Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыУрок тема: "Ертегілер елінде"

Урок тема: "Ертегілер елінде"

Скачать материал

Сабақтың   тақырыбы: Ертегілер  еліне  саяхат (сахналау)

Сабақтың  мақсаты: Білімділік: Ертегі  жайлы  білімдерін толықтыра отырып 

                                       сахналық көріністе рөлде ойнай білуге үйрету

                                    Дамытушылық : Рөлдерде кейіпкерлерді ойната отырып ой-

                                   өрісін,шығармашылық өнерін, әртістік қабілетін  дамыту

                                    Тәрбиелік:  Ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Көрнекіліктер: Ертегілерге байланысты сюжетті  суреттер,алма ағашы

Сабақтың әдіс-тәсілі: әңгімелесу,сұрақ-жауап, көрсету, ізденушілік,рөлдік

Сабақтың түрі:ұжымдық,жекелей

Сабақтың типі: дәстүрлі емес, сахналау

Сабақтың барысы: І.Кіріспе  бөлім

-Ертегі дегеніміз не?

-Ертегінің басы қалай  басталушы еді?

-Ертегінің  соңы  қалай аяқталушы еді?

-Балалар, біз қандай ертегілерді білеміз?

Тақтамен жұмыс

Мына суреттерге қарап қандай ертегі екенін айтып көрейік. Мақта қыз бен мысық, қызыл телпек,үш аю,қарлығаштың құйрығы неге айыр ертегісін сұрап шығу.

-Балалар, кеспе әріптермен берілген сөздерді оқып көрейікші.

                        БАУЫРСАҚ     ШАЛҚАН

-Ендеше біз осы ертегіні сахналап көрейік

ІІ.Негізгі бөлім

                                       «Бауырсақ» ертегісі

Рөлде ойнатындар:

Автор-Баян

Ата- Райымбек

Әже-Арайлым

Бауырсақ- Ақнұр

Қоян-Бексұлтан

Қасқыр-Иманғали

Аю-Расул

Түлкі-Айдана

Автор: Ертеде  шал мен кемпір болыпты.Шал қарыны ашып кемпіріне былай депті

Ата:-Кемпір,ай,кемпір! Менің қарным ашты.Қаптың түбін қағып ұннан бауырсақ пісірші.

Әже: Бір уыс қана ұным бар екен.Майға бауырсақ пісірдім.Терезенің алдына суысын деп қойдым.

Автор: Жан-жағына қарап іші әбден пысқан бауырсақ қыдырып келмекші болады

Бауырсақ: Ішімнің пысып кеткені-ай.Орманға барып қыдырып келейінші.

Автор: Бауырсақ жерден-жерге секіріп,орманға қарай дөңгелей жөнеледі.Алдынан секеңдеп қоян шығады

Қоян: -Бауырсақ,бауырсақ! Мен сені жеймін

Бауырсақ: -Жемеші,мен саған өлең айтып беремін.

Қоян: -Айтып көр!

Бауырсақ:-Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым.Енді сенен де қашып кетемін.-деп ары қарай жүріп  кетеді.

Автор: -Әндетіп келе жатқан Бауырсақтың алдынан сұр қасқыр шыға келеді.

Қасқыр:- Бауырсақ,бауырсақ! Мен сені жеймін

Бауырсақ: : -Жемеші,мен саған өлең айтып беремін.

Қасқыр: -Айтып көр!

Бауырсақ:-Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым,қояннан да қаштым. Енді сенен де қашып кетемін.-деп ары қарай жүріп  кетеді.

Автоауырсақтың алдынан қорбаңдап аю шығады

Аю:-Бауырсақ,бауырсақ! Мен сені жеймін 

Бауырсақ: : -Жемеші,мен саған өлең айтып беремін.

Аю : -Айтып көре  ғой!

Бауырсақ:-Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым,қояннан да қаштым, қасқырдан да қаштым.Енді сенен де қашып кетемін.-деп ары қарай жүріп  кетеді.

Автор: Бауырсақтың алдынан сылаңданып түлкі шығады

Түлкі:-Бауырсақ,бауырсақ! Мен сені жеймін

Бауырсақ: : -Жемеші,мен саған өлең айтып беремін.

Түлкі : -Айта ғой.Тыңдап көрейік!

Бауырсақ:-Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым,қояннан да қаштым, қасқырдан да қаштым,аюдан да қаштым.Енді сенен де қашып кетемін.-деп ары қарай жүріп  кетейін дегенде

Түлкі: Бауырсақжан, менің құлағым естімеші еді.Тұмсығыма шығып айтшы

Бауырсақ:-Атамнан да қаштым, апамнан да қаштым,қояннан да қаштым, қасқырдан да қаштым,аюдан да қаштым.Енді сенен де қашып кетемін...

Автор: дей бергенде түлкі бас салып жеп қойыпты.Бауырсақ осылайша түлкіге азық болыпты.

Жүргізуші: Кейіпкерлердің  рөлін ойнаған оқушылармен таныс болайық (аттарын атап таныстырып шығады)

 

                          Шалқан ертегісі

Рөлде ойнатындар:

Автор-Баян

Ата- Райымбек

Әже-Арайлым

Қыз- Ақерке

Ағасы-Нұрдаулет

Ақтөс- Алихан

Марғау-Темірлан

Тышқан-Еркебұлан

 

Автор: Ертеде  шал мен кемпір болыпты.Олар өз бақшаларына шалқан отырғызыпты.Бір күні шал шалқанын қазып алмақшы болып бақшаға келіпті.

Ата:-Апырай, мына шалқан дәу боп өсіп кетіпті ғой.Қазып көрейінші.Күрекпен қазу да мүмкін емес.Қой оданда мен көмекке кемпірімді шақырайын.

-Кемпір, ай кемпір! Мына шалқанды тартысып жіберші!

Әже: Жарайды

Автор: -Екеуі ары тартып, бері тартып шалқанды шығара алмайды.Сонда әже көмекке қызды шақырады

Әже:-Қызым, қызым! Келші бері

Қыз: Апа, не болды?

Әже:-Мына шалқан өсіп кетіпті.Тартысып көмектес

Қыз:-Жарайды

Автор: -Үшеулеп ары тартып, бері тартып шалқанды шығара алмайды. Қыз көмекке ағасын шақырады

Қыз: -Аға,аға! Бері келіп кетші

Ағасы: Не болды.Мені не үшін шақырдың?

Қыз:- Мына шалқан өсіп кетіпті.Тартысып көмектесіп жіберіңізші?

Ағасы:-Жарайды

Автор: -Төртеуі ары тартып, бері тартып шалқанды шығара алмайды. Ағасы көмекке Ақтөс итін шақырады

Ағасы: -Ақтөс,Ақтөс! КӘ,КӘ

Ақтөс: -Аф, аф,аф! Не болды сонша айғайлап.мені не үшін шақырдың

Ағасы:- Мына шалқан өсіп кетіпті.Тартысып көмектесіп жіберші?

Ақтөс:-Жарайды

Автор: -Бесеуі ары тартып, бері тартып шалқанды шығара алмайды. Ақтөс көмекке марғау мысықты шақырады

Ақтөс:- Марғау, а марғау! Бері келіп кетші

Марғау:- Мияу.Мені не үшін шақырдың?

Ақтөс:- Мына шалқан өсіп кетіпті.Тартысып көмектесіп жіберші?

Марғау :-Жарайды

Автор: -Алтауы ары тартып, бері тартып шалқанды шығара алмайды. Марғау  көмекке тышқанды шақырады

Марғау:-Тышқан,әй, тышқан! Қасыма бері келші!

Тышқан:-Не болды мысық.Мені не үшін шақырдың?

Марғау :- Мына шалқан өсіп кетіпті.Тартысып көмектесіп жіберші?

Тышқан :-Жарайды

Автор: -Жетеуі  ары тартып, бері тартып шалқанды шығарып алады. Осылайша барлығы татулықпен біріге отырып шалқанды шығарып алыпты. Шалқан бәріне қыс бойы азық болады.

Жүргізуші: Кейіпкерлердің  рөлін ойнаған оқушылармен таныс болайық (аттарын атап таныстырып шығады)

 

ІІІ.Қорытынды бөлім

-Балалар! Ертегі сендерге ұнады ма?

-Кейіпкердің рөлін ойнаған қандай екен?

-Әртіс болу үшін бізге не керек деп ойлайсыңдар?

-дұрыс, қимылын, дауысын сала отырып ойнау керек екенбіз.Бүгінгі саяхат сабағымыз ұнаса мына алманы ағашқа орналастырайық

Рефлекция арқылы баланың көңіл-күйін анықтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертегілер еліне саяхат

Сыныптан тыс ашық сабақ

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок тема: "Ертегілер елінде""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Промышленный дизайнер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 661 536 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.05.2016 963
    • DOCX 959.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Курмангалиева Баян Ерлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Курмангалиева Баян Ерлановна
    Курмангалиева Баян Ерлановна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3360
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 166 человек

Мини-курс

Успешный педагог: навыки самозанятости, предпринимательства и финансовой грамотности

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 61 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека

Мини-курс

ИТ-инструменты в управлении документооборотом

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками и финансовое моделирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе