Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Уроки на тему "Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер" (4 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Уроки на тему "Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер" (4 класс)

библиотека
материалов

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Пән:Дүниетану


Сабақ №46

Сыныбы: 3 «в»

Күні 25.02.2015

Тексерген

Сабақтың тақырыбы:


Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер


Жалпы мақсат:

Оқушыларға өсімдіктердің сыртқы орта жағдайларына бейімділігіне байланысты жалпы түсінік беру. Білімін, тілін, есте сақтау қабілетттерін дамыту. Ұқыптылыққа, қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Сілтеме:

Т.Қ.Оспанова,Ш.Х. Құрманалина,Ж.Т.Қайыңбаев,

Б.М.Қосанова.К.Ә.Ерешева,М.В.Маркина,Атамұра


Оқу нәтижелері:

Өсімдіктердің түрлерін білу;

Өсімдіктер не үшін қажет екенін білу;
Суретпен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрену.
Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу.

Оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандыру .

Топтық жұмыстар барысында мәтіндегі негізгі ойды ұғынады.

Бірлесіп жұмыс жасай алатын болады.

Ақпарат көздері, қолданатын материалдар:

Оқулық,тақырыпқа байланысты суреттер, слайд. А форматтағы қағаздар,

маркер,стикер, күлегештер.

Әдіс тәсілдер:

Топпен жұмыс: жұппен жұмыс топта талқылау. АКТ қолдану: СТО: «Блум таксономиясы»

ОҮБ: (Табыс критерийлері бойынша)

Дереккөздері:

Оқулықтан алынған тапсырмалар, материалдар, ғаламтордан

алынған видео, автор туралы мәліметтер.

Тапсырмалар

Тапсырма түрлері

Уақыт

Мұғалімнің іс- әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау


Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.



2мин

Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық.
Сейсенбінің сәті
Сәттілікке толсын.
Бүгінгі алған бағаң
Кілең бестік болсын.
Барлығы тақтадағы күнге қарап өлеңді оқиды.
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,
Болып кетер сонда дереу жан - жағым.
- Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз



Оқушылар қағаз қиындыларының түсіне байланысты төрт топқа бөлінеді.












1)Білу.

5мин


Қызығушылықты ояту
«Ыстық орындық»
1. Ғалымдардың есептеуі бойынша, біздің елімізде неше мыңнан астам өсімдік түрі өседі екен?
2. Өзіңіз білетін ағаштар мен бұталардың бір - бірінен ең негізгі айырмасы неде?
3. Ал шөптесін өсімдіктердің ағаштар мен бұталардан ерекшелігі қандай?
4. Өсімдіктерді ерекшеліктеріне қарай неше топқа біріктіреді?
5 Өсімдіктердің адам мен жануарларға қандай қажеттілігі бар? Мысал келтір, дәлелде.
7. Өсімдікті қорғау үшін қандай шара қолданылады?

- Біз қазір қандай тірі табиғат иесімен танысудамыз?
- Өсімдік әлемімен
Оқушылардың ауызша берген жауаптарын тыңдау. Ең негізгі оқушылардың өсімдіктердің өсуі үшін қандай жағдай керектігін және тіршілік ету ортасын түсінуі.
«Топтастыру»
2 – 3 оқушының жауабын тыңдау.
- Өсімдіктер неше топқа бөлінеді?
- 3 топқа
- Ағаш, бұта, шөп
Жұмбақтар шешу.
Жұмбақтардың жауабын өсімдіктер тобына орналастыру.
1) Күннің көзін сүйемін,
Күнге басымды иемін.
Күннің көзі болмаса,
Бұғып қана өсермін.
(Күнбағыс – шөп)
2) Өсірер тың дала,
Көшірер қамбаға.
Айналар ұңға да,
Айналар нанға да. (Бидай - шөп)

3) Іші толған шербет,
Дәмі қандай әйбәт.
Үзесің бірден жүзін,
Оның аты - (Жүзім - бұтақ)

4) Сырты қандай қатты,
Дәні сондай тәтті.
Шағып қара таңдап,
Оның аты - (Жаңғақ - ағаш)

5) ) Жапырақты тасалап,
өсетін жері – бақша - бақ.
Күрең қызыл, шіркін - ай,
Оның аты - (Таңқурай - бұта)

6) 6) Пісетін кезі дәл күзде,
Мезгілсіз оны үзбе.
Аузыңнан кетпес бал дәмі
Оның аты - (Шабдалы - ағаш)


Үйге берілген тапсырманы айтады.

Талдайды.





«Бас бармақ» бағалауы.

Бас бармақ жоғары 5
бас бармақ орташа 4
бас бармақ төмен 3







2) Түсіну.

10мин


Мағынаны тану

Көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді. Суреттегі шалғындық беде, бақбақ, қоңырбас ылғалы жеткілікті жерде өседі.
Суреттегі өсімдіктердің жапырақтарына, сабағына көңіл бөл. Топырақтың құрамында ылғал болатындықтан тамырлары онша ұзын емес, шашақты. Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген: жапырақтарында қақпақты саңылаулары ашылады. Артық су буланған соң жабылады. Осылай өсімдік булануды реттейді.
Мұндай өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер деп атайды.

Ал тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұратын сарғалдақты, тұңғиықты талай көрген боларсыңдар. Оларды су өсімдіктері деп атайды.
Тұңғиық — бұл су өсімдігі. Бір қасиеті бұл өсімдіктің тез өскіштігі, үш күн сайын жаңа жапырақ шығарады. Мынадай бір қызықты оқиға болыпты. Англияның Кью қаласының ботаника бағында тұңғиық гүлдейді деген хабар тек бақ қызметкерлерін ғана емес, суретшілер мен саққұлақ репортерлердің де құлағына жетеді. Гүл ашылады дегенде жылыхана адамға лық толады. Осы оқиғаның куәсі болған атақты ботаник Н. Ф. Золотницкий 1887 жылы былай деп жазыпты: «Гүлдің ірілігі мен әдемілігі көз алмайтындай. Гүл ашылысымен жылыхананы аралап кеткен жағымды хош иіс адамды рахатқа бөледі», - деген екен. Оның гүлі ақ, алқызыл, күлгін көк, қанқызыл болады. Қазақстанда аз мөлшерде Жайық өзені маңайында кездеседі.

Жантақ пен сүттіген топырағында ылғал өте аз, аптапты ыстық жерде өседі. Ондай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында ғана болады. Сондықтан тереңдіктен алған ылғалды үнемі пайдалануы қажет. Сондықтан жантақтың жапырақтары ұсақ әрі сирек, бұтақшалары тікенді келеді. Жантақ осындай бейімділіктерінің арқасында құрғақшылық жағдайларда өсіп, тіршілік ете береді.
Жантақ, сүттіген, жүзген, сексеуіл – құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

Электронды оқулық

Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқу. Тізбектей оқу. Оқығанды талқылау.


Түртіп алу. Дәптерге жазып алу.


(Оқушылар өздері дайындалып келген мәліметтері бойынша қысқаша айтып өтеді)


Қалыптастырушы

(«бағдаршам» әдісі) және жиынтық (бағалау парағына) бағалау әдісімен



3мин

Сергіту сәті


«Көңілді күн» Бейне таспа

Оқушылар сергіту сәтін қимылдар арқылы көрсетеді




3) Қолдану


10мин


Ой-толғаныс

«Ойлан - жұптас - талқыла»
1 - топ: Өсімдік тіршілігіне қажетті жағдайлар
2 - топ: Ылғал сүйгіш өсімдіктер
3 - топ: Өсімдік қанша жыл тіршілік етеді?
4 - топ: Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер

5-топ:Қорықтар.Қызыл кітапқа енген өсімдіктер

6-топ: Өсімдік мүшелері және оның қызметі
Постер қорғалады.
- оқушылар қорғар алдында ескерту: Басқа топтың жұмыстарын мұқият тыңдаңыздар.
Постерлерін қорғап болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір - бірден ынталандыру үшін күлдіргілер тарату.




Бірінің білімін бір толықтырады




4) Талдау.

5мин

Тест тапсырмалары

1.Өсімдікке тірі организм ретінде не керек?

А) ауа, жайлы жер, бөлме

Ә) ауа, жылу, жарық, су, топырақ

Б) тамақ, су, топырақ

2. Өсімдіктердің топтарын көресет?

А) тамыр, діңі, жапырақты

Ә) гүлді, жапырақты

Б) ағаштар, бұталар, шөптекті өсімдіктер

3.Қайың, қарағай, шырша –бұл...

А) ағаштар

Ә) бұталар

Б) шөптекті өсімдіктер

4. Түймедағы, қызғалдақ, жусан-бұл...

А) ағаштар

Ә) бұталар

Б) шөптекті өсімдіктер

5. Итмұрын, таңқұрай, шие-бұл....

А) ағаштар

Ә) бұталар

Б) шөптекті өсімдіктер

6. Өсімдіктердің өсуіне не қажет?

А) ауа, су

Ә) жылы, жарық. қорек

Б) осы айтқандардың барлығы

7. Ылғалсүйгіш өсімдіктердің тамыры қандай болады?

А) ұзын

Ә) қысқа

Б) шашақты

8. Құрағақшылыққа төзімді өсімдіктердің жапырақтары қандай?

А) қалың,етті

Ә) ұсақ және жіңішке

Б) тікенекті

9. Бақбақ қандай жерлерде өседі?

А) ылғалды

Ә) құрғақ

Б) суық

10. Жантақтың тамыры неше метрге дейін жетеді?

А) 5 м

Ә) 15 м

Б) 20 м

Өзара тексеру

Слайд

1-Ә 2-Б 3-А 4-Б 5- Ә 6-Б 7-Б 8-А 9-А 10-Ә


Тез жауап береді



5) Жинақтау.

5мин



1. Ылғал сүйгіш өсімдіктерді ата.

Олардың қандай ерекшеліктері бар?

2.Егер осы өсімдіктердің тіршілік етін ортасын

ауыстыратын болса, ары қарай өсе ала ма?

3.Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктерді ата.

Өсімдік рекордтары
Қылқан жапырақтылардың арасында ұзақ өмір сүретін секвойя деп есептеледі. Ол 2000 жылдан астам өмір сүре алады екен. Әрі ол ең алып ағаш: биіктігі 100 метрден, диаметрі 20 метрден асуы мүмкін.
Шөптердің ішіндегі ең үлкені – бамбук. Оның ұзындығы 20 метрге жетуі мүмкін. Ол бір тәулікте 1 метрге өсе алады екен.
Ең ірі жапырақ – рафия пальмасында болады екен. Оның ұзындығы 20 метрге дейін жетеді.
Ең ірі тұқым – кокоста болады. Салмағы 20 кг.
Ең ұзын - теңіз балдыры. Ұзындығы 60 метр.
Ең үлкен ормандар – Сібірдің суық тайга ормандары мен Бразилияның тропикалық ормандары.




Өз бетімен жұмысты орындайды.


«Бағдаршам» арқылы бағалау




6) Бағалау.

3мин

Осы алған білімдеріңді достарына, ата аналарыңа айтып бере аласыңдар ма?

Балалар жауаптарын айтады.


Критериалды бағалау

9-10 жауап –«3» ұпай

6-8 жауап – «2» ұпай

4-5 жауап – «1» ұпай


Үй тапсырмасы:

2 мин

36-бет мазмұндау




Рефлексиялық кезең


Сабақтан алған әсерлерін тақтаға қоңырау кезінде жазып кетеді.










Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 21.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров375
Номер материала ДВ-473729
Получить свидетельство о публикации

Комментарии:

1 год назад

Спасибо!

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх