Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Начальные классы / Презентации / Урок "тәрбие сағаты" (1 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Урок "тәрбие сағаты" (1 сынып)

библиотека
материалов

Алматы облысы Қарасай ауданы Көлащы ауылы «Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бастауыш сынып мұғалімі мұғалімі

Сырлыбаева Жанагул Куанышбаевна

Телефон номері 8 778 631 01 02 hello_html_4141b261.jpg

Тақырыбы:Табиғатты аялайық

Мақсаты: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз.

Көрнекі құралдар: слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, суреттер
Сабақтың түрі: саяхат түріндегі ой-толғау сабағы
1.Тіршілік атаулының бар арманы –ауа
2.Тіршілік көзі –су
3. Табиғат байлығы – өсімдіктер
4.Орман сәні –құстар
5.Табиғаттың сұлу мүсіні –хайуанаттар
Сергіту сәті: «Мейірімділікті табиғаттан үйрен!» -«Мейірімді жүрек» ойыны
І. Ұйымдастыру:
Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуантты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет!
Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы:
«Табиғатты аялайық»деп аталады.
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық!

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым,
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім.
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі!
Балалар, жалпы табиғат дегеніміз не ?Оларға нелер жатады?
Оқушылар: Ауа, су ,өсімдіктер, хайуанаттар, құстар,балықтар...
Мұғалім.
Ендеше, саяхатымыздың бірінші аялдамасы « Тіршілік атаулының бар арманы –ауа» деп аталады. Сөз кезегі оқушыларға беріледі.
1-оқушы. Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа.
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен,
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама!
2-оқушы.Болмасын ауа ешкімнің арман -мұңы,
Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы.
Ойлашы кімге керек боламыз біз,
Жұтудан таза ауаны қалған күні.
Мұғалім: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе?
Ендігі екінші аялдамамыз «Тіршілік көзі –су» деп аталады. Судың қаншалықты маңыздылығы бар екен ?
3-оқушы:

Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспи теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз.
4-оқушы:

Ойлау керек Арал жайын , ел жайын,
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын.
Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын!
Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер.
Келесі үшінші аялдамамыз «Табиғат байлығы –өсімдіктер» деп аталады.Табиғат байлығының бір тобы –жер бетіндегі әдемі өсімдіктер.Олар туралы не айтамыз?
5-оқушы:

Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын.
Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа,
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа .
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ ,
Бөленіп күннің нұрлы шуағына.
Мұғалім: Расында да, өлкемізді саялы баққа айналдыру әрқайсымыздың қолымыздан келеді.
Ал сол әдемі табиғатымызды әсем әнге бөлейтін не ,балалар?(Құстар)

Олай болса келесі аялдамамыз «Орман сәні құстар» деп аталады. Бұл туралы не айтасыңдар?
6-оқушы. Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген.
Қазақстанда құстардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол

ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен.
Қазақтар құстарға қарап ауа райын да болжай білген.
• Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады, ауа райы өзгереді.
• Сары шымшық ысқырса- шынымен күз болғаны.
• Қарға қарқылдаса -қар жауады.
• Жыл құсы қаптап кетсе -көктем ерте келеді.
• Көкек қатты әрі жиі шақырса –күн жылиды.
• Сауысқан шақылдаса, қонақ келеді.
• Ерте көктемде қарға суға шомылса, күн жылиды.
Айтсақ әніміз, ардақтасақ сәніміз, табиғаттың көркі құстарды қорғау әрқайсымыздың парызымыз.
Құстарды табиғаттың әні десек, табиғаттың сәнін келтіретін тағы да нелер деп ойлайсыңдар?(Хайуанаттар)
(слайдпен әзірленген табиғат суреттері көрсетіліп, мына өлең жолдары баяу музыка әуенімен оқылады)

Күн сәулесі төгілгені әдемі,
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі.
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі.
Биік –биік шыңдарым да әдемі.

Айдын көлде аққу қандай әдемі
Сұңқар құстың самғағаны әдемі
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі

Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі.
Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі
Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі.
Сары түске боялған күзім қандай әдемі.

Осылайша табиғатқа бір қарап
Табиғатпен сырласуда әдемі.
Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі!
Хормен :
Табиғат сені сүйеміз,
Басымызды иеміз!





Автор
Дата добавления 05.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров113
Номер материала ДБ-010872
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх