Инфоурок Другое Другие методич. материалыУрок "ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БІЛЕЙІК!"

Урок "ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БІЛЕЙІК!"

Скачать материал


Тақырыбы: «Жол тәртібін білейік»
Мақсаты: - Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; 
- ережелерді есте сақтауға үйрету; 
- Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу; 
- Оқушылардың ой - өрісін, сана – сезімін, өзін - өзі ұстауын, көшеде дұрыс жүріп тұруын дамыту. 
Көрнекілік: бағдаршам, жол белгілері, тыйым салынатын ескерту белгілері, 

Өтілу барысы: 
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі 
-Құрметті оқушылар! Бүгін біз жолда жүру ережелерін білеміз бе, оларды қалай меңгергенбіз, өз өміріміздің қауіпсіздігін сақтай аламыз ба, сол жөнінде ой бөлісейік. Және жолда жүрудің үлгісін көрсетейік. Ж
олда жүру ережелеріне арналған тәрбие сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.

 

 Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.

Өтілу барысы: 
Бұл сақшының үш көзді, 
Үш көзден ұқ, үш сөзді. 
Ашша сақшы үш көзін, 
Айтты деп ұқ үш сөзін 
Тоқта! Сақтан! Жол ашық! 
Жүрме жолға таласып – деп сыныбызды үш топқа бөлейік. 

1 – топ: Қызыл. 2 – топ: Сары. 3 – топ: Жасыл. 
І Таныстыру. 
1 – топ: Қызыл 
2 – топ: Сары. 
3 – топ: Жасыл. 
Қызыл тобы: Қызыл көзін ашқанда 
Сынық сүйем баспа алға, 

Сары тобы: Сары көзін ашқанда, 
Қарап қалма аспанға. 

Жасыл тобы: Жасыл көзін ашқанда, 
Жүре бергін жасқанба. 

ІІ. Келесі сайысымыз «сұрақ – жауап». 

Қызыл тобына: 1. Бағдаршам жоқ көшеден қалай өтеміз? (Әуелі сол жаққа, көшенің ортвсына келгенде оң жаққа қараймыз) 
2.Бағдаршамның неше көзі бар? (3, қызыл, сары, жасыл) 
3. Балалар қай жерде ойнау керек? (арнайы алаңдарда) 

Сары тобына: 1.Жолаушылар деген кім? (кез – келген көлікке мінетін адамдар) 
2.Жаяу адамның өтетін жолдындағы сызық? (ақжолақ) 
3. Көлік күткенде қай жерде тұру керек? (аялдамада, арнайы белгілеген орындарда) 

Жасыл тобына: 1. «Жүргізуші» деген кім? (көлік айдайтын адам) 
2.Автобус, троллейбус тоқтайтын жер? (аялдама). 
3. Өмірімізді қатерден сақтандыратын, көшемізде тұратын көмекшіміз не? (бағдаршам) 

ІІІ. Келесі сайысымыз «кім жылдам». Алдарынызға тапсырмалар жазылған карточка беріледі. 
Қызыл тобына: 
1. су көлігі. 
2. 4*9, 4*9+3*9
3. автобус тоқтайтын жер. 

Сары тобына: 
1. 3
*8, 23+65
2. жолаушы таситын көлік 
3. бағдаршамның орысшасы 
Жасыл тобына: 
1. 78+25, 4*9+3*5
2. дайындықты білдіретін бағдаршам көзі 
3. мектепте оқитын кім. 

Мұғалім: Енді соңғы сайсымызда жұмбақ
тар шешу. 

Қызыл тобына: 
1. Сөйлеуді ол білмейді, 
Бірақ тоқта, жүр дейді. (бағдаршам) 
2. Төрт аяғы дөңгелек, 
Адамсыз ол жүрмейді (машина) 
3. Тақылдатып таңдайды. 
Егінді тез жалмайды. 
Дәнін берер тазалап. 
Өзі түкте алмайды. (комбайн) 
Сары тобына: 
1. Ала таяқ ұстаған. 
Жол тәртібін нұсқаған 
Өміріңді күзеткен. 
Ысқырығы күзеткен. (милиционер) 
2. Көліктің қаншасын жанынан өткізген. 
Іргеден басталып, алысқа жеткізген (жол) 
3. Қанаты бар қақпайды. 
Аспанда тыным таппайды. (самолет) 
Жасыл тобына: 
1. Гүрілдеп жүреді. 
Жердің бетін сүреді. (трактор) 
2. Күндіз – түні көше кезіп зулайды. 
Жолаушыға қызмет етіп тынбайды. (такси) 
4. Ұзын өзен. 
Суы жоқ (жол) 
Жолда жүру ережесі: 
1. Машина жүретін жолда ойнауға болмайды. 
2. Көлік жүретін жолмен жүруге болмайды. 
3. Көшенің қиылысындағы бағдаршамның қызылы жанғанда жолдан өтуге болмайды. 
4. Көшенің кез келген жерінене өтуге болмайды. 
5. Көлік жүретін көшені бойлап жүруге болмайды. 
6. Егер жолдан өтуге үлгермесең, орталық сызықта немесе «қауіпсіздік аялдамасында» тоқта да бағдаршамның жасыл түсі жануын кқт. 
7. Жолдан бағдаршамның тек жасыл жанғанда ғана өт. 
8. Егер жаяу жүргіншілерге арналған жол болмаса, жаяу жүргінші жолдың шетімен қозғалысқа қарсы жүруге тиісті. 

Қимылды ойын: «Бағдаршам»

Жүргізуші жасыл түсті көрсеткенде балалар жүреді, сарыны көрсеткеде алақандарын соғады, қызыл түсті көрсеткенде тыныштық сақтаймыз.


Көрініс:«ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК»

Қызыл телпек қыдырып...әжесіне бармақшы

Жету үшін орманға, белгіні еске алмақшы

Жету үшін адаспай ережені сақтайды

Жол белгісін білмесе, әженің үйін таппайды

ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК:

Шуақты өміріміз күндей күліп,
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.
Әжеме сапар шегу мүмкін емес,
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Бала:-Көмектесіңдерші, Көмектесіңдерші...
 

Жасырмай айтсам сырымды

Жол апатына тап болдым

Бағдаршамға қарамай

 Жолда ойнап тап болдым

 ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК:-Көрдің бе сен жол ережесін білмегендіктен жол апатына ұшырадың.Жол ережесі дұрыс өмір сүріп,абай болуды талап етеді.Мен сені жолда жүру ережелерімен таныстырайын.Тыңда....( жол белгілерімен таныстырады )

Сақтандыру, ескерту белгісі:
 

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,
Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.
 

Тыйым салу белгісі:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.
 

 Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.
Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.
 

 Нұсқау белгісі:
Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп көрсетіп тұрамын.
Күндіз де, түнде де от болып жанады,
Көкпеңбек боялған төртбұрыш шырағым.

Бала:

-Енді мен бәрін білдім,жол ережесін бұзбаймын,Қызыл телпек, саған көп рахмет!

ҚЫЗЫЛ ТЕЛПЕК:

-Ережені бұзбайық

Тәртіпті біз сақтайық

Бағдаршамға қарайық

Аман алып қалайық!

 

Ән:«Әрқашан күн сөбесін» аяқтау.

 

Қорытындылау: Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау- сенің міндетің! Егер жол ережесін бұзсаң, тек өзіңе қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесің. Сондықтан, жолда сақ бол! Көше тәртібін есіңнен шығарма!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок "ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БІЛЕЙІК!""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 395 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.09.2016 993
    • DOCX 22.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Наурызова Аягөз Кәдірбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Наурызова Аягөз Кәдірбекқызы
    Наурызова Аягөз Кәдірбекқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 12225
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

"С понедельника — начну!.." Практическое руководство к модификации образа жизни

Перейти к трансляции