Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / История / Конспекты / Урок "Жасөспірім және заң"

Урок "Жасөспірім және заң"

  • История

Поделитесь материалом с коллегами:

Жасөспірім және заң

Мақсаты:Оқушылардың құқықтық сауаттылығын тереңдету , заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу;

Оқушыларды өз құқықтарын қорғай білуге үйрету;

Оқушылар бойында демократиялықткөзқарас қалыптастыру;

Құқықтық нормативтік актілердіорындай білуге, құрметтей білуге үйрету, адамгершілікке ,елжандылыққа ,құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу;

Түрі: Кездесу, пікірталас

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, қанатты сөздер

Қатысушылар: 9-11 класс оқушылары

Жүру барысы:

І.ұйымдастыру

Қатысушыларды үш топқа бөлу.

І топ Оқушылар

ІІ топ Ата –аналар

ІІІ топ Құқық қорғау қызметкерлері мен қонақтар

  • Құрметті ұстаздар, ата – аналар, оқушылар және кеш қонақтары «Жасөспірім және заң» тақырыбында өткелі отырған кездесуімізге   қош келдіңіздер!

Біз бүгін жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық әрекеттерді болдырмау яғни алдын-алу, жат қылықтардан сақтандыру және өмірдегі өз орнын табуына жол көрсету мақсатында осы шараны ұйымдастырып отырмыз.

Бүгінгі жасөспірім ертеңгі еліміздің азаматы, болашағы. Ертеңгі болашағымыз баршамызды да алаңдататыны белгілі. Бүгінгі кездесуімізге де болашағымыз – жасөспірімдерімізге жанашыр жандар қатысқалы отыр. Олар ата-аналарымыз және қоғамдағы сіз бен біздің тыныш өміріміздің сақшылары құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Олай болса кешіміздің қонақтарын таныстырып өтуге рұқсат етіңіздер.


  1. _________________________________________________________

  2. __________________________________________________________

  3. __________________________________________________________

  4. __________________________________________________________

  5. __________________________________________________________


Шарамыздың өтілу барысымен таныс болыңыздар

І. «Ақпарат бөлімі»

  1. Бала құқығы мен міндеттеріне қатысты заң жүйесі;

  2. Тренинг

ІІ. «Мен заңды қаншалықты білемін?» (топтық тапсырмалар орындау)

ІІІ.«Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

VII Қорытынды

І.1. Заң дегеніміз – қоғамның негізгі тірегі. Қоғам деп отырғанымыз – мына біздер. Қоғамдағы тыныш өмірді қамтамасыз ету үшін барлығымыз заңға бағынуға тиіспіз.Заңның түрлері көп екенін білесіздер ,бірақ сол көп заңның барлығы Ата Заңымыздың негізінде жасалады.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Конституция – бұл да ел рәміздерінің бірі.Сондықтан негізгі заңды елдің туы ,әнұраны және елтаңбасы секілді қадірлеу ,құрметтеу – біздің парызымыз» деген болатын.Сондықтан әрбір адамның заң талабына бағынып , жат қылықтар, өрескел тәртіп

бұзушылыққа бармауы, өзіне жүктелген міндетті уақытылы орындаудың өзін еліміздің Ата Заңын , халықты құрметтеуі деп білуімізге болады.

Адам баласының шыр етіп дүние есігін ашқан сәтінен бастап оның өмірін , денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар. Бұл заң – 1948 жылы

10 желтоқсанда БҰҰ қабылдаған «Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы». Сонымен қатар 1959 жылы қабылданған «Бала құқықтары декларациясы».Осыдан кейін 1989жылы 20 қарашада БҰҰ -да 61 мемлекет қол қойған «Бала құқығы туралы конвенция» қабылданды.Қазірде бұған 91 мемлекет қол қойды. Ал Қазақстан Республикасы 1994 жылы 8 маусымда «бала құқықтары туралы конвенцияны» бекітті. 2002 жылы тамызда Қазақстанда «Бала құқығы туралы заң » қабылданды. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңына сəйкес мемлекет балалық шақты адам өмірінің маңызды кезеңі деп таниды жəне балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мəнi бар жəне шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, əлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тəн құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тəрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерiнiң басымдығына сүйенеді

Мұның барлығы да баланың құқығын қорғауға арналған заңдар жүйесі.Ал біздің құқығымыз бен қоса міндеттеріміз бен жауапкершіліктеріміздің де бар екенін естен шығармауымыз керек. Олай болмаған жағыдайда келеңсіз жағдайларға тіпті қылмыстық жауапкершілікке де тартылуымыз мүмкін екенін біліп жүргеніміз абзал. Ал бұл заңдармен шара барысында қонақтарымыз жүйелі түрде таныстырып өтеді деп сенеміз.


І.2. Шарамызды бастамас бұрын бір-бірлеріңізге деген қарым – қатынастарыңызды ізглендіру мақсатында біз мектеп психологымен бірлесіп тренинг дайындаған болатынбыз.

Сіздерге екі ак парақша беріледі. Бірінші парақшаға өздеріңіздің аса жоғары бағалайтын адами қасиеттерді жазып, қалаған адамыңызға бересіз. Осыдан кейін кезектесіп, алған парақтарыңызда не жазылғанын дауыстап оқып беріңіздер.

2. Ақ парақ берілген. Дәл ортасында дөңгелек қара ноқаты бар. Осы суреттен не көріп тұрсыздар, соны суреттеп берсеңіздер. (бұл тренингте аққа қарағанда қара түс тез көзге шалынады. Сондықтан ақ жақсылықтың белгісі болғандықтан оны көре білуіміз керек) 


ІІ. «Мен заңды қаншалықты білемін?» (топтық тапсырмалар орындау)

ІІ.1.Ротация әдісі бойынша әр топқа бір сұрақ жазылған ақ парақша беріледі.Әр топ әртүрлі түсті қаламмен жауап жазады да бір-бірімен алмастырады және дауыстап оқиды, толықтырады.

Сұрақтар:

  1. Әкімшілік жауапкершілікке қай жастан бастап тартылады?

  2. Бала қылмысы үшін кім жауапты?

  3. Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған жасөспірімдерге қандай жаза түрлері қолданылады?












ІІ.2.Берілген кестені толтыру


Әрекет түрлері

Қылмыстың аталуы

  1.  

Арман мектеп қабырғасына «Спартак – чемпион!» деп үлкен әріптермен жазып қойды


2 

Серік супермаркеттен алған заттарының ақысын төлеуді «Ұмытып кетті»


3 

Алтынбек қыдырып қайту үшін өзге біреудің көлігін айдап кетті.


4 

Жарас полиция бөліміне мектепке жарылғыш зат қойылды деп ойнап хабарлады.


5 

Ермек төменгі сынып оқушысын өзіне 200 теңге беруге көндірді .


6 

Айдос қоғамдық көліктегі жолаушылардың мініп-түсуіне кедергі келтірді және боқтық сөздер айтты


7

Айша Сәуленің сағатын тартып алды



ІІ.3.Оқушылар мен ата-аналар тобы жасөспірімдердің құқық бұзушылық әрекетке бару себебін , қонақтар тобы сол қылмыстың алдын алу жолдарын ортаға салады .


ІІІ.«Тығырықтан шығар жол қайсы» (ситуациялық жағдайды шешу)

Алмат: Мұхтар бүгін Камалдың баласының тойы ғой, білесің бе?
Мұхтар: Ия, ия, айтпақшы Әсеттер бүгін жиналайық, той қызықтаймыз деген.
Саған хабарласқан жоқ па?
Алмат: Жүр, ендеше солай қарай барайық, бар қызықтан құр қалармыз.
Мұхтар: Кеттік, жолшыбай Дамирге соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Алмат: Дамир біз той болып жатқан жерге бара жатырмыз. Балалар да сол жақта жүр, бізбен бірге жүрсеңші.
Дамир: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Мұхтар: Ту, ата-анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Дамир: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Ол жақтан ішімдік ішкен адамдар кездесіп, бірнәрсеге душар болармыз.
Алмат: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме?
Мұхтар: Осы кезден бастап көшеге үйрене бермейсің бе?
1. Құрметті ата – аналар осы жағдайға байланысты сіздердің пікірлеріңізді білсек.
Ата-ана қай жерден қате жіберіп отыр?

2. Учаскелік полиция инспекторына.
Осы жағдайда оқушылар және ата – аналар қандай жауапкершілікке тартылады?

ІҮ.Қорытынды.

Әр топ «Білу керек!» ұранымен үнпарақ жазады.

Ж. Аймауытов: “Тәрбиеге әсер беретін нәрсе өскен орта, ата-ананың тәрбиесі. Соңғысы күшті болмаса, бара-бара адамды замандас, жолдастың азғырып, адам неше түрлі жаман мінезді жұқтыратыны белгілі” дегендей, баланың қылмыстық жолға түспеуіне бірінші жауапты отбасы. Сондықтан Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде жасөспірімдер арасындағы тәртіпті күшейтіп, олар үшін мәдени шараларды кең деңгейде өткізу олардың болашағына жағдай жасауды қолға алып отыр. “Жаңа әлемде жаңа Қазақстан” атты жолдауында Н.Ә. Назарбаев жастар болашағына үлкен сенім артатынын атап көрсетті.


Автор
Дата добавления 14.11.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров280
Номер материала ДВ-156318
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх