүзілік олимпиада өтті, оған 98 елден оқушылар қатысты. Оқушылардың бәрі ортаға шығады.   Ән «Қазақ елі». 1-жүргізуші: Кербез сұлу, ауасы дертке дауа Бурабай жерінде аздаған саяхатымыздың шегіне жеттік! Желіде тұлпар, көгінде қыранымыз қалықтап, туған өлкеміздің тарихы мәңгілік, тұғыры биік болсын!

Қолданылған әдебиеттер : интернет ресурстар, өлендер жинағы







Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 21.04.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров100
Номер материала ДБ-046859
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх