Инфоурок Логопедия, Дефектология КонспектыУрок "Табиғаттың 4 мезгілі"

Урок "Табиғаттың 4 мезгілі"

Скачать материал

 

Абдуайтова Күләш Жолдасқызы – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, мұғалім-дефектолог

Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы №1 ЖОББМ

E-mail: kulyash_72@mail.ru

Еңбек өтілі: 21 жыл

 

Сөйлеу тілінің дамуында және оқу қызметінің қалыптасуында бұзылымы бар оқушыларға арналған сабақ жоспары.

4-5 сынып оқушылары үшін

Сабақтың ұзақтығы -35-40 мин.

Пәні: дүниетану, жаратылыстану

Сабақ тақырыбы: Табиғаттың төрт мезгілі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың жыл мезгілдері туралы білімдерін бекіту. Жыл мезгілдеріне тән басты белгілерді дұрыс ажырата білуге үйрету. Білім қорларын молайту.

Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.

Дамытушылық: Өзіндік ойын сөйлеммен дұрыс құра білуге дағдыландыру. Таным белсенділіктерін, сөздік қорларын, ұсақ қол моторикасын, ауызша және жазбаша тілін дамыту.

Сабақ түрі: Бекіту сабағы

Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, тіл дамыту, жұптық жұмыс, өзіндік жұмыс

Көрнекілігі: слайд, жыл мезгілдері бейнеленген сурет-плакат, суреттер, жұмбақтар жинағы.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру. Оқушылардың назарын тақырыпқа аудару.

-Оқушылар, мына жұмбақтардың жауабын тез тапсаңдар,  бүгінгі сабағымыздың да тақырыбын анықтай аласыңар.
 Өрік , алма,

Жидек, жүзім піседі.

Астық пісіп,

Қырман дәнге толады

Бұл қай болады?(Жаз)
Жапырақты бояды,
Атырапты бояды.
Бояп-бояп барлығын
Сап-сары ғып қояды.   (Күз)

Суда мұз бар,

Жерде қар бар.

Боран борап соғады.

Бұл қай мезгілде болады?(Қыс)

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Гүлжазира жарасқан

Гүлдерімен қай кезең? (Көктем)

Жаңа білім.

-       Сонымен,  сабағымыздың тақырыбы не туралы болды? Бұл атауларды бір сөзбен қалай атаймыз?

-       Дұрыс айтасыңдар. Жыл мезгілдері.

-       Неше жыл мезгілі бар?

-       Күннің жылуы, желдің соғуы, боранның ұйтқуы қандай құбылыстар?

-       Табиғат құбылыстары.

-       Ендеше, жыл мезгілдері де табиғаттың құбылыстары болып есептеледі.

 1-тапсырма. Дәптермен жұмыс.

 Бұл қай мезгілге тән белгілер?

1.Ауада дымқыл сыз бар. Аспан күңгірт, бұлыңғыр. Маңайда қызарып солған қурайлар көрінеді.

2. Жұқалаң қар күншуақта ери бастады. Ызғырық жел жоқ. Енді аз күнде сай-саламен сарқырап аққан су кең алқапқа құлайды.

3. Түнімен жауған мамық қар ауланы аппақ тонға орап тастапты.

4. Біз жайлауға шықтық. Жолда бүлдіген тердік. Күн ыстық еді. Мен қатты шөлдей бастадым.

Артикуляциялық жаттығулар:

Сіріңке жағып суға батырамын.

Сұрақ:

-От қалай сөнді?

- Быжж.(қайталайық)

 

Шарды үріп, оқыстан жарып қаламын.

Сұрақ:

-Шар қалай жарылды?

- Тарс.(қайталайық)

 

Барабанды қатты соғамын.

Сұрақ:

-Барабан қайтті?

-Дүңк-дүңк.(қайталайық)

 

Тіл дамыту жаттығуы:

Жаңылтпашты қайтала да жатқа айтып көріңдер.

Күн ыстық,

Күнге  қыздық.

Суға түстік,

Үздіксіз жүздік.

 

Қыста –

Күн қысқа.

Күн қыста-

Тым қысқа

2- тапсырма. Жұптық жұмыс.

Табиғаттың төрт мезгілі бір-біріне ұқсамайтын құбылыс. Әр мезгілге тән басты белгілерді бірін-бірі қайталамайтын жекелеген сөздермен және сөз тіркестерімен толықтырып жаз.

Жаз-  .... (ыстық, суға шомылу, лагерь, т.б.)

Күз- ...(салқын, бұлт, жаңбыр, сары жапырақ, т.б.)

Қыс - ...(суық, қар, аққала, жылы киім, мұз т.б.)

Көктем -...(күн шуағы, гүлдер, бұлақ сылдыры, т.б.)

Сергіту.( дене қимылы жаттығуы)

Жел бетімізге қарай соғып тұр(қол білезіктерін қозғай отырып, беттеріне қарай желпиді.

Ағаштар шайқалады(қолдарын жоғары көтеріп, өздері де тербеледі).

Жел сәл тынышталды(орындарына отырады).

Ағаштар әлде де жоғары өрлейді(орындарынан тұрып, қоларын аспанға созады.

(Оқушылардың еркіне қарай қайталауға болады)

3-тапсырма. Өз бетімен жұмыс. Мәтінді аяқта.

Күз мезгілі. Күн  бұлтты. Біз егінге қарай бет алдық....

Көзге арналған жаттығу:

-       Оқушылар, көбелек қай кезде көбірек болады? Қай жерлерден кездестіреміз? Көбелек қалай ұшады? Ендеше көбелектің ұшу бағытымен көзімізді қозғайық. (Алға-кері, сегіз саны тәріздес ұшайық).

 

 

 

 

 

 

 


Ұсақ қол моторикасына арналған тапсырма.(суреттерді штрихтау, қоршап бояу)

http://skachat-kartinki.ru/img/picture/Dec/04/1180d698fb7624398899b0165dd0d4bd/mini_1.jpg                http://printonic.ru/uploads/images/2016/01/05/img_568b6f2179f65.jpg

Бекіту сұрақтары:

 «Сұрақ менен, жауап сенен»

1. Көктемнің алғашқы гүлі(бәйшешек)

2. Тәтті шырын беретін ағаш(аққайың)

3. Хош иісті орман гүлі(мертуертгүл, інжугүл)

4. Халықаралық әйелдер мерекесін қай мезгілде тойлаймыз?(көктемде)

5. Ең мықты еңбекқор жәндік(құмырсқа)

6. Әр жыл мезгілінде неше ай болады?(үш ай)

7. Бір жылда неше ай бар?(12 ай)

8. Әр ай неше күннен тұрады?(30-31)

9. 30 күнге жетпейтін ай қыстың нешінші айы?(екінші)

10. Бір жылда неше жыл мезгілі бар?(төрт)

Рефлексия.

-Бүгінгі сабақ несімен пайдалы болды?

 Қандай жаңа ұғым алдыңдар?

Үйге тапсырма: Табиғат мезгілдеріне арналған мақал-мәтел жаттау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок "Табиғаттың 4 мезгілі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 383 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.05.2016 1834
    • DOCX 278.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдуайтова Куляш Жолдасовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абдуайтова Куляш Жолдасовна
    Абдуайтова Куляш Жолдасовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1909
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Машинист насосных установок: аспекты эксплуатации насосного оборудования

180 ч.

2490 руб. 1490 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Скоростное чтение

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1241 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 777 человек

Курс профессиональной переподготовки

Управление дошкольной образовательной организацией

Заведующий детским садом (детскими яслями, яслями-садом)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 81 человек

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 49 человек

Мини-курс

Эффективное планирование и управление временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Маркетинг и продажи: стратегии и инструменты для успешного бизнеса

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе