Инфоурок Другое Другие методич. материалыУрок " Табиғат-тіршілік көзі"

Урок " Табиғат-тіршілік көзі"

Скачать материал

 

 

 

 

 

 Тексерілді

ДОІЖО:                      Малькова О.Н

А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп- гимназия

Қазақ тілі пәнінің  мұғалімі:Ахмедова Э.А.

Қысқа мерзімді ашық сабақ жоспары

  Пәні:   қазақ тілі

Сынып:       6 «Г»

Мерзімі:   18.01.2017жыл.

 

 Тақырыбы:                              

 

Табиғат- тіршілік көзі

Құндылық:

Қиянат жасамау

Қасиеттер:

Қоршаған ортаны қорғау, қоғам меншігін қамқорлау

Мақсаты:

Табиғатты қорғау бойынша білімдерін кеңейту, қоғам меншігіне қамқорлық жасау амалдарының күшейту,айтылым, жазылым, тыңдалым  дағдыларын жетілдіру, өз ойын еркін айта білуге баулу. 

 Күтілетін нәтиже:

   Табиғатты қорғау бойынша білімдерін кеңееді, қоғам меншігіне қамқорлық жасау амалдары күшееді,айтылым, жазылым, тыңдалым  дағдылары жетіледі, өз ойын еркін айта алады. 

 

Кіріктірілген модульдер

Оқу мен оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер, Сын тұрғысынан ойлау; АКТ; оқу үшін және оқыту үшін бағалау,

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

 

Бағалау

 

Ресурстар, құралдар, көрнекіліктер

 

Ұйымдастыру

Сәлемдеседі, топқа бөледі http://i.ytimg.com/vi/OgIQ91wNwmo/mqdefault.jpg 

 

Түрлі- түсті жапырақтарды алып, әркім өз тобына отырады.

 

 

 

Тыныштық сәті

«Орманға ойша серуен http://cs624016.vk.me/v624016791/b36d/j8B0cfBDTt0.jpg»

 

Әуен ойнап тұрады. Оқушылар орындыққа жайғасып, денелерін тік ұстап, аяқ-қолдарын  айқастырмай, емін-еркін қолдарын үстелдің үстіне қойып, көздерін жауып мұқият тыңдап отырады. Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз,  қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына  көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта  оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! Рахмет.  

 

 

 

Кіріспе (3мин)

Ой қозғау

 «Табиғат- күллі тіршілік атаулының құтты қоныс , мекені, алтын ұя- бесігі, құт – берекесі».

http://go4.imgsmail.ru/imgpreview?key=28fea770e2ca1a80&mb=imgdb_preview_1118

Оқушылар тақтада ілініп тұрған суреттерге қарап, өз ойларын айтады және кітаптағы жұмбақтың шешімін тауып суретпен байланыстырады.

Жұмбақ

Көктемде көгереді,

Жазда ырысқа бөленеді.

Күзде пісіп марқаяды,

Қыста бірден қартаяды.

Сұрақтарға жауап береді

1.      Табиғатпен біздің байланысымыз қандай? Түсіндіреді.

2.      Ағаштар, сулар, таза ауа бізге неліктен қажет?

3.      Қоршаған ортамызды күту үшін қандай амалдар жасауымыз қажет?

4.      Табиғатсыз өздеріңді елестетіңдерші.

5.      Табиғат сөзінің әр әрпіне табиғатқа байланысты сөз табады.

Топтық

Кітап

 

 Негізгі бөлім (32мин)

Топтық жұмыс (15мин)

http://topkurortov.com/wp-content/uploads/2014/06/nacionalnyj-park-banf.jpg

Сөздік жұмыс:

Тіршілік-жизнь

Елестету-представлять

Көңіл-настроение

Сезім-чувство

Қорғау –защищать

Қамқор болу-заботится

Оқушылар әр сөзбен сөйлем құрастырады.

Тапсырма: 1-топ  Табиғатты қалай қорғаймыз?

 2-топ Табиғат-тіршілік көзі.

3-топ   Табиғатта тыйым салынған белгілер

 

 

Топтық

Түрлі-түсті қағаздар, желім, А3 формат парағы, суреттер,

Қазақ тілі 6-сынып, Атамұра 2015 ж.,Т.М Артыкова, Л.З Бейсенова  М.Б Боранбай

Таныстырылым

Таныстырыламмен танысады

топтық

ИТ

Жазбаша жұмыс (5мин)

http://go1.imgsmail.ru/imgpreview?key=620691c18d490233&mb=imgdb_preview_1464

 

 

 

1-топ: 119-бет 2-тапсырма

2-топ 119-бет, 3-тапсырма

3-топ 119-бет, 4-тапсырма

Топтық

 

 

Мақалды жалғастыр

Бір тал кессең, он тал ек.

 

Қыз өссе елдің көркі,

Гүл өссе жердің көркі

 

Ағаш тамырымен мықты,
Адам дос-жарымен мықты.

 

Жауынмен жер көгереді,
Батамен ел көгереді.

 

Тау мен тау кездеспейді,

Адам мен адам кездеседі

 

Көлдің көркі құрақ,
Таудың көркі бұлақ.

 

 

 

 

Қорытынды (5 мин)

 

Бәріміз бірге

 

Үйге тапсырма

 

Табиғатты қорғау үшін бәріміз 
Күресейік, бір-бір ағаш егейік. 
Текке отырмай жасымыз бен кәріміз 
Таза ауа үшін терімізді төгейік

«Мен және табиғат» тақырыбында эссе жазу

Қазақ тілі 5-сынып, Атамұра 2015 ж.,Т.М Артыкова, Л.З Бейсенова  М.Б Боранбай

 

 

 Рефлексия

 

«Шығармашылық ағашы»

 

 

Жапырақтарға  төөөмендегі сұрақтарға жауап  жазып, іледі

Маған қызық болды

Мен білдім

Маған ұнады

 

Ағаш суреті , жапырақтар

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок " Табиғат-тіршілік көзі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-консультант

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 661 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2017 1893
    • DOCX 241.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ахмедова Эльмира Амирхановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ахмедова Эльмира Амирхановна
    Ахмедова Эльмира Амирхановна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9952
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Совместимость современных ценностей и классической поэзии

Перейти к трансляции