Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Урок литературы "Атақты күйшілер"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Урок литературы "Атақты күйшілер"

библиотека
материалов

hello_html_3572c375.gifhello_html_m695a8987.gifhello_html_5e67e801.gifhello_html_m1385962f.gifhello_html_55556409.gifhello_html_m3ff8fd22.gifЕсімшеде – атақты күйшілер

Мақсаты: а) қазақ халқының ұлы күйшілері туралы түсінік бері, шығармаларымен таныстыру, тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс пайдалану, есімшенің жұрнақтарын қайталау; ә) ауызша, жазбаша тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау, қабілеттерін дамыту; б) тарихтағы ұлы күйшілердің өмірбаянын үлгі ете отырып, құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Түрі: ашық сабақ. Әдісі: жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен, мәтінмен, тақтамен жұмыс жасау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау. Көрнекілікті: күйшілердің суреттері, мақал-мәтелдер, итерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу;

ә) кезекшімен сұхбат;

- Кім кезекші? Сыныпта кім жоқ?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Қыста қандай өзгерістер болады?

- Бүгін ауа райы қандай?

б) Оқушылардың оқу-құралдарын түгелдеу.

ІІ. Енді сабағымыздың ережесімен танысайық:

1. Бірін-бірі тыңдау.

2. Ойын ашық айту.

3. Сабаққа түгел қатысу.

4. Ұйымшыл болу.

5. Уақытқа бағыну.

ІІІ. Өткен сабақты сұрау.

Сабағымыз қазақтың мына мақалымен басталады:

Өнер ағып тұрған бұлақ, Білім- жанып тұрған шырақ.

  • Біз сендермен бірге білім шырағының көмегімен өнер бұлағының көзін аштық. Осыған байланысты мына көрмені ұйымдастырдық. Мұнда көптеген құжаттармен танысып, түрлі мәліметтер алуға болады. Мына кітапта Ш. Аймановтың сомдаған рөлдері туралы айтылған.

КИНО ӨНЕРІ

Өнердің тағы қандай салаларын білесіңдер?

КҮЙ ӨНЕРІ

БИ ӨНЕРІ



ТЕАТР ӨНЕРІ

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ

ӘН ӨНЕРІ

ӨНЕР





IV. – Осы өткен өнер түрлерін қайталай келе, бүгінгі жаңа сабағымыз күй өнері және атақты күйшілеріміз жа йында болмақ. «Күй» сөзі көшпелі тайпалар тұрмысында XIV ғасырда «аспаптық музыка» деген ұғымды білдірген. Күй ішінде өртенген дала, қираған қала, шапқан ат, төгілген қан, ашынған ана, аңсаған ару, жылаған бала бар.

Күй десек, алдымен есімізге домбыра түседі. Домбыра – халқымыздың жан серігі. Ол – тарих, тағдыр, тіл, тұрмыс пен әдет-ғұрыпты айқын көрсететін ұлттық байлығымыз. Осы ұлттық байлығымызды қанша адам серік етіп, өнерімізді өзгелерге паш етті. Күй атасы – Кетбұғадан бастап, Асан қайғы, Қазтуған жырау, Ықылас, Тәттімбет, Құрманғазы, Дина сияқты дарынды күйшілеріміз қазақ өнеріне баға жетпес зор үлес қосқан.

V. Оқулықпен жұмыс:

А) жаңа сөздермен танысу;

Ә) диалогты оқып, аудару;

Б) атақты күйшілеріміз жайында.

1.Құрманғазы Сағырбайұлы – композитор, күйші.

2.Дина Нұрпейісова – күйші, композитор.

VІ. Жазбаша жұмыс. 6-тапсырма. 100 бет.

VІІ. Сабақты қорытындылау:

1. Күй деген не? 2. Күйде не туралы айтылады? 3. Күйлер осы заманга дейін қалай сақталған? 4. Күйді шығарған кімдер? 5.Қандай күйшілерді білдік?

- «Өнер» тақырыбын қорыта келе, алдарыңыздағы қағазға «не білдік?, тағы не білегіміз келеді?» деген сұрақтарға жауап берулеріңіз керек.

VІІІ. Үйге тапсырма: Атақты күйшілеріміз жайында мазмұндау.

ІХ. Бағалау. Бүгінгі сабақ еркше болғандықтан бағалау түрі де ерекше болмақ. Бесжұлдыз, төртбұрыш, үшбұрыштар арқылы әркім өз бағаларын біледі.



Краткое описание документа:

Мақсаты:

а) қазақ халқының ұлы күйшілері туралы түсінік бері, шығармаларымен таныстыру, тақырып бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс пайдалану, есімшенің жұрнақтарын қайталау;

ә) ауызша, жазбаша тіл байлықтарын дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойлау, қабілеттерін дамыту;

б) тарихтағы ұлы күйшілердің өмірбаянын үлгі ете отырып, құрмет, мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін оятуға тәрбиелеу.

Түрі: ашық сабақ.

Әдісі: жаңа сөздермен, сөз тіркестерімен, мәтінмен, тақтамен жұмыс жасау, әңгімелеу, сұрақ-жауап, түсіндіру, қайталау.

 Көрнекілікті: күйшілердің суреттері, мақал-мәтелдер, интерактивті тақта.

 

Автор
Дата добавления 22.02.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров284
Номер материала 404187
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх