Логотип Инфоурока

Получите 10₽ за публикацию своей разработки в библиотеке «Инфоурок»

Добавить материал

и получить бесплатное свидетельство о размещении материала на сайте infourok.ru

Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыУрок "Жасыл шырша жанында"

Урок "Жасыл шырша жанында"

Скачать материал
библиотека
материалов



1. Жүргізуші:

Барлық жандар бір білікке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той деп жаңа жыл,

Құтты болсын жаңа бақыт достарым.

2. Жүргізуші.

Құрметті ата-аналар, тәрбиешілер бүгінгі Жаңа жыл мерекесіне арналған "Жасыл шырша жанында" атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

1. Жүргізуші:

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

2. Жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүрмеңіз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік.

Ал енді барлығымыз шыршаны айналып"Шырша" жырын айтайық.

1. Жүргізуші:

Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған қой жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың?

-Әне өзіде келе жатыр, бәріміз қосылып Хош келдіңіз делік.

Бәрі: Хош келдің ескі жыл.

Ескі жыл:

Ауылдастарым, достарым,

Алғысым көп айтар менің.

Дәл осылай артығырақ,

Қарсы алыңдар мешін жылын.

2. Жүргізуші:

-Ескі жыл сен жаңа жылымыз келгенше бізбен бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.

1. Жүргізуші:

Би билейік бұралып,

Қыздар тұр сұранып.

Мен де тұрмын құр қалып,

Шаттанайық қуанып.

-Ескі жылдың құрметіне балаларымыз би билеп береді. Қарсы алыңыздар.

2. Жүргізуші:

Шыршамыз қандай әдемі! Ойыншықтары неткен көп! Ал, кім бізге шыршаға арналған тақпақтарын айтып береді.

Аян:

Жасыл шырша орманнан,

Бізге арнайы келіпті.

Ойыншығын балалар,

Шыршаға әсем іліпті.

Айзере:

Әсем шырша сәнденген,

Өз аңдарын күтеді.

Жаңа жылмен бірге біз,

Орманға кеп жетеді.


Дияс:

Тамаша, тамаша,

Шыршамыз тұр жараса.

Басында әсем жұлдызы,

Көз тоймайды қараса.

1. Жүргізуші: Жарайсыңдар, қандай жақсы тақпақтар! Балалар шыршаның астында сыйлықтар тұр, ашып көрейік. (Ішінен клоун атып шығады.)

Клоун: Амансыңдар ма, балалар! Иә, бұл менмін. Мені ораудан алып шыққандарың қандай жақсы болды! Ол жерде тар, әрі қап-қараңғы. Ал, мұнда сондай тамаша екен! Мен де сендермен жаңа жылды қарсы алайыншы, сендермен бірге қызықты ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын: "Кім жеңеді?" (4 орындықпен)

2. Жүргізуші: Балалар, бізде шыршамыз бар, әдемі киінген балаларымызда бар, ата-аналарымыз да бар екен, енді, біздің жаңа жыл мерекемізге кім жетіспейді?

Балалар: Аяз ата, Ақша қар.

1. Жүргізуші: Қане, онда Аяз атаны шақырайық. Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар: Аяз ата, Аяз ата! (Қоян кіріп келеді.)

Қоян: Ойбай түрлерін қара! Неге айқайлап жатырсыңдар?!

2. Жүргізуші: Сен өзі қайдан шықтың? Біз Аяз атаны шақырып едік қой?!

Қоян: Ал, мені мерекеге неге шақырмайсыңдар? Аяз ата сендерге бәрібір келмейді, өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым.

1. Жүргізуші: неге олай еттің? Аяз ата, Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?

Қоян: Ә, бәлем, солайма екен!

Алыстан Аязатаның даусы естіледі.

2. Жүргізуші: Аяз ата, Ақшақар келе жатыр ғой деймін, шырқайық, қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

Аязата: Сәлематсыңдар ма, балалар!

Күнтізбеде қалыпты жалғыз ғана бір парақ,

Дайындалдым жыл бойы,

Жолға шығар келді уақ!

Шақырымды жүздеген

Басып өту мен үшін,

Жаңа жылдың түнінде

Жасыл шырша түбінде.

Кездессем деп сендермен,

Таратсам екен сыйлықтар,

Одан асқан не сый бар.

Қуаныш сыйлау балаға

Одан зор бақыт бола ма!

Сендерді көргеніме сондай бақыттымын!

Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!

Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат!

Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! Шырша жарқырайды.

Аязата: Балалар, менің қарша қызым қайда жүр екен, кім тауып береді маған?

Ерасыл:

Мұздан моншақ тағынып,

Күміс қырау жамылып,

Ортада тұр Ақшақар,

Көптен күтіп сағынып.


Зере:

Кел билейік сенімен,

Деймін тартып жеңінен

Еріп кетпе Ақшақар

Адамдардың демімен.

Камшат:

Аспан жерге төгеді,

Ақ күмісін уыстап,

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

Елдос:

Жүзімізге күлкі ойнап,

Қанаттанды жанымыз.

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Аязата: Бәрекелді, бәрекелді. Менің Ақшақарым қазір келіп қалар, мынадай тақпақтардан кейін кідірмес. Клоун балам, сыйлықтарын берейік тақпақ айтқан балаларға.

1. Жүргізуші:

Аязата, менде, жұмбақтап жіберсем қайтеді?

Ертегідей орманнан ,

Көктей өтіп келеді.

Сұңқар бойлы бір сұлу,

Табыңдаршы аты кім?

Балалар: Ақшақар!

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Орманды көктей өтіп жеттім-ау сендерге. Мен бастайын, ал сендер аяқтаңдар ойынды. Хормен жауап айтыңдар! Қарға мүлгіп дала тұр, келе жатыр.......

Балалар: Жаңа жыл!

Ақшақар: Қызыл мұрын, ақ мұртты білсең атын тез ата, еклді бізге.........

Балалар: Аязата!

Ақшақар: Көңілсіз бір бала жоқ, ойын-күлкі таралсын. Құтты болсын ...........

Балалар: Жаңа жыл!

Жаңа жыл келеді.

Жаңа жыл: Кім десеңдер, мен Жаңа жылмын, Мешінмін. Мен әкелген жаңа жыл сендерге үлкен табыс, денсаулық ала келсін!

Аязата: Бәрекелді, ал, енді балалар тақпақтарын айтып берсін.

Нұрбақыт:

Жаңа жылмен, жаңа жылмен,

Құттықтаймыз әрине.

Әкемізді, анамызды,

Қонақтардың бәрінде!

Аякөз:

Кел Жаңа жыл біздерге,

Кел Жаңа жыл, жаңа жыл.

Санжар:

Бір топ бала сырғанап,

Би билейік зырлайық.

Қалды артта қар алып,

Ақшақар ойын ойнатады.

2. Жүргізуші: Кәне, балалар, бәріміз "Жаңа жыл!" әнін айтайық.

Ақшақар: Мінекей, балалар, сендермен қоштасатында уақыт жетті. Сендерді қимай тұрмыз, барлығыңда көңілді, әдемі бала екенсіңдер.

Аязата:

Жаңа жылда, балалар, тек қуаныш көріңдер.

Ауырмаңдар ешқашан, мықты болу өзіңнен

Ақшақар:

Жаңа жылда, балалар, тек жақсылық көріңдер,

Жылау, ауру, жамандық қастарыңда болмасын.

Сау болыңдар балалар!






  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Теория и методика развития дошкольника для организации образовательной деятельности в дошкольных образовательных организациях с учетом ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Организация работы в ДОО по подготовке детей к школе»
Курс повышения квалификации «Использование сказкотерапии с тревожными детьми в дошкольных образовательных организациях»
Курс повышения квалификации «Система работы специалистов ОО по выявлению профессиональных предпочтений от дошкольного до подросткового возраста»
Курс повышения квалификации «Познавательное и речевое развитие детей дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Простые машины и механизмы: организация работы ДОУ с помощью образовательных конструкторов»
Курс повышения квалификации «Укрепление здоровья детей дошкольного возраста как ценностный приоритет воспитательно-образовательной работы ДОО»
Курс повышения квалификации «Использование декоративно-прикладного искусства в работе с детьми дошкольного возраста»
Курс повышения квалификации «Современные методы организации детской игры в ДОУ»
Курс повышения квалификации «Одаренные дети. Особенности развития и система сопровождения в системе ДОО»
Курс повышения квалификации «Организация развивающей образовательной среды в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Проектирование предметно-игрового пространства дошкольной образовательной организации в соответствии с ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «ФГОС ДО: применение игровых практик для современного развития детей»
Курс повышения квалификации «Управление качеством дошкольного образования в условиях реализации ФГОС ДО»
Курс повышения квалификации «Проблемы и перспективы в развитии вариативных форм преемственности между детским садом, школой и системой дополнительного образования»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.