Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалыУроки по истории на тему "Әкімшілік жауаптылық"

Уроки по истории на тему "Әкімшілік жауаптылық"

Скачать материал

 

 

 

Пәні: Құқық

Tақырыбы: Әкімшілік жауаптылық

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың заң білімі саласынан мағұлымат бере отырып, өз құқықтарын жете білуге, өз беттерімен салыстыра білуге, өмірде қолдана білуге үйрету, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік, адалдық, әділдік пен мейірімділікке баулу арқылы саяси саналылығы мен белсенділігін арттыру.

Дамытушылығы мақсаты: Оқушылардың азаматтық жауапкершілігін арттыру, құқықтық сауаттылықтары мен шығармашылық деңгейін дамыту.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге, ізденуге, құқықтық-экономиялық тәрбие бере отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Сот сабақ.

Сабақтың типі: Дәстүрлі емес.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,ой-пікір.

Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, видео камера,тірек-сызба,заттай деректер, статистикалық мәліметтер.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

II Мұғалімнің кіріспе сөзі:

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген аталы сөзді атамыз бекер айтпаған. Әр адам мемлекеттік заңдарды құрметтеп, ата-бабамыздың тәжірбиесін үнемі назарда ұстап отыруы тиіс. Халқымыз 13 жастағы баланы «Отау иесі» атады. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Ата заңы бойынша, қылмыс жасаған баланы 14 жастан жауапқа тартады. 16 жастан бастап толық әкімшілік, қылмыстық жауапкершілік басталады, азамат жеке куәлік алады. Заңды білу заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет құру идиясын жүзеген асыра отырып, ондағы әрбір азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана сезімдерін қалыптастыру. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетті орындау. Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – атында емес, адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан түрлі мінезді адамдарды сауатты өмір салтына тәрбиелеу.

 

 

 

 

 

Қатысушылыр:                 

1.      Сот төрағасы

  1. Прокурор
  2. Қорғаушы
  3. Айыпталушылар
  4. Жәбірленушілер
  5. Куәгерлер

Сабақтың барысы:

Хатшы: Тұрыңыздар! Сот келеді!

Сот: Отыра берулеріңізге рұқсат!

...................... байланысты жеке меншік мүлікке заңсыз түрде қол сұққандарына байланысты істі қарайды. Бүгінгі сот мәжілісінде мемлекеттік айыптаушы ретінде – прокурор                                 , қорғаушы ------------------ қатысып отыр. Сот мәжілісінің хатшысы---------------------.Сот мәжілісінің хатшысы, бүгінгі сот мәжілісне қатысушы адамдардың толық қатысуы туралы айтыңыз:

Сот мәжілісінің хатшысы: Құрметті сот төрағасы. Бүгінгі іске қатысты барлық адамдар, айыпталушылар, куәгерлер толық келіп отыр.

Сот төрағасы: Сөз кезегін қылмысқа қатысты деп табылған айыпталушыларға сөз кезегін береміз. Айыпталушы, орныңыздан тұрып сотқа айтатыныңзыды айтыңыз. Ескертемін, егер сотқа жалған ақпарат берсеңіз Заңға тартылатыныңызды ескертемін!

Айыпталушылар:

1. ..............................................ң Құрманғазы көшесі 62 үйде тұрамын. Мектептің 10 сынып оқушысымын, Мен жасаған қылмысымды мойындаймын.

2. ............................................ Менің еш жазығым жоқ.Мен ештеңе ұрлағам жоқ. Тек сыртта қарап тұрдым. Барлығын бастаған .....................

3. .........................................

Сот төрағасы: Келесі тыңдалатын адам жәбірленуші .......................... Сізді ескертемін, жалған сөйлеп, жалған жала жабатын болсаңыз Заң жүзінде жауапқа тартыласыз.

Жәбірленуші: ................................Отбасым бар, 2 балам бар, көмір разьезінде жұмыс жасаймын.

Сот төрағасы: Болған іске байланысты қандай айтып-қосарыңыз бар.

Жәбірленуіш: 2011 жылдың 9 қарашасында таңертең гаражға жұмыстарыммен барсам, гаражымның есігіндегі құлып жұлынып алынып тасталыпты. Бір нәрсе болғанын сезіп, ішке кірсем босағада сөреде тұрған электр есептеуіш пен 8м электр кабелімнің орнында

жоқ екенін көрдім. Дереу құқық орындарына хабар беріп, заттарымды тауып, қайтарып берулері туралы өтініш жаздым. Мүмкін бұл балалар әдейі жасамаған болар, заттарымды қайтарып берсе кіналарын кешірер едім. Өйткені өзім де бала асырап отырмын.

Сот төрағасы: Жәбірленуші, айтып-қосарыңыз болмаса, залдағы орныңызға отыра беруіңізге болады. Ендігі сөзді мемлекеттік айыптаушы прокурор                                     сізге беріледі:

Прокурор: Құрметті сот төрағасы! 2011 жылдың 9 қарашасында түнгі сағат 2 шамасында кәмелеттік жасқа толмаған .................., кәмелеттік жасқа толмаған ...................... (1996 жылы туған) және ...................(1998 жылғы) ............................... №41 үйдің қарсы алдындағы жәбірленуші .......................... деген азаматтың гаражының кіре беріс есігін сындырып, ішке кіріп қасақана алдын – ала келісілген ұрлық жасаған. Қылмыс барысында СО-И446 маркалы сериялық номері №А3737816 құны 7500 теңге тұратын электр есептеуішті және ұзындығы 8 м болатын, құны 2500 теңге тұратын электр кабелін ұрлап кеткен. Сөйтіп, жәбірленуші ...................... деген азаматқа 10 000 теңге көлемінде материалдық зардап шектіріп отыр. Алдын-ала жүргізілген тергеу үрдісінде айыпталушылар өз кіналарын мойындады. Барлық куәгерлердің, басқа да айыпталушыларға қатысты адамдармен жүргізілген тергеу барысында оларды айыпты деп тауап, шара қолднуыңызды талап етем.

Сот төрағасы: Рахмет, прокурор мырза. Келесі сөз қорғаушы -------------------- сізге береміз.

Қорғаушы: Құрметті сот төрағасы! Менің айыпталушы болып отырған адамдарым, кәмелетке толмаған жасөспірім балалар. Бала болған соң, бір білместік жасаған болар. Олар осы отырғанда өздерінің істеріне өкініп отыр.Мен прокурор мырзаның тағып отырған айыптарына толық келісем, бірақ заң тұрғысынан емес, адамшылық тұрғыдан қарап, әділ шешімін берерсіз деп ойлайымын. Осы сөзімді дәлелдеу үшін бүгінгі сот мәжілісіне шақырылған біраз куәгерлерден жауап алуларыңызды өтінем. Менде болды, рахмет

Сот төрағасы: Прокурор мырза, қарсылығыңыз бар ма?

Прокурор: Жоқ, құрметті сот төрағасы.

Сот төрағасы: Жақсы, ендеше куәгер .............................................. шақырыңыз.

Милиционер: ...................................

Сот төрағасы: Трибунаға келіңіз, аты-жөніңіз, қайда, кім болып қызмет атқарасыз. Ескетемін, жалған ақпарат берген жағдайда Заң алдында жауап бересіз.

Куәгер: Мен .........................., 1966 жылы туғам. Қазіргі тұрағым  ........................................  көшесі 13 үй. Отбасым бар, 3 балам бар.

Сот төрағасы: Құрметті әріптестер, сұрақтарыңыз болса қоя берулеріңізге болады.

Қорғаушы: Құрметті куәгер, сізге осы залда отырған адамдардың ішінде таныс адамдар бар ма?

Куәгер: Иә, мына отырған балалардың ішіндегі екеуі ..................... мен ............................... менің сыныбымның оқушылары.

Қорғаушы: Осы балалар жөнінде не айтар едіңіз?

Куәгер: -Бұл балалардың отбасылық жағдайы аз қамсызданған, ата-аналары бала тәрбиесіне дұрыс қарамайтын адамдар. Сабақты себепсіз жиі босатады, үнемі педагогикалық бақылауды талап ететін оқушылар. Отбасы тәрбиесінен гөрі көше тәрбиесіне бейімделген оқушылар. Менің ойымша бұл қылмысқа бұл балалар отбасындағы материалдық қаражаттың жоқтығынан барып отыр. Бұл жерде мен балаларды емес, оның ата-аналарын жауапқа тартар едім.

Сот төрағасы: куәгерге қоятын басқа сұрақтарыңыз бар ма?

Прокурор: Жоқ, құрметті сот төрағасы.

Сот төрағасы: Куәгер, сіз боссыз, залдағы алдыңғы қатардағы орындардың біріне жайғасуыңызға болады. Құрметті әріптестер, тағы айтып-қосарларыңыз бар ма?

Қорғаушы: Құрметті сот төрағасы! Осы іске қатысты деп табылған тағы бір куәгерден жауап алсаңыз. Ол кісінің аты- жөні сізге алдан ала тапсырылған.

Сот төрағасы: Сот ісіне қатысты келесі куәгер----------------------------------------------------- шақырыңыз.

Милиционер: Куәгер---------------------------------------------------

Сот төрағасы: Куәгер, --------------------------Трибунаға келіңіз, аты-жөніңіз, қайда, кім болып қызмет атқарасыз. Ескертемін, жалған ақпарат берген жағдайда Заң алдында жауап бересіз.

Сот төрағасы: Құрметті әріптестер, сұрақтарыңыз болса қоя берулеріңізге болады.

Прокурор: Осы қылмысқа қатысты не айтасыз.

Куәгер: Мен ................................... анасымын. Бұл баланы мен жалғыз өзім тәрбиелеймін. Өзім жалғыз басты анамын. Алтын кен орнында жұмысшы болып істеймін. Сол күні мен түнгі ауысымға кетіп едім. Балам үйде жалғыз қалған. Бір еңбекке қарап отырған жайымыз бар. Ол маған үнемі қалталы телефон әпер деп айтып жүрген еді. Мен онысына мән бермей, ана ақша, мына ақшадан әперемін деп жүрдім. Өзінше сол ұрланған затты сатып, телефон ала қоймақшы болған шығар. Мен өзімді ата-ана ретінде кінәлі екенімді мойындаймын.Бірақ, құрметті сот төрағасы, баламның болашақ өміріне балта шаппай,кешірім жасауларыңызды сұраймын.Барлық заттардың шығынын өтеуге келісемін, Тек баламды аясаңыздар екен

 

Сот төрағасы: куәгерге қоятын басқа сұрақтарыңыз бар ма?

Прокурор: Жоқ, құрметті, сот төрағасы.

Қорғаушы: Жоқ құрметті, сот төрағасы.

Сот төрағасы: -Жәбірленшуі, орныңыздан тұрыңыз. Бүгінгі сот мәжілісінде қаралып жатқан іске қатысты тағы айтарыңыз бар ма?

Құрметті әріптестер, жәбірленушіге қоятын сұрақтарыңыз бар ма?

Прокурор: Құрметті сот төрағасы, рұқсат болса мен сұрайын. Жәбірленуші айтыңызшы, мына тұрған заттардың ішінде сіздің заттарыңыз бар ма?

Жәбірленшуі: Иә, анау электр есептегіш пен кабель менің заттарым. Заттар қайтарылыпты, мен де өз өтінішімді кері қайтарып алсам. Балаларды бір жолға кешірейін, Енді мұндай қылмысқа бармас деп ойлаймын.

Сот төрағасы: Құрметті әріптестер, қоятын тағы сұрақтарыңыз бар ма?

Прокурор: Жоқ, құрметті, сот төрағасы.

Қорғаушы: Жоқ, құрметті, сот төрағасы.

Сот төрағасы: Енді екі жақтың пікірін тыңдауға көшейік. Айыптаушы жағынан мемлекеттік айыптаушы- прокурор сөз кезегі сізде.                                                   

Прокурор: Құрметті сот төрағасы: Барлығымыз көргендей сот барысында айыпталушы ......................... (1995ж) .............................. (1996) және ............................... (1998ж) тағылған айыпқа сай өздерінің жасаған қылмыстарын мойындап отыр. Сонымен қатар тергеу барыснда анықталғандай ұрланған заттардың барлығы сот залында және оны жәбірленуші азамат ............................... танып, өз заты екенін көрдіңіздер. Қылмыс жасаушылар жасөспірімдер және жасы кәмелетке толмағандар. Бірақ адамның жеке меншігі болып табылатын жеке меншік затқа қасақана қол сұққандары ескере отырып, және бұл қылмыстың алдан ала жоспарлы түрде жасалғанын ескеріп ҚР-ң Қылмыстық кодексінің 175 бабының 2-ші пункітіне сай айыпты деп табылсын және 2 жыл шартты түрде бас бостандығынан айыруды талап етемін. Сондай-ақ бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағандығы үшін осы жасөспірімдердің ата-аналарына ҚР-ң Қылмыстық Кодексінің 111 бабына сай айыппұл төлеулерін талап етемін. Мен болдым, рахмет.

Қорғаушы: Құрметті сот төрағасы! Барлығымыз куә болғандай бұл жасөспірім балалар кінәләрін мойындап отыр. Бірақ осы балалар кінәлі ме? Біз барлығымыз адамбыз, пендеміз. Бала болған соң бір білместік жасапты. Бірақ осы қылмыстың арғы жағына тереңірек үңіліп қарайықшы. Отбасындағы материалдық жағдай, баланың тәрбиеленіп жатқан ортасы. Бұл да бала тәрбиесіндегі ерекше роль атқратын фактор. Материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген бала қылмысқа барып отыр. Ол да бүгінгі күннің жастары сияқты қалталы телефон, жақсы киім мен дәмді тамақ жегісі келеді. Ата-ана баласына жағдай жасай алмай отырғанын неге ескермейміз.

Құрметті сот төрағасы, менің айтарым, ҚР-ң қылмыстық Кодексінің 67 бабына сай «Адам денсаулығына зиян келтірмейтін немесе қылмыстың ауыр түріне жатпайтын қалмыс жасағандарға немесе егер екі жақ өзара бітімгершілікке келетін болса, сондай-ақ кеткен шығын материалдық жағынан өтелген болса жауапқа тартылушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуға болады деген бөлігін пайдаланып, менің қоластымдағы айыпталушыларды кешіріп, айыппұл төлеу жазасын беруіңізді сұраймын.

Сот төрағасы: Айыпталушылар, орындарыңыздан тұрыңыздар. Сотқа айтатын соңғы сөз беріледі.

Айыпталушылар; Біз енді мұндай қылмыс жасамаймыз. Бізді кешіруіңізді сұраймыз.

Сот төрағасы: Жәбірленуші, сіздге соңғы сөз беріледі.

Жәбірленуші: Құрметті сот төрағасы! Мен заттарымды қайтып алдым, табылды, бұл балаларды кешіремін.

Сот төрағасы: Екі жақтың пікрі тыңдалды. Сот шешім шығаруға уақытша кетеді.

Сот хатшысы: Тұрыңыздар! Сот келеді!

Сот төрағасы: ҚР-ң Қылмыстық Кодексінің 175 бабының 2 пункітінің а,б пункттеріне сай жасөспірімдер ......................... (1995 ж), ................................... (1996ж) және кәмелетттік жасқа толмаған ................................. (1998ж) қатысты істі ҚР-ң Қылмыстық Кодексінің 67 бабына сай екі жақтың бітімгершілік жасауына байланысты іс тоқтатылды. Айыпты деп табылған жасөспірімдердің ата-анасына ҚР-ң Әкімшілік Кодексінің 111 бабына сай айыппұл төлеу туралы шешім қабылданды. Сізге соттың шешімі түсінікті ғой.

Жәбірленуші: Иә түсінікті.

Сот төрағасы: Айыпталушылар: Сіздерге сот шешімі түсінікті ғой

Айыпталушылар: Иә түсінікті

Сот төрағасы: Осымен, бүгінгі сот процесі аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Уроки по истории на тему "Әкімшілік жауаптылық""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Руководитель реабилитационного подразделения

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 337 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.09.2015 1056
    • DOCX 84.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кусебаев Галижан Рамазанбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1132
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История")

Учитель истории

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и философия науки: теория и методика преподавания при подготовке кадров высшей квалификации

Преподаватель философии науки

600 ч.

9500 руб. 4750 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 30 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания курса «Россия в мире» на основе синтеза историко-культурного и социально-экономического знания

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

GR: аспекты коммуникации и взаимодействия с государственными органами

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 363 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 168 человек