Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Урок казахской литературы на тему Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Урок казахской литературы на тему Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт

библиотека
материалов

Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт

а) білімділік мақсаты: «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» тақырыбы туралы

мәлімет беру, Қорқыт бейнесі арқылы күй өнерінің құдіретін таныту.

ә) дамытушылық мақсаты: Оқушыларды деңгейлік тапсырмалар арқылы ізденіс- шығармашылық қабілеттерін, тіл байлығын дамытуға дағдыландыру

б) тәрбиелік мақсаты: Қорқыт бейнесі арқылы адамгершілік, ізгілік, өнерпаздық қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақ әдісі: сұрақ- жауап, баяндау, деңгейлік тапсырмалар.

Көрнекілігі: Электронды оқулық, «Қорқыт ата кітабы» Қоңыратбаев, Ысқақов

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка.

Түрі: «Үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы, «СТО» технологисының элементтері

Сабақ барысы:                I кезең

  1. Ұйымдастыру

  2. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Қазақ халқының ежелгі дәуір әдебиеті

Сұрақтар:

  1. Ертеде қандай тайпалар бірігіп көшіп- қонып жүрген?

  2. Олардың мемлекеті қалай аталды?

  3. Түркілердің қандай қалалары болды?

  4. Түркі ақындары жырларын неліктен құлпытастарға қашап жазған?

  5. Бұл құлпытастар қай жерден табылды?

  6. Жырлар кімдерге арналған?

II кезең

  1. Жаңа сабақ

Түрік қағанаты VIII ғасырда құлағаннан кейін, оның орнына тарих сахнасына шыққан оғыз мемлекеті де әдебиетімізде айтарлықтай із қалдырған.

Бұл дәуір әдебиетінен белгілі екі ескерткіш бар: «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз қаған жыры»

Сұрақтар:

  1. Қорқыт ата кім?

  2. Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

«Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» туралы реферат қорғау

III кезең

1-    деңгей

Сұрақтар:

  1. Қорқыт кім, ол жөнінде не білесіңдер?

  2. Ол қандай музыкалық аспап жасады?

  3. Қорқыттың жырларын халық қалай сақтап келеді?

  4. «Қорқыт ата кітабы» қай жерде сақтаулы тұр?

  5. Қорқытқа ажал неліктен жақындай алмады?

2-    деңгей

Сөздікпен жұмыс

күйші- сочинитель и исполнитель музыкальных произведений на домбре

желмаясына мініп- верхом на верблюдице

құтылуға болмайтынын- о невозможности

Бұл сабағымның екінші деңгейінде оқушылардың ізденіс- шығармашылық қабілеттерін шыңдауда «Ой толғаныс» сатысы бойынша «Қорқыт ата кім?» деген сұраққа жауап іздейді. Ой шақыру арқылы білімдерін жинақтап,  өз ойларын интерактивті тақта арқылы ортаға салады.

Қорқыт ата кім?

жыраулық өнердің атасы күйші халық даналығын жинап сақтаушы ойшыл

«Венн диаграммасы»  («Салыстырмалы мінездеме» арқылы (Қорқыт ата мен Құрманғазы Сағырбайұлының) ортақ қасиеттерін табуға тапсырма беріледі.

3-    деңгей

Электрондық оқулықтан Қорқыт атаның күйі жіберіліп, осы әуенді тыңдай отырып оқушылар «Қорқыт ата аңсаған арманы орындалды ма?» тақырыбында ой толғау жазу тапсырылады.

Сонымен, оқушылар бүгінгі сабағымызда «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» тақырыбы бойынша кеңірек таныстық. Қорқыт тек қана мәңгілік өмірді аңсаушы арман иесі ғана емес, күйші, сәуегей, ақын екенін білдік. Бүгінде Қорқыт атаның арманы орындалды, өзі өлгенімен, оның күйлері халықпен бірге мәңгілік жасап келеді. Мәңгілік өмір дегеніміз- өзің өлсең де артыңда өлмейтін, өшпейтін халық үшін жасаған игілікті істерің екен. Қорқыт атаның  ізгі жолын жалғастырушы өнер тарландары Ә. Есқалиев, Е. Нығыметов,        Қ. Махметоваларды атап айтуға болады.

Бүгінгі сабақта  не түйдім? сұрағы бойынша топтастыру әдісін жүргіздім.

Сабағымызды қорытындылай келе , «Болжау кестесі» арқылы Нені үйрендім? сұрағы бойынша оқушылар өз ойларын ортаға салды. Бұл сабақта оқушылар Қорқыт атаның өмірі мен шығармашылығы туралы біліп қана қоймай, өнердің мәңгілік екендігін, ұрпақ үндестігі Қорқыт, Құрманғазы бабаларымыздан бастау алып, жалғасын кейінгі ұрпақ жалғастыратынын білді, өнердің мәңгілік екендігін түсінді.

Үйге тапсырма : 4- деңгей «Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» атты шығарма жазу

Сабақтың тақырыбы: Қорқыт ата кітабы

Сабақтың мақсаты. 
1.Білімділік: Оқушыларға Қорқыттың өмірі мен творчествосын таныстыру
2.Дамытушылық: Оқушының тіл байлығын жетілдіру , балаларды тез ойланып, жауаптарын тиянақты айта білуге дағдыландыру.
   3.Тәрбиелік: халқымыздың мұрасын бағалай білуге,елін сүюге тәрбиелеу Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, дидактикалық материалдар,  т.б.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері:  әңгімелеу, өз бетімен жұмыс,сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасу
Оқушыларды түгелдеу
Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.Қобыз атасы, композитор, жыршы, ақын, музыкант, бақсылардың қамқоршысы. "Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен ІХ-Х ғасырларда билік құрған оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады. Оны Ш.Ш.Уәлиханов қазақтың алғашқы шаманы, алғашқы ақыны деп атайды. Қорқыт жайындағы аңыз әңгімелер Ә.Науаи арқылы белгілі болып, түркі халықтары, әсіресе қазақтар арасында кең тарады.Аңыздарда Қорқыт Қырмаш пен "жарық жүзді сұлудан" туылған делінеді. Оның есімінің өзінде магиялық мән бар. Уәлихановтық-потаниндік түсіндірме "қорқыт" сөзі — адамзат тұрмысының жағдайын көрсететін "қорқыту" сөзінен шыққан деп түсіндіреді. Өлімнен қорқу мен одан қашу — шаман халық аңыздарының жемісі.Аңыздарда Қорқыт қобыз жасаған. Ол қобыздың музыкалық дыбысталуынан үшкіру, ауа, сиқыр өткізген.Қорқыттың пайымдауынша, адамдар адамилық қасиеттерін сақтап қалу керек. Адам үшін ең қауіптісі — адамилықты жоғалту. "Қонақ келмес үйдің қирағаны жақсы, жылқы жемес шөртің шықпағаны жақсы, адам ішпес ащы судың ағысты жылғаларды кумағаны жақсы, атаның атын былғайтын ақылсыз ұлдың тумағаны жақсы". "Адам қанша қажетсінгенмен, ол өз үлесінен артық жей алмайды". Сол аңыздарда Қорқыт жер-жаһанды кезіп, "басқа елден әркімге өз елінде жақсы" деген ой түйіндегенін байқауға болады. Оның айнымас досы сиқырлы Желмаясы болды."Қорқыт ата кітабы" — кейіннен түркі халқының құрамына қосылған оғыз тайпасының эпикалық жазба ескерткіші, Кітап оғыздардың өмірі жайында баяндайды. Оғыз — қыпшақ тайпаларына ортақ тілде жазылған. Кітаптың араб әрпімен жазылған екі нұсқасы саққалған (Дрезден, Ватикан). Әр жырдың өзіндік сюжеті бар. Олардың әрбіріңде көріпкел, тайпа көсемі, ақылгөй Қорқыт ата бейнесі берілген. Әрбір жырдың соңы Қорқыт атаны мақтаумен аяқталады. Кітап ақыл-өсиет,мақал-мәтел, нақыл, шешеңцік сөздерге толы.Ондағы оқиғалар Сыр бойында, Орта Азия, Кавказ жерлеріңде өтеді. Одан кең даланы мекендеген рулардың кұралу, ыдырау тарихы аңғарылады. Бамсы-Байрақ жыры Алпамыспен ұқсас болса, Үсүн қожа — қазақтың үйсін тайпасының атасы. Қорқыт ата жайындағы аңыздар қазақ, қырғыз және т.б. түркі халықтарының арасында сақталған.

ІV. Cабақты меңгерту
Сатылай комплексті талдау 

                                                           Туған жылы
                                                      Туған жері
                                                      Күйлері
                                                Жырлары
                                             Қайтыс болған уақыты                                      

V. Сабақты қорытындылау.   
Ой толғау «Қорқыт ата өлімнен қашып құтыла алды ма?
   VІ. Үйге тапсырма беру        .
Мазмұнын айту
VІІ. Бағалау



Краткое описание документа:

Түрік қағанаты VIII ғасырда құлағаннан кейін, оның орнына тарих сахнасына шыққан оғыз мемлекеті де әдебиетімізде айтарлықтай із қалдырған.

Бұл дәуір әдебиетінен белгілі екі ескерткіш бар: «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз қаған жыры»

Сұрақтар:

1.       Қорқыт ата кім?

2.       Оның қандай шығармаларын білесіңдер?

«Мәңгілік өмірді аңсаған Қорқыт» туралы реферат қорғау

Сұрақтар:

1.       Қорқыт кім, ол жөнінде не білесіңдер?

2.       Ол қандай музыкалық аспап жасады?

3.       Қорқыттың жырларын халық қалай сақтап келеді?

4.       «Қорқыт ата кітабы» қай жерде сақтаулы тұр?

5.       Қорқытқа ажал неліктен жақындай алмады?

Общая информация

Номер материала: 482225

Похожие материалы