Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Урок Жыл мезгілдері 7-сынып

Урок Жыл мезгілдері 7-сынып

  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ жүргізген мұғалімнің аты-жөні

Еркибаева Нұрсұлу Олжабайқызы

Ақмола облысы

Еңбекшілдер ауданы Макин орта мектебі

Апта 2

Күні 12.05

Сәрсенбі

Сабақ

Қазақ тілі

7-сынып

Оқушылар саны -11

Сабақтың тақырыбы: Жыл мезгілдері

Сілтеме

Оқулық: Т.М Артықова, Б.Немеренова Алматы, Атамұра, 2007- жыл

Интерактивті тақта, оқулық, қазақша-орысша сөздік, бағалау парағы.

Сабақтың мақсаты

Оқушылар өз еркімен жыл мезгілі туралы толық мағлұмат алады.

Міндеттері

Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілетін, сөздік қорларын дамытып, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері

Сұрақ-жауап, талдау, топтастыру, ауызша-жазбаша



Ұйымдастыру кезеңі 2 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

  1. Амандасу

  2. Кезекшімен сұхбат

Амандасады

Оқушылар сұрақ қояды

Үй жұмысын тексеру 5 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Берілген эссені оқиды.

Авторлық орындыққа отырып оқиды, тыңдайды.

Жаңа сабақ 7 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Слайд көрсетеді (2 мин) миға шабуыл

Сұрақ қояды

Не көрдіңдер?

Көреді, ойлайды, өз ойын ортаға салады.


Оқушылар жауап береді.

«Б-Б-Б» кестесін толтырады

Сөздікпен жұмыс 5 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сөздерді тақтада көрсетеді.

Тапсырма беру

1-топ - Сөздермен сөз тіркесін

2-топ –Сөйлем құрайды

Мәтінмен жұмыс 13 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Әр топқа мәтін береді

1-топ 1,2 абзацты талдайды

2-топ 3,4 абзацты талдайды.




Толықтырады, аударады, ортаға салады.

«Б-Б-Б» кестесін толтырады

Грамматикалық тапсырмалар 7 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сергіту сәті тақтадағы сөздерді оқыту.

не оқыдық? Не үшін?

3-тапсырманы топпен істеу. Мәтіннен қарамен жазылған сөздердің антоним мен синонимдерін табыңдар.

1-топқа. антонимдерін табыңдар.

2-топ . синонимдерін табыңдар.

оқиды

Оқушының жауабы.




Топпен орындайды, тақтада жазады, түсіндіреді, басқа топ жазып алады.

Қорыту. Бағалау 5 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бақылайды, бағалайды.

Бақылау парағына ұпайларын қояды.

Үйге тапсырма 1 мин

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Тапсырмаларды беру. (тақтадан көрсету)

140-бет 2- тапсырма.Сызбалар бойынша мәтінді мазмұнда.

Күнделікке жазады.

Түсінбесе сұрайды



Әр сабақ бойынша рефлективтік есеп. (болжау)

12- мамыр күні «Жыл мезгілдері» тақырыбына сабақ өткізбекшімін. Мен сабағымның мақсатын: Оқушылардың өз еркімен жыл мезгілі туралы толық мағлұмат алуға бағыттау.

Жоспар бойынша сабақты амандасу рәсімімен бастап, үйге берілген эссемен жалғастырмақшымын. Сабақты АКТ қолдану арқылы «Миға шабуыл» стратегиясы бойынша жаңа тақырыпты ашып алмақшымын. Мәтін бойынша оқушыларға БББ кестесін толтыртқызуды жоспарладым. Сөздіктермен жұмыс жүргізгенде 1- топқа сөздермен сөз тіркесін, 2-топқа –сөйлем құрғызбақшымын. Мәтінмен жұмыс жасағанда, оқушыларға БББ кестесін әрі қарай толтырғызып, ортаға салғызбақшымын. Сергіту сәті ретінде тақтадағы сөздерді оқытқызамын. Не оқыдық? Не үшін? –деген сұрақ қою арқылы әрі қарай диалог жүргіземіз. Әрі қарай грамматикалық тапсырмалар орындатамын. 3-тапсырманы топпен істетпекшімін. Мәтіннен қарамен жазылған сөздердің 1-топқа –антонимдерін, 2-топқа-синонимдерін тауып жазғызу арқылы өзін-өзі реттеуін көргім келеді. Әр топ өз тапсырмасын орындап болған соң, тақтаға жазғызып, балалардың дарындылығын анықтағым келеді. Сабақтың соңында оқушыларға алған білімдерін өздеріне бағалатпақшымын. Үйге тапсырма беремін. Осы жоспар арқылы сабағымды өткізбекшімін.
























«Жыл мезгілдері» рефлективті есеп.


Білім беруді, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады. «Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушыларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания академиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобы (Assessment Reform Group) автор болғаносы аттас (ОүБ) кітапша жарияланғаннан кейін белгілі болды.

12- мамыр күні «Жыл мезгілдері» тақырыбына сабақ өткіздім. Сабағымның мақсаты: оқушылар өз еркімен жыл мезгілі туралы толық мағлұмат алады. Жоспар бойынша сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін амандасу рәсімін тренинг түрінде өткіздім.

Үйге берілген тапсырманы орындау барысында оқушылардың дарындылығын анықтадым, «Автор орындығында» отырып, Аружан, Юля, Павел өзінің жазып келген эссені оқыды. Жаңа сабақты АКТ қолдану арқылы интерактивті тақтада көрсетілген сурет бойынша «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлатып, жаңа тақырыпты, мұғалім мен оқушы арасындағы диалогпен ашып алдым. Мәтін бойынша оқушылар БББ кестесін таратып, оқушылар сыни тұрғыдан ойлап, кестені толтырды. Кестенің «Білемін», «Білгім келеді» деген екі бағанын толтырғасын, сөздіктерді тақтадан тізбектеп оқып, тапсырмалар орындады. Сөздерді Павел, Дима мәнеріне келтіріп оқыды. 1- топ сөздермен сөз тіркесін, 2-топ – сөйлем құрады. Топ ішінде Айгүл мен Гүлхан басшылық жасады. Сөйлем құрғанда Батырхан өз ойын, келесі топта Михаил өз ойын ортаға салып отырды. Оқушылар оқулықтағы мәтінмен жұмыстарын жалғастырады. Мәтін бойынша «Білдім» деген үшінші бағанды толтырды, бұл жерде оқушылар өзін-өзі реттеп, бір-біріне білім беріп, әркім өзі білім алды, алған білімдерін ортаға салып, бөлісті. Мәтінмен жұмыс жасап, оқушылар БББ кестесін әрі қарай толтырды, ортаға салды. Келесі тапсырмаға көшу үшін сергіту сәтін тақтадағы сөздерді оқыту арқылы жүргізіп, істелетін тапсырманың басын -Не оқыдық? Не үшін? –деген сұрақ қою арқылы оқушылармен диалогқа түстік. Грамматикалық 3-тапсырманы ұжыммен істедік. Мәтіннен қарамен жазылған сөздердің антоним мен синонимдерін табу. 1-топқа –антонимдерін, 2-топ-синонимдерін жазып, оқушылар өзін-өзі реттеуін бақыладым. Әр топ өз тапсырмасын орындап болған соң, тақтаға жазғызып, Айгүл мен Гүлханның дарындылығын анықтадым. Барлық тапсырмаларды орындағаннан кейін оқушылар өздерін бағалап, түсініктемелер берді. Үйге тапсырма бердім. Өкінішке орай сабақты қорыта алмадым, уақытым жетпеді. Келесі сабақта осы қатемді жою үшін іс-әрекет жасаймын. Болашақта әр сабағыма жеті модульді қолдануды жоспарлап отырмын.


Пайдаланған әдебиет:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Автор
Дата добавления 01.11.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров5
Номер материала ДБ-308861
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх