Қырыққұдық ауылы орта мектебінде
өзін өзі тану пәнінен ақпанның
2-нен бастап 12-не дейін декадалық
жоспар бойынша ашық сабақтар,тәрбие сағаттар және семенарлар болды. Мұғалімдер
мен оқушылар белсене ат салысты.
2.02.2016 күні декаданың
ашылуы болды. Сапқа тұру жиынында жоспар бойынша таныстырылып,қандай іс-шаралар
жүгізілетіні туралы мағұлматтар берілді.
3.02.2016 күні
«Табиғаттың сұлулығы» тақырыбында сурет сайысы өткізілді. Мектеп қабырғасын
оқушыларымыз әдемі не бір суреттерімен безендіріп салды.Өте керемет қатыса
білді,өз өнерлерін қолдарынан келгенше көрсете білді.
4.02.2016 күні сиқырлы
сандықшаға хат салу болды. «Жылулық» тақырыбында өткізіліді.Оқушыларымыз
өздерінің анаға деген, әкеге деген, мұғаліиге , отанға, достарына деген
жылулықтарын білдірді.
5.02.2016 күні «Жалпы
адамзаттық құндылықтар отбасылық тәрбиенің негізі» тақырыбында ата-аналармен
баяндама болды. Ата-аналарымызда белсене қатысты. Жағдаяттарды талдау,ән
айту,бейнероликтер ол кісілерге қатты әсер етті.Бала тәрбиесіне деген
ата-аналардың көз-қкркстарын тереңнен түсінгендей күйде болдық.
6.02.2016 күні
6- сынып оқушыларымен ашық сабақ өткіздім. Тақырыбы: «Жанашырлық жанға қуат»
болды. Мұнда көптеген мұғалімдерде отырып сабаққа қатысты. Сабақ жаңа сарын
бойынша өткізілді. Бейнероликтер,ән, тыныштық сәті, жағдаяттар, сондай-ақ
сахналау да болды. Сабақ жақсы өтті,оқушыларда белсене қатысты.
8.02.2016 күні оқудан тыс
тәрбие сағаты «Ынтымақты отбасы» тақырыбында өткіздім. Оқушыларымыз отбасымен
бірге ат салысып белсене қатысты.Отбасының берекесі,отбасының бірлігі,отбасының
мерекесі туралы мағұлматтармен әбден қаныққандай болды.
9.02.2016 күні
мұғалімдермен әдемі бір шағын әңгіме өткіздім.Тақырыбы: «Жалпы адамзаттық
құндылықтар мектептің тұтастай педагогикалық үдерісінің негізі» болды.
Мұғалімдеріміз бір қызыққа бөленгендей күй кешті. Сонымен қатар ән айтып,жағдаяттар
алдап,ситуацияларды шешіп,шаттық шеңберіне тұрып аяқталды.
10.02.2016 күні
«Табиғат менің жер анам» 5-сыныпта ықпалдастыру сабағы өткізілді. Дүние тану
сабағымен байланыстыра отырып,өткізіледі.Табиғаттың сулұлығына байланысты
сабақ қызықты болды.
11.02.2016
күні «Менің өмірімдегі көшбасшы» тақырыбында Эссе жазу болды. Бастауыштан
бастап,жоғарғы буынға дейін қатысты.Бірак бірен саран оқушылар қатысты.
12.02.2016
күні декаданың жабылуы өтілді. Марапаттаулар мен мадақтаулар болды. Нәтижесінде
мынадай қорытынды шықты.
1.«Табиғаттың сұлулығы» сурет сайысы
1. Ахыт Науырызбек
5а 1. Сайрат Нұрғиса 3а
2. Солтан Рахат
9а 2. Дәуірбек Сандуғаш 3а
3. Баян Әбілхайыр 6а
3. Хасихан Жансая 2а
2. Эссе «Менің өмірімдегі көшбасшы»
1. Сайрат Нұрғиса 3а
2. Ахыт Айнұр 8а
3. Ербол Аяжан 5а
3. Хат салу «жылулық» тақырыбында
1. Ержан Аягөз 5а
2.Темірбек Жұлдыз 9а
3. Сайрат Аяулым 4а
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.