Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Рабочие программы / Урок "Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар"

Урок "Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар"

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Сабақ реті 7 Пәні биология Сынып 7 Күні__________

Сабақтың тақырыбы: § 8. Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты:Оқушыларға жоғары сатыдағы саңырауқұлақтар туралы толық мәлімет беру

2. Дамытушылық мақсаты: Жоғары сатыдағы саңырауқұлақтардың құрылысы , ерекшелігі туралы түсінік қалыптастыру

  1. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың Әдіс-тӘсілдері: Әңгіме, лекция, дискуссия, кітаппен жұмыс

Сабақтың кӨрнекіліктері: Саңырауқұлақтар суреттері, кепкен саңырауқұлақ

Сабақтың барысы:

І. ДК. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, отырғызу, түгендеу.

ІІІ. ДК. Білімді жан-жақты тексеру:

1. Мукордың пенициллиннен айырмашылығы қандай? 2. Зен саңырауқұлақтарының табиғатта және шаруашылықта қандай маңызы бар?

1. Зең саңырауқұлақтарынан қалай сақтануға болады?

Зең саңырауқүлактарының тұрмыста пайда болуына мысал келтіріп. бақылаңдар.

ІV. ДК. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, оқушы белсенділігін арттыру

V. ДК.Жаңа материалды меңгерту (түсіндіру):

Қалпақшалы саңырауқұлақтарды атаңдар. Оның қандай түрлері бар? Саңырауқұлақтың тагамдық маңызы, қолданылуы жөнінде айтыңдар.

Жоғары сатыдағы көпжасушалы саңырауқұлақтардың мысалы ретінде тек қалпақшалы саңырауқұлаққа тоқталамыз. Саңыраукүлактар қарағай, самырсын, көктерек, қайың, қарағаш сияқты орманда, ағаштардың түбінде кездеседі (18-сурет). Саңырауқүлақтар ауа райы ылғалды және жылы болса, жақсы өседі. Күннің жарығын керек етпейді. Өйткені оларда хлорофилл болмайды. Өсімдіктердің даяр ағзалық заттарымен қоректенеді.

Қалпақшалы саңырауқұлақтар. Олар қалпақтан және түбіртектен тұрады (19-сурет). Оны жемісті денесі дейді. Жемісті денесінің мөлшері әрқилы. Қалпақшасының диаметрі 0,2-0,5 сантиметрден 72 сантиметрге дейін жетеді. Ал ақ саңырауқұлақтың жемісті денесінің салмағы 2 кг 720 г, қалпақшасының диаметрі 57 сантиметрге дейін болады. Жемісті денесі жіпшумақтан өсіп дамиды. Жіпшумағы топырак арасында көрінбей жатады. Жіпшесін микроскоппен қарасақ, оның бір қатарға орналасқан ұзын жасушалардан тұратынын көреміз. Жіпшесінің, жасушалары екі ядролы. Жіпше жақсы өсу үшін ауа, ылғал, жылу қажет. Сондықтан жіпшесі топыраққа терең енбей, 6-12 см тереңдікке ғана таралады. Саңырауқұлақтың жемісті денесі біріне-бірі тығыз ұйыса орналасқан жіпшумақтан тұрады.

Қайынқүлақ Терекқұлақ Ақсаңырауқұлақ *\hello_html_3fa38d1f.png

18-сурет. Калпақшалы саңырауқұлақтар. Саңырауқұлақтардың өсімдіктермен селбе-

суі. Сендер орманға барғанда калпақшалы саңы раукұлақтардың белгілі бір ағаштардың түбінде

өсіп тұрғанын байқаған боларсыңдар. Мысалы,

ақ саңырауқұлак тек қайың, қарағай, шырша

маңында өссе, көктерек саңырауқұлағы көкте-

ректің түбінде, арышқұлақтар қарағай мен шыр-

ша ормандарында өседі. Бұл жай кездейсоқтық

емес, көптеген қалпақшалы саңырауқұлақтар

ағаштардың тамырымен селбесіп, микориза тамыры; тамыр сыртын-

(грекше: «микос» - саңыраукұлак, «ризос». Саңырауқұлақтың жіпшелері. ағаштың тамырын айнала қоршап алады. Тіпті тамырдың ішіне енеді, топырақтан су мен минералды заттарды

сорады. Ол ағаштың тамырына етіп, ағаштан саңыраукүлақ өзінің тіршілік

етуіне қажетті ағзалық заттар алады. Осындай екі ағзаның пайдалы

селбесуін симбиоз (селбесу) дейді. Тамырында микоризасы жоқ ағаштар

өте баяу дамып, түрлі аурулармен тез зақымданады.

Қалпақшалы саңырауқұлақтар спора арқылы көбейеді. Споралары өте майда және ол қалпақшасының астында пісіп жетіледі. Олар ауа толқыны, жел аркылы ұшып таралады. Саңырауқұлақтың споралары суыққа, құрғақшылыкқа өте төзімді. Топырақта бірнеше ондаған жылдар бойы өнгіштігін жоғалтпай сақталады. Қолайлы жағдайда әрбір спорадан жіпшелер дамиды. Жіпшелері ұзарып, тарамдалып, жіпшумаққа айналады. Жіпшумақтардан жемісті дене жетіледі (21-сурет).

Қалпақшалы саңырауқұлақтар әр түрлі орман ағаштарының түбінде өседі. Олар - көпжасушалы ағзалар. Хлорофилі жоқ, сондықтан күннің жарығын керек етпейді. Өсімдіктердің даяр ағзалық заттарымен қоректенеді. Бұлардың түтікшелі және қатпарлы түрлері болады. Қал-ақшасы мен түбіртегінен жемісті дене түзіледі. Саңырауқұлақтың жемісті денесі жіпшумақтан кұралады. Саңырауқұлақтың көбею сызбанұсқасы: қалпақша астындағы спорангий — споралар — жіпшелер —жіпшумақ — жемісті дене — пісіп жетілген қалпақшалы саңырауқұлақ.

VI. ДК. оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру: Хлорофилл. Қалпақша. Түбіртек. Жемісті дене. Жіпшумақ. Жіпше. Түтікшелі саңырауқұлақ. Қатпарлы саңырауқұлақ. Микориза. Симбиоз.

VII. ДК.Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу

1. Көпжасушалы саңырауқұлақтар құрылысының ерекшеліктері неде?

2. Симбиоз деген не?

1. Қалпақшалы саңырауқұлактар қалай көбейеді? 2. Қалпақшалы саңырауқұлақтардың қандай топтары бар? Ол неге негізделген?

1. Микориза деген не? Мысал келтіріп түсіндіріңдер.

Өздерің тұратын өңірде саңырауқұлақтардың қай түрі кездесетінін анықтандар. 21-суреттегі саңыраукұлақтың көбею сызбанұсқасын талдап, дәптерге жазып алыңдар.


VIII.ДК. Үй тапсырмасын беру: § 8 оқу, мазмұндау IX. ДК. Баға қою.




Автор
Дата добавления 16.11.2015
Раздел Биология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров610
Номер материала ДВ-162173
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх