Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыУрок"Абай дара қазақта" 3 класс

Урок"Абай дара қазақта" 3 класс

Скачать материал

Сыныптан тыс іс – шара көрнекілігі: Абай портреті, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері фотасуреттер, слайдтар, ақын шығармаларына арналған кітап көрмесі.

1-жүргізуші:

Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі «Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты Абай оқулары» сайысына қош келдіңіздер!!!

2-жүргізуші

Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.

1-жүргізуші:

«Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы ерінбе,

Ақындықты көздесең, жаттап тоқы көңілге,-деп С.Торайғыров айтқандай келешек ұрпаққа Абайды оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшан теңіз.

«Абай – дана, Абай – дара қазақта» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз.

2-жүргізуші:

Сайысымыздың алдында сайыстың шартымен таныстыра кетейін.

Сайыс 5-ші, 9-шы сынып оқушыларының арасында, әр тақырыптағы Абай шығармалары бойынша өтеді...

1-жүргізуші:

Әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік:

Байқаудың әділқазылар алқасының мүшелері: - мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Искакова. З. Қ, мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айшолпанова. Ә. Б, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Дәрібаев. Т. Д, Торина. М. Б.

2-жүргізуші:

Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүлдүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде.

Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.

Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма..., - деп ақынның өзі айтқандай соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, тар жол, тайғақ кешіп өмір сүрген, өкініш пен өксігі көп, қайғысы мен қасіреті мол қараңғы қапас өлкеде ел мұңдарын, асау жүрегінен ағыта, шабыта жыр ғып төккен Абай туралы кешімізді жыр алыбы Жамбылдың өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмыз. Абайдың суретін көрген ол

Мына тұрған Абайдың суретіме,

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне,

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?! – деп айтқан екен.

1-жүргізуші:

Біз ғажайып талант иесі, қазақ поэзиясының патшасы – айдын табиғат туралы, сұлу қыз туралы жүйрік ат туралы, достық пен махаббат туралы өлеңдері эстетикалық ләззаттың қайнар бұлағы.

2-жүргізуші: 

Желсіз түнде сәулесі дірілдеген жарық ай мен жапырақтары сыбырласқан ғажап дүниеге енгіңіз келеме? «Желсіз түнде жарық ай» әні Абайдың махаббат лирикасы тақырыбына байсалды, бірқалыпты, мәнерлі әні, махаббат мұңы табиғат үнімен шебер ұйымдастырылған әсем әннің қоңыржай үні, айлы түнде бозғылт тұманға бөккен өзеннің сылдырын, тау жаңғырығын, сыбырласқан ғашықтар үшін тыңдатады. «Желсіз түнде жарық ай» атты әнін тыңдайық.

Желсіз түнде жарық ай,

Сәулесі суда дірілдеп,

Ауылдың жаны терең сай

Тасыған өзен гүрілдеп.

Қалың ағаш жапырағы

Сыбырласып өзді өзі,

Көренбей жердің топырағы

Құлпырған жасыл жер жүзі.

Тау жаңғырып ән қосып

Үрген ит пен айтаққа,

Келмеп пе едің жол тосып,

Жолығуға аулаққа?!

Таймаңдамай, тамылжып,

Бір суынып, бір ысып;

Дем ала алмай дамыл қып,

Елең қағып, бос шошып;

Сөз айта алмай, бөгеліп,

Дүрсіл қағып жүрегі;

Тұрмап па еді сүйеніп,

Тамаққа кіріп иегі?!

1-жүргізуші:

Ұлы Абай жастық шақтың өтпелігін айтып, бұл жаста өмірден өз орныңды тап, әр нәрсеге ере берме, қате баспа, ойлан дегенді ескертеді. Жігіттікке аяқ басқанда әркімнің өмірден алар орны болады, дейді ақын. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңін оқиды.

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де, - бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тапта бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар

Қашқанға да қуғанға.

Әділет, шапқат кімде бар,-

Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысыз

Біте қалса қазаққа,

Алдың – жалын, артың – мұз,

Барар едің қай жаққа?

Пайданы көрсең, бас ұрып,

Мақтанды іздеп, қайғы алма.

Мініңді ұрлап жасырып,

Майданға түспей бәйгі алма.

Өзіңде бармен көзге ұрып,

Артылам деме өзгеден.

Күндестігін қоздырып,

Азапқа қалма езбеден.

Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас

Үйретуге балаға.

2-жүргізуші:

Табиғат адам баласының еңбек етіп етіп, өмір сүретін ортасы. Оны дүниежүзінің классик ақындары бірге жырлаған.Біреулер таза пейзаждық суреттер жасаса, екінші біреулері табиғат арқылы қоғамдық өмірді суреттейді. Абай да табиғатты өзінше жырлаған. «Жаз» өлеңін оқиды.

Жаздыгүн шілде болғанда,

Көкорай шалғын, бәйшешек,

Ұзарып өсіп, тоғанда

Күркіреп жатқан өзенге

Көшіп ауыл қонғанда;

Шұрқырап жатқан жылқының

Шалғыннан жоны қылтылдап,

Ат, айғырлар, биелер

Бүйірі шығып, ыңқылдап,

Суда тұрып шыбындап,

Құйрығымен шылпылдап,

Арасында құлын – тай

Айнала шауып бұлтылдап

Жоғары – төмен үйрек, қаз

Ұшып тұрса сымпылдап,

Қыз – келіншек үй тігер,

1-жүргізуші:

Абай жастардың алдында тұрған зор міндет ғылым, қалайда ғылымға қол созу керек деп жырлай отырып, әрбір жігерлі жастың талаптанатын арманы ғылымды игеру болу керектігін түсіндіреді. Адамның ең қымбат кезеңін – жастық шақтың ғылымға, оқуға жұмсалуын талап етеді. Ойын – күлкі, бос жүрісті кейін қоя тұрып, алдымен ғылым жолында еңбек ет, ізден, ғалымдардан үлгі ал, солардай болуға талпын деп айтады. «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа оқу.

Ғылым таппай мақтанба

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз,

Өсек, өтірік мақтаншақ

Еріншек бекер мал шашпақ-

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой-

Бес асыл іс көнсеңіз...

Ғалым болмай немене,

Балалықты қисаңыз?

Болмасаңда ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз?

2-жүргізуші:

Абай ақын, сазгер, ұстаз ғана емес, шебер аудармашы. Ол қазақ поэзиясында аударма өнерінің, соның ішінде дәл аударманың, еркін аударманың нәзира әдісімен жарысудың шебер үлгілерін жасаған. Ол Крыловтың шығармаларының қасиеттерін ерте танып, «Есек пен бұлбұл», «Қарға мен түлкі», «Шегіртке мен құмырқа» сияқты мысалдарын жақсы аударған. («Шегіртке мен құмырсқа» мысалынан сахналық көрініс).

1-жүргізуші:

Абайға сүйген, Абай қадірлеген сұлулардың бірі әсем Тоғжан еді. Барлық имандылық пен инабаттылықтың , ғашықтықтың белгісіне Тоғжан есімі ұлы Абай жүрегінен көптеген әндер туғызды. «Көзімнің қарасы» әнін айтады.

Көзімнің қарасы.

Көңілімнің санасы,

Бітбейді іштегі,

Ғашықтың жарасы.

Қазақтың данасы,

Жасы үлкен ағасы,

Бар демес сендей бір,

Адамның баласы.

Жылайын, жырлайын,

Ағызып көз майын.

Айтуға келгенде,

Қалқама сөз дайын.

Жүректен қозғайын,

Әдептен озбайын.

Өзі де білмей ме,

Көп сөйлеп созбайын.

2-жүргізуші:

Абай қарасөздеріндегі ой – толғам, пікір – көзқарастар шынайы да өміршең. Ғақлиядағы айтылған дәлелді пікірлер азаматтарға ой салып, түсінуге ықпал етті. «Отыз бірінші» қарасөзін тыңдап көрелік (үнтаспадан қарасөзін тыңдау).

1-жүргізуші:

Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артында сөз қалдырған, - деп төрелігін шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен, жалынды жырымен де бізбен бірге. Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен, тек қана қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық деген тілек айта отырып.

2-жүргізуші:

Өткізілген байқау қорытындысын жариялау үшін, әділқазылар алқасының мүшелерін ортаға шақырамыз.

1-жүргізуші:

Кешіміздің тыңдаушысы болғандарыңызға көптен – көп рақмет.

Сау – саламат болыңыздар.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Урок"Абай дара қазақта" 3 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Мастер зеленого хозяйства

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 655 741 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 571
    • DOCX 28 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Халамхан Аягоз -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Халамхан Аягоз -
    Халамхан Аягоз -
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11250
    • Всего материалов: 14

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 393 человека из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 212 человек

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 115 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Особенности реализации ФГОС НОО для слепых и слабовидящих детей

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 27 человек

Мини-курс

Искусство понимания: техники успешной жизни, отношений и бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Библиотечная трансформация: от классики до современности с акцентом на эффективное общение и организацию событий

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 33 человека

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов