Урок по географии на тему "Природные зоны Австралии" в 7 классе на казахском языке
Предпросмотр материала:
7-сынып. Сыни тұрғыдан ойлуды үйрету.
|
Психологиялық ахуалды жақсарту мақсатыңда «Аустралиялық жауын» атты ойын өткізу: Балалар, сендер Аустралиялық жауын деген не білесіндер ме? Жоқ? Онда ол қандай екенін анықтап, тындайық. Қазір шеңбер құрып, бір-бірімізге мен жасап, көрсететін қимылдарды кезек қайталайсыңдар. Маған қайтып келген кезде келесі қимылды көрсетемін. Мұқият болыңдар! Аустралияда жел көтерілді. (Мұғалім алақандарды ұқалайды). Жаңбыр жауа бастады. (Саусақтарды шерту). Жаңбыр күшейе түсті. (Кеудені кезек соғу). Қатты нөсер басталды. (Аяқтың санын соғу). Қатты дауыл келе жатыр. (Аяқпен таптау). Дауыл баяулады. (Аяқтың санын соғу). Жауын баяулады. (Кеудені кезек соғу ). Сирек тамшылар жерге түсіп жатыр. (Саусақтарды шерту). Жел баяулады. (Мұғалім алақандарды ұқалайды). Күн шықты! ( Қол көтереді). 5 минут
|
|||||||||||
|
Топқа 1-4 санап, бөлу. 2 минут
|
|||||||||||
|
Тақырыбы: Аустралияның табиғат зоналары.
|
|||||||||||
|
Мақсаты: Аустралияның табиғат зоналарының алуан түрлілігін, ерекшеліктерін анықтау. Сұрақтар: Картадан Аустралияның табиғат зоналарын анықтаңдар. Қай табиғат зонаның ауданның үлесі ең көп болып келеді? Қайсысы аз? Табиғат зоналардың қалыптасуына не әсер етті? Қалай ойлайсындар? Табиғат зоналарының қалыптасуына жер бедері әсер ете ма? Ал климат ше? Материктың Гондванадан ертеден бөлінуі әсер ете ме? Эндемиктер дегеніміз не? 4 минут
|
|||||||||||
|
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Сабақ барысы: |
Оқушылардың іс-әрекеті |
|||||||||
|
Сұрақ қою.
Таратпа материалдарды үйлестіру – өсімдіктер, жануарлар, көлік түрлерінің, табиғат көріністердің суреттері; плакаттар, маркерлер, клей.
Критерийлермен таныстыру. |
«Миға шабу» - кесте толтыру
І. Аустралия табиғаты туралы видео көрсету. 5 минут
ІІ. Тапсырманы орындау: Егер сендер туристік компания болсаңдар, онда сендерге бір топ туристер келсе, оларды Аустралияның табиғатымен қалай таныстырар едіңдер? 15 минут
физминутка ІІІ. Критерийлер: 1. Аустралияның табиғатымен толық таныстыру. 2. Суреттерді дұрыс пайдалану. 3. Уақытты дұрыс пайдалану: дайындалу – 15 минут; қорғау – 3 минут; 4. Басқа топтарға сұрақ қою, кемшіліктерін анықтау. 5. Топтың ішіндегі қарым қатынас.
ІV. Қорғау. 3 минут
V. Бағалау: Бағалау парағы
V І. Ү/ж : 1. Ксерофиттер, скрэб, Налларбор, суккуленттер, “Аустралияның өлі жүрегі”, “вилли-вилли”, шұраттар, эпифиттер дегеніміз не? (жазбаша) 2. 53§ - 55§ қайталау.
Рефлексия. |
Не білесін? Не білгің келеді? Не білдің? Не қызықты болды?
Тапсырманы орындайды.
Сұрақ қояды.
Оқушылар басқа топтарды бағалайды.
Кестені толтырады. Пікірлерің жазады. |
|||||||||
Урок на тему "Природные зоны Австралии" был проведен с применением стратегий критического мышления. Это 4-й урок. К нему также прилагается анализ на казахском языке:
Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету «Аустралияның табиғат зоналары» тақырыбына сабақ өткіздім. Психологиялық ахуалды жақсарту мақсатыңда «Аустралиялық жауын» атты сергіту өткіздім. Бұл сабаққа дайындау ретіңде өткіздім. Еркежан мен Талғат бір топта отырып қалды. Ал Маржан А.Балнұр мен отырды – 2 лидер 1 топта. Сабақ басында мақсатың оқушылар осы жолы жақсы анықтады. Барлық сұрақтарға жауап берді. Үйреніп қалды. «Миға шабу» кезеніңде оқушылар – Не білесің? Не білгің келеді? Не білдің? Не қызықты болды? – деген сұрақтарға жауап берді: 2 сұраққа-сабақ басында, 2 сұраққа- сабақтың аяғында. Бәріне топтық жұмыста суреттерді орналастыру өте ұнады. Еркежан білгім келген нәрсенің бәрін білдім деп жазыпты. Талғатқа сергіту сәті қызықты болды. Ал Ұланға ерекше назар аударғым келеді. Себебі жауаптары қызықты болды: Не білесің? Жануарлар туралы бәрін білем; Не білгің келеді? Осы жылы 21.12.12 жылы метеорит түскені туралы білгім келеді. Және маған бәрі қызықты болған үшін рақмет айтты. Ұлан 1-3 сабақтарда белсенділігің көрсеткен жоқ. Қабілеті төмен оқушы осы сабақта қызығушылығын көрсетіп, топта плакатты өзіне қаратып, суретті салды. Осымен мені таң қалтырды. Сонымен бірге 2-ші топтың жұмыс істегені ұнады – олар біріңші плакатқа не салатындарын анықтап алды, содан кейін суреттерді алып, орналастырды. Жобалары да қызықты, орынды болды. Маржан тағы бір белсенді, қабілетті оқушымен отырып қалды. Бірақ Маржан басты рөлде болып, басқалардың да пікірлерің тындап отырды. «Сәтті сапар!» атты туристік компанияның атауын да ол ұсынды. Басқа командалар ат қойған жоқ. Жұмысты қорғаған кезде, Маржан бастады, А.Балнұр аяқтады. Өздері рөлдерді бөліп алды. Бірінші топ қорғауға шыққан кезде, оларға, критерийде болса да, топтардың еш қайсысы да сұрақ қойған жоқ. Сондықтан мен айттым: «Осы командаға бір балл қосамын, өйткені ол топ сендерде ешқандай сұрақ туғызбады» - деп айттым. Осыдан кейін топтар көп сұрақ қоя бастады. Мұнда келесіде шектеу қою керек деп ойлаймын, әйтпесе уақыт жетпейді. 2 топ шыққанда (Еркежан мен Талғат отырған топ) О. Балнұр баяндады, Талғат пен Еркежан үндеген жоқ. Бірақ, сұрақ қойғанда, оның біріне Еркежан жауап берді. Еркежан белсенділік танытты, 4 топқа сұрақ қойды. Осымен мені қуантты. Талғат осы сабақта да еңжар, тұйық болды. Топтар арасында бағалаған кезде, ешкімге де жоғары балл қойылған жоқ. Менде неге солай деген сұрақ туды. Сондықтан келесіде неге осындай балл қойдыңдар деген сұрау керек деп ойлаймын. Бәріне де сабақ өте ұнады. Оқушылар күнде солай болса ғой деген пікір жазды. Сабаққа 6 мұғалім қатысты. Оларға жалпы ұнады. Бірақ ұнамаған сәттері де болды – ол уақыттың жетпей қалғаны, шу болғаны. Және қайта-қайта бір оқушылар ғана жауап бере – береді, деп әдіскер ескерту жасады. Келесіде осы мәселеге назар аудару қажет.
Что Вы хотите изменить?
Например: обновить оформление, добавить задания, изменить класс, сократить текст или адаптировать материал.

Профессия: Учитель географии
Профессия: Учитель географии
В каталоге 7 738 курсов по разным направлениям