Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Урок "Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Урок "Тіл-тірегіміз,соғып тұрған жүрегіміз"

библиотека
материалов

Тіл – тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

 Сабақтың  мақсаты: Оқушыларды   өз   халқын , тілін , туған   жерін сүюге , қадірлеуге, бағалап    мақтан    етуге тәрбиелеу.     Оқушылардың тілін , ой - өрісін дамыту , мәнерлеп оқуға , машықтандырып  жетілдіру. Туған  тілдің қадірін білу , сол жолда аз еңбек , ерлік істемегенін ұғындыру.             

Сабақтың көрнекілігі: ақын – жазушылардың нақыл сөздері, «Тіл Заңы»

Сабақтың барысы:

Жарнамалық үзіліс:             

                 Екі оқушы мектепке келе жатады.             

                 Біреуі ыңылдап келеді.             

                 Екіншісі: - Сен не айтып келесің? ~ деп сұрайды.

                -  Әнұранды, - дейді ол.

                - Неге?

                - Мен оны айтсам, өз елімді, халқымды сондай жақсы көремін.

Өз  халқыма деген мақтаныш пайда болады. Сенбесең, кел айтып көрейік. Кәне, бәріміз қосылып айтайық, – дейді.

1- жүргізуші: Құрметті    ұстаздар    мен    оқушылар! Қазақстан    Республикасының « Тіл туралы» Заңының мерекесіне  арналған « Тіл –тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.                                          

2- жүргізуші:« Тіл туралы тұңғыш заң 1989 жылы 22 қырқүйекте жоғарғы кеңестің сессиясында қабылданған болатын. Ал екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде қабылданды.

1-жүргізуші:   Елбасы   Н.   Назарбаевтың   1998 жылғы   20 қаңтардағы Жарлығына сәйкес « 22 кыркүйек - Қазақстан халықтарының тілдері күні» ретінде аталып келеді.

2-  жүргізуші:   Тіл-  халықпен  бірге  өмір  сүріп  дамиды. Себебі, әр ұлттың тілі- оның бақыты, тірегі.

1-жүргізуші:   Менің тілім біреу-ақ,

            Сөйлейтін де, жазатын.

            Тауып қойған тілеуі-ақ,             

            Қазақ деген өз атын.             

            Дариядай пейілі,             

          Тілі, ділі, жыры да             





2 - жүргізуші: Ана тілім - ана күтім арым менің                                         

              Сәулетім - сая бағым , сәнім менің

              Аспаным өзіңменен арайланып,

               Нұрланып атар ылғи таңым менің.

Ән: «Анамның тілі – аяулы үні»

  1. оқушы: Армысың ардақты анам – қазақ тілім,

Бір өзіңнен тараған өнер – білім.

Құтты болсын бүгінгі тіл мейрамы

Жарқын болсын әрқашан келер күнің.

Сені менен ешбір күш айырмасын

Қанаттарын жастардың қайырмасын

Ана тілі тұрғанда сондай ғажап,

Басқа тілге бой ұрмасын

Ана тілмен шықсын да жастар тілі

Келешекке сол болсын бастар тіл

2-оқушы: Бір ауыз сөз үйреніпсің бүгін де

Менің ана тілімде

Қазақ болып туғаннан соң бөбегім

Қазақ болып өлген жақсы түбінде

Барлық тілді үйренерсің сен әлі

Жігіт болып саналы

Қайда жүрсең өз еліңді ұмытпа

Өз еліңнің туын көтер жоғары

3–оқушы: Сол тіліммен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен, құлыным, жаным деген.

Сол тілменен үйрендім нәрсе аттарын,

Сол тілменен ұғынып әдетті мен жаттадым.

Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,

Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.

4-оқушы: Ана тілім – бәрін сөйлер шежірем

Тілсіз нені білдіре алам не білем

Тілім барда ғана мынау ғаламның

Кілтін табар саналысы сезінем

О, адамдар, қадіріне жетіңдер

Ана тілің, анаң сыйлап өтіңдер.

5 – оқушы: Қалағандай қиюлап үй тастарын,

Балталап бұза алмайсың ұйқастарын

Тіліңнің білгің келсе құдіретін

Жұртыңның оқы өлеңін, жыр дастанын

Болыңдар тойға келген аман бәрін

Келіп тұр егемендік замандарың

Қазақ болып туылғанмын жер үстіне

Және де сол үшін жаралғанмын.

1 - жүргізуші: Қасиетің ана тіл , аз ба сенің ?             

       Өзің барда ескірмес, тозбас елім                                      

       Сен болмасаң, ұлы Абай, ақын болып,             

       Мұқағали   отты өлең жазбас еді.             


2 - жүргізуші: Енді    мерекемізді    ары    қарай    сайыс    түрінде өткізбекшіміз.

Сыныпқа өлең шумағын оқып, авторы бойынша сыныпты екі ауылға бөлу.

Ал екінші бақытым - тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей – кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

( М. Мақатаев)

І топтың оқушылары «М. Мақатаев ауылының қонақтары» деп таныстырылады.

Ана тілің –арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте

Өзге тілдің бәрін біл

Өз тіліңді құрметте.

( Қ. Мырзалиев)

ІІ топтың оқушылары «Қ. Мырзалиев ауылының қонақтары» деп таныстырылады.

І. Сұрақтарға жауап беру.             

І топтың сұрақтары:

1.          Елімізде тіл туралы заң қай жылы қабылданды?

( 1989 жылы, 22 қыркүйек, екінші рет 1997 жылы 11 шілдеде)

2.          Тіл мерекесі күнін қашан тойлаймыз?

( 22 қыркүйек)

3.          Мемлекеттік тіл туралы Ата Заңның қай бабында көрсетілген?

( 7 –бапта)

4. Бес асыл іс – ( талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым)

5. Қазақтың бес арысын ата. ( Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)

ІІ топтың сұрақтары:

1.          Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады?

( түркі тілдер тобына.)

2. Сүйемін туған тілді анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім – деген өлең жолдарын кім жазған?

( С. Торайғыров)

3. Халықаралық қатынас тілдері қай тіл? (орыс тілі, ағылшын тілі)

4. Бес дұшпан -( өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, мал шашпақ)

5. Қазақтың үш данасы кім? ( Абай, Шоқан, Ыбырай)

II.              Мақалдарды жалғастыру: 

І топтың тапсырмалары.

1.          Ана сүті бой өсіреді................................ ( ана тілі ой өсіреді).

2.          Жаман көлдің суы ащы,..........................(жаман адамның тілі ащы)

3.          Ақыл көркі тіл, ... ....................................(тілдің көркі сөз).   

4. Жеті жұрттың тілін біл ...........................( жеті түрлі білім біл)

5. Тілде сүйек жоқ,.......................................( таста тамыр жоқ)          

ІІ топтың тапсырмалары

1.          Бас кеспек болса да, ...................................(тіл кеспек жоқ).             

2.          Таяқ еттен өтер ,... .......................................(сөз сүйектен өтер).   

3. Сыйларға асың болмаса,..............................( сипарға тілің болсын) 

4. Жақсы байқап сөйлейді,.............................( жаман шайқап сөйлейді)

5. Тіл тас жарады,.............................................( тас жармаса бас жарады)         

III.              Нақыл сөздердің мазмұнын ашу.             

1.«Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ» Ш. Айтматов

2. Жүзімнің нәрлі, нәзік сабағындай,

Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.

Аямай арам шөбін отап отыр

Таза сақтап көзіңнің жанарындай.

М. Рыльский

3. «Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»

Ғ. Мүсірепов

4. «Қазақ тілінің байлығы – қазақ халқының, қазақ ұлтының байлығы. Осы байлықты бағалай білуіміз керек. Сонда ғана біз Қазақстан кез келген жұртпен иық теңестіре алатын іргелі ел бола алады.»

С. Аманжолов

1 - жүргізуші: Әрбір тілде сөйле адамды таң қылып ,      

         Ана тілін білмеу қандай заңдылық!

         Өсер балаң , байтақ далаң тұрғанда.

Хормен: Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

Қорытынды: 2-жүргізуші: « Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамыздың тарихын ұмыту » деген Бауыржан Момышұлы. Ана тілін құрметтеп сүйе білейік. Бүгінгі ұрпақ ана тіліне жетік, білімді, мәдениетті болуы шарт.

1-   жүргізуші:  Бабамыздың тілі деп,

           Даламыздың тілі деп,

Хормен:  Ана тілін,       

            Ана тілін

            Ана тілін сүйеміз.

2-жүргізуші: Құрметті қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Тіл мерекесіне арналған мерекелік кешімізді осымен аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет.



Автор
Дата добавления 05.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров166
Номер материала ДВ-229184
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх