702256
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 5.520 руб.;
- курсы повышения квалификации от 1.200 руб.
Престижные документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 70%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО сейчас!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок")

ИнфоурокДругоеДругие методич. материалыУрок по предмету "Основы болезни с/х животных"

Урок по предмету "Основы болезни с/х животных"

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Сабақтың тақырыбы: Ауылшаруашылық малдың жұқпалы аурулары. Топалаң

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды малдың топалаң ауруымен таныстыру.

Дамытушылық: Теориялық білімін қолдану, зерттеу әдістерін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбектенуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуына кәсіби білімдерін іске асыра білуге тәриелеу

Пайдаланған көрнекілігі: слайдтар, малдың мүшелері бейнеленген нақпішіндер, оқулық Т. Жолшыбек «Мал шаруашылығы», Ә.М. Өтенов “Ветеринария негіздері”

Пәнаралық байланыс: химия, мал ауру негіздері, мал шаруашылық негіздері, еңбек қауіпсіздігі, фармакология негізі.

Сабақтың әдісі: дәріс

Сабақ өтетін жер: «Малдәрігерлік кабинеті»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылырдың қатысуын, дайындығын тексеру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты жарияланды. Керекті жабдықтар тексерілді.

ІІ. Ұй тапсырмасын тексеру:

  1. Індеттану түсінігін айтыңыз

  2. Індет процесі дегеніміз не?

  3. Мал организміне қоздырғыштардың ену жолдарын атаңыз

  4. Жұқпалы ауруға қарсы иммунитет қалыптастыру үшін қандай препаратты қолданылады?

  5. Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Топалаң – жануарлар мен адамдарда болатын аса жұқпалы ауру. Ауыл шаруашылық малдарының барлығы және жабайы жануарлардың көптеген түрлері ауырады. Топалаңмен ауырған кезде көршиқандар шығады, түрлі ағзалары серроздық-геморрагиялық қабынады. Қоздырғышы капсула мен спора құратын Bacіllus anthracіs бацилласы жер қыртысында көбейеді және ондаған жылдар бойы сақталады. Сондай-ақ суыққа да төзімді болады. Ауру қоздырғыштарын таратудың негізгі көзі – сыртқы ортаға бөлініп шығатын ауру малдардың зәрі, сүті, сілекейі. Топалаңнан өліп, кезінде жиналмаған қой өлексесі өте қауіпті. Қоздырғыштары тері зауыттарының, мал көмген орындардың маңайында, жайылымдарда, мал су ішетін орындарда жиі кездеседі. Ауру көбіне жазда (шілде – тамыз айларында) байқалады. Ауырған мал жүріп келе жатып тоқтап қалады, мойнын соза береді, танауы делдиіп, аузын ашып, ауыр тыныс алады, кейбіреулері қанды зәр шығарады. 2 – 16 сағат ішінде мал жүре алмай, жығылып қалады, аяқтары тартылады, мұрны мен аузынан қанды көбік ағады. Өлексесі өте тез ыдырайды. Малдың іші кеуіп, ісінеді, көкбауыры тым үлкейіп, қанға толып тұрады. Күйіс қайыратын малдарда және жылқыда жүрек соғысы мен тыныс алуы жиілейді, сілекейлі қабығы көгереді, тәбеті нашарлайды, дірілдеп, денесінің әр жерінде жаралар пайда болады. Шошқалардың мойнында ісік пайда болып, тыныс алу мен жұтыну қызметі бұзылады. Топалаңның алдын алу үшін бүкіл малға СТИ-1 немесе ГНКИ вакцинасын егеді. Бұған қоса жайылымдар, қой суаратын орындар, үй маңындағы телімдер малдәрігерлік-санитарлық талаптарға сай болуы тиіс. Адамдарға топалаң ауру малдарға күтім жасағанда, мал өнімдерін өңдеу кезінде, ауру малдардың сүті мен етін тағамға қолданғанда жұғады.

Қой-ешкіде-топалаң, жылқыда-жамандат, сиырда-қарабез, түйеде - ақ шешек, ал адамда түйнеме деп аталады. Бұл аурудың инфекциясын қоздыратын мал. Малдың өліктері, ауру малдың сойылған ет өнімдері, инфекцияланған топырақ, суы, қора-жайлары аурудың таралуына әкеп соқтырады. Сондай-ақ ауру жем-шөп арқылы және қансорғыш насекомдар шаққан, жарақаттанған тері арқылы да таралады. Ауру көбіне жаз айларына көбейеді. Бұл аурудың жасырын кезеңі 3-5 күнге, кейде 14 күнге созылады.

Жамандат - Сібір жарасы — жануарлардың аса қауіпті жұқпалы ауруы. Қоздырғышы — спора түзетін таяқша тәрізді бацилла (Bacіllus anthracіs). Ол сыртқы ортаның әсеріне өте төзімді, топырақта өзінің уыттылығын жоймай бірнеше ондаған жылдар бойы сақталып жата береді. Бұл бацилла қоздыратын аурудың қойдағысын — топалаң, сиырдағысын — қараталақ, түйедегісін — ақшелек, қарабез, адамдағысын — күйдіргі, түйнеме деп атайды. Адамға ауру малды күткенде, сойғанда, еті мен сүтін пайдаланғанда жұғады. Сібір өңірінде болған үлкен эпидемияға байланысты сібір жарасы деп атап кеткен. Ауру малдың дене температурасы 41 — 420С-қа дейін көтеріледі, тыныс алуы қиындап, жүрек соғуы жиілейді, тез қалжырайды. Жемшөпке тәбеті болмайды, іші өтіп, нәжісі мен зәріне қан араласып шығады, аузы-мұрнынан қанды көбік ағады, көзі қанталайды. Денесінің әр жерінде ісік пайда болып, тесіліп жараға айналады да қанды ірің ағады. Ауру бірнеше минуттан (өте жедел түрінде) бірнеше күнге созылады. Жамандат сау малға қоздырғыштармен ластанған жемшөптен, ауру малдың нәжісімен, сілекейімен, сүтімен бірге сыртқы ортаға таралған бацилладан жұғады. Ауру, көбінесе, жазда кездеседі.

Емі: ауру малды оқшаулап, басқа қораға қамайды, ауруға қарсы сарысу, гамма-глобулин, антибиотиктер егіледі. Аурудың алдын алу үшін жыл сайын барлық малға жамандатқа қарсы вакцина егеді. Ауру шыққан шаруашылыққа карантин салып, қораны залалсыздандырады. Өлген малды өртеп, көміп тастайды.

Клиникалық белгілері – көршиқандардың пайда болуы, ішектердің, кейде өкпенің зақымдануы. Бастапқыда көршиқан қатты, ыстық және ауырғыш келеді де кейін жұмсарып, өлі еттеніп, ауырмайтын болады. Ауру барысында жоғары температурада ірі қарада іш кепсе, ұсақ малдарда тырысып, бүрісу байқалады. Малда мұндай ауру түрі байқалған кезде тез арада мал дәрігерлерінің көмегіне жүгіну қажет. Ауру малды оқшаулап, ал өлекселерді өртеу керек. Өлексе болған жерді зарарсыз-дандырып, қора-жайларға дезинфекция жасалу керек.


Ауруы тарамас үшін окшаулар қойылады:


hello_html_m3cc95d3b.pnghello_html_m380bc6c4.pnghello_html_2f400958.png







Алдын алу жұмыстары:

http://as.baikal.tv/news/nimg/2002_05_23/big/R%20-%20Vakzinazia1362%21.jpghello_html_5e2e377f.png











Зертханалық тексерістер:


hello_html_659f21f4.pnghello_html_53ed25b1.pnghttp://uvdc.ru/photo/800-95-1/24_0176.jpg












Қосымша мәлімет:

Адамда сібір жарасының көрінісі


https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcS6vKe9aQ_pQ1EsJ9xdbsrrMtznw0KrJsgErq3xKSUuOApgrgJOhttp://www.zhardem-smi.kz/img/news/1305548399.jpg

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcT-BWtfV04tGrxzBOB1qtL_Eb2D1PNCZzYKASc6kk_H1rQ_lUvh












Пысықтау сұрақтар:

  1. Топалаң дегеніміз не?

  2. Қандай вакцина қолданылады?

  3. Ауру көбінесе жылдың қай мезгңлңнде кездеседі?

  4. Клиникалық белгілерін атаңыз

  5. Ауру тарамас үшін пайдаланатын шара?

  6. Алдын алу жұмыстарына не кіреді?.

  7. Карантин қандай мерзімге қойылады?

  • Қорытынды:

Сабақ тиісті қорытындыланып, бағаланды

  • Ұй тапсырмасы:

Өтенов Ә.М. “Ветеринария негіздері” 256-285


Өзіндік жұмыс

Кесте толтырыңыз

Аурудың атуы

қоздырғышы

белгілері, өтуі

емі

алдын алу


























Краткое описание документа:

Менің бастапқы мақсатым сабақ казіргі заманға сай оқушылардың сапалы білім алуы үшін кәсіби шеберлігін арттыруы болып табылатындықтан мен Ауылшаруашылық малдар ауруы негіздері" пәнінен "Ауылшаруашылық малдың жұқпалы аурулары. Топалаң"  тақырыбына методикалық дайындама құрастырдым. Бұл сабақтың мақсаты: оқушыларды топалаң ауруы мен таныстыру және аурудың өтуі, қолданылатын емі болып табылады. Оқушыларға топалаң тарамас үшін қойылатын оқшаулар түрі, алдын алу шаралары және лабораториялық зеттеулер мәліметтерін беру. Сонымен қатар бұл індеттің адамда жұғатынын ескерту.

Общая информация

Номер материала: 327773

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс «Гид-экскурсовод: Основы туристского сопровождения»
Курс профессиональной переподготовки «Организация и предоставление туристских услуг»
Курс профессиональной переподготовки «Клиническая психология: теория и методика преподавания в образовательной организации»
Курс профессиональной переподготовки «Организация логистической деятельности на транспорте»
Курс повышения квалификации «Введение в сетевые технологии»
Курс повышения квалификации «История и философия науки в условиях реализации ФГОС ВО»
Курс повышения квалификации «Экономика: инструменты контроллинга»
Курс повышения квалификации «Разработка бизнес-плана и анализ инвестиционных проектов»
Курс повышения квалификации «Основы менеджмента в туризме»
Курс повышения квалификации «Использование активных методов обучения в ВУЗе в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности секретаря руководителя со знанием английского языка»
Курс повышения квалификации «Актуальные вопросы банковской деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Методика организации, руководства и координации музейной деятельности»
Курс профессиональной переподготовки «Техническая диагностика и контроль технического состояния автотранспортных средств»
Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.