339061
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 6.900 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.500 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ 50%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалыУрок внекласный на тему "Мемлекеттік тіл"

Урок внекласный на тему "Мемлекеттік тіл"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Тілім менің тірлігімнің айғағы.(танымдық сабақ)
Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүйуге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу. 
Барысы: 
1-жүргізуші: Саламатыздар ма? Құрметті ұсаздар, қонақтар, даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. 
2-жүргізуші: Тілдер мерекесіне арналған 7,9 орыс сыныптары даярлаған мерекелік бағдарламамызды сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. 
1-жүргізуші: Мемлекетіміз тәуелсіздік, ана тіліміз мемлекеттік мәртебе алып, көптен күткен арманымыз орындалды. 
2-жүргізуші: Ия, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрлері, тіл ерекшелігі болады. Біздің ұлттық тәрбиеміз ананың сүті, ананың әлдиі, ананың тілінен бастау алады. 

Лена: Тілім менің! 
Тілім үшін мың өліп, тірілді елім, 
Аралыммен арыммен қатар қойып, 
Тілді қорғау –парызым бүгін менің, 

Таня: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, 
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық, 
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда, 
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік. 

Таня: Қазақ тілің-Атаң, Анаң, 
Қуат алар Отан да одан. 
Дүниеде ешбір асыл 
Тең келмейді қатар оған. 

Люба: - Қуан далам! Қуанатын күн бүгін! 
Серпіп таста, мұңды жүрек түңдігін! 
Тіл туралы Заңым енді күшінде, 
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін! 

Данияр: - Қуан бабам! Қуанатын күн бүгін! 
Халық жауы атандың-ау сол үшін, 
Ғұмырыңды құрбан етіп жолыңда ар. 

Лена: Қуан анам! Ұстазыңнан сүйініп, 
Сәтің де көп кеткен кейде түңіліп. 
Ақ сүтіңмен бойға біткен тіліңді 
Пір тұтамын мен алдыңа иіліп. 

Алик: - Қуан балам! Туған тілдің киесі. 
Жебеп сені болғаныңа иесі. 
Тек мұнымен бітпейтінін ұғып өс, 
Дүниеде тіршіліктің күресі. 

Люба: - Қуан халқым! Күшіне енді тіл заңы, 
Сүйінші деп ақын ұлың жырлады 

Ел елдігі бағаланар тілімен, 
Сол арқылы құлпырады, гүл бағы. 

1-жүргізуші: Миша: 
- Туып өскен Торғайдың даласында 
Қайран елі- қазағы санасында, 
Тілі үшін жазықсыз жапа шеккен 
Арысың кім, ойланбай табасың ба? 
Оқушылар: Хормен Ахымет Байтұрсынов! 
2-жүргізуші: Таня. 

- Елім деп, тек алып соққан жүрегі 
Ахмттей ағасына іні еді. 
Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан. 
Ғұламаның есімін кім біледі? 
Оқушылар: Хормен Құдайбрген Жұбанов! 
1-жүргізуші Павлик: Қазақ халқының салт-дәстүрінен хабар беретін кішкене сахналық көрінісімізді назарларыңызға ұсынамыз. Ол Бата беру рәсімі. 
2-жүргізуші Таня: Халқымызда батаны әдетте жасы үлкен, көпті көрген ақсақал қариялар береді. Ақсақалдың біз бойжеткен қыз бен балалы келіншекке бата беру сәтін бейнеледік. 

Бата беру. 
Қатысушылар: 
Ақсақал - Данияр 
Қария - Алик 
Бойжеткен - Марина
Балалы келіншек -Таня
Күйеуі – Миша
Бірінші көрініс- алыс жолдан шаршап келген қарияға алдынан сусын ұсынған бойжеткенге берген батасы: 
Талдай бой берсін, 
Жақсы ой берсін, 
Қардай жанар берсін! 
Анаға шуақ болсын, 
Ағаға қуат болсын. 
Нәзік жаны болсын, 
Елінің ары болсын. 
Басыңа өнердің бағы қонсын, 
Ақ Орданың шамы болсын! 
Әумин! 
Келесі көрініс - жас балалы келіншек ауыл ақсақалынан нәрестеге бата сұрай келеді. Келіншек: 
- Армысыз, ата! Мына нәрестеге бата сұрай келдік. 
- Ақсақал: 
- Қолыңды жай, балам! 
Нәрестенің бауы берік болсын. 
Азамат болып ер жетсін. 
Ақсақал болып төрлетсін. 
Мінері болсын салмақты 
Өнері болсын жан-жақты 
Осы айтқанның бәрі кеп, 
Алла берсін зор бақты! 
Әумин! 
Ана тілім-бақытым. 
Настя: Ана тілім, дана тілім бақытым 
Қазақ тілін білу менің парызым. 
Тілім менің ұмытылмас тірлігім, 
Кім біледі тіліміздің тағдырын. 
Таня: Алаңдатты тіл тағдыры бүгінде. 
Сен болмасаң болар ертең күнім не? 
Қазақ тілін сүйемін мен жаныммен. 
Қазақ болып қалу үшін түбінде. 
Люба: Қазақ тілім бас иемін мен саған 
Тілге деген болу керек кең талғам. 
Мемлекеттік тілімізді сыйласақ, 
Қазақ тілі біздер үшін жаралған. 

Данияр: Тіліміздің тарихы бар қол жетпес, 
Айтсаң оның тарихына сөз жетпес. 
Өткеніне тіліміздің көз жүгіртсек, 
Тіліміздің тарихы бар сан жетпес. 
Тіл деген қасиетті ұғым екекн, 
Қазақ тілі жырлайтұғын жырым екен, 
Ұмытпайық тілімізді ешқашан. 
Қасиетін сақтайтұғын сырым екен. 
Тілім саған әрқашанда бас иемін, 
Бар ғой сенің бойыңда қасиетің, 
Тіліміз деп әрқашан мақтан тұтқан, 
Ұмытпайық бабалардың өсиетін. 

Марина: Мәртебесі тіліміздің биік екен 
Қазағыма қазақ тіл боп енген екен. 
Тілімізді ұмытпайық әрқашан 
Қазақ тіл боп мәңгілікке қалған екен. 

Дима: Тілім саған арналады бар күнім 
Сен арқылы таси түсті шаттығым. 
Қазақ тілін білмесең сен егер де, 
Онда сенің қазақ тілге жоқтығың. 

Люба: Қазақ тілім сенсің бар гүлім 
Арналады менің саған бар күнім. 
Ана тілін ұмытпасаң ешқашан, 
Жоғалмайды ешқашанда пәктігің. 

1-жүргізуші Таня: Бәріңіз білесіздер. Биыл біз Астананың 10 жылдығын тойладық. Сол Астананың құрметіне біздің 7 «б» сынып оқушыларының орындауында «Астана» әні. 

2-жүргізуші Люба: Келесі кезекте біздің оқушылардың қазақ тілінде мақал-мәтелдерді қаншалықты білетіндіктерін байқап көрейік. 
Мақал-мәтелдер сайысы: 
1 топ-8 сынып оқушылары. 
1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады). 
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 

5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ). 
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл). 
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ). 
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар). 
9. Бас кеспек болса да, ... (тілкеспек жоқ). 
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең). 
2-топ – 9 сынып оқушылары. 
1. Бал тамған тілден ... (у тамған). 
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар). 
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс). 
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер). 
5. Тіл қылыштан ... (өткір). 
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді). 
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінді). 
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың). 
9. Тілден артық ... (қазына жоқ). 
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес). 

Енді біздің оқушылардың мемлекеттік тілді қалай меңгергендігін викториналық сұрақтарға жауап беру арқылы сынап көрейік. 

Викториналық сұрақтар: 
1-топқа: 
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан). 
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров). 
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным). 
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш). 
5. Қандай ұлттық тағамдарды білесің? (қазы-қарта, жал-жая, бесбармақ, қымыз, шұбат). 
6. Үстеудің неше түрі бар? (7). 
7. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин). 
8. Күй атасы кім? (Құрманғазы). 
9. «Орфография» қай елдің сөзі? (герк). 
10. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес). 

2-топқа: 
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989). 
2. Абайдың туған жылы? (1845). 
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан). 
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл). 
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов). 
6. Ұлттық киімдер қалай аталады? (тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, ішік, кимешек т.б.). 
7. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде). 
8. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай). 
9. Алғашқы романист жазушы кім? (М.Дулатов «БақытсызЖамал»). 
10. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.). 
Ән. 9 «б» сынып оқушыларының орындауында Абайдың әні: «Желсіз түнде жарық ай». 

1-жүргізуші Люба: Осымен орыс сыныптары оқушыларының даярлаған сыныптан тыс іс-шарасы аяқталды. 

2-жүргізуші Таня: Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін көп рахмет

Общая информация

Номер материала: ДВ-341172

Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Гид-экскурсовод: Основы туристского сопровождения»
Курс повышения квалификации «Педагогическая риторика в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: организация реабилитационной работы в социальной сфере»
Курс повышения квалификации «Основы построения коммуникаций в организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности экономиста-аналитика производственно-хозяйственной деятельности организации»
Курс повышения квалификации «Маркетинг в организации, как средство привлечения новых клиентов»
Курс повышения квалификации «Правовое регулирование рекламной и PR-деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Организация маркетинга в туризме»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности помощника-референта руководителя со знанием иностранных языков»
Курс профессиональной переподготовки «Разработка эффективной стратегии развития современного вуза»
Курс профессиональной переподготовки «Организация технической поддержки клиентов при установке и эксплуатации информационно-коммуникационных систем»
Курс профессиональной переподготовки «Корпоративная культура как фактор эффективности современной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Уголовно-правовые дисциплины: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и управление службой рекламы и PR»
Курс профессиональной переподготовки «Информационная поддержка бизнес-процессов в организации»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.