Мәтіндермен жұмыс. Топтарға мәтіндер таратылады. Оқушылар мәтінмен 3 мин. оқып, танысып шығады. Топ мүшелері өз рөлдерін бөліп алады. Олар: Белгілеуші – мәтіндерден тірек сөздерді теріп жазады. Баяндаушы – мәтін мазмұнын баяндайды. Сұрақ қоюшы – мәтін мазмұны бойынша 3 сұрақ құрастырады. Бағалаушы – бағалау критерийі бойынша өзге топты бағалайды. Байланыстырушы – мәтін мазмұнын өмірмен байланыстыра отырып, нақты мысалдар келтіреді.
Әке мен бала Қазақ отбасында баланың әкесін сыйлап өсуіне үлкен мән беріледі. Баланы әкесін сыйлауға, алдымен, анасы үйретеді. Әдетте, шешелері балаларына «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе», тағы басқа осындай әке беделін көтеретін сөздерді үнемі айтып отырады. М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында баланы әкені құрметтеуге үйрететін мынадай үлгі бар: «...Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен он үш жасар шәкірт бала Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін шешесіне қарай жүгіреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй, балам, анда әкең тұр, әкеңе барып сәлем бер!» - дейді. Бір сәтте балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткірек тұрған топқа қарай адымдай жөнелді». Ұлы жазушы Ұлжан ананың отбасындағы тәрбиесін осылайша үлгі етіп көрсеткен.
Ағаш тостақ Жангелді кішкентай баласын іздейді.Үйдің артына барса, баласы ағаштан бір нәрсе жасап жатыр екен. Нұрлан, сен не істеп жатырсың? Тостақ жасап жатырмын. Ағаш тостақты не істейсің? Үйде одан да әдемі тостақтар көп қой. Бірақ ол тостақтармен сізге тамақ құйып бере алмаймын ғой. Неге құя алмайсың? Өйткені сіз қартайғанда ағаш тостақтан басқасымен тамақ іше алмайсыз ғой.
Мұны естіген Жангелдінің денесі мұздай болып кетті. Ол өзінің қатесін түсінді. Өйткені оның әйелі қартайған әкесіне шыны ыдыстарды сындырады деп ағаш тостақпен тамақ беретін. Кешкі тамақта Нұрлан дастарханнан ешқандай ағаш ыдысты көре алмады. Таңданған Нұрлан ата-анасына қарады. Олар әдемі шыны ыдыстармен атасына тамақ беріп жатқан еді.
Топтар жұмыстарын айтып өтеді.
Тапсырма: Екі мәтінді салыстыру. Мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын ажыратады.
ВЕНН диаграммасы.

Тапсырма: Интербелсенді тақтадағы мақал-мәтелдерді мәтіндердің мазмұнына қарай сәйкестендіру. Әке - балаға сыншы. (абай) Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің.(тостак) Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді(тостак) Әдептілік белгісі – иіліп сәлем бергені (абай) Баланың бас ұстазы – ата-анасы(абай) Әкесін сыйламаған кісіні, баласы да сыйламайды.(тостак) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.(тостак) Алыстан сәлем береді, әдепті елдің баласы(абай)
|