Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Урок «Желтоқсан алауы –тәуелсіздік бастауы»

Урок «Желтоқсан алауы –тәуелсіздік бастауы»



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Ақтөбе облысы,Әйтеке би ауданы

«Нұрсәт» балабақшасы

Тәрбиеші: Шәутенова Жарқынай

Тәуелсіздік күніне арналған ертеңгілік

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар,ұстаздар,бүлдіршіндер бүкіл қазақ елінде тойланып жатқан тәуелсіздік күніне арналған «желтоқсан алауы –тәуелсіздік бастауы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.

Жастық жырын желтоқсанда самғатып

Бұлбұл құсым үнін асқақ сайраттың

Егеменді ел боп алдың бүгінде

Рухына бас иемін Қайраттың.

Қан төгілді қара жерге қаншама

Қайғылы жай белгісі ғой баршаңа

Егеменді елбоп алдың бүгінде

Қуанышым менің мәңгі тарқама

Еліміз 1991жылы 16-желтоқсанда Тәуелсіз Республика болып жарияланды.Осы кезге дейін біз басқа мемлекетпен бірге болып өз билігіміз өзімізде болған жоқ.Осы күнге жету үшін талай қиыншылықты бастан кешірдік. Қаншама жастарқұрбан болды.Қайрат,Ләззат,Ербол сияқты жастарымыз өз өмірлерін қиды.Міне осындай қиыншылықпен біз тәуелсіз күнге жеттік.Қазір қазақ елі өз алдына бір мемлекет болып отыр.Шаңырақтарыңызға шаттық,отбастарыңызға амандық,береке бірлік тілеймін.Бүлдіршіндеріміз бақытты өмір сүрсін.

Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын.

Тату-тәтті тірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жалғассын.

Демекші,өткенімізді құрметтейтін,бүгінді бағалайтын,ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар балалар.!Тәуелсіздігіміз құтты болсын.

Қ.Р әнұраны орындалады.

Жүргізуші:Желтоқсан-заман толғағы байтақ даланың.

Шарпыған сәтті үміт пен күдік наланың.

Желтоқсан-Қайрат,Ләзат пенен Сәбира

Құрбаны болған жаланың.

Намысымның шырағы да желтоқсан

Сұрқай өмір шырағы да желтоқсан

Жігіттердің ұраны да желтоқсан,

Жаңа күннің шуағы да желтоқсан.

Бүлдіршіндеріміздің дайындаған өлең шумақтарын қабыл алыңыздар.

Әскер: Жанымыз жомарт қазақпыз

Мәңгүрт болып кете жаздаппыз

Қосайық басты бауырлар,

Жанайық жансақ маздап біз.

Дилара: Отан деген-Атамекен

Отан деген-туған жер

Отан-Ана ,Отан үлкен

Қазақстан –туған ел!

Бағдәулет: Биік болсын шоқтығың,

Атыңды айтам ән қылып.

Желбіреші көк туым,

Төбемізде мәңгілік!

Ханшайым: Отанды жас кәрімізде

Туған жер деп суйеміз.

Өйткені онда бәрәмәз

Туып өмір сүреміз.

Нұркелді: Өзіңдікі еліңде

Өзіңдікі жеріңде.

Жаса Қазақстаным

Тәуелсіздік төрінде.


Жүргізуші: Желтоқсанда қар жауып тұр әдемі,

Ақшақар бұл қыстың нағыз сәні еді.

Туған жерге қонып жатыр үміттер

Сол үміттер жырға мені бөледі.

Ән: «Елтаңбасы елімнің»

Жүргізуші: Кезекті өлең шумақтарына берейік.

Әлихан: Толтырған гүлге даланы,

Жайнатқан ауылым қаланы,

Ардақты ата-мекенім

Отаным Қазақстаным.

Аянат: Тәуелсіздік жолында,

Талай,талай тер тамған

Билігім өз қолымда

Еркіндігім елтаңбам.

Хамза: Көк байрақ көк аспан,

Алтын күн нұр шашқан,

Әлемге танылған

Тәуелсіз Қазақстан.

Мансур: Қазақ жері сәніміз,

Мәуесі мол бағымыз.

Саясында жетелер.

Балдай бала шағымыз.

Арайлым: Отанды жас кәрімізде,

Туған жер деп сүйеміз,

Елімізді құрметтеп,


Жүргізуші: Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

Лаула,лаула желтоқсанның мұзда жанған алауы.

Өздеріңдей ар-намыстыжас өркені бар елдің

Ешқашанда тиіс емес еңкеюге жалауы.

Дей отырып өлең шумақтарына кезек берейік.

Саят: Мереке бүгін бақ күні

Егеменді елімнің,

Желбірейді көк туы

Түсіндей боп көгімнің.

Шыңғыс: Туған жер алтын таң,

Кеңдалам таулы орман.

Ұл мен қыз қорғаймыз

Бақытты ұлы отан.


Анель: Орманы гүлім бұлағы күміс

Бұлбұлы жыршы,ұл-қызы керім

Таулары заңғар,өзені ырыс.

Қазақстан Республикам менің!

Нұрайша: Қуанышқа кенелген,

Бұл бақытты балалар,

Ел сүйетін өнермен

Биік ке қанат қаға алар.

Жансая: Отанды біз атамекен

Деп аялап атаймыз,

Өйткені оны мекен еткен

Бабамыз бен атамыз.

Жүргізуші:Түн.Кәдімгі милиондаған түндердің бірі, бірақ бұл өзгеше түн еді,себебі,бұл күнде қаланың кез-келген тұсынан ұстағанжастарды ұрып-соғып өлімші халге жеткізді.Осындай қатігездікті көрген оларға арашаға түсем деп жүргендердің арасында Қайрат Рысқұлбековте бар еді.

Көрініс (Қайраттың тергеуге әкелінген сәтінен үзінді)

Жүргізуші: Өкінішке орай 1988 жылы 13-мамырда Семей түрмесіне әкелінген Қайрат РРысқұлбеков 21-мамырдатаң ата өмірден өтті.

Барлығы: Енді қайтып келмесін

Сол бір қарғыс атқан күн.

Жүргізуші: Байтақ қазақ даласын,

Ақ көгершін шарлады.

Қуаныш шаттық жақсылықты.

Халықты ел сыйлайды.

Ән: «БІз өмірдің гүліміз»

Жүргізуші: Желтоқсан майдан жанжалы деме көшенің,

Желтоқсан-зары боздағын көмген шешенің.

Сызылған қан менжелтоқсан ұлы шекара

Бүгіні мен кешенің.

Иттерін қосып жендеттер есер қабаған

Ай-ару қыз қарындастарымды талаған.

Құрбаны болып әміршіл өктем жүйенің

Нашақор болып сотталып кетті ау сан адам.

Біздің мақтанышымыз еліүшін, жері үшін жанын пида еткен асыл азаматтарымыз желтоқсан құрбандары.Оларда ел жадында мәңгі сақталмақ.Тәуелсіздік таңы арайлай атып,егемендігіміз еңселі ел бола берсін.Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Желтоқсан алауы-тәуелсіздік бастауы» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көк-көп рахмет.








57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 29.06.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров44
Номер материала ДБ-135030
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх